Каспий өңірінің құрылуы

Home » Рефераттар » Каспий өңірінің құрылуы
Рефераттар Комментариев нет

Соңғы уақытта шетелдік және отандық ғылыми еңбектерде «Каспий өңірі» — атты дерек жиі кезде- седі. «Каспий өңірі» атты термин бүгінгі күні зерттеушілерді ойландыруда. Каспий өңірінің құрылуы мен негіздерін қарау қажет. «Өңір» туралы түсінік ғылыми кітаптарда көптеген анықтаулармен негізделген. «Өңір» термині ғылыми қолжазбаларда әр түрлі анықтамалар түрінде де кездеседі [1]. Көптеген жағдайда «Өңір» туралы түсінік әр тараптан, не болмаса көзқарасы жағынан тікелей келіспеушілікке өзіндік әр түрлі жоспарлығымен және ғылыми көлемі жағынан сәйкес келмейді; яғни іс жүзінде білетініміз кейбір аймақтардың басқа «аймақтардан» кемшіліктерінің болуында.

Негізгі түсінік бойынша халықаралық қатынастар жөніндегі белгілі теоретик Джозеф Най аймақты сан жағынан, географиялау жағынан мемлекет ретінде және белгілі бір дәрежедегі бір-бірімен тәуелді, осы анықтамада дүниеде болып жатқан интеграциялық құбылыстарды байқауға болатын призма ретінде қарастырған [2, 17]. Аймақтанушы А.Высоцкий «Өңірді» бір-бірімен географиялық жағынан аралас орналасқан мемлекеттер ретінде, олардың тарихи, экономикалық, және мәдени орталықтары бар, өзара қызығушылығы мен байланысты өңір деп қарастырады[3, 108]. Жаңа түсінік аудармасы және терминдер бойынша «Өңір» белгілі бір шекаралы, аумақты, үлкен ауданды немесе топтасқан елдерді білдіреді [1, 357]. В.Эминнің түсініктемесі бойынша, әр түрлі ойлардың тоғысы мен контексті, критеридің анықтамасына орай «Өңір» барлық жағдайда облысты, ауданды, орынды, кеңістікті, ішіндегі бір нәрсенің пайда болуымен байланыстырады [4, 14]. Халықаралық қатынастар тәжірибесінде және доктринасында «Өңір» аумақ, географиялық аудан ретінде саяси және басқа процестердің жиі орын алатын түсінік ретінде белгіленген. Аймақ белгілі бір кеңістікте бір-бірімен тығыз байланысты және тәуелді функционалдық критерий ретінде анықталды. В.Эминнің анықтауы бойынша «саяси өңір» не- гізіне жер шарының шектеулі бір бөлігін саяси қимылдың театры ретінде және оның ішіндегі әр түрлі мемлекетаралық қалыптың, әр түрлі болатындығымен, оның жоғарғы шиеленісуімен одақтық немесе достықтың қарым-қатынасқа дейінгі жағдайды белгіледі [4, 79].

Орыстың зерттеушісі Ю.Волковтың «Аймақтану» жұмысында: өңір дегеніміз әкімшілік-аумақтық құрылым делінген. Кең көлемді түсінік бойынша аумақтық құрылым-әкімшілік байлаудан тәуелсіз түсінік. Бұл жағдайда аймақ табиғатты-климат жағдайларға және де табиғи ресурстардың әлеуметтік- өндірістік және материалдық-техникалық, инфрақұрылымдық ұғымы ретінде қабылданады [5, 78]. «Қазақстан саяси энциклопедиясының» авторлары «өңір» терминін мөлшері табиғатты- климатикалық және де өңдірістік күшпен әрі әлеуметтік өндірістік және материалды-техникалық құрылым ретінде анықтайды [6, 314].

Өңір келісімінің негізінде құрылған аймақтық органдар, өңір қауіпсіздігінің негізі болаты- ны жөніндегі Британ ғалымы Г.Кельзенің көзқарасы белгілі бір қызығушылық танытты [7, 56]. Халықаралық байланыс жөніндегі белгілі теоретик Б.Бьюзан өңірдің қауіпсіздік жүйесі өзара келісім және әр түрлі күштердің көзқарасы негізінде мемлекеттің ұлттық қызығушылығын қорғау мақсатында құрылды дейді [8, 90]. Оның ойы бойынша әр түрлі ұлттық қызығушылыққа қарамастан, ұзақ жолдарға, мықты өңірлік қауіпсіздік құрылымының жүйесін құрған сол мемлекеттердің қызығушылықтарымен ұласады [8]. «Саясаттану, энциклопедиялық сөздік» ресми зерттеушілері авторларының түсіндіруі бойынша кез келген халықаралық, өңірлік қауіпсіздік негізін халықаралық-құқықтық келісім ретінде құралған аймақтық ұйым құрайды. «Өңірлік қауіпсіздік» категориясын — әлеуметтік -аумақтық топтасқан тұрғындардың, олардың араларындағы микро және макро деңгейіндегі араласты жатқызады. Ма- кро деңгей — әр топтағы мемлекеттің байланысы, микро деңгей дегеніміз – мемлекет ішіндегі бөлек аумақтарды қарастырады [9, 159].

Дегенмен, тәжірибе көрсеткендей өңірлер бір-бірімен байланыса отырып «трансөңірлік» құрылымды құрауы мүмкін. Араб мемлекеттері, Жерорта теңізі өңірі, Атлант және Тынық мұхиты өңірлері осыған мысал бола алады. Өңірлерді бөлуге және сан жағынан анықтауға әрі қарай «дүниежүзілік тор» арқылы халықаралық байланысты пайдалануға мүмкін емес. Теңіз өңіріне қатысты А. Высоцкийдің пікірі бойынша «теңіз өңірі» өзіндік жүйесі бар, өңірлік- тұрғылықты халықаралық теңіз қатынасы бар халықаралық құқықпен реттелуге тәуелді объект болып табылады деген. А. Высоцкийдің пікірі бойынша халықаралық теңіз құқығындағы функционалдық құқытық салмағына сәйкес өңірді 4 түрге бөлуге болады [3, 96]: 1. Халықаралық органдар мен ұйымдардағы мемлекет өкілдігі ретіндегі өңір. 2. Мемлекеттік қарым қатынастағы ұйғарым мен ұсыныс арқылы құқықтық өңір. 3. Мемлекет міндеттері мен құқықтық кеңістіктегі өңір. 4. Өңірлік келісім кеңістігіндегі өңір (келісімдік аймак) [3, 115]. Көпшілік авторлар «географиялық аудандарды» халықаралық қатынастарындағы белгісі бір өңірдің шектеулігін анықтайтын пікірге сай екенің білдіреді. Яғни географиялық компонент жеке өңір құру факторы ретінде қызмет атқарады. Бірақта географиялық жақындық тәжірибе жүзінде басты рольді атқармайды. 1946 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясында дүние жүзінің басты өңірі ретінде анықтау кезінде дүниенің әр бөлігінен құралған Британ қауымдастығы аталды.

Тәжірибеде географиялық және саяси өңірлер көп жағдайда бір бірімен байланыспайды. Евро- паны мысал ретінде көрсете отырып оған саяси ұғымға АҚШ және Канада енетініне, бұл жөнінде Хелсинкалық Қауіпсіздік және Европадағы бірлескен іс-қимылдың қорытынды актісінде көрсетілген. Біздің объективті көзқарасымызға сәйкес әмбебап, барлық жағдайға «қатып» қалған «өңір» түсінігі бо- луы мүмкін емес. Өңір барлығы мақұлдаған белгілі бір тарихи кезеңдегі географиялық аудан, тәуелсіз мемлекеттердің, оның саяси және экономикалық байланысы тұрақты өзіндік мәдениеті, мемлекеті мен дәстүрі бар аймақ ретінде қаралады. Халықаралық қатынастар жөніндегі мамандар үшін өңір өзіне ғана тән басқа жер шарының бөлігінен ерекше, тұғырлы, ірі кеңістіктегі бірлік; яғни өңірлер абсолютті және тұрақты аумақтық бірлік емес, керісінше біршама тұрақсыз бірлік болып табылады. Бүгінгі күні ғылыми кітаптарда «Каспий өңірін» анықтайтын әр түрлі жолдар бар, олар: географиялық, геосаяси, транспортты-коммуникациялық және мәдени-заманауи. Ал Каспий теңізі аймағына Ресейдің стратегиялық даму орталығының жетекшісі А.Гумердің пікірі бойынша мына ел- дер жатады: олар Әзірбайжан, Иран, Казахстан, Ресей, Түркіменстан және Закавказье, Орталық Азия мен Түркия мемлекеттері [3, 14].

«Каспий өңірінің геосаясаты» жұмысы авторларының пікірі бойынша өңірге Кавказ және Орталық Азия енеді [10]. Сонымен қатар олар «Каспий өңірі» әлі күнге дейін нақты анықтамасы мен толық мінездемесі жоқ екені әділ түрде белгілеуде. Осы жұмыс авторларының көзқарасына орай Каспий өңірінің мемлекеттеріне шағын түсінік бойынша тек қана Әзірбайжан, Иран, Казахстан, Ресей, және Түркіменстан кіреді. Бірақта, әділді көзқарасына сәйкес кең көлемді геосаясат ұғымына орай Каспий аймағына Орталық Азия, Оңтүстік Кавказ, Ресей, Иран және Түркияны жатқызуға болады. Қазақстан зерттеушісі А. Әбішевтің пікірі бойынша Орталық Еуропа материгін құрайтын, саяси картада ерекше орын алатын Каспий өңіріне Орталық Азияның басты бөлігі, Закавказье, Каспий теңізі бойындағы Ресей аумағы және солтүстік Иран жатады [11, 5]. Ол өз ойын жалғастыра отырып, өткен ғасырдың 90 жылдарғы аймақтардың маңыздылығын арттыратын әр түрлі факторлар туындағанын айтты: «біріншіден, аймақтың және оған тиесілі территорияның қарулы саяси құқылы вакуумға айна- луы, екіншіден, күтпеген жерден тез арада мұнай өндіруші өңіріне айналуы» [11, 6]. «Өңір» атауымен қатар ғылыми кітаптарда Каспий өңірінің жеке дербес бөлінуіне қатынасы бар «өңірлік» түсінігі жиі кездеседі. Жаңа ұғым мен «өңірлік» атауы аудармасында ол мемлекеттің бір саяси тобының экономикалық-саяси және әскери қарым қатынасының тәуелсіздігінен туған деп анықталған [1, 357]. Құқықтық аспект бойынша «өңірлікті» әр географиялық жағдайдағы шекаралас мемлекеттің бір-бірінен халықаралық келісімге келуіне, осы мемлекеттердің қарым-қатынасын рет- тейтін құрамы ретінде қаралады.

Өңірлік термин тұрғыдан қарасақ ұзақ уақытта көршілес елдер мен халықтардың саяси экономикалық, мәдени байланыстарына негізделген. Бұдан басқа, өңір ол жан жақты таралған халықпен оны басқарып отырған дүниенің бір тұтастығында орналасқан тентілердің, ұзақ жылға көршілестеріне де қарамастан араларындағы әр түрлі көзқарастың, оны шешудің жолын қажет ететін ұғым ретінде де қабылданады. В.Эминнің ұйғарымына орай өңірлік анықтамасында үш «мәселелік түйін» бар: 1. Халықаралық түсінік бойынша мемлекеттердің қарым-қатынасы мен өзара іс-қимылдарын топтастыратын бір шектеулі жүйе құрылып, ол осы аймақта бейбітшілік пен қызығушылықты қалыптастыруға жете тиімділігі. 2. Өңірлік түсінік әр мемлекеттің белгілі бір аймақтағы бірлескен қимылы. 3. Өңірлік ұғым және де Біріккен Ұлттар Ұйымының жарғысына сәйкес құрылым және функционалдық аймақтық жүйе [4, 70]. Ғылыми кітаптарда бүгінгі күнге дейін өңірлік біртұтастықтың әр түрлі терминдерінің аппара- ты орын алмауда. Өңірліктану мәселесін ғылыми зерттеулер арқылы зерттегенде «өңірлік» және «функционалдық» түсініктер «өңірлік» категориясын ұғымында орын алған. «Өңірлік» атаумен «аумақтық» деген атау алдымен тарихи жақын орналасқан мемлекеттердің халықаралық, саяси, экономикалық және басқа мақсаттарға бірігіп жетудің негізіне сәйкес болуын- да. Функционалдық жақындық географиялық жақындастықты оның ішіндегі әр түрлі мәселелермен және бір тұтас әр деңгейдегі бір географиялық аймақтағы мәселелер толыққан. Нәтижесінде функционалдық өңірлік әр түрлі проблемалардың барынан туындайтын аймақ, ал «аумақтық» өңірлік тарихи аймақтағы мәселердің мемлекетаралық қарым-қатынас және аймақтың интеграциясы арқылы шешімін табатын өңір болып табылады. Теңіз іс-әрекетіндегі өңірлік, оның халықаралық-құқықтық реттеудің дұрыс анықтамасы деп тану А. Высоцкий зерттеушісімен анықталып, теңіз қарым- қатынасындағы «бір өңірлік жүйе» не болмаса халықаралық мәселелерді шешуге өңірлік тәсілдерді пайдалану және тәжірибемен өңірлік тәсілдердің шешімдеріне жүгіну болып табылады [3, 92].

В.Гусейновтың пікірі бойынша Каспий өңірі, оның мәселелерінің негізі «геосаяси және саяси факторлардың экономикалық үстемдігінде [12,138]. Аталған зерттеушінің пікірі бойынша Каспий өңіріне бұрынғы Кеңес Одағының Кавказ және Орталық Азия мемлекеттері, ондағы өңірлік және өңірлік емес мемлекеттер жатады. Шындығында Каспий Өңірі өз тумасында бірден бір өңір болып та- былады. Өйткені, бірінші осы өңірде әр түрлі мемлекеттермен әр түрлі құбылыстар қамтылған, екін- шіден жағалаудағы мемлекеттер халықаралық қарым-қатынастардағы және халықаралық құқықтың жаңа субъектісі болып табылады. Үшіншіден, көпшілігі өңірмен қатынаста белгісіз тұрақсыздықпен анықталған. Одан әрі Каспий мәселесі мен өңірлік маңыздылығы ұлғая беруін жалғастырады. Бүгінгі күнгі Каспий өңіріне қатысты А.Әбішевтің пікіріне жүгінсек, ол Орталық Азия және За- кавказье өңірінің геосаясатын құрайтын әрі бөлінбейтін бір бөлігі болып табылады [11]. Басқа факторлардың қатарында энергетикалық фактор да бар.

Аймақтың саяси және стратегиялық мәні тек мұнай және газ қорымен ғана анықталмайды. Каспий өңірі негізгі көмірсутекті шикізатты өндіретін – Таяу және Орталық Шығыс, Ресей елдерінің ортасын- да ғана емес, сонымен қатар басты нарықты мұнайлыгаз өнімдерін өндіруші– Еуропа және Азия ел- дерімен де шектеседі. Бүгінде ғаламдану процесінің нәтижесінде «мемлекет арасында географиялық жойылу» түсінігі әлсіз. Осыған дәлел, Каспий аймағында экономикалық факттың тек жақын мемеле- кеттерде ғана емес, сонымен бірге саяси және экономикалық жағынан дамыған ірі әлемдік мемлекет- терде болуында.

Сондай-ақ аймақтағы мемлекеттерге жалпы қауіп бар екенін есте сақтау керек. Каспий өңірінің жанындағы мемлекеттерге кері әсерін тигізетін қауіп, ол экономикалық дамудың әлсізденуі; басқару институттарының баяу дамуы; саяси және діни экстремизмнің жайылуы; қорғаныс күшінің әлсіздігі мен ішкі және сыртқы шақыртулардың кең ауқымы амалдауы үшін идеологиялық, саяси және әскери потенциалдың аздығы; біраз елдердің сыртқы экономикалық көмекке жүгінуі мен әртүрлі қауіп- қатерлердің болуы себеп болып отыр. Жоғарыда айтылған әртүрлі қатерлердің әрқайсы жеке си- паттамамен келетінін атап өткен жөн, немесе Каспий өңірінің жанындағы жеке мемлекеттер өзара ынтымақтасар еді. Осы жүйелік қауіппен тәуекелділік өзара тәуелділік, қайталанушылдықпен қайта өндірілуден тұратынын атап өткен жөн.

А. Брудновтың көзқарасына сәйкес, «парадоксалды, бірақ жақын адамдардың ұрысуы оңай, өкінішке орай, бұл этникаға және халықаралық шиеліністерге де қатысты», бастысы мәдениетке де, Каспий өңірінің тарихи және басқа да халықтар мен елдерге де қатысы бар [13, 19]. Сыртқы жағдай мен ірі мемлекеттердің рөлі де маңызды. Каспий өңірінің стратегиялық тұрақтылығы тек энергетикалық және экономикалық факторға ғана емес, сонымен қатар Каспий жағалауының геосаяси жағдайына да тәуелді. А. Әшімбаевтың пікірі бойынша, алдағы 10-15 жыл- да өзіне көңіл аудартатын және шешімін шешуді талап ететін 5 тұжырымды мәселе бар [14]. Бірін- ші мәселе бойынша, ол Каспий өңірінің әлемдік, ғаламдық процесінің барлық қызығушылығының, жеке ұлттық қызығушылықты жүзеге асыру мүмкіндігінің әлсізденуімен қарастырады. Екінші тұжырымды мәселе, сол аймақтағы елдер Каспий өңіріндегі үлкен геосаяси ойынының құлы болып кетпеуі үшін тырысу керектігі жайлы айтылған. Бұл жерде ол мұнай мен газ құрылысына қатысты жағдайға мысал келтіреді. Үшінші тұжырымды мәселе мен міндеттер мұнай мен газдың сатылуынан келетін құралдардың жоғары нәтижеде қолдануынан тұрады. Өңірдегі көмірсутекті шикізат қорын өзге де беделді мұнай өндіруші өңірлермен салыстырған кезде аздау болғанын айта кеткен жөн. Осы жағдайды еске ала отырып, болашақта қиын жағдайға қалмау үшін, Қазақстан мен басқа да жақын мемлекеттерде мұнай мен газ таусылмаған кезде, экономиканың диверсификациясымен айналысуы қажет. Төртінші мәселе барлық елдерге қатысты — бұл қажетті табиғи баланс және Каспий өңірінің экологиялық ортасын сақтау. Бесінші маңызды мәселе – ол Каспий теңізіне байланысты тәртіп пен мәртебесін анықтау ісі жайлы мәселенін шешімін табу. Бұл жерде ол Каспий теңізінің құқықты мәртебесіне қатысты мәселені шешу үшін, Иран елін қызықтыра алатындай жағдайлар жасау керек деп есептейді. Әңгіме барысында айтылған, көбінесе Иран елінің ойластырылмаған рөлін есепке ала отыра, мұндай көзқараспен келісу қиын. М. Әшімбаев «бұл мәселені басқаша шешу қиын» деп бо- лжайды, қаншалықты оғаш естілгенімен де, тәжірбие көрсеткендей мәселе өздігімен шешіледі және Иранның ресми билігі айналысатын бұл көзқарасқа қарамастан, Каспий аумағындағы елдер өзара ымыраға келе отырып, Каспий теңізінің мәртебесін анықтауға қатысты жұмыс істеуді жалғастыруда [14, 244]. Жақын орналасқан мемлекеттер мәселені шешу үшін жұмыс істемесе, Каспий теңізінің болашақтағы мәртебесінің анықталуы екі талай.

Каспий өңірінің меңгерілген және тексерілген ресурс көлемі мол, бірақ ізденіс пен жетістік кезінде сондайлық қорқыныш болады. Басты әлеует аймақтағы экологиялық қауіп арасында әртүрлі балық түрлері мен биоресурстардың, сонымен қатар бағалы бекіре және майшабақ секілді балық түрлер қорының азайюы; жер бедері жағалауы мен кеңістік шегінің бұзылуы; ластанған ауа, жер қыртысы мен судың кесірінен тұрғындар денсаулығының нашарлауы; биологиялық әртүрлілікті құратын, экологиялық жүйенің өзіндік ерешелігінің жойылуы; өңірдегі қоршаған орта сапасының нашарлауы мен рационалды емес және дұрыс ұйымдастырылмаған өндірістік ластану, сонымен қатар басқа да қауіптер кесірінен болады [15].

Каспий мұнайын сыртқы нарыққа тасымалдау, өз алдына экономикалық, саяси және геостратегиялық жағынан бір бөлек мәселе. Экономикалық аспект мәселесі, біріншіден әртүрлі жо- баларды қаржыландыратын бастамаларды іздеуді қамтиды. Саяси жақ мұнай мен газдың экспортта- луын қадағалайтын қалаушылар мен өзінің сыртқы курсын анықтау, Қазақстан және басқа да Каспий теңізімен шектесетін мемлекеттер өздерінің қызығушылықтарын ірі әлемдік және аумақтық мемле- кеттер арасындағы талас жағдайын бақылаумен толықтырады. Геостратегиялық тұрғыда құрылған сұрақтармен байланысты Сыртқы аймақты мемлекеттер Каспий мұнайын қолдану жөніндегі жоспармен «енгізу құрылғысы, қатысудың негізі» сапасында және Каспий өңіріндегі өзіндік рөлді күшейтуді көздейді [11, 143].

Тарихи маңызды факт, ол өткен жүзжылдықтың екі дүниежүзілік соғыс алдында Каспий мұнайының қолданылуы және оның әскери-стратегиялық мағынаға ие болуында. Әскери шиелініс болған жағдайда Каспий өңірінде көмірсутекті ресурстарының мәні сөзсіз өседі. Геологтар ізденісті көбінесе оңтүстік және Каспий теңізінің орталық аймағында Түркіменстан мен Әзірбайжан елдерінің шетінде жүргізді, бірақ көп олжаны теңіздің солтүстік бөлігінде шамамен жалпы арақатынасты бір- келкі теңістірумен Каспийдің мұнайлы газ ресурстарын таба алды. Қазақстан Президенті Қазақстан Республикасы Парламентінің «Қазақстандық жол: тұрақтылық, жаһандану мен көркею» атты екінші сессиясының ашылуы салтанаты кезіндегі 2005 жылдың 1 қыркүйегінде сөйлеген сөзінде, 2010 жылы 2 миллион баррелді мұнай экспорталды, 2015 жылы – 3 миллион, ал экпортталған газдың көлемі жылына 100 миллиард кубметрді құрайтын болады, — деді [16]. Қазақстанда пайданың өсу көлемін әлемдік нарыққа мұнайды экспорттау жолын диверсификат- тау керек.

Еліміздегі басты мұнай мен газ өндіретін аймақтар Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, және Актөбе облыстары екенін айта кеткен жөн. Бұл жердегі мұнайлы және газды жерлердің олжаларын жоғарғы қысым мен ауыр таулы-геологиялық жағдайлармен теңіздің түбінен алумен сиппаталады. Елдегі бұл көмірсүтекті ресурстарға эксплуатация жасау 80 жылдарың аяғында басталған, оның пай- дасы үшін, қайта өндіру және қосымша арнайы жабдықтарды тасымалдау мен технологиялық про- цестері үшін, өзімен бірге көп шығын кететіні байқалған. Бірақ үлкен қаражатты тұтынатын мұнай мен газ өнімдері жылдам сатылуымен кететінін айта кеткен жөн. Бұл байланыста мұнай ресурсының жалпы балансы бойынша әлемдік жетекші он елдердің қатарына Сауд Арабиясы (25,8%), Ресей (10,1%), Ирак (9,8%), Кувейт (9,7%), БАӘ (8,9%), Иран (8,8%), Вене- суэла (6,8%), Мексика (5,3%), Қытай (2,8%), АҚШ (2,4%) елдерінің кіретінін айта кеткен жөн; ал дәлелденген табиғи газ қоры бар екі басты өңірлер – ТМД (38,4%) және Таяу Шығыс (33,6%) елдері. Әлемдік мұнай қорынан өзге газ қорына қарағанда бақылауға сүйене келе, газдық қор әлемдік пайда мен көмірсүтекті ресурсын қолдану үдерісі бойынша пропорционалды түрде өсуде. Каспий аймағында белгілі мұнай қоры, әлемдік дәрежеде 2,6 % құрайды, бұл сарапшылардың тым «өміршеңді» болжауы бойынша сәйкес келмейді [17, 14].

Каспий өңірінің көмірсутек ресурстары көптеген жағалау елдері үшін мемлекеттік бюджетті тол- тыру және экономикалық дамудың негізгі көзі болғаны жалпыға мәлім. Бір мезгілде мұнай мен га- зды табуды арттырумен Каспий өңірінің елдері мұнай мен газға бағаның тұрақсыз және көбінесе бо- лжап болмайтын әлемдік конъюнктурасынан әлсіз тәуелділікке түсіп қалатынын есте сақтау керек. Осындай ахуал жағалау елдері экономикасының одан ірі өсуіне қатаң қауіп-қатер туғызады. Сонымен, Қазақстан жағдайында, елдің экономикасы шикізат бағыттылығына ие болады және энергетикалық ресурстардың әлемдік нарықта оның баға конъюнктурасына тәуелділігі артып келеді [17]. Сондай-ақ еуразиялық континент орталығындағы өзінің көлемі мен географиялық жайғасуының күшіне қарай Қазақстан АҚШ, еуропалық елдер мен Қытай сияқты өңірден тыс елдерді назарға алып, олардың мүдделерін ескеруге мәжбүр. А. Әбішев атағандай, өндірістің дамуы, экспорттық инфрақұрылымды құру ретінде Каспий өңірінің алып «мұнай геосаясатының» көріністері «аса біртұтас геосаяси» суреттің тек құрамалы және шағын бөлігі болып табылады [11, 37]. Өткен он жылдықта объективті себептер бойынша көптеген мәселелер шиеленісіп кетті, бірақ қазір Каспий өңірінің мемлекеттеріне ішкі саяси және экономикалық ахуал- ды тұрақтандыруға мүмкіндік туды. Каспий ресурстарының заңды тиесілігі мәселесі баяу әрекеттің минасын көрсететілумен келісуге болады, себебі оның шеңберінде жағалаудағы мемлекеттердің же- кеменшік құқығы анықталады және оған Каспий өңіріндегі болашақтағы мемлекетаралық қарым- қатынастары, өңірлік қауіпсіздік жүйесі мен энергетикалық жобаларымен байланысты [18, 67]. Біздің ойымызша, Каспий өңірі осы кезге дейін оның этникалық және діни әртектілігі мен жағалаудағы мемлекеттердің геосаяси бағдарының онша толық емес анықтылығы нәтижесінде әлсіз болып келеді, бұл ретте Орталық Азия мен Кавказ өңірлерінің қауіпсіздігі үшін стратегиялық мәні бар.

Ресей зерттеушісі А. Панарин атап өткендей, «әлемнің бір бөлігінде өмір сүретін ұлттарда тату көршілік қатынастарды қолдау, экономикалық кооперация, үшінші елдермен қарым-қатынас, қазіргі заманның жаһандық мәселелерімен байланысты әділ ортақ мүдделері барын көрсететін өңірлік тұтастық қауым бар». Ол өз ойын жалғастыра отырып, өңірлік мәселелердің географиялық жақындығы мен бірлігі, өз бетімен аса тығыз ынтымақтастық пен интеграцияны орнатуға фактор болып табылады деген [19, 424].

Тарих дамуының жаңа орамы Каспий өңірінің елдерін өркениетті жарық опырулар мен қарама- қарсылықтардың ортасына қойды. Каспий өңірінің мемлекеттері аса беделді сыртқы күштер жағынан үлкен қысымды сезіп отыр. Бұл, дегенмен, Каспий өңірінің елдері үшін енжар және тосушы рөл білдірмеуі керек. Бүгінгі күні ынтымақтастықты нығайту бойынша белсенді және саналы әрекеттер ертеңгі күні Каспий өңірінің бейбітшілігі мен қауіпсіздігінің іргетасы болып табылады. Каспий өңірі З. Бжезинский бойынша «қысым белдігіне» кіреді, және ол АҚШ пен КСРО сияқты екі ірі державаларының қарама-қарсылықтары орталығының бірі болып табылады. Жаңа саяси шындықтар Каспий өңірі мемлекеттерінің арасындағы қатынастар табиғатын өзгертуге әкеп соқты және өңірлік ынтымақтастық пен әріптестік құру мен нығайту үшін шараларды қабылдауды және іске асыруды талап етеді. Каспий өңірінің мемлекеттер қатары ШЫҰ, ҰҚКҰ, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес сияқты қазіргі өңірлік және халықаралық ұйымдарға қатысуы және одан әрі жетілдіруі — өңірлік қауіпсіздіктің барлық кешенді жүйесінің тиімділігін арттыруға және өңірдегі әртүрлі саяси мүдделердің саналы балансын қамтамасыз етуді жақсартады және мүмкіндік береді. Баяндалған материалды талдау – «өңір» санаты қандай да бір ортақтықтың негізінде ғана емес, со- нымен бірге шиеленісті, даулы ахуалдың базасында теңдестіріледі деген тұжырым жасауға мүмкіндік береді [20]. Сонымен, әдебиетте белгіленгендей, шиеленісті ахуалдың өзі «өңірді құраушы фактор» рөлінде жеке шығады. Каспий өңірінде осыған мысал ретінде Каспийдің құқықтық мәртебесінің белгісіздігі және өзімен саяси ахуалдың әскери күшеюіне алып келетін жағалаудағы мемлекеттердің сүйемелдеуші аумақтық шағымдары.

Осы жұмыста біз «өңір» санатын жете талдауды мақсат етіп қоймаймыз, себебі осы түсінік халықаралық-құқықтыққа қарағанда, саяси, тарихи және экономикалық. Жалпы, «өңір» термині анықтамасының үлкен санын жалпылағанда, «өңір» терминіне сүйенуді ұқсатуға және негіздеуге екі критери жеткілікті деген кең тараған пікірмен келісуге тура келеді. Бірінші белгісі, халықаралық (мемлекетаралық) қарым-қатынастар («проблемалық түйін» атаулы, өңірлік бар) оңашаланған, же- келеген ортақтық және осы ортақтықтың белгілі географиялық ауданы шеңберімен шектеуі болып табылады. Бұл белгілі географиялық аудан жекелеген «аудан құраушы» фактор ретінде қызмет етеді, себебі өзекті, мәселелердің өз бетімен шешілуін талап ететін мемлекеттер тобына арналған жалпы шоғырландырылған таратпаушылықты танытынын білдіреді. Біздің көзқарасымыз бойынша, бүгінгі күні біз Каспий өңірінің құрылу процесін көріп тұрмыз, ол өзінің бастапқы анықтамасынан артушы саяси және экономикалық мәні үшін субөңір түрінде өсіп кеткен. Қысқаша түрде жинақтай отырып, ғылыми әдебиетте «өңір» түсінігін әдетте шаруашылық- экономикалық ортақтастық, географиялық-әкімшілік бірлік немесе тарихи-мәдени облыс ретінде анықтайды [21]. Каспий өңірін соңғы белгісі арқылы, сонымен қаланушы және артушы экономикалық қарым-қатынастардың призмасы арқылы анықтауға болады, оның дәлелі өңір елдері арасындағы тау- ар айналымның өсуі болады. Каспий өңірінің айрықша белгісі – оның шикізаттық қана емес, сонымен бірге транзиттік мәртебеге ақырындап ие болуы болып табылатынына назар аударту қажет. Н. Назарбаевың «Сындарлы он жылдық» еңбегінде атап өтілгендей, бүгін Каспий «қандай да бір тұтастық қауымға бірігуге қабілетті геосаяси өңірмен жекеленген болып көрінеді. Осының күшіне Каспий өңірі Орталық Азиядағы гео- саяси ахуалдың маңызды элементі болып табылатын стратегиялық форпост ретінде танылады» [22, 146]. Бұдан әрі автор өзінің ойын орта мерзімді және ұзақ мерзімді келешекте әлемдік қоғамдастықта Каспий өңірінің геосаяси және экономикалық мәні тек артатын болады деп жалғастырады. Мәселе тек мынада, Каспий өңірі ретінде: тек тікелей географиялық көршілес және жақын орналасқан жағалау мемлекеттері немесе осы топқа өзге де бірнеше мүдделі және тартылған елдерді қосу қажет пе? Көптеген зерттеушілердің пікірі бойынша, Каспий өңірінің елдеріне жағалаудағы мемлекеттерден өзге, сонымен қатар Оңтүстік Кавказ бен Орталық Азия елдерін жатқызу қажет. Бірақ осы сұраққа жауап – халықаралық қарым-қатынастардың құрылу уақытын, одан арғы үрдісін, сипатын көрсетеді. Айтылғандарды жалпылай отырып, «Каспий өңірі» термині жаңа және кешенді түсінікті таны- тады деген тұжырымға келуге болады. Біздің ойымызша, осы өңірге кіретін мемлекеттер: Орталық Азия (немесе бұрындары «кеңестік» кезеңде Өзбекстан, Түркменстан, Қырғыстан және Тәжікстан – Қазақстан мен Орта Азия деп аталды) және Оңтүстік Кавказ (Әзірбайжан, Армения, Грузия), Ресей мен Иран елдері болып табылады. Ресей Орталық Азиядағы саяси және экономикалық процестерге бел- сенді тартылған және географиялық тұрғыдан оның оңтүстік өңірлерінен кейбіреуі орталық-азиялық өңірге кіреді. Иранның солтүстік бөлігін кейбір талдаушылар Оңтүстік Кавказдың бөлігі ретінде қарастырады, мысалға, «Оңтүстік Әзербайжан» атауы Иранның солтүстік өңірлері және көбінесе этникалық азербайжандықтармен орналастырылған. Өңір өзіне дүниежүзілік қауымдастықтың на- зарын аудартуды жалғастырып келеді. Бірақ, бүгінгі күнде Каспийдің құқықтық мәртебесінің бел- гісіздігі қарастырып отырған мемлекеттер үшін өзекті мәселелердің бірі болып қалатынын атап өту керек.

Автор: Ә. САБЫРОВ

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.