Келісімшарт талаптарын ұстанудағы жауапкершілік

Home » Рефераттар » Келісімшарт талаптарын ұстанудағы жауапкершілік
Рефераттар Комментариев нет

Туристік фирманың сапасыз қызмет көрсеткені үшін жауапкершілігі ақшалай түрде өтеледі, сонымен бірге бір міндеттемені екіншісіне ауыстыру арқылы өтеледі, мысалы, орналастыру шарт-тарының сәйкессіздігі орын алған жағдайда, басқа орынға тегін негізде апаруды қарастырса болады. Келісімшарт екі данада жасалады және оларға фирма жетекшісі мен клиенттің қолы қойылады. Туристік қызметтер көрсетуге келісімшарт тұтынушылардың құқықтарына нүқсан келтірмеуі тиіс. «Тұтынушылардың қүқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңына сәйкес: «тұтынушылардың қүқығына нұқсан келтіретін келісімшарт шарттары жарамсыз болып мойындалады және келісімшартты орындау барысында түтынушы шығынға үшыраған жағдайда, орындаушы оларды толық көлемде өтеуі міндетті».
Қызмет көрсетудің басталу және аяқталу мерзімдерінің өзгеруі клиентпен келісіледі жэне оның келісімімен ғана іске асады. Клиенттің келісімімен өзгертілген мерзімдердің келісімшартқа кіріктірілгені дүрыс (ешбір жағдайда ауызша келісіммен шекте-луге болмайды). Егер мерзімдер қадағаланбай, клиент өтемақыны төлеуді талап ететін болса, оны орындаушы тек бір жағдайда ғана қанағаттандыруға міндетті: мерзімдердің қадағаланбауын «қарсы түра алмайтын күштер әсерінің немесе тұтынушы кесірінің нәтижесінде» болмағандығын дәлелдеген жағдайда ғана. Мерзімдердің бүзылуы нәтижелері Заңның 28-бабымен регламенттеледі: бұл жағдайда клиент көрсетілген қызметтер бағасын төмендетуге немесе келісімшартты бұзуға және оған тиген залал үшін өтемақы алуға құқығы бар. Ол төлемақының кешіктірілген әрбір күні үшін көрсетілген қызмет бағасынан немесе жалпы бағадан 3% көлемінде айыппұл талап етуге құқылы.
Егер турфирма келісімшарт шарттарын бұзатын болса, онда клиент демалыстың бірінші күнінде келісімшартты бүзуға, қайта оралуға және турдың құнын қайтарып беруді жэне моральдық залалды өтеп беруін талап етуге құқылы. Егер қанағаттанбаған клиент демалысын жалғастыратын болса, онда келгеннен кейін 10 күн ішінде қонақүйдің басқа сәйкес емес санатында түрғаны үшін немесе тамақтанудың талаптарға жауап бермейтіндігі үшін айырмашылықты төлеуді талап етуге қүқығы бар.
Клиенттің фирмаға жасай алатын ең қолайсыз әрекеті — моральдық залалды өтеуді талап етуі. Түтынушы фирманың қүқыққа қайшы келетін эрекеттерінің нэтижесінде түтынушы шеккен ма-териалдық залалды өтеп беруді ғана емес, моральдық залалды өтеуін талап етуге қүқығы бар. Моральдық залалды заңнамамен қарастырылған түтынушы құқықтарын орындаушының қадағала-мауының немесе өз міндеттерін орындамауының нәтижесінде жэбірленушіге тиетін физикалық жэне рухани күйзелістер ретінде анықтауға болады. Моральдық залалға денсаулығының сыр беруіне, жақын адамдарының өліміне, орны толмас мүліктік жоғалтуларға байланысты орын алған уақытша физикалық жэне рухани күйзелістер емес, түрақты физикалық жэне рухани күйзе-лістер жатқызылады. Бірақ, сот тәжірибесінде моральдық залал-ды өтеу жөніндегі арыздарды қарастыруда моральдық залалдың кеңірек түсінігіне сүйенеді және ол түсінікке түлғаның кез кел-ген қүқықтарын бұзуды, өмірлік қажеттіліктерді, заңды құқықтар мен мүдделерді шектеуді қосады. Моральдық залалдың қүнын клиенттің өзі анықтайды, оның сомасы турдың қүнынан әлденеше рет асып түсуі мүмкін, тіпті кей жағдайда шектен тыс жоғары болады. Мұндай жағдайда сот шешімін фирманың пайдасына шешуі немесе клиентпен аталған соманы қайта қарауы мүмкін.

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.