Кененбай Қожабеков өмірбаяны

Главная » Рефераттар » Кененбай Қожабеков өмірбаяны

Қазақ өнері хас тұлғаларға кенде емес. Ұлттық театр сахнасы мен кино экраны арқылы жаратылыстың тылсым сырларын айқара ашып, әрбір адамның қоғамдағы өзіндік орнын, характер айқындығын барынша терең сезінген өнер тарландары өздерінің шығармашылық болмыстарымен, талант-танымымен ұрпағына рухани мол мұра қалдырды. Ғұмырында осындай киелі өнерді серік етіп, тағдыр мен өнерді адами таразысында тең ұстаған, қайтпас жүрек Кененбай Қожабеков өте ерекше жаратылған өнер иесі болатын. Жас шағында өз бойындағы жаратылыс сыйға тартқан қабілетдарынын аңғармаған ол өнерге кездейсоқ келіпті…
Кененбай Молданүлы Қожабеков Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ақсеңгір поселкесінде дүниеге келген. Анасынан ерте айырылып, балалық шағы Ұлы Отан соғысымен түспа-түс келген он бес жасар бозбала еңбекке ерте араласып, Алматы қаласындағы «Октябрьдің 20 жылдығы» атындағы зауытта слесарь, жүргізуші болады. Алайда ойламаған жерден Алматы қаласындағы үш жылдық актерлік мектепке шақырған афишаны көріп, бағын сынаған К.Қожабеков сол мектепке қабылданады. Бүл жерде жас жігіт сахна тілі мен рахна техникасын үйренуге бар күшін жұмсап, тәжірибе мен теорияны қатар меңгерді. Мұны бітіргеннен кейін шығармашылық жолы басталған Ғ.Мүсірепов атындағы академиялық Жастар мен балалар театрында (1950-61 ж.ж.) Алдар көсе, Ғани (Ш.Қүсайынов «Алдар көсе», «Біздің Ғани»), Доб-роходов (М.Ақынжанов «Ыбырай Алтынсарин»), Шагабутдинов (Д.Фурманов «Бүліншілік»), Протей (Шекспир «Вероналық боз-бала»), Әбдірахман (Н.Хикмет «Әпенді»), т.б. рольдерде ойнап, табиғи талантын байқатады. Роль сомдауда кейіпкердің өзіне тән болмысына, мінез-құлқына қарай сахналық үлгі-форма іздеуден жалықпады. К.Қожабеков өзі ойнаған жағымды немесе жағымсыз бейнелердің характерін қоюлатып, тыңнан үн қосып отыратын. Мәскеуде өткен Бүкілодақтық Театр фестивалінде Шагабутдинов пен Доброходов рольдерінің сәтті шығып, актердің лауреат атануы оның осындай ерекшелігінен болса керек.
К.Қожабековтың жан дүниесіне халқының бостандығы, азаттығы үшін басын қатерге тіккен халық ұлдары, қаһармандық тұлғалар жақын болды. XX ғасыр басында белең алған қоғамдық өз-герістің болашағын, төңкерістің қазақ халқы үшін маңыздылығын түсінген Ғани Мүратбаевтың есімі революцонер, патриот ретінде тарихта қалды. Қоғам өмірінде өзіндік орны бар осындай тари-хи түлғаларға арналған ғүмырнамалық шығармалардың көптеп жарық көргенін білеміз. Ұлттық сахнамыздың төрінен орын алған М.Әуезовтің «Абай», С.Мұқановтың «Шоқан Уалиханов», «Сәкен Сейфуллин», Ә.Тәжібаевтың «Майра», Ғ.Мүсіреповтің «Аманкел-ді», М.Ақынжановтың «Ыбырай Алтынсарин», т.б. пьесалары, олардың көркемдік қүндылығы драматургия жанрының өткен та-рихына тиесілі.
Ұрпағына ақыл-парасатымен, ерлік істерімен белгілі Ғани Мүратбаевтың сахналық түлғасы жарыққа шыққан уақытында жастарды рухтандырған рас. Ш.Қүсайыновтың «Біздің Ғани» («Алғашқы үшқындар») пьесасындағы Ғани ролін жалынды жі-гермен ойнаған К.Қожабеков ерліктің, қайтпас қайсарлықтың символына айналды. Ол — Ғани бейнесін қазақ сахнасында түңғыш сомдаған актер. Қоғамдық істерге ерте жасынан-ақ араласқан, жа-ратылысы ерекше Ғанидың оңы мен солын тани білудегі зеректігі актердің парасатты ойынында жарқырай көрінді. К.Қожабековтың портреттік үқсастығы патриоттық рухы биік азаматтың сахналық түлғасына сай келіпті.
Шығарма оқиғасы жас өмірін халықтың әлеуметтік теңдігі мен бостандығына, сауаттылық пен интернационалдық бірлікке ар-наған Ғанидың қоғамдық-тарихи күрестегі қажырлы іс-әрекетіне негізделген. Жаппай сауатсыздықты жою, жастарды феодалдық қүрсаудан босату ісінде Ғани ештеңеден тайынбайды, оған Сар-жан сияқты керітартпалар тосқауыл бола алмайды. Жас жігіттің алдағы өмірге үмтылысы ерекше бір батылдықтан, алдағы өмір-ге деген сенімділіктен туындап отырады. Актер сахнадағы жаңа өмірдің қарқынды дамуында шалт қимылымен шығарма идеясын тереңдетіп, қойылымға патриоттық рух берген. Ғани — Қожабеков теңдікке қол жеткізу принципін Көпбол, Асанбай тәрізді панасыз балалардың санасына қүйып, оларды болашаққа қарай ақылмен, сабырмен бағыттап, бастап отырады. Жалпы өзінің жазылу, қойылу кезеңінде көрерменін, әсіресе жастарды отаншылдыққа тәрбиелеген «Біздің Ғани» қойылымы театрдың да, К.Қожабеков-тың да ірі шығармашылық табысына айналды.
XIX ғасырдың аяғында қазақ жеріндегі сауатсыздықты жою, халықты білімге баулып, рухани байыту істерінде мол еңбек сіңірген, қазақ әліппиін қүрастырушы Ыбырай Алтынсариннің ағартушылық еңбегі орасан зор. Демократ-ғалымның үлттық білім саласындағы өзіндік орны драматургиялық шығармаға өзек болып, «Ыбырай Алтынсарин» пьесасы жазылып шықты. Пьеса-да ағартушының «Білімдінің алар қамалы биік болмақ» идеясын түсінбеген Найзақара, Мықыбай тәрізді қарсыластармен бірге жақтастар да, нағыз достар да табылады. Соның бірі — Ыбырайдың рухани досы Доброходов. Бүл рольдегі К.Қожабеков күлдықты ғана көздейтін патшалық биліктің астарын түсіне біледі, революцияның орнауы, халықтың көзі ашық, сауатты болуы жолында өзінің бар мүмкіндігін пайдаланады, күш-жігерін аямайды. Доброходов -Қожабеков осы жолда қанша қиындық көріп, «қашқын» атанып жүрсе де өз принципін өзгерткен емес. Доброходов «қазақта тарих жоқ, тіпті болмаған» деген орыс отаршылдарына қарсы пікірін өзі қазақ тарихын зерттеу арқылы білдіріп, қазақ үлтының өзіндік болмысын барынша нақты көрсетуге тырысады. Осы түста талантты актер ізденісі өзге үлт өкілінің қазақ үлтына деген достығын, сол халықтың болашағына деген риясыз көңілін шынайы гуманистік түргыда көрсетіп берген. Үнемі Ыбырайдың жанынан табылатын Доброходов әліппи қүрастырудың азапты күндерінде де, мектеп өртенген түстағы қиын кезде де ғалымға сүйеу болып, пікірлестігін аңғартып отырады. К.Қожабеков кейіпкерінің осындай парасатын, адамгершілігін әрбір сахна, әрбір диалог сайын дамыта түседі. Сол кездегі қоғамдық-саяси көзқарастан туындаған екі жол, екі идея тартысында сауаттылықты, теңдікті насихаттаудан, алдағы өмірдің айқындығын айтудан жалықпайтын Доброходовтың сахналық түл-ғасын актер көркемдік биікке көтерген.
К.Қожабеков осындай сахналық кейіпкерлермен бірге кинода-ғы бейнелеріне ерекше дайындықпен, олардың характерін ішкі дүниесімен сезініп келетін. Кинодағы ең алғашқы ролі «Аласталған Алитет» фильміндегі Айеден (1950) бастап, Нәдір (1952, «Жам-был»), Айдар (1955, «Қыз бен жігіт»), Бақытжан (1955, «Бүл Шүғылада болған еді»), Атабаев (1956, «Мазасыз көктем»), Имаш (1961, «Біздің әрқайсысымыз»), Рахманов (1963, «Менің атым Қожа»), Сырлыбай (1970, «Қыз Жібек»), Бабахан (1984, «Қасқырдың апаны»), Манай (1970, «Жаушы»), Батыраш (1972, «Қүлагер»), Ал-даберген (1978, «Қан мен тер») және басқа да көптеген әкрандық бейнелер жасайды. К.Қожабеков — кейіпкерлерінің түрлі мінез-құлқы мен ішкі жан дүниесін олардың психологиялық толғаныс-тебіреністері арқылы жеткізудің шебері. Ол үшін сахнада да, әк-ран алдында да адам тағдырын моральдық тартыс үстінде шешу, адамдық-азаматтық рух бірінші түратын. Актердің өнерге, кейіпкерге деген махаббатын киноға ешқандай дублер-орындаушысыз түскенінен-ақ байқаймыз. Аттан секіру, қасқырмен жекпе-жек айқасу көріністері актердің шынайы ойынымен өмірдің өзіне айналды. 1972 жылы Тбилисиде өткен V Бүкілодақтық кинофести-вальда «Қыз Жібек» фильміндегі Сырлыбай ролі үшін әділқазылар алқасының «Драма өнерін әкранда дамытуға сіңірген еңбегіне» атты дипломына ие болуы актердің ерен еңбегінің жемісі еді.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.