Кідірістердің түрлері

Главная » Рефераттар » Кідірістердің түрлері

1. «Бос» кідірістер. Аз оқыған, білімсіз жандар әңгімелескенде олардың сөздері ешқандай ақпарат тасымайтын кідірістерге тола болады. Мұндай кідірістер әңгімені себепсіз созып, кейде әңгімелесушілердің біреуін жалықтыруы мүмкін. 2. Ойлану кідірістері — кейбір кідірістер кезінде адам бір нәрселерді ойлап отырады. Сөйлеу барысында әңгімелесушінің ойында әңгіме болып отырған мәселе туралы пікір қалыптаса қоймайды, олар бұл мәселенің шешілуінойлайды, пікірлерінекшелеп, жарамдылығын таңдайды. Ойлану кідірістері әңгіменің кез келген уақытында пайда болып, «мүмкін, осылай шығар», «ашығыраң айтсақ», «дүрысы былай шығар», «жоң, олай емес, былай ғой» деген пікір таластарын білдіреді. Осындай ескертпелерден кейін пікірдің жаңа тұжырымы айтылады. Ойлану кідірістері сөзде орынды да, қажет те. 3. Бір сөз ырғағын екіншісінен ажыратып тұратын кідірістерді интонациялық-логикалық кідіріс деп атайды.

Бір сөйлемнің өзінде-ақ интонациялық-логикалың кідірістің орнын ауыстыру оның мазмұнын әжептәуір өзгертеді. Орынсыз кідіріс мәтінінің мәнін қисынсыз етіп жібереді. Төмендегі сөйлемдердегі кідірісті белгі қойылған жерге келтіріп, оңып көріңдерші. Қуанғанымнан алқымымда // демім тығылып қалды. Сөйлем қисынсыз болып шықты. Дұрысы: Қуанғанымнан // алқымыма демім тығылып қалды. Көпшілік алдындағы сөз теориясында ин-тонациялың-логикалық кідірістен басңа психологиялық кідірісті бөліп көрсетеді. Оның мәні неде? Интонациялың-логикалық кідірістен өзгешелігі қандай? К.С.Станиславский бүл сұрақтарға былай жауап береді. «…логикалық кідіріс өзінен-өзі ырғақтарды, тұтас тіркестерді ңүрастырып, олардың мәнін түсіндіретін болса,.психологиялың кідіріс ол ойға, тіркеске, ырғаңңа жан бітіреді, олардың астарын түсінуге көмектеседі. Егер логикалың кідіріссіз сөз сауатсыз болса, психологиялық кедергісіз ол — жансыз. Логикалық кідіріс сылбыр, формальды, әрекетсіз, психологиялық кідіріс әр уақытта белсенді, ішкі мазмұнға асабай.

4. Логикалық кідіріс — ақыл-ойға қызмет жасаса, психологиялық кідіріс сана-сезімге қызмет етеді. Психологиялың кідірістің қаншалықты жоғары бағаланатынын білесіздер ме? Ол ешқандай заңға бағынбайды, ал оған сөйлеудің барлық заңы бағынады. Логика және грамматикалық жағынан ешқандай кідіріс жасауға болмайтын жерде, оны психологиялық кідіріс жасай алады. Мысалы, «біздің театр шетелге сапарға шығатын болды» деп ойлаңыз. Сапарға екі оқушыдан басқаның бәрі аттанады. — Олар кім болды екен? — деп сұрайсыз сіз… Мен және… (әсерін жеңілдетейін деп немесе зығырданы қайнайтын психологиялың кідіріс) және… сен! — деді Шутов». Және деген жалғаудың соңынан ешқандай кідіріс болмайтындығы сізге белгілі ғой. Бірақ психологиялық кідіріс ол заңды бұзудан тайынбайды, сөйтіп «заңсыз» кідіріс жасайды. Психолог П.Таранов бұл кідірісті былай деп сипаттайды. «Кім бірінші болып өзінің үнсіздігімен кідіріс жасаса, сол адам психологиялық артықшылыққа ие болады». 5. Интонациялық-синтаксистік кідіріс жазба тілдегі тыныс белгілеріне сәйкес келеді де, үзын-қысқалығы бойынша ажыратылады. Ең қысқа кідіріс үтірді, ең ұзыны нүкте қоюды талап етеді. Интонациялық-синтаксистік кідіріс сөйлеп түрғанда бірыңғай сөйлем мүшелерін, кірме қүрылымдарды, одағай сөздерді бөледі; кідіріс сөйлемде түсіп қалған сөздердің орнын толтырады. 6. Түрлі жағдаяттарға сәйкес пайда болған кідірістерді жагдаяттық кідіріс деп атайды. Мысал келтірейік:
— оқушылар хат жазып отыр. Мүғалім мәтінді асықпай оқып, сөйлем мүшелерін қайталап айтып, кідіріс жасауда. Мұғалім неге кідіріс жасады? Оқушылар жатқа жазып отырған мәтінді жазып үлгеруі үшін. Айлақта туристік пароход түр. Жүрттың бәрі де бір-біріне ең қажетті, ең маңызды деген сөздерін айтып қалуға асығуда. «- өтінемін… сенен…, сақ бол… — не? не дедің? Түсін… бе…дім? — с.ақ бо…оол, түсіндің бе?» Бұл жердегі кідірістер айналадағы айқай-шудың арасында қашық тұрған адамдар бір-бірін естісін деген мақ-сатпен жасалып отыр. Алаңда әскерлер сап түзеп жүр. «Со — ол — ға! А а дым да! — деген бүйрық естіледі. Бұл жердегі кідіріс әскерлер бүйрықты орындауға дайындалсын деген ниетпен жасалып отыр. Соңғы түрі — физиологиялық кідірістер. Олар өкпеге ауа жетпегенде, әсіресе ентікпе кезінде, немесе орталық жүйке жүйесі зақымданғанда, сөзді үмытып қалғанда, не ойын түсіндіруге қиналған кездерде жасалынады. Әрине, мұндай келеңсіз кідірістердің тіпті болмағаны жақсы.

.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.