Әкімшілік іс жүргізу

Home » Рефераттар » Әкімшілік іс жүргізу
Рефераттар Комментариев нет

Іс жүргізу — бұл белгілі бір нәтижеге қол жеткізу үшін жасалатын дәйекті іс-әрекеттердің жиынтығы; қандай да бір қызметті жүзеге асырудың тәртібі (мысалы, заң шығару, бюджет, жерге ор-наластыру). Атқарушы билік іс жүзінде атқарушы органдардың (лауазымды адамдардың) әр түрлі іс-әрекеттері арқылы жүзеге асырылады, олардың заңдық мазмұны әкімшілік құқықтың материалдық нормаларын қолдану болып табылады. Бұл ол сияқты қызметтің процессуалдық нысаны болатынын білдіреді, соның шегінде норманың диспозициясында көрініс табатын мақсаттарға, яғни тиісті мінез-құлық ережелеріне қол жеткізу қамтамасыз етіледі.
Мемлекеттік-басқарушылық қызметке байланысты экімшілік іс жүргізу туралы айтуға болады. Оның мазмүны мемлекеттік басқару аясында экімшілік-қүқықтық нормалармен белгіленген тиісті мінез-қүлық ережелерін сақтауды, сондай-ақ осы нормалармен қаралған санкцияларды орындауды қамтамасыз ету жолымен ат-қарушы биліктің міндеттері мен функцияларын заңдық биліктік түрде іске асырудан тұрады. Демек, тиісті атқарушы органдар (лауазымды адамдар), мемлекеттік — басқарушылық қызметті ат-қара отырып, құқық қолдану және құқық қорғау сипаты бар әкімшілік-процессуалдық іс-әрекеттер жасайды. Сондықтан атқарушы биліктің іс-қимыл жасауын түсіну үшін әкімшілік-процессуалдық қызмет өзінің нысандары жэне эдістерімен ерекше маңызды.
Жалпы белгілі, дәстүрлі заңдық мағынада «процесс» үғымын, қағида бойынша, нақты қылмыстық, азаматтық, еңбек жэне басқа істерді қарап, шешу туралы сот органдарының қызметімен байланыстырады (қылмыстық жэне азаматтық процесс). Әлбетте, процесс мұндай ұғымында тек құқық қорғау қызметіне тіреледі, ол сот юрисдикциясы ретінде белгіленеді. Оның негізіне — ма-териалдық қылмыстық және азаматгық қүқықтың талаптарынан ауытқуға қүқықтың осы салаларының нормаларында қаралған санкцияларды қолдану жолымен соттың көңіл аударуы (реакци-ясы) жатады.
Мемлекеттік-басқарушылық қызмет негізінен жағымды си-паты бар міндеттерді шешуге арналған. Юрисдикция оның мазмұнын айқындайтын белгі болып табылмайды. Дегенмен де про-цессуалдық элементтер оған да тэн.
Әкімшілік — процессуалдық қызметті түсінудің екі түрі бар. Біріншіден, оны кейде кең көлемде қарайды, яғни мемлекеттік-басқарушылық қызметтің өзі экімшілік процестің көрінісі ре-тінде түсініледі. Екіншіден, тар мағынада оны тек материалдық нормалардың санкцияларын қолдану қызметіне ғана тірейді. Бүл оны соттың іс жүргізу, яғни юрисдикциялық, қызметімен жақындастырады.
Әкімшілік процесті сипаттаған кезде осы екі жағдайды да басшылыққа алуға болады. Қазақстан тэуелсіз мемлекет болғаннан кейінгі жылдары бірнеше аса маңызды әкімшілік-процессуалдық заңнамалар қабылдап, пайдалануға қосты. Қазіргі кезде басқарушылық қызметтің көптеген маңызды мэселелерін жеткі-лікті түрде реттейтін заңнамалық актілер бар (мысалы, экімшілік рәсімдср, рүқсат беру, тіркеу туралы).
Ал экімшілік-процессуалдық қызметі тар, яғни юрисдикциялық мағынасында алатын болсақ, ол да негізінен жеткілікті түрде бірізді регламенттелген. Бүл жерде мыналар, мысалы, ӘҚБтК, тэртіптік іс жүргізуді, азаматтардың шағымдарын қарап, шешуді реттейтін нормалар жэне тағы басқалар еске алынып отыр.
Сонымен, әкімшілік-іс жүргізу рәсімі оның екі көрінісінен қүралады.
а) әкімшілік-рәсімдеулік. Оның мазмүнын атқарушы органдардың (лауазымды адамдардың) экімшілік-қүқықтық нормалар-мен белгіленген экімшілік рэсімдерді жүзеге асыру жөніндегі өкім етушілік іс-әрекеттері құрайды (мысалы, рүқсат беру, тіркеу жэне өзге де функциялар мен өкілеттіктерді іске асыру). ә) әкімшілік-юрисдикциялық. Оның мазмүны — атқарушы ор-гандардың (лауазымды адамдардың) юрисдикциялық қызметті атқару тэртібімен қүқық қорғау функциясын жүзеге асыру.
Бүл екі түрді жақындататын жағдай, олардың нэтижесінде жеке-дара қүқықтық актілер шығарылады, солардың көмегімен нақты жағдайларға немесе адамдарға материалдық әкімшілік-қү-қықтық нормалар қолданылады. Мемлекетгік басқару аясында қандай да болмасын бір себептермен немесе өзге бір ынта бойынша пайда болатын әр түрлі жеке істерді шешу іске асырылады. Қүқықтық норманың не диспозициясын (рэсімін) не санкциясын (юрисдикциясын) жүзеге асыру істің мәніне байланысты болады.
Солай болғандықтан, әкімшілік-процессуалдық қызметтің не-гізі нақ сол жеке істер болып табылады. Құқықтық нормалардың нүсқамалары қандай да бір органдардың жеке сипаты бар фактілер бойынша (мысалы, әкімшілік құқық бүзушылық немесе тэртіптік теріс қылық жасау фактісі бойынша, белгілі бір қызмет түрімен айналысуға рүқсат беру фактісі бойынша, лауазымды адамдардың заңсыз іс-эрекеттеріне шағым беру фактісі бойынша) жеке іс-эрекеттерінде жүзеге асырылады. Осы сияқты жеке істерді шешу әкімшілік іс жүргізудің негізін құрайды. Әкімшілік іс жүргізу қызметі экімшілік күқықтың процессуал-дық нормаларымен регламенттелінеді жэне әкімшілік-процессуалдық қатынастарда іске асырылады. Қүқықтық нормаларсыз экімшілік процесс заңдық шындық құбылыс ретінде болмайды. Әкімшілік-процессуалдық қызметтің шекарасы соған сәйкес былай айқындалады, әкімшілік процестің шегінде барлық жеке істер емес, тек экімшілік-процессуалдық нормалармен белгіленген про-цессуалдық тэртіп қолданылатын белгілі бір істер ғана шешіледі. Демек, қүқықтық нысаны жоқ материалды-техникалық жэне үйымдастыру сипаты бар эр түрлі іс-эрекеттерді экімшілік процеске жатқызуға негіз жоқ. Мына бір жағдайды да ескеру керек, атқарушы органдардың (лауазымды адамдардың) процессуалдық іс-әрекеттерінің кей-біреулерін, жеке актілер шығармай-ақ, қүқықпен регламенттелінген процессуалдық шараларды қолдану тәртібімен жүзеге асыруға болады. Мысалы, бұлар әкімшілік құқық бүзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді қамтамасыз етудің кейбір шаралары (жеке түлғаны экімшілік үстау, төтенше жағдайлар кезінде мәжбүрлеу шараларын қолдану).
Әкімшілік іс жүргізу мемлекеттік басқарудың әкімшілік-қү-қықтық нысандарының қатарына жатпайды, олай болатын себебі ол өзінің заңдық мазмүны бойынша жеке қүқықтық актілер шы-ғару сияқты нысанмен қамтылады.
Жоғарыда айтылғанның негізінде әкімшілік іс жүргізу атқарушы биліктің міндеттері мен функцияларын жүзеге асыру ретінде мемлекеттік басқару аясында пайда болатын эр түрлі жеке экімшілік істерді қарап, шешу жөніндегі атқарушы органдардың (лауазымды адамдардың) экімшілік-қүқықтық нормалармен рет-телген қызметі болып табылады деуге болады.
Атқарушы органдардың (лауазымды адамдардың) қызметінде көрінісін табатын экімшілік іс жүргізудің бірнеше нақты түрлері бар. Жеке істердің сипатына байланысты экімшілік іс жүргізудің үғымы қүрылады.
Әкімшілік іс жүргізу — бүл жеке әкімшілік істерді заңды жэне объективті қарап, шешуді қамтамасыз ететін процессуалдық іс-әрекеттерді атқарудың нормамен реттелген тэртібі. Мысалы, азаматтардың шағымдарын қарау тэртібі, лицензиялау тәртібі, экімшілік мэжбүрлеу шараларын қолдану тәртібі — осының бэрі экімшілік іс жүргізудің түрлері. Сондықтан, экімшілік іс жүр-гізудің өзі нақты тақырыптарымен айырылысатын әкімшілік іс жүргізудің жиынтығы болып табылады.

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.