Кінә дәрежесі

Главная » Рефераттар » Кінә дәрежесі

Кінә дәрежесі кінәнің негізгі көрсеткіші. Оның дәрежесі кінәнің мәні мен түсінігі секілді қылмыстық заңнамада көрсетілмейді, тек қазіргі таңда теориялық сипатты иеленеді. Дегенмен кінәнің дәрежесін теориялық тұрғыдан қарастыру практикалық үлкен маңызға ие, әсіресе сот тәжірибесі бұл түсінікті кең көлемде қолданады. Кінәнің бұл көрсеткішін сот тәжірибесіне ары қарай енгізу үшін оның нақты объективті сипаттарын анықтауымыз қажет.

Кейбір кінәні зерттеуші ғалымдар оның дәрежесіндегі айырмашылықты қасақаналық және абайсыздықты ажырату арқылы қарастырады және осылайша еш негізсіз кінәнің сандық және сапалық сипаттамасымен араластырады. Өзге ғалымдар кінә дәрежесінің астарында кінә мазмұны жиынтығын құрайтын белгілі бір дәрежеде интенсивті интеллектуалды және ерікті процестерінің бар екендігін аитады , яғни кшә дәрежесін әлеуметтік-әдептік жүктемесі көрсетілмеген психологиялық категория ретінде қарастырады. Кінә дәрежесі қасақаналық немесе абайсыздықтың бар болуы шеңберінен тереңірек деген ойлар айтылды. Ол тек қана осы белгілердің болуымен ғана шешіліп қоймайды, іске қатысты барлық объективті және субъективті белгілердің болуымен анықталады, яғни кінә дәрежесіне тәуелділік бұл қылмыстық жауапкершіліктің негізі болып табылады.

«Кінәнің дәрежесі» ұғымы кінәнің  салыстырмалы ауырлығын білдіретін оның сандық сипаттамасы. Ол кінәнің сипатын саны жағынан қамтитын, адамның қылмыс жасау кезіндегі негізгі әлеуметтік құндылықтарға деген жағымсыз, жек көру немесе ұқыпсыз қатынасының мөлшерін білдіреді. Кінәнің дәрежесі қылмыстың объективті жағдайларымен — қоғамға қауіпті әрекеттің сипатымен, әрекет немесе әрекетсіздікке психикалық қатынастың ерекшеліктерімен, қылмыстың ниеті мен мақсаты; кінәлінің жеке басын сипаттайтын жағдайлармен, сонымен бірге қасақаналықтың пайда болуына немесе абайсыз әрекеттің мазмұнына ықпал ететін себептер мен жағдайларға байланысты анықталады. Кінәнің нысаны — кінәнің мазмұнын құрайтын әлементтердің өзара бір-бірімен және қылмыстың объективті белгілерімен байланысы, ұйымдастырылу әдістері арқылы сипатталады. Яғни, кінәнің нысаны кінәлі адамның өзі жасаған қоғамға қауіпті іс-әрекетке және оның зардаптарына деген қатынасын куәландыратын интеллектуалдық және еріктілік кезеңдердің белгілі бір сәйкес келуін заңда қарастыру. Кінәнің нысанын заңшығарушы анықтайды. ҚР ҚК-ң 20 және 21-баптарында заңшығарушы кінәнің нысанын анықтауда екі психологиялық әлементті қолданады. Себеп және мақсаттың кінә дәрежесіне ықпал ететіні сөзсіз, бірақ оның құрама әлементтері ретінде емес, адам психикасының интеллектуалдық және еріктілік жақтарының диалаектикалық қарым-қатынас күшінде. «Тұлғаның еркі мен санасын себептілік байланыстырушы буын болып табылады. Сонымен қатар барлық объективті және субъективті белгі кұрамы бір бүтінді құрайды». Мақсат пен себеп шынайы әрекеттің жағдайын анықтайды, әдістер мен кұралдарды шешімді таңдайды. Соның негізінде қылмыстық әрекеттің тамаша үлгісі қалыптасады, демек бұл шынайы қоғамға қауіпті әрекетке деген тұлғаның психикалық қатынасы, яғни кінәнің іргесінің қалыптасуын білдіреді. Сондай-ақ, адамның теріс кұнды бағыттарының тікелей тудыра тұра, олар әлеуметтік жоспарда тұлғаның психикалық шығармашылығына қоғамға қауіпті әрекет түсінігіне байланысты теріс ықпал етеді, психикалық шығармашылыққа жағымсыз сипат береді.

.

Объект пен объективті жақ кейде тұлғаның қол сұғылған заттың өзінің ерекшелігі кінә дәрежесіне оның қасақана және абайсыздық мазмұны арқылы ықпал етеді. Мысалы, саналы түрде белгілі бір қылмыстың қоғамға қауіптілігін болжағанда, кінәлі өз әрекетінің абстрактті салдарын көрмей, әрбір жағдайда сандық зиянды көрсеткіштердің сипатын көреді: денсаулыққа жеңіл, орташа және ауыр дәрежеде зиян келтіру. Сондықтан да денсаулыққа жеңіл немесе ауыр зиян келтіруді сезіну негізгі әлеуметтік құндылықтарға деген кіші немесе   үлкен   көлемде   қарама-қарсы   қарым-қатынасты   білдіреді. Бұндай жағдайлар қылмыстық әрекеттщ өзге де объективті сипатына да қатысты болып келеді.

Осылайша, кінә дережесі — бұл маңызды қоғам құндылықтарына кінәлінің жасаған қылмысында менмендікпен немесе тұлғаның жеткіліксіз ықылассыздық қарым-қатынасының салдары кінәнің сандық жағы мен теріс қылықты, әлеуметтік және психологиялық мазмұнын білдіру арқылы бағалау категориясы. Айта кететін жайт кінә дәрежесі — бұл кінәнің әлеуметтік мәнінің сандық сипаты, атап айтқанда субъектінің әлеуметтік терең бағытының деформацияланғандығының көрінісі. Ол тек кінә нысанымен ғана анықталып қоймайды, сонымен қатар қылмысты жасау барысындағы тұлғаның іс-әрекетті жасау себебі мен мақсатын, жеке ерекшеліктері мен т.б. психикалық қызметінің ерекшеліктерінің болуымен сипатталады. «Қылмыстың объективті және субъективті жағы тұлғаның психикалық қарым-қатынас ерекшеліктерінің барлығын есепке алу арқылы кінә нысандарының бірлігі мен мазмұнына қарай психологиялық себептерді, яғни кінә деңгейін тұлғаның жасаган іс-әрекетінде байқалатын қоғам құндылықтарына қарама-қарсылық деңгеиш анықтаиды»  .

Кінәнің дәрежесі қылмыс жасау кезіндегі көптеген объективті және субъективті жағдайларға байланысты. ҚР Қылмыстық Кодексінде белпленген заң нормасына сәйкес кшәнің дәрежесіне ықпал ететш субъективті жағдайға тұлғаның қылмыс жасау сәтіндегі психикалық күйі мен себебі жатады. Қасақана қылмыста кінәлі әлеуметтік құндылықтарға әдейі қастық ойлап, оларға деген өзінің айқын теріс қатынасын білдіреді, ал абайсызда жасалған қылмыста мұндай айқындық байқалмайды. Демек, қасақаналықта абайсыздыққа қарағанда субъектінің нақты бағыттары деформацияланған болып келеді. Қасақаналық пен абайсыздық түрлерінің салыстырмалы ауырлығын анықтау қиындық тудырады. Егер бірдей жагдайда тікелей және жанама қылмыс түрін салыстырып қарайтын болсақ, онда тікелей қасақаналық жанамаға қарағанда қауіптірек екені айқын. Көп адамға өлім тілеуші адам әлдебіреулерге өлім тілемеген тәртіпсіз атыс ашқан тұлғаға қарағанда қауіптірек, саналы түрде өртеген үйінде аурудың өмірін тілеу сол ауру адамға нақты өлім тілеген өрт тұтатушыға қарағанда қауіпсіздеу.

Кінә нысаны мен түрінен басқа кінә дәрежесіне тұлғаның психикасында болып жатқан интеллектуалды және ерікті процестер ерекшелігінің мазмұны ықпал етеді. Сананың көлемі мен айқындығын болжау, қасақана мақсатқа табандылықпен қарау қасақана қылмыс дәрежесіне айтарлықтай ықпал етеді. Жағдайды бағалауда немқұрайдылық немесе менмендік саларынан қоғамға қауіптіліктің алдын алуға деген сенімділік, зиянды зардаптардың болу себептерінің алдын алмау сипаттылығы кінәнің абайсыздық нысанының дәрежесін өсуіне ықпал етеді.

Кінә дәрежесіне себеп пен мақсаттың ықпалы оның негізгі әлементтері ретінде емес (бұл белгілер қандай болғандығына қарамастан), адам психикасының интеллектуалдық және еріктілігінің диалектикалық байланысы күшінде жүзеге асады.

Кінәнің дәрежесіне нысаны мен түрінен басқа кінәлінің психикасында болатын интеллектуалды және ерікті процестердің мазмұн ерекшелігі ықпал етеді. Саналы түрде зиянды салдардың алдын-алу кінәлінің ниеті, табандылығы кінә нысанының қасақана түрінде оның дәрежесіне айтарлықтай ықпал етеді. Жағдайды бағалауда немқұрайдылық дәрежесі, қоғамға қауіпті салдарды алдын-алуға деген менмендік, зиянды салдардың болуының алдын-алу себептерін қарастырмау кінәнің абайсыздық дәрежесін төмендетуі немесе көтеруіне тікелей әсер етеді.

Отандық   қылмыстық   кұқық   кітаптарының   авторлары   көп жағдайда кінәнің дәрежесі (степень) мәселесін зерттеу пәні ретінде көтерген емес. Кінә дәрежесі туралы ҚР ҚК де арнайы аталып өтпейді. Кінә дәрежесі мен жалпы абайсыздық дәрежесі жөнінде профессор Б.С. Утевскийдің еңбегінде көрсетілгенімен, бұл сұрақ қылмыстық құқықта арнайы талданбағандықтан, аталған терминді сот шешімдерінде жиі қолданылмайтындығын айтып, кінә дәрежесі түсінігінің астарында қандай мән бар екендігі ашып көрсетілмеген.

«Кінә дәрежесі» мәселесін талдаған кезде бұл терминді кінә түсінігімен бірге талдаған жөн. «Кінә — бұл тұлғаның жасайтын әрекетінің (әрекетсіздігі) мазмұны мен сипатын және оның салдарын саналы түрде сезінуі, аталғандардың негізінде сот ҚР Қылмыстық іс-жүргізу кодексінің талаптарына сай айғақтар мен тексеру жұмыстарын тиісті тәртіпте жүзеге асырады».

Кінә түсінігіне анықтама бергенде «тұлғаның жасайтын әрекетінің (әрекетсіздігінің) сипаты мен мазмұнын және оның салдарын саналы түрде сезінуі» деген сөз тіркестерін қолданамыз. Ал дәл осындай анықтама кінә дәрежесі түсінігін талдағанда ол әдетте кінәнің анықтамасымен бірдей келе бермейді. Бұл кінәлінің жеке тұлғасының дамуынан, оның өмірлік тәжірибесінен, білім алуы мен т.б. субъективтік  ерекшеліктеріне  байланысты  болады.   Осылайша,   бір жағдайда қылмыс жасаған екі бірдей тұлғаның қылмыстық әрекетше (мысалы, жол-көлік ережесін бұзу, мұзды жолда автокөліктің жылдамдығын арттыру нәтижесінде абайсызда адам өліміне әкелуі) жаза әртүрлі белгіленеді. Мәселен, көлікті жүргізген уақытының ұзақтығына, оның кәсібилігіне және т.б. жағдайларға байланысты болады. Көлікті айдауда кәсіби біліктілігі мол және оны ұзақ уақыттан көлікті айдап мұзды жолда жылдамдықты арттырудың салдары қалай болатындығын саналы түрде білетін тұлғаға жаза көлемі жоғары көлемде беріледі, себебі оның мүмкін болатын салдарды сезіну дәрежесі жоғары. Ал көлік жүргізу мерзімі тым аз және кәсіби біліктілігі төмен және қыс мезгіліндегі жолдың қаталдығын терең ұғынбағандықтан, жаза мөлшері бұл жерде төмен белгіленеді.

Аталған жағдайда қылмысты саралаудағы бұл жайттар әділеттілік қағидасына қайшы, соның негізінде жаза кінәлінің жеке тұлғасына ғана емес, сонымен қатар қылмыстың қоғамға қауіптілік дәрежесі мен оның сипатына, жасалу жағдайына да сай болады. Демек, кінә дәрежесі түсінігі кең, оған жоғарыда аталған кінә анықтамасына енген тұлғаның жасайтын әрекетінің (әрекетсіздігінің) сипаты мен мазмұнын және оның салдарын саналы түрде сезінуімен қатар қылмыскер сезінген немесе сезінуі мүмкін болған қылмыстық әрекетке қатысты өзге де жағдайлар (объективті және субъективті) жатады.

Тұлғаның жасаған әрекетінің (әрекетсіздіктің) мазмұны мен сипатын және оның салдарын саналы түрде сезіну дәрежесіне қарай, кінә түрі мен нысаны анықталады. Осылайша, кінә дәрежесі біріншіден, кінә нысанынан ол қасақана әрекетте әрине абайсыздыққа қарағанда жоғары болады. Екіншіден, кінә дәрежесіне бір нысанның әртүрлі шеңберде болуына әсер етеді:

—   тұлға өзінің әрекеті (әрекетсіздігі) жүріс-тұрыс ережесін бұзатындығын және қылмыстық кұқық заңымен қорғалатын ортаға зиян келтіретіндігінен кұтыла алмайтындыгын саналы түрде сезінеді (тікелей қасақаналық) — кінә дәрежесі жоғары болады;

—   тұлға өзінің әрекеті (әрекетсіздігі) жүріс-тұрыс ережесін бұзатындығын және қылмыстық кұқық заңымен қорғалатын ортаға зиян келтіру мүмкіндігін саналы түрде болжайды (жанама қасақаналық) -тікелей қасақаналыққа қарағанда кінә дәрежесі төмен болады;

—   тұлға өзінің әрекеті (әрекетсіздігі) жүріс-тұрыс ережесін бұзатындығын және қылмыстық кұқық заңымен қорғалатын ортаға зиян келтіру мүмкіндігін саналы түрде болжамайды, бірақ жағдайға байланысты оны болжау мүмкіншілігі болады (менмендік) — кінә дәрежесі қасақаналыққа қарағанда төмен;

Кінә дәрежесі қасақана кшә нысанында қылмыскердщ өзшщ әрекетіне (әрекетсіздігіне) деген қарым-қатынасына байланысты. Яғни кінә дәрежесі тұлганың қылмыстың белгілі бір салдарының болуын қалагандығына, ол салдарға менмендік танытуына немесе оған ұқыпсыздықпен қарағандығына байланысты. Қасақана кінә нысанында кінә дережесі қасақаналықтың қалыптасу процесіне тәуелді болады. Егер тұлға қылмысты алдын ала ойластырған қасақаналықпен жүзеге асырса, оның дәрежесі жоғары болады, ал егер тұлга кенеттен туындаган қасақана ниетпен қылмыстық әрекет жасаған жағдайда оның дәрежесі төменірек болады. Қылмыстық әрекеттегі қасақаналықтың қалыптасу себептері де тұлғаның кінә дәрежесіне ықпал етеді. Қылмысты жасаудағы шынайы себептердің болуы (әмоционалдық, аффектілік көңіл-күй), мәселен ерлі зайыптылардың арасындағы опасыздық кінәні төмендетеді, ал егер қылмыс жасауға себептің болмауы мен оны ойдан ойластырған жағдайда кінә дәрежесі жоғарылайды.

.

Кінәлінің, қылмыстық кұқықтың және жалпы кұқықтық теорияның өзекті институтының тарихында көптеген ғылыми-практикалық ұстанымдар, көзқарастар және ұсыныстар бар екендігін атап өткеніміз жөн.  Кінә  (кінәлілік)  мәселесі  бойынша тиісті  кең ауқымды пікір-таластар әлі күнге дейін жалғасуда. Себебі аталған мәселелер әрекет етуші заңнаманың салаларын қолдану бойынша әртүрлі деңгейдегі кеңесулер мен мәжілістердің талқылаудың тақырыбына айналуда. Бұл тек отандық заңтанушы галымдар тарапынан емес, дүниежүзі ғалымдарының зерттеу нысаны ретінде өз көрінісін тапты. Мысалы, кінә пайымынан бас тартып, тек оның қасақаналық және абайсыздық нысандарын анықтаумен шектелу туралы, жанама қасақаналық және қылмыстық менмендікті біріктіру есебінен кінәнің жаңа үшінші нысанын «біле тұра» істеу дегенді енгізу туралы ұсыныстар болган. Бірақ бұл ұсыныс қолдау таппағандықтан, отандық заңнамаға енгізілген жоқ.

Ғылыми негізділігі күмән туғызатындай кейбір ой-пікірлерге тоқталмастан, гылыми ортада басымдыққа ие болған және практикада қолданыстағы тұжырымдар, ұғымдар мен түсініктерді талдау негізінде қорытынды жасау аса маңызды. Бұл түста біз тек «кінә» түсінігінің қазіргі таңдағы заңнамадағы мазмұнын жан-жақты анықтауымыз үшін, оның қалыптасу барысына тоқталғанды жөн көрдік.

.

Ежелгі рим кұқығында 2,5 мың жыл бұрын «sine coupa none aligius peniedus» (ешкімді кінәсіз жазаға тартуға болмайды) деген ұстаным болған. Яғни ежелгі римде кінә қағидасына сай, кінәліні ғана жауапқа тартуға лайық болған.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.