Кинематика негіздері бойынша есептер

Home » Рефераттар » Кинематика негіздері бойынша есептер
Рефераттар Комментариев нет

Кинематика (грекше Κινειν -. Жылжу) физика — механика бөлімі, математикалық (геометрия арқылы алгебра, есептеу …) сипаттамасы дәріптелген органдарының қозғалысын (жаппай нүктесі қатты дене, тамаша сұйықтық) зерттеу, қозғалыс себептерін есепке алусыз (жаппай күштер және т. с.). Кинематика бастапқы ұғымдар — кеңістік және уақыт. Мысалы, шеңбер денесі қозғалатын болса, кинематика, ол жасайды күші бар қандай табиғат к рсетпей центрге тартқыш үдеудің қажеттігін болжайды. Динамикасы — механикалық қозғалыс себептері басқа бөлім механика болды.

Кинематика негіздері бойынша есептер

 

 

  1. Мыналарды есептегеңде Жерді материялық нүкте деп алуға бола ма:

а) Жерден Күнге дейінгі ара қашықтықты;

б) бір ай ішіңдегі Жердің орбита бойымен Күнді айнала қозғалу жолын;

в) Жер зкваторының үзындығын;

г) Жердің өз осін айнала тәуліктік қозғалысы кезіндегі экватор нүктесінің қозғалыс жылдамдыгын;

д) Жердің орбита бойымен Күнді айнала қозғалу жылдамдығын?

 

  1. Төменде келтірілген мысалдардың қайсксында зерттелетін денені материялық нүкте деп алуға болады:
    а) трактордың топыраққа (жерге) түсіретін қысымы есептелгенде;

б)     ракетаның көтерілу биіктігін анықтағанда;

в)      массасы белгілі жабуға арналған плитаны горизонталь қалпыта, көрсетіліп берілген биіктікке көтеру кезінде істелген жұмысты есептеп шығарғаңда;

г)       өлшеуіш цилиндрді (мензурканы) пайдаланып, кішкене болат шардың көлемін анықтағаңда.

 

  1. Снарядтың үшу қашықтығын есептегенде; б) ауа кедергісін азайтуды қамтамасыз ететін снарядтың кескінін есептегенде снарядты материялық нүкте ретінде қарастыруға бола ма?

 

  1. Бірнеше секуңд ішінде жүрген жолды есептеу үшін, үзындығы шамамен 1 км теміржол составын матери-ялық нүкте ретінде қарастыруға бола ма?

 

  1. Класты санақ жүйесі ретіңде алып және X осін еден мен тақта ілінген қабырғаның қиылысу сызығымен, Уосін еден мен сыртқы қабырғаның қиылысу сызығымен, ал 2 осін аталған екі қабырғаның өзара қиылысу сы-зығымен байланыстырып, тақтаның төменгі сол жақ бүры-шының, өздерің отырған партаның жоғары оң жақ бүрышының координаттарын (шамамен) табыңдар.

 

  1. Біз таксиге не үшін жолақы төлейміз: жолы үшін бе, әлде орын ауыстыру үшін бе? ұшаққа ше?

 

  1. Доп 3 м биіктіктен еденге түсіп, одан ыршып 1 м биіктікке көтерілгенде, оны ұстап алды. Доптың жолын және орын ауыстыруын табыңдар.

 

  1. Бір қалыпты жүріп келе жатқан автомобиль бүрылып, жарты шеңбер пішіндес траектория сызды. Сызба жүргізіп, оңда сол бұрылуға кеткен барлық уақыт ішіндегі және үштен біріндей уақыт ішіндегі жүрген авто-мобильдің жолын және оның орын ауыстыруын көрсетіңдер. Осы уақыт аралықтарында жүріп еткен жол сәйкес орьш ауыстыру векторларының модульдерінен неше есе артық?

 

  1. Дене координаттары х = 0, у = 2 м болып келген нүктеден координаттары х1 = 4 м, у1= — 1 м. болатын нүктеге орын ауыстырады. Сызбасын салып, орын ауыстыруын және оның координаттар осьтеріндегі проекцияларын табындар.

 

  1. Катер көл бойымен солтүстік-шығысқа қарай 2 км. сонан соң солтүстік бағытта тағы 1 км. жүзді. Катердің орын ауыстыруы мен бағытын геометриялық салу арқылы табыңдар.

 

 

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.