Клиникалық анатомия. Бауыр қызметі

Главная » Рефераттар » Клиникалық анатомия. Бауыр қызметі

Клиникалық анатомия. Адам ағзасындағы гомеостазды реттейтін ең ірі ағза бауыр болып табылады. Бауыр ас қорыту, зат алмасу кызметінде өте маңызды орын алады, кан жасушаларының құрамын, лимфа түзілу және лимфа айналымын реттеуге белсенді түрде катысады, висцералды қан айналымы жүйесін және диафрагмамен қоса төменгі қуыс венасымен қан жүруін реттеу арқылы гемодинамикаға әсер етеді. Бауыр паренхиматозды ағза, тығыз консистенциялы және онша созылмайтын қабықшасы (глиссон) бар. Сондықтан, ол өте тез жарақаттанады, инемен тескенде де, аздап тілгенде де көп қан немесе өт ағуы мүмкін. Көлемі және салмағы адамның жасына байланысты. Орташа есеппен алғанда ересек адамдарда 1300 — 1800 гр., немесе 1500 гр., яғни дене салмағының 1/36 бөлігін құрайды. Жаңа туған нәрестелерде және бір жасқа дейінгі балаларда бауыр құрсак қуысының жартысын немесе үштен бірін алып жатады, салмағының 1/18 бөлігін құрайды. Үш жасқа толғанда бауырдың көлемі ересек адамдардағыдай болғанымен, төменгі шеті кабырға доғасынан көбірек шығып тұрады, өйткені кеудесі қысқа.

.

Бауырдың шеті тегіс, пішіні қайықша тәріздес болып келеді. Сыртқы пішіні жасына, дене бітіміне және басқа себептерге байланысты өзгеріп тұрады, ұзындығы — 25 — 30 см, ені — 15 — 20 см, биіктігі — 9-14 см. Бауырдың екі беті бар: висцералдық және диафрагмалық деп бөлінеді. Диафрагмалық беті диафрагма пішінің қайталап біртегіс томпиған; висцералды беті тегіс емес, астында жатқан ағзалардың ізі және айкасқан жүлгелері бар: екеуі ұзынынан, біреуі көлденең орналасып Н әрпі сияқты болады.

Көлденең жүлге бауыр қақпасына (porta hepatis) сәйкес келеді, бұл жерден жүйке жүйесі, кан тамырлары мен өт жолдары, лимфа тамырлары өтеді. Оң жақтық ұзындық жүлге алдыңғы бөлігінде өт қабы шұңкырын, артқы жағында төменгі қуыс венасын (vena cava inferior) құрайды. Сол жақтық ұзындық жүлге жіңішке және терең орналасқан саңылау, ол бауырды оң және сол жақ бөлікке бөледі. Оның артқы бөлігінде жатырда жатқалда қызмет аткарған (қақпа венасының сол тарамын төменгі қуыс венамен жалғайтын) веналық өзектің (venosus Aranti) қалдығы орналасады. Алдыңғы жағында бауырдың жұмыр байламы орналасқан, ол арқылы кіндік венасы (сол арқылы бала плацента мен анасымен байланысады) өтеді. Бауыр негізінен оң қабырға астында, шамалы бөлігі сол жақта орналасады, диафрагма күмбезімен және кабырғамен жабылып тұрады. Алдыңғы жағының аздаған бөлігі ғана алдыңғы құрсақ қабырғасымен беттеседі. Он жақ бөлігінің диафрагмалык беті плевра қуысына, сол жағы перикардқа түйіседі, артқы жағы диафрагманың белдік және қабырғалық бөлігімен тығыз бітіскен. Бауырдың ішперде арткы бөлігінд төменгі қуыс венаның орны бар. Көп жағдайда төменгі куыс вена бауырдың арт жағын тесіп өтеді де, оның ішінде болады, кейде артқы жағы паренхимадан бос болады, бұл тұста жалған байлам өтеді — lіg. V. саvа infеriоr, ол бауырдың дәнекер тінді кабықшасынан жасалған. Бауырдың висцералды беті ішкі мүшелермен беттеседі: төменгі — артқы жағында бүйрекпен, алдыңғы жағында қуысты мүшелермен (асқазан, ұлтабар, тоқ ішек) беттеседі, соның нәтижесінде әртүрлі — көлемді және пішінді жаншылған орындар қалады. Бауыр қақпасы висцералды бетінде, көлденең және сол жақтык ұзын жүлгелер айқасқан тұста орналасады, ол жерден ірі тамырлар тармақтары мен өт өзектері өтеді. Бауыр қақпасының шекарасы: алдында — квадратты бөліктің артқы шеті, артында — кұйрықты бөлік пен оң бөліктің аздаған шеті, оң жағында — бауырдың оң бөлігі, сол жағында — сол жак бөліктің оң шеті шектейді. Бауыр қақпасындағы тамырлар мен өт өзектері бауырдан тыс орналасқандықтан, хирургиялық манипуляция жасауға ыңғайлы. Әсіресе, қақпаның сол жақ бөлігіне жету оңайырақ. Бауыр мезоперитонеалды орналасқан ағза. Ол ішпердемен барлық жағынан дерлік жабылған, оның қақпасы және диафрагмалық бетінің артқы бөлігі ғана бос. Ішперде бауырдан диафрагмаға, құрсак кабырғасына және көршілес мүшелерге өтіп байламдар түзеді. Орақ тәрізді байлам (Lig. Falciforme heratis) сагиталды жазықтықта бауыр мен диафрагманың арасында орналасады. Байламның бағыты қиғаш, ұзындығы тәждік байламнан алдыңғы бетіне дейін 8 — 15 см, көл-денеңі 3 — 8 см. Бұл байлам бауырдың жұмыр байламына жалғасады, одан кіндік венасы өтеді. Жұмыр байлам кіндік венаның жүлгесімен өтіп кіндікке дейін жетеді. Кіндік вена 85% жағдайда кақпа венасының сол жақ тармағына, ал 15% оның негізгі өзегіне кұяды. Ол ешкашан бітелмейді, босаған қалпында тұрады, сондықтан бауыр мен өт жолдарының аурулары кезінде дәрі — дәрмектерді интрапорталды инфузиямен жіберуге қолданылады және портография жасауға болады. Орақ тәрізді байламның артқы жағы тәждік байламға жалғасады.

.
.

Тәждік байлам фронталды жазықтықта, бауырдың төменгі бетінен диафрагмалды бетіне дейін, орақ тәрізді байламның оң мен сол жағында орналасады. Сол жақта байламның жапырақшалары бір — бірімен тығыз байланысады, ал оң жақта олар ажырайды. Соған байланысты диафрагма мен бауырды қосатын байламның жоғарғы жапырақшасын бауыр — көк еттік байлам деп атайды, ал бауырдан бүйрекке өтетін төменгі бөлігін — бауыр — бүйректік байлам деп атайды.

Тәждік байламның аяқшалары бауырдың он жақ және сол жақ шеттерінде үшбұрышты байламға жалғасады. Сол жақтық үшбұрышты байлам диафрагманың төменгі бетінен бауырдың сол жақ үстіне тартылған. Оң жақтық үшбұрышты байлам диафрагма мен бауырдың он жағын қосады. Бауыр сырт пішіні бойынша оң және сол жақ бөлікке бөлінеді, оның шекарасы диафрагмалық бетінде орақ тәрізді байлам арқылы өтеді, висцералды бетінде — сол жақтық ұзындық жүлге бойымен өтеді. Одан басқа квадраттық және құйрықтық бөлігі бар, олар әдетте оң бөлікке жатады, ұзындық жүлгенің арасында, біріншісі — көлденең жүлгелердін алдында, екіншісі — оның артында орналасады. Бөліктерден басқа бауырда сегменттер бар, олар өзінің кан және лимфа айналымының, өт бөліну және иннервациялық ерекшелігімен сипатталады. Бауырдың әрбір бөлігінде және сегментінде, әдетте, өзіндік глиссон аяқшалары болады (бауырды каптайтын фиброзды глиссон қабықшасының өсіндісі), онда бір — біріне тығыз орналасқан, дәнекер тінмен қапталған қақпа венасының тармақтары, бауыр артериялары және өт өзектері өтеді — олар порталды жүйенің элементтері болып табылады, ал бауыр веналары кавалды жүйе деп аталады. Сегментке бөліну екі түрлі жүйемен де жүргізіледі. Ең кең таралған C.Couinand (1957) жіктелуі бойынша порталды жүйенің тармақтарын есепке ала отырып, бауырды 2 бөлікке, 5 секторға, 8 сегментке бөледі. А. А. Шалимов (1979) бұл жіктелуді шамалы қарапайымдап, бауырды тек 8 сегментке бөледі. Осы жіктелулер анатомиялық жағынан ең ұғымды болғандықтан, хирургиялық клиникада қолданылады.

Бауыр ағзадағы екі түрлі жүйеден қанмен қамтамасыз етілетін жалғыз ағза: бауыр артериясымен артериялық кан, қақпа венасымен веналық қан келеді. Қакпа венасы ішектің барлық бөлігінен (тік ішектің дисталды бөлігінен басқа), асқазаннан, өңештін төменгі бөлігінен, көк бауырдан, ұйқы безінен қанды жинайды. Осы тамыр арқылы ас қорыту нәтижесінде пайда болған, бауыр жасушаларының қызметіне қажетті, химиялық заттар бауырға келіп түседі. Ағзадан шықкан кан бауыр венасы арқылы шығады.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.