Клинтон кезеңінде орын алған кемшіліктер

Главная » Рефераттар » Клинтон кезеңінде орын алған кемшіліктер

Клинтон әлеуметтік салада айтарлықтай табыстарға жетті. Бірақ ірі жетістіктер қатарында кедергісіз, ішкі, сыртқы проблемаларынсыз бола ма? Алдымен кемшіліктер мемлекеттің ішінде кездесті. Клинтон соңғы 2-3 жылда республикалық кіші Дж. Бушпен саяси таласқа түсті. Техастағы республикандықтардың электоральды базасының кеңеюіне байланысты, ол бұл жеңісін жалпы ұлттық масштабта қайталауға тырысты. Кіші Джордж Буш қарапайым адамдардың мүдделеріне көңіл аудармайтын партия имиджінен құтылуға ұмтылды. Сонымен қатар, Клинтонның Ақ Үйде өзінің жеке өмірінің проблемалары бірге жүрді. Егер Клинтон тек республикандықтардың ашу-ызасын келтірсе, бұл жағдайлар енді бүкіл халықтың «Клинтоннан шаршағандығын» көрсетті. Тіпті вице-президент болған Альберт Гордың да президент орнын басуы мүмкін емес болып қалды. Сайлаушылардың сараптамасы бойынша Альберт Гор Техас губернаторы кіші Джорд Буштан елеулі дауысқа ие болмай қалып қойды.

Сыртқы саясатта Клинтон әкімшілігінің өз қолынан қарулануды бақылау режімін жоғалта бостағаны байқала бастады. Мұнда Клинтон және оның әкімшілігі Джордж Буш бастаған ядролық қарусыздандыру процесін аяқтады. Бұрынғы Кеңес одағының республикалары болған Белоруссия, Қазақстан, Украина мемлекеттерін ядролық қарусыздандырды. Бірақ Ресей Федерациясын қарусыздандыру жолында біршама кедергілер болды. Ресей АҚШ-қа, АҚШ Ресейге бағынғысы келмеді. Сөйтіп, Вашингтон Москваға не олармен келісуне, не АҚШ-тың қолдауынсыз қалу жөнінде үзілді-кесілді талап қойды. Бұл шартымен Клинтон ендігі жерде көптеген жылдар бойы кеңестік-американдық келесімдер арқылы қаланған стратегиялық паритетті орындамайтынын ескертті. Яғни АҚШ Рсейді әскери сферасында өзіне тең емес деп санады. АҚШ НАТО құрамын кеңейту жөнінде сөз бастағанда бұл мәселеде Ресейдің айқын наразылығын байқауға болатын еді. Ресей әлемдегі Американы жарты сағат ішінде жоя салатын бірден-бір держава еді. Сондықтан ол НАТО көлеміне қосылған мемлекеттердің күшейіп кету қаупінен қорықты. Қырғи-қабақ соғысының аяқталуына қарамастан АҚШ-Ресей әлі де болса талас-тартысты, әскери жарысты жалғастырды. Екі ел әлемде біреуінің үстемдігін орнатуға жол бермеді.

Ядролық қаруды қысқарту жөнінде сұрақ туындады, ал оны іске асыру қиынға түсті. Мұнда елеулі деңгейде Клинтон әкімшілігінің өзі айыпты болды. 1998 жылы желтоқсанда және 1999 жылы наурызда Е. Примаков үкіметі дайындаған Думадағы сайлаулардың алдында АҚШ Ресейдің наразылығына қарамастан әскери акциялар бастаған болатын (Ирак, Косово). Бұл жағдай ядролық қаруды қысқарту туралы СНВ-2 келісімін қайта қарауды талап етті. Енді Москва-Вашингтон арасындағы қатынастар аса маңыздылығын жоғалтып, Вашингтон Қытайға назар аударды. Қытай Америкада АҚШ-тың негізгі геополитикалық қарсыласы ретінде басты рольді иемденген болатын. Бірақ кейбір жеңілдіктерге жол беріп, АҚШ Қытайды 1999 жылы БСҰ-ға қосты. Бұл Америка-Қытай қатынастарының әрі қарай шиеленісуіне жол бермеді. Алайда Тайваньдағы адам құқығын қорғау сияқты мәселелер көтерілсе бұл қатынастар қайта өршуі мүмкін.

Осы кезде АҚШ пен Европалық Кеңес арасында «бананды» соғыстар жүріп жатты. Клинтон Евро-атланттық нарығын құра алмады. Европамен қатынасында әсіресе ауыл шаруашылық өнімдері саудасында бірқатар проблемалар туындады. Себебі Батыс Европа ауылшаруашылық жәрдемақыларына американдықтар қысқартулар енгізудегі бас тартты. Ал 2000 жылы Сиэтлде болған БСҰ конференциясына Европа Одағы келген жоқ. Бұл тіпті Клинтон саясаты мен әкімшілігіне үлкен соққы болды. Ал мұны пайдаланып Жапония алға басты. Дегенмен, біріне жеңілдіктер беріп, біріне күш қолдана отырып Клинтон істі тығырықтан шығара білді. Мұндай кемшіліктер барысындағы ел ішіндегі оның жетістіктеріне өз халқының көңілі толады. Клинтон президенттігіне кезінде халықтың әлеуметтік жағдайы жақсарды, экономикалық салалар тұрақталып, өз нәтижесін күткізбеді, ал саяси мәселелер бұған кедергі болмай, күнделікті жағдайлар қатарына жатқызылды.

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.