Қолдың веналары

Главная » Рефераттар » Қолдың веналары

Қолдың веналары орналасуына қарай беткі немесе тері асты және батыңқы веналары болып екіге бө лінеді. Оның беткі немесе тері асты веналары артерияға қабаттаспай, тері астындағы май қабатының арасында орналасады. Сол тері асты май қабаттарынан веналық қанды жинайды .

Батыңқы веналар қолдың бұлшық еттері, сүйектері және буындарынан веналық қанды жинайды. Олардың беткі венадан айырмасы, ол қолдың ар-териясымен аттас және соған қабаттаса орналасады. Қол веналарында қакпақшалар көп болады. Олар бір-бірімен келте тамырлар арқылы жалғасады. Тек осы екі тамыр арасындағы бөлікте ғана кақпақшалар болмайды .

Қолдың беткі веналарына шыбық тың тері асты немесе басты венасы және шынтақтың теріасты немесе негізгі венасы жатады. Бұл екі вена да қол басының веналық догаларынан басталады. Өйткені, саусақтардағы торлы веналар жиналып, қол басының сыртқы венасын құрап, ол қол басындағы екі артериялық доғаға ұқсас веналық доға түзеді. Осы жерде басталған бас вена білектің сыртқы бетімен шыбық сүйекті жағалай жоғар кетеріліп, шынтақ буынына жетеді. Осы жерден одан өте үлкен қосылыс тамыр білініп шығады. Оны шынтақтың ортаңғы қосынды венасы деп атайды. Адамға қан құйғанда және қанға тікелей дәрі жібергенде, қан алғанда осы тамырлар пайдаланылады. Сондықтан да оның дәрігерлік істе маңызы бар. Бұл қолдың беткі веналары екі басты бұлшықеттің бүйір жиегін жағалай иық сайымен көкіректің үлкен бұлшықеті жөне дельта тәрізді бүлшықетінің аралығындағы бұғана асты шұңқырына жетіп, қолтық венасына айналады.

.

Негізгі вена қол басының шынтақ жағындагы сыртынан басталады. Одан кейін ол білектің алдыңғы жағына ауысып, жоғарылап көтеріліп, шынтақ буынына келіп, шынтактың ортаңғы косылыс венасы аркылы бас венамен жалғасады. Содан ол жоғары көтеріліп, тоқпан жіліктің ортаңғы бөлігінің тұсында кар венасына бірігеді. Қолдың батыңқы венасы артерия тамырларымен аттас болатынын жоғарыда баяндадық. Қол басында ба-тыңқы веналық доға түзіп одан білекке өтіп, екі шынтақ және екі шыбық веналарына бөлінеді. Олар бір-бірімен көптеген қосылыс тамырлар арқылы жалғасып жатады. Бұл төрт вена шынтақ шүңқырына келгенше білек бұлшық етінен, сүйектен келген және білектің беткі веналарын өздеріне қосып алып, екі кар венасына бірігеді. Олар өздеріне аттас артерияларды бойлай қолтық шұң-қырының жиегіне келген жерде қолтық венасына айналады. Қолдың барлық веналарында қақ-пақшалар болады. Оның өсіресе, батыңқы тамырларында қақпакшалар көп. Сондықтан да, қосылыс тамырлар ар-қылы қан беткі веналарға ауысуы мүмкін, ал керісінше болмайды. Қолтық венасы жоғарыда ескерткеніміздей қолдың беткі және батыңқы вена тамырларының барлығының қосылысынан түзіледі. Қолтық венасына қолдың сыртқы беткі бас венасы, кеуденің сыртқы венасы, топша жөне жауырынасты веналары қосылады. Қолтық венасының өзі, оған қосылатын веналардың барлығы дерлік қақпақшаға бай болады. Қолтық венасы I қабыртқаның сыртқы жиегінің тұсынан бүғанаасты ве-насына ауысады.

Бұғанаасты венасы бұғанаасты бұлшықетінің шетімен I қабыртқадан иіліп өтіп, алдынғы сатылы бұлшықеттің жалғасқан жерінде езіне аттас артериямен бірге жатады. Бұл венада қақпақшалар мүлдем болмайды. Ол төс бұғана-емізік бұлшық етінің томенгі ұшының артқы жағынан мойындырықтың ішкі венасына қосылып, иық-бас веналарын құрайды.

.

Иьщ-бас венасы жоғарғы вена күретамырына құйылар алдындағы тамырлардың ең жуаны жөне күрделісі болып есептеледі. Өйткені, иық-бас вена дененің қай жағында тұрса, сол жағындағы бас, мойын, қол-дан жөне тұлғаның жоғарғы бөліктерінен веналық қанды жинайды. Жоға-рыда айтылған екі венаның (бұғана асты, мойындырыктың ішкі венасы) қосылған жері жуан, үш бұрышты болады. Оны веналық бұрыш деп атайды. Осы веналық бұрыштар оң жақ иық-бас жөне сол жақ иык-бас венаның басталатын жері. Иық-бас венасына омыртқа веналары, көкіректің ішкі венасы, қалқанша без және мойынның батыңқы веналары келіп қосылады. Бұл аталған веналарға өзіне аттас мүшелерден веналық қан жиналады.

Оң және сол жақ иық-бас веналары-ньщ үзындығы мен орналасуыңда бір-бірінен айырмашылық бар. Оның оң жақ венасы—қысқа, I қабыртқаның шеміршекті белігінің артымен төмендеп етіп, жоғарғы қуысты вена күретамы-рына құйылады. Ал, сол жақ иық-бас вена біріншіге қарағанда екі есе үзын. Өйткені, ол дененің сол жағынан оң жағына төс сүйектің алқа бөлігінің астымен, иін қолқасынан шыққан артериялық үлкен тамырлардың алдынан өтіп, оң жақ иық-бас венасымен қосылып, жоғарғы қуысты вена күретамырына косылады.

Сөйтіп, жоғарғы вена күретамыр бас, мойын, екі қол және түлғаның жоғарғы бөліктерінің веналық қанын жинап, жүректің оң жақ кұлақшасына келіп құяды. Төменгі қуысты вена күретамыры бел омыртқа тұсында он және сол жақ мықын веналарының қосылуынан басталады. Ол іш перде сыртында, құрсақ қолкасынын оң жағында жатады. Бұл үлкен венаның қақпақшасы болмайды. Төменгі қуысты вена күретамыры жоғары көтеріліп, көкеттің сіңірлі орталығы арқылы кеудеге көкірек қолка тамырымен қабат өтіп, оң жақ құлакшаға ашылады. Сөйтіп, төменгі вена күретамыры жоғарғы қуысты вена күретамырының қалған дененің төменгі мүшелерінің веналық қанын жинап, жүрекке алып келеді. Төменгі қуысты вена күретамыр өз жолында дененің қабырғаларынан және ішкі мүшелерден веналық қанды жинайды. Осыған байланысты, оларды қабырғалық (париетальды) және ішкі мүшелік (висцеральды) тамырлар деп атайды. Төменгі қуысты вена күретамыр жүйесін құрсақ бөліктің веналары, мықынның жалпы веналары, аяқ веналары деп бөліп талдаймыз. Адамның өмірінде ерекше маңызы болғандықтан, бауырдағы қақпа вена жүйесін өз алдына қарастырамыз. Құрсақ бөліктегі вена тамырлары орналасуына қарай қабырғалық және ішкі мүшелік тамырлар болып бөлінеді. Оның қабырғалық (париетальды) веналарына бел веналары және кокет венасы жатады.