Командирдің, әскери педагогтың қызметі және педагогикалық ұжымның моральдық-психологиялық жағдайы

Главная » Рефераттар » Командирдің, әскери педагогтың қызметі және педагогикалық ұжымның моральдық-психологиялық жағдайы

Рухани-психологиялық жағдайдың әскер қызметшілерінің тұлғасына ықпал жасайтынын дәлелдеу және себебі болу деңгейі қаншалықты дәрежеде офицердің, педагогикалық ұжым басшысының қызметінің пайдалылығық оның қоластындағы қызметшілерге жағымды психологиялық-педагогикалық әсер ету күшінің жоғары екендігін көрсетеді.
Командирдің (бастықтың) әскер педагогы ретіндегі қызмет стилі мен жеке қасиеттері рухани-психологиялық жағдайдың қалыптасуындағы басты рөлі төмендегідей мән-жайлармен анықталады:
Командир (бастық) әкімщілік қызметтерді жүзеге асырады; оған кадрлардың жинақталуы, ұжым мүшелерін мадақтау немесе жазалау, қызметтік өсу, тұтастай ұжым мен қызметшілердің көңіл күйіндегі көріністер де оған байланысты;
Оның міндетіне қызметті, оқуды, әскери-кәсіби қызметті ұйымдастыру кіреді, ал бұл фактор рухани-психологиялық жағдайдан көрінеді;
Командир (бастық) бөлімнің педагогикалық ұжымының тәрбиешісі ретінде шығады; ол қызметшілерінің бойына белсенділік, достық, оқыту-тәрбиелеу жұмыстарының нәтижелілігін қамтамасыз ететін қасиеттерді сіңіруі қажет;
Басшы қызметінің ерекшеліктеріне сәйкес келетін ұжымның бірігуінің үш сатысын бөліп қарастырады:
1. Біріншісі (бастапқы): жалпы бытыраңқы кезіндегі сыртқы формальды тұтастық. Командир (бастық) ұжымның өзегін қалыптастырады.
2. Екінші: әлі біршама бытыраңқы. Басшының талаптарына әртүрлі қарайтын қызметшілердің жекелеген топтары бөлінеді. Соңғысы басшының өзімен емес, орынбасарлары, белсенділер арқылы талап етіледі.
3. Үшіншіден: ұжымның нағыз бірігуі. Басқару стилі — алқалы, демократиялық.
Командир (бастық) жалпы нәтижеге қол жеткізетін және оның бөлек қатысушыларының тәжірибесі мен мүмкіншіліктері іске асады. Басшы ұжымда администратор, мамаң қоғамдық қызметші, тәрбиеші, беделді адам ретінде педагогикалық ұжым қызметін ұйымдастыру-шы болады. Мұндай қасиеттер тұлғааралық қатынасқа әсер етеді, ұжымның бағалы бағыттық бірлігің өзара түсіністік пен өзара көмекке дайындығын қалыптастырады.
Басшының жеке мінездемесін талдай отырып, педагогикалық ұжымның өмірлік тұрақтылығын қамтамасыз ететін жалпы және айырықша белгілерін бөлуге болады. Жалпы белгісі — тұлғаның бағыты, оның дайындығы, мінез-құлқының сапасы. Айрықша белгісі -ұйымдастырушылықжәне қатынасу қабілеттілігі, эмоционалды жігерлі әсері, педагогикалық қызметке бейімділігі.
Іскерлік қатынас басшының сыртқы кескін-келбетіне де байланысты. Ол маңызды психологиялық фактор. А.С.Макаренко бұған үлкен мән бере отырып:
«Мен ужымды тек жалықтырып қана қоймай, сонымен қоса қуанта білетін ужым мүшесі болуым қажет. Мен эстетикалық турәыда мәнерлі болуым қажет, сондықтан да лас етікпен, белдік-сіз бірде-бір рет шыққан емөспін. Мен де күшім мен мүмкіндігіме қарай, қандай да бір дәрежеде жарқын болуым керек», — деп ескөртеді.
Сыртқы келбеттің жеке әсерлілігі, ұқыптылығы және қатаңдығы -басшының жалпы мәдениеті мен тәрбиелілігінің айғағы.
Жеке әсерлілік — адамгершілік сипаттар мен психологиялық білім мен іскерліктең көзбен шолу салдарынан тұратын басшының барлық жеке іскерлік қасиеттері мен іскерлігін шебер бере алушылық.
Педагогтың жеке әсерлілігі туралы айтқанда, фасцинация (қарым-қатынас бойынша серіктесіне әсерлі ықпал ету) және аттракция (бір адамның басқа адамға деген тартымдылығының пайда болуы) терминдері қолданылады.
Фасцинация тәсілдерінің арасынан бәрінен бұрын көзқарасы, ерекше дауыс (тембрлік қатынаста бай, үннің ауысуына қарай икемді), қалыпқа түскен ырғақ (жақсы әуенге ұқсас — сезімді оятатың тыныштандыратың бірақ та зеріктірмейтін) ерекшеленеді. Сонымен басшының жеке әсерлілік факторын көбіне-көп бағаламайды.
Басқару қызметінің нәтижелілігінің басты критерийі ретінде, олай болса, әскери қызметшілердің рухани-психологиялық күйге келтірудің жоғарғы деңгейін қамтамасыз етуде командирдің (бастықтың), басшының беделі алға шығады, әлеуметтік топта бірігіп әрекет ету және араласу нәтижесінде туындайтын болғандықтан, топ жұмысы-ның нәтижелі болуының өзіндік «өнімі» ретінде қызмет етеді.
Бедел — әлеуметтік-психологиялық көрініс, бір адамның басқа адамдарға әсер етуі.
Мамандар беделдің негізінде басшы тұлғасының әлеуметтік-маңызды өзіне тән кешені жатыр деп есептейді, ұжымның сенімін жаулап алады, қоластындағы қызметшілерге түрткі болатындай әсер береді.
Бедел атқарған қызметіне қарай ресми, лауазымдық, тұлғалық болып бөлінеді. Егер басшының лауазымдық беделі әскери басқару жүйесінен ағып кетеді, онда тұлғалық бедел — командир (бастық) пайдаланатын әсер етудің шын мәніндегі сыйластығы, қызметшілердің сенімі. Әскери атақ қызметінің беделі — объективті негіз, алайда автоматтық және тұлғалық беделді қамтамасыз ете алмайды. Оны жеңу керек, нығайту керек, қорғау керек. Бедел бар жерде басқарудың көп мәселелерін шешуге болады,
Басшының ықпалындағы ұжымда интегративтік үрдістердің пайда болуы мен дамуын қамтамасыз ететін факторлар қатарын бөлуге болады: үйымдастырушылық, жаттыққандық, топтастырушылық, өзара ауысушылық. Мұндай факторлардың болмауы ұжымда рухани-психологиялық климатты тұрақтандырмай, қайшылық туғызады.
Педагогикалық ұжымның рухани-психологиялық жағдайдың қа-жетті деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған командир қызметінде педагогикалық қызметтің рөлі айрықша.
Кәсіби-педагогикалық ұжымдарды зерттеуде педагогтардың жалпы мінез-құлық белгілерін атап көрсетеді. Мұндай жағымды си-паттардан басқа жоғарғы интеллектуалдық деңгей, аса кең ой-өріс, кәсіби маман иелерінде байқалатын белгілі бір кәсіби деформация, қызметтегі, ұжымдағы адамның тәртібін өзгерте алатын қасиеттер-ден көрінеді.
Педагогтерге өзін аса жоғары бағалау тән. Берілген зерттеулер бұның басқа адамдардың бағалауымен жиі сәйкес келе бермейтінін дәлелдейді. Жалпы педагогтар үшін әріптестеріне, басшыларына деген қарым-қатынасы өте үлкен сынға ұшырап жатады.
Барлық педагогтерге тән болып келетін жүйелі түрде өзін-өзі қадағалауы, өзін-өзі бақылауы жоғары күйзеліске әкеліп соқтырады. Осыдан тағы бір жалпы ерекшелік шығады, ол — болып кеткен нәрсені әсірелеуге деген бейімділік. Нәтижесінде типтік ауруға шалдығады. Бұдан түсінетініміз педагогикалық ұжымда көңіл-күйдің бұзылуы өте жоғары болады, сондықтан да өнімсіз даулар, ұрыстар мен өсек жиі байқалады. Егер педагогикалық ұжымда жағымсыз құбылыстар күшті болса (өсек, кертартпалық, ұрыстар), онда адам өзін қорғансыз, қанағатсыз сезінеді. Педагогтарды оқытып қана қоймай, тәрбиелеу қажет. Мұндай жағдайда ұжымдағы психологиялық климат тек басшыға ғана байланысты болады.
Н.В.Кузьмина кәсіби деформация туралы айта отырып, оны педагогикалық ұжымдағы өнімсіз шығармашылық позициялардан байқауға болатынын ескертеді: ғылыми, арнайы және психологиялық-педагогикалық әдебиеттерге, өз әріптестерінің тәжірибесіне дегең ең өкініштісі, өз жұмысына деген қызығушылықтың болмауы. Мұндай позицияны ұстанған адамдар өзгені оқытқысы келеді, бірақ өздері басқадан үйренбейді.
Дәл осы зерттеулер көрсеткендей, педагогикалық шеберлік деңгейі жас шамасымең сонымен қоса жыныстық белгілерімен анықталмайды. Педагогикалық қызмет пен стаж арасындағы жетістікпен бірегей байланыс жоқ. Бірақ та білімділік деңгейінің ықпалы нақты қадағаланып отырады. Педагогикалық қызмет жетістігі мен ез бетімен білім алу арасындағы тұрақты байланыс бақыланады.
Офицер үшін қарым-қатынаста болу тіршілік әрекетінің керінісі ғана емес, оның кәсібінің құрамдас белігі. Офицерлердің қарым-қатынас мәдениетінің төмендігін үш басты себеппен түсіндіруге болады:
1. оқыту-тәрбиелеу үрдісінде қатынас жасауға көп мән бермейді және қатынаста болуды өзіне мұқият ұйымдастырумен уақыт алады;
2. педагогикалық жағдайларда соқыр адамдай әрекет етеді, психологиялық білімді қолданбайды.
3. өзінің педагогикалық мәдениетін әскери-кәсіби мәдениеттің маңызды элементі ретінде көтерудегі жұмыстың жеткіліксіздігі.
Осының салдарынан педагогикалық ұжымда кептеген қарама-қайшылықтар туындайды.
Қазіргі заманғы адам пікірлесуде еркің бұрынғы құнды бағыттарды тереңірек қайта бағалауға салады, ерекше назарды талап етеді.

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.