Конфуций философиясы

Home » Рефераттар » Конфуций философиясы
Рефераттар Комментариев нет

Конфуцийшілдік (жу цзя) даошылдықпен бірге пайда болған. Оның негізін салған — Конфуций (б.з.д. 552/551-479 жж.). «Конфуций» — Кун Фу-цзы есімінің латын тіліне бейімделген тұлғасы. Оның басқа есімдері — Кун Цю, Кун Чжунни, Кун-цзы. Дәстүр бойынша, ол Лао-цзыдан жасы кіші замандасы болып есептеледі. Қазіргі кезде алғашқытаза даошылдық шығармалардың конфуцийшіл шығармалардан кейін, тіпті, оған жауап ретінде жазылғаны анықталып отыр. Тарихи тұлға ретінде Лао-цзы Конфуцийден кейін өмір сүрген сияқты. Біріншіден, Конфуций шығарма жазбаған, ол Сократ сияқты өзінің білімін ауызша үйреткен. Оның эңгімелерін шэкірттері жазып алған. Екіншіден, аңыз бойынша, Лао-цзы қартайған шағында өгізге мініп, Батысқа кеткен екен және ол Қытайға қайта оралмаған. Шекара бекетінің бастығы елден кетіп бара жатқан Лао-цзыды ілімін үйретуге көндірген. «Дао дэ цзин» осылай пайда болған екен.

«Дао дэ цзинде» конфуцийлік ілімге қарсы біраз уәж айтылады. Конфуций философиясы мен конфуцийшілдік ілімнің адамгершілік, әділдік, жол-жора, салт-ғүрып т.б. сияқты негізгі категориялары сыналады. Үшіншіден, сол баяғы аңызда Лао-цзы Конфуциймен кездесіп, оның негізгі идеяларын қабылдамайды екен. Бэлкім, Конфуций ілімі кең тарағандықтан Лао-цзы өз трактатында оны сынаған шығар. Рас, бүл трактатта Конфуцийдің есімі аталмайды жэне олай болуы да мүмкін, өйткені Конфуций салт-жора, экені қүрметтеу идеясын ойдан шығармаған; олар сол замандағы Қытайда кең тараған үрдіс еді. Демек, Лао-цзы өз заманының тэртібін сынаған болып шығады.

Конфуций философиясының ең көрнекті өкілдері — Мэн-цзы (б.з.д. шамамен 372-289 жж.) (басқа есімдері — Мэн Кэ жэне Мэн Цзыюй), Сюнь-цзы (б.з.д. шамамен 313-338 жж.) (басқа есімдері — Сюнь Куан, Сюнь Цин, Сунь Цин), Дун Чжуншу (б.з.д. 190 немесе 179-120 немесе 104 жж.). Конфуций философиясының ең маңызды шығармаларына «Лунь юй» (Конфуцийдің эңгімелері мен айтқандарын жазбаша түрі болатын «Әңгімелері мен ой-пікірлері»), «Мэн-цзы»   (бүл  трактатты  Мэн-Кэнің  шэкірттері   мен ізбасарлары қүрастырған), «Да сюэ» («¥лы ілім»), «Чжун юн» («Орта түс туралы ілім»), «Ли цзи» («Сыпайылық ережелері туралы жазба»; оның басқаша аударылған атау да бар) жэне орта ғасырда «Хань дэуірінің Конфуцийі» деп аталған Дун Чжуншу жазған «Чунь цю  фань-лу» («Шықтары мол «Көктемдер мен күздер»). Оның мүндай атаққа ие болуы тегін еместін: нақ осы Дун Чжуншу Хань дәуірінде конфуцийшілдікке ресми мемлекеттік идеология сипатын үстеуге енбегі сіңген.

Конфуций философиясында онтологиялық мәселелер арнайы көтеріліп, шешілмеген. Конфуций философиясының барлық негізгі мэселелері адам мен қоғам төңірегінде болған, сондықтан оны жалпы түрде әлеу-меттік философия деп анықтауға болады. Ежелгі қытай философиясындағы бүл бағыттың негіз салушы Конфуций өзінің ілімінде ежелгі замандағы қоғамның жэне оның ішіндегі адамның жүріп-түруы элдеқайда жақсы болатын

деген пікірді негізге етіп алған. Бүл — есімдері аңызға айналған Яо, Шунь жэне Юйдің заманы, ал егер нақты-тарихи дәлдік қажет болса бүл Чжоу дэуірі (эсіресе, Батыстық Чжоу кезеңі) болатын. Конфуций сол кезеңнің идеялары мен мүратын замандастарына жеткізуді міндет санаған сияқты. Ол өзі былай деп ашық айтатын: «Мен ешнэрсе жасамаймын, мен — жалғастырамын; мен ежелгіге сенемін жэне оны шексіз сүйемін». Оның ойынша, ежелгі даналық «Ши цзин» мен «Шу цзинде» сақталған, сондықтан ол өз шэкірттеріне соларды көбірек оқ^ға кеңес берген.

Алғашқы философтар ретінде ЛаВ-цзы да, Конфуций да бастапқы материал ретінде эуелгі философия мен оның эмбебаптарын пайдаланған. Конфуций үшін алғы философиялық универсалиялар өзі жасаған философия-ның категорияларына айналды. Лао-цзы (жалпы даошыл-дық та) антропология мен қоғам туралы ілімді философия-лық онтологияның негізінде ғана жасағандықтан, негізгі тақырыбы элеуметтік жэне басты универсалиясы аспан болған алғы философиядан алыстайды. Ал Конфуций болса, элеуметтік философияны жасау барысында та-қырыптық түрғыда алғы философиямен жэне оның уни-версалияларымен тығыз байланыста болады. Сондықтан Конфуций алғы философиядан универсалиялармен бірге онтологияны да алған жэне ондағы бағыныштылық ретті де сол қалпы көшірген. Әрине, универсалияларды өз философиясының категориялары ретінде пайдаланғанда, ол олардың мазмүнына өзгерістерді енгізген.

Конфуций алғы философиялық шығармаларды басшы-лыққа алғанда, олардың онтологиясын да түтастай көшіріп алады. Мүмкін ол өзінің элеуметтік философиясы үшін оларды жеткілікті санап, ежелгі алғы философиялық ес-керткіштердің дүниетанымдық-идеологиялық мазмүнына қүрметпен қараған болар деп топшылауға болады. Осыған байланысты ол онтологияны кеңейтпей сол қалпына алған, тіпті, оны өзгертуді зиянды деп білген. Ал Конфуцийдің ізбасарларында онтологияның көлемін кеңейту үрдісі мен конфуцийшілдік философияның негізгі идеяларын, категориялары мен қағидаларын онтологиялъщ тұргыда негіздеуге қүлшыныс байқалады. Айталық, егер Конфуций-дің «Әңгімелері мен ой-пікірлерінде» біз инъ, ян немесе ци категориясын кездестірмесек, «Ли цзи» шығармасында олар.орын тапқан. Атап айтқанда, онда былай делінген:

«Адам баласына жер мен аспанның қасиеттері тэн болады, оның ішінде ақ пен қара (яғни ян мен ынь. — А. С), рух пен жан қосылады, бес стихияның жетілген цнлері қосылады». Бес стихия үғымы (у син) алғашқы рет «Шу цзинде» кездеседі. Конфуций олар туралы ештеңе айтпайды (мүмкін шэкірттері жазып алмаған шығар). Ал Дун Чжуншу өзінің элеуметтік-этикалық ержелерін негіздеу мақсатымен «Шу цзиндегі» «алғашқы элементтердің» тэртібін өзгерткен. «Шу цзинде» ол мынадай ретпен берілген еді: су, от, ағаш, металл жэне жер. Дун Чжуншу бұл тізімді бір элементтің басқа бір элементтен туындауы ретінде көрсеткен. Ол былай деп жазған:

«Аспанның бес элементі бар. Біріншісі — ағаш, екіншісі — от, үшіншісі — жер, төртіншісі — металл, бесіншісі — су деп аталады. Ағаш — бес элементтің бастауы, су — бес элементтің аяқталуы. Бүл — Аспан анықтап берген тэртіп. Ағаштан от, оттан жер, жерден металл, металлдан су, судан ағаш туады». Осылай шеңбер түйықталады; элементтерді бүлайша тудыру жэне қайта тудыру үдерісі үнемі жүзеге асып отырады.

Қытайдың эуелгі философиясында аспан, жер жэне адам универсалияның «маңызды» тізбегі болатын. ІПексіз басымдылыққа аспан ие болған, тіпті, адамның бар-жоғы білінбейтін де, ал жер туралы мүлде айтылмайтын. Конфуций алғы философиямен салыстырғанда, бір жа-налықты енгізген, яғни ол адамды анық категорияға айналдырған. Ол жер туралы айтпаған деуге болады, бірақ одан кейінгі конфуцийшілдікте жердің маңыздылығы артқан.

Конфуций әуелгі философиядан аспан, жер, адам сияқты универсалиялармен қатар, дао, дэ, тагдыр (мин), аспан жазмышы (тянь мин) сияқтыларды да алған. Син (бүл жерде — адами болмыс немесе адамның табиғаты меңзеледі) — Конфуций философиясының маңызды онтологиялық категориясына айналған. Бүл категория даошылдық философияда да кездеседі. Аспанның алғы философияның ең жоғарғы универсалиясы болғаны белгілі, ол Конфуций философиясында да — адамның орталық орынды иеленуіне .қарамастан, басты категория болған. Енді Конфуцийдің жэне ерте конфуцийніілдіктің бүл категорияға қатысты ерекшеліктерін қарастырайық.

ІӘуелгі философияда сияқты аспан моральдық қана емес, діни қүрметті талап ететін қандай да бір саналы, әрекет етуші ең жоғарғы, қүдіретті күш ретінде бейнеленген. Конфуцийдің жэне ерте конфуцийшілдіктің онтологиясы болмыс элемімен, яғни даошылдықта бейболмыс элемімен салыстырғанда екінші орында түратын әлеммен шектеледі,

Іосыған байланысты аспан ең маңызды категория болып есептелген. Бүл категория жайында айтқанда, Гегель мынадай нэрсені атап өтеді: «Тянь — ең жоғарғы нэрсе және ол тек қана рухани, моральдық мэнде жоғарғы болмайды. Ол мүлде белгісіз, абстрактілі жалпыльщты белгілейді, физикалық жэне моральдық байланыстыц мүлде белгісіз жүзеге асуы болып табылады». Аспанның бүл сипаттамасы алғы философиялық «аспан» универсалиясына тән маз-мүнды анықтайтын сияқты. Даошылдық философияда аспан — тірі, жанды, тіпті, ақылды нэрсе ретінде түсінілсе де, онда субъектілік-түлғалық сипат жоқ. Бүл — ғаламның, яғни болмыс элемінің бір инстанциясы. Конфуций фи-лософиясында аспанның аталған субъектілік-түлғалық қыры сақталған. Сонымен қатар, Конфуций аспанға алғы философиялық «аспан» универсалиясында жоқ сипаттарды да теліген. Енді олардың сипатына көшейік. Ең алдымен, аспанға эділдік деген қасиет, эділдік болғанда да, абсолютті эділдік тэн. Алғы философиялық мэтіндерде, эсіресе, «Ши цзиндегі» көзқараста аспан кейде эділ, кейде эділетсіз болады. Конфуций аспанның эділдігіне шүбэ келтірмеген. Аспан өзінің әмірін әрбір адамға жеткізеді. Ондай бүйрық шартсыз эділ болады. Аспан өзінің билігін бүкіл Аспан асты элеміне жүргізеді. Десек те, Конфуций және конфуцийшілдер Аспан асты дегенді даошылдық ілімнен басқаша түсінген. Егер даошылдықта ол — «аспан астындағы барша нэрсе» (қазақтың «күн ас-тындағы Күнекейімен» салыстырыңыз) болса, онда Кон-фуций философиясы үшін ол — ел, қоғам, мемлекет болады. Аспан асты элемі — адамдар түратын әлем.

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.