Конституция – Қазақстан тəуелсіздігінің діңгегі

Home » Рефераттар » Конституция – Қазақстан тəуелсіздігінің діңгегі
Рефераттар Комментариев нет

Биылғы жылы Тəуелсіз Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл толайындеп отыр.ҚР Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда қабылданған болатын. Ата заңымыздың 8-бабында «Қазақстан Республикасы халықаралық құқықтың принциптері мен нормаларын құрметтейді, мемлекеттер арасында ынтымақтастық пен тату көршілік қарым-қатынас жасау, олардың теңдігі мен бір-бірінің ішкі істеріне араласпау, халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу саясатын жүргізеді, қарулы күшті бірінші болып қолданудан бас тартады» делінген[1]. Осылайша Қазақ елі əлемдік саяси сахнада өзін бейбітшіліктің жаршысы екенін айқындады. Бұл ұстанымның орнығуының тамыры Семей сынақ аймағының жабылуы мен еліміздің ядролық қарудан өз еркімен бас тартып,ядролық қаруды таратпау режимін нығайту жөніндегі бастамасындажатыр. Мұныбіздің əлемдік тұрақтылыққа, тəртіп пен қауіпсіздіккеқосқан сөзсіз үлесіміз деп түсінген жөн. Бірнеше жылға созылған қайғы-қасіреттің айғағы болған жəне де аянбай еңбек етудің арқасында ядролық қарудан өз еркімен бас тартып, дүние жүзіндегі ең үлкен полигондардың бірін жапқан Қазақстанның əлемдік қауымдастық алдындағы абырой-беделі биік. Ғасырлар бойы жаугершілік замандарды бастан кешкен қазақ халқы тыныштықтың, бейбіт өмірдің қадірін жақсы біледі. Екінші дүние жүзілік соғысынан кейін елде бейбітшілік орнады жəне соғыс болған жоқ десек те, қаншама ұрпақ атом жарылысының зардабын тартты. Атап айтқанда, бейбіт халық алпауыт екі ел – АҚШ пен КСРО-ның жанталаса қаруланып, ядролық қаруды сынақтан өткізуінің қасіретті зардабын бастан кешірді. 1991 жылы Семей сынақ аймағын жабу арқылы Қазақстан бірінші болып ядролық сынақтарға толық жəне сөзсіз тыйым салу актісін, осыған орай ядролық қаруын жетілдіруді тоқтатуды жүзеге асырғанын мəлім. Əлемдегі ең ірі полигондардың бірі болған Семей полигонын жаба отырып, Қазақстан «бейбітшілік кіндігіне» айналды. 1949 жылдың 29 тамызы күні Семей ядролық сынақ полигонында алғаш рет атом бомбасы сынақтан өткізілді. Кеңес Одағының өз халқынан жасырып жасаған ядролық қаруларды сынау кезеңі осылай басталған еді. Семей ядролық сынақ полигонында атмосфералық, жер үстілік жəне жер астылық əскери жəне «бейбітшілік мақсатында» делінген желеумен барлығы 456 ядролық жəне термоядролық сынақтар өткізілгені белгілі. Сол кезеңде мұның барлығы жасырын түрде өткізілген еді [2]. Полигон қасіреті халық тағдырында өшпес із қалдырды. 1980-жылдардың соңына қарай Қазақстан бұрындары барлық зардаптардың сынақ аймағынан болып отырғанын біле бастады. 1989 жылғы 26 ақпанда аса көрнекті ақын, мемлекет жəне қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовтің жетекшілігімен «Невада-Семей» антиядролық қозғалысы құрылды. Сынақ аймағын жабуды талап еткен митингілер Қазақ КСР-нің барлық облыстарында ұйымдастырылды. Ал 1991 жылдың 29 тамызында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы» əйгілі №409 Жарлыққа қол қойды. Бұл мемлекетіміздің, Елбасымыздың əлі тəуелсіздік алмай тұрып жасаған батыл қадамы болатын. Адамзат баласын əлемде бейбітшілік орнатуға шақыру, ядролық сынақтарға қарсы күрес тəуелсіздік жылдары жүйелі жүргізілді. Қазақстанның дауысын əлем жұртшылығы естіді жəне жан-жақты қолдауға ие болды [3].

Қазақстан Республикасы өзінің тəуелсіздігін алғаннан бері ядролық қаруды таратпауға қатысты көптеген шараларды жүзеге асырып келе жатқандығы бəрімізге белгілі. Мысалы, айтар болсақ: — 1991 жылы 29 тамызда ҚР Президенті Н.Ə.Назарбаевтың Жарлығымен Семей ядролық сынақ полигоны жабылды. — 1991 жылы Беларусь, Қазақстан, Ресей, Украина басшылары Стратегиялық ядролық күштерге байланысты Алматы декларациясында бұрынға КСРО-ның ядролық арсеналының қызметіне ортақ бақылау орнатудың, ядролық қауіпсіздіктің қажетті деңгейін ұстап тұруда қандай да бір іркілістерге жол бермеудің тетігін айқындады жəне стратегиялық шабуыл қаруын қысқарту саласындағы КСРО-ның халықаралық міндеттемелерін ұстанатындығын растады. — 1992 жылғы 23 мамырда Лиссабонда осы елдермен АҚШ өкілдері аталған төрт мемлекеттің аумағында орналасқан стратегиялық ядролық күштерге қолданылатын Стратегиялық шабуыл қаруын қысқарту мен шектеу туралы шарттың ережелерін іске асыруға олардың жауапкершілік аясын нақтылайтын бес жақты Хаттамаға қол қойды. Сонымен қатар, Лиссабон Хаттамасында Беларусь, Украина жəне Қазақстанның ядролық қаруға ие емес елдер ретінде Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа қосылу міндеттемелері тиянақталды. — 1992 жылы Қазақстанда Қауіпті Бірлесіп Қысқарту бағдарламасы іске асырыла басталды. «Нанна-Лугар бағдарламасы» деп аталатын бұл бағдарлама шеңберінде 1991 жылы тəуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан аумағында қалған ядролық, химиялық жəне биологиялық қарудың нысандары мен инфрақұрылымдарын жою жəне

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.