Конституция мызғымас мемлекеттігіміздің кепілі

Главная » Рефераттар » Конституция мызғымас мемлекеттігіміздің кепілі

ХХ ғасырдың соңғы 10 жылдығы мен ХХІ ғасырдың басы Қазақстан өмірінде саяси, экнономикалық, құқықтық, рухани өзгерістер, түрлі қарама-қайшылақтар кезеңі ретінде тарих беттерінде ізін қалдырды. Бұл тарихи процесс көп қырлы өмірімізді, ойлау салтымызды, сана-сезімімізді, мінез- құлқымызды, қарым-қатнастарымызды түгелдей өзгертіп жіберуде. Жаңаша қоғам қалыптасуда. Бұл ретте ұлттық ояну мен ұлттық дамуымызды бүгінгідей тарихи баспалдақтарында тұрып өткенімізге, оның мұрасына назар аударудың маңызы зор болып отыр. Тарихи дереккөздері бүгінгі қазақтың кездейсоқ жəне келімсек халық емес екендігін, оның арғы ата-бабалары өркениеттің бастау кезінде де алдыңғы қатарда болғандығын, бүгінгі Қазақстан Республикасы, Қазақстан мемлекеті түріктердің ата жұртында жақында ғана дүние картасында алғаш рет пайда болған мемлекеті емес екендігін, Тұран, оның ішінде Қазақ жерлерінде орта ғасырларда ғана емес, б.д.д. антикалық заманда да мемлекеттілік дəстүрлердің болғандығын, оның басында Афрасиабтай (Алп Ер тонга), Шу сияқты ұлы қағандарымыздың тұрғандығын көрсетеді [1]. 1991 жылдың соңында Елбасымыз Н. Назарбаев Қазақстанның мемлекеттік тəуелсіздігін қайтадан қалпына келтірді. Нақ сол күндері, Қазақ мемлекеттілігі, Қазақстан мемлекеті жайындағы ұғымдар санаға қайта оралды. 250 жыл шамасында отар болған дəуірде шынайы Қазақ мемлекеті ұғымы ұмытылған-ды. Сондықтан да 1991 жылы Қазақстн Республикасының мемлекеттік тəуелсіздігінің жариялануы қазақ халқының өмірінде қаншалықты тарихи маңызы орасан зор оқиға болғандығын түсіну қиын емес. 1995 жылы 30 тамызда республикалық референдумда бүкіл халықтың дауыс беруімен Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды. Негізгі Заңның 1-бөлімінің 1-бабында Қазақстан өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық жəне əлеуметтік мемлекет екендігін айшықтай келе, оның ең қымбат қазынасы — адам жəне адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп жазылған. Бұл жолдардан еліміздің қандай бағытта даму жолына түскендігін білеміз. Мұндағы əрбір сөз маңызға ие. “Орнықтырады” деген сөз бұл процестің үздіксіздігін білдіреді. Мəселен, Қазақстанның өзін əлеуметтік мемлекет ретінде орнықтыруы, оның өз азаматтары үшін лайықты өмір сүру жəне тұлғаның еркін дамуына жағдай жасау үшін мемлекеттің мүмкіншілігіне қарай отырып, өзіне міндеттеме алатын мемлекет ретінде дамуға ниет танытатынын білдіреді [2]. Конституцияның: «Біз,.. Қазақстан халқы…» деген алғашқы сөздері – бұл көп- ұлтты еліміз бірлігінің мызғымас формуласы. Қазақстан жерінде тұратын барлық азаматтардың теңдігі – біздің Отанымыздың табысты дамуы мен өркендеуінің басты қайнар көзі. Біздің Негізгі заң – бұл біз бірлесіп Жаңа қоғам, Жаңа мемлекет, Жаңа экономика тұрғызып жатқан сенімді іргетас. Ғасырлар тоғысында əлемдік өркениеттің шыңына ұмтылған Қазақстан халқы тарихи да тағдырлы шешім қабылдап, жасампаз жаңа дəуірге қадам басты. Ата Заң біздің бүкіл жарқын істеріміздің қайнар бастауына айналды. Конституция мызғымас мемлекеттігіміздің алтын қазығы, бірлігі мен ынтымағы жарасқан елдігіміздің бұлжымас бағдары, кемел келешегіміздің кепілі! Конституцияны басшылыққа ала отырып, біз тəуелсіздігіміз бен мемлекеттігімізді нығайту жолында ғасырлық мəні бар ауқымды істер атқардық. Əлеуметтік салаға бағытталған нарықтық экономиканы, соның ішінде зейнетақымен қамтамасыз етуді, тұрғын үй қатынастарын, білім беру мен денсаулық сақтауды жəне өзге де маңызды əлеуметтік салаларды іргелі түрде реформалауға тың серпін берілді. Əлемді шарпыған қаржы-экономикалық дағдарысқа қарамастан, Қазақстан бюджет қызметкерлеріне төленетін əлеуметтік төлемдер мен еңбекақыны көбейту жөніндегі барлық міндеттемелерін орындауда. Конституция күнімен құттықтау сөзінде Елбасы Н.Ə. Назарбаев «Негізгі заң – бұл əрбір қазақстандықтың əл-ауқаты артуының кепілі», деген болатын. Тегін орта білімді, азаматтардың денсаулығын сақтауды, аналар мен балаларға, мүгедектер мен аға ұрпақ адамдарына қамқорлықты мемлекет қамтамасыз етеді [3]. Конституцияның арқасында адамның қоғам өмірінің барлық саласындағы басымдығы қамтамасыз етіледі. Қазақстан, былайша айтқанда, адам құқықтары туралы халықаралық билікті құрайтын, барлық халықаралық шарттардың дерлік толыққанды қатысушысына айналды. Ол шарттардың арасында: азаматтық жəне саяси құқықтар туралы, экономикалық, əлеуметтік жəне саяси құқықтар туралы халықаралық пактілер, геноцидтік қылмыстардың алдын алу жəне сол үшін жазалау туралы, нəсілдік кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы, бала құқықтары туралы, кепілге алуға қарсы күрес туралы конвенциялар, азаптауларға жəне қатыгез, адамгершілікке жатпайтын жəне адамның қадір-қасиетін қорлайтындай жəбір көрсету мен жазалауға қарсы конвенция көркетілген болатын. Мемлекет мемлекет болғаннан кейін қоғам өмірінде белгілі бір міндеттерді алға тартып, олардың шешімін табуға кіріседі. Осы орайда Елбасы тарапынан 1997 жылы «Қазақстан — 2030» стратегиясының алға тартылуы мемлекетіміздің ұзаққа саятын дамуын анықтаған бағдарламалық құжат болып табылады. Қазақстан демократияландыру жолымен одан əрі ілгері басады. «Нақты демократияның да бірнеше қарапайым ұстындары бар. Бұлар: дамыған орта таптың, заңнамалық базаның, нақты азаматтық қоғамның болуы, халықтың саяси мəдениеті, тарихи дəстүрлер жəне тиісті геосаяси орта». Қазақстан азаматтарының құқықтық мəдениетін көтеру, елдің дамуына қозғау салары анық. Құқықтық мəдениетті қалыптастыру жеке тұлға мен қоғамдық деңгейде жалпы адам мəдениетін құрумен байланыста болуы адамдардың өз құқықтарын соттарда қорғап, заңдардың салтанат құруы нəтижесінде қоғам дамуындағы экономиканың көптеген проблемаларын шешуге мүмкіндік береді. Ертеде біздің елімізде өзіндік құқықтық мəдениет элементтері кездескен. Мысалы, Қазақстанда өлім жазасын алып тастауға қатысты мəселені қарау барысында «Жеті жарғы» көмекке келді. Əз Тəукенің құжатындағы өлім жазасының орнына мүліктік немесе ақшалай айыппұл төлеу шарттары қазіргі заман талабымен астасып жатыр [4]. Елбасы айтқандай: «Əрбір қазақстандықтың Конституцияның мемлекет пен қоғам үшін ғана емес, сонымен бірге жеке өзі, өз отбасы мен өз балалары үшін де мəнділігін бағалай білуі, конституциялық міндеттемелерін қастерлеп сақтап, орындауы маңызды».

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.