Космогендік гипотезалар

Главная » Рефераттар » Космогендік гипотезалар

Күн сәулесі мен күн жүйесінің планеталарының  пайда болуы туралы әр түрлі гипотезалар бар. 18 және 19 ғасырларда неміс философы И.Канттың және француз физигі П.Лапластың гипотезалары тарады. И.Канттың теориясы бойынша барлық ғаламшарлар құрылған материялар, планеталар және кометалар басында шашыраған элементарлы бөлшектер түрінде болды. П.Лаплас бойынша таралған материя тұман ретінде болған. Тұман ортасында конденсация орталықтары пайда болған, элементарлы бөлшектер бір — біріне тартылып қызып айнала бастаған. Олардың ортасына күн пайда болып және  айналасында планеталар қалыптасқан.

Қазіргі кезде Академиктер О.Ю.Шмид пен В.Г.Фесенковтың  космогендік гипотезалары көпшілікке таныс. Олардың гипотезалары бойынша күн  ғарыштағы бір  шаң бұлтынан өткен, сол шаң бұлттың біраз материясы  күннің айналасына көшкен. Сол шаңдар тығыздалып планеталар пайда болған. Академик О.Ю.Шмидтің  (1881-1956) гипотезасы бойынша Жер және  басқа планеталар  жұлдызаралық  метеориттік шаңың Күн  тартысының  аумағымен басып алуынан пайда болуын туралы айтылады. Күн Жерден бұрынырақ пайда болған. Жер  біртіндеп  метеориттердің  жиналуынан пайда болған. О.Ю.Шмидтің  ойы бойынша  Күннін қасында  шаңды материя болған, солардан  эволюция нәтижесінде  планеталар пайда болды деп айтылады. Эволюция  Күннің нақтылы қатысуымен өткен. Академик О.Ю.Шмидт   гипотезасының  кемістігі, Күн өз жылжу кезеңі бар,   метеоритті бұлтты  тартып алды деген ойдың  дәлелсіздігі.

Академик В.Г.Фесенковтың (1889-1972) гипотезасы бойынша Күн мен планеталар бір кезеңде  газды шаңды  тұмандықтардың  эволюциясы арқылы пайда болған. Басында сол газды шаңды тұмандықтардың түйіртпегінен Күн пайда болды. Ол тез айналып, одан заттар бөлініп, планеталар пайда болған. Бірақ В.Г.Фесенковтың гипотезасы неге Күн салмағының 90% неге  ең жеңіл элементтерден құрылады, ал Жер құрамында сол элементтер аз мөлшерде деген сұраққа жауап бермейді.

Қазіргі   көзқарас бойынша  әлем  бір уақытта пайда болған жоқ, әр жұлдыздардың  жасы әр-түрлі. Ғалымдардың ойы бойынша, басында Жер  құрамы  қабаттарға бөлінбеген және Жердің қабығы болмаған, ол мантияның дегазациясынан және  балқуынан пайда болған. Жердің өсуі біртіндеп өткен: терең қабаттар  сыртқы қабаттардан бұрын пайда болған. Осы көзқарас бойынша материктер перманентті болады, гидросфера мен атмосфера  кейін пайда болған. Олар мантияның балқуы мен газсыздануынан пайда болған. Гидросфера мен атмосфера тарихы күрделі және ғалымдар арасында қалыптасқан пікір жоқ.

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.