Кушан патшалығы

Home » Рефераттар » Кушан патшалығы
Рефераттар Комментариев нет

Кушан патшалығының қалыптасуы. Кушан мемлекеті Орталық Азия аумағында (қазіргі Өзбекстан, Қырғызстан және Қашғария жерінде) қалыптасты. Ол ежелгі дүние тарихында және бүкіл адамзат мәдениеті тарихында өзіндік рөл атқарды. Бүл Александр Македонский (Ескендір Зүлқарнайын) мен Селевк мүрагерлерін талқандаған көшпелі тайпалардың үрпақтары қүрған мемлекет еді. Кушан мемлекеті кейін Орталық және Оңтүстік Азияның көп бөлігін жаулап алған әлемдік империяға айналды. Рим және Қытай мемлекеттерімен терезесі тең түрды.

Біздің заманымыздың басында солтүстік-шығыстан келген кошпелілер Бактрия жерін басып алды. Олар басып алған жерлерін бес аймаққа бөлді. Сол аймақтардың бірі Кушан деп аталды. Жүз жыл өткен соң Кушан аймағының билеушісі басқа төрт аймақты өзіне бағындырып, ірі мемлекет қүрды. Міне, осы мемлекет кейін Кушан мемлекеті деп аталды. Бүл мемлекет II Қатпыз атты билеушінің кезінде үлғая түсті. Ол Индияға жорық жасап, оның солтүстігін бағындырды. II Қатпыз, сондай-ақ Кушан мемлекетінің өз ақшасын шығартты. Қатпыздың алтын теңгелері елдің саудасының дамуына үлкен өсер етті.

Кушандық билеушілердің ішіндегі ең әйгілісі Қанышке патша. Ол елді 23 жылдан астам биледі. Міне, сол кезде Кушан мемлекеті гүлдене түсті. Ол Үндістандағы билік қүрған аймағын кеңейтті. Қазіргі Шығыс Түркістан жерін басып алды. Коршілес жатқан ірі мемлекеттердің баскыншылық шабуылдарына тойтарыс берді. Кушан мемлекетінің даңқы кең таралды. Ол туралы бір қытай тарихшысы «Қанышке патшалық еткен кезде оның даңқы көрші мемлекеттерге таралды және оның әскери қүдіретін барлығы таныды. Қытайдың батысындағы алым-салық төлейтін бекзадалар Қанышкенің билігін мойындап, оған оздерінің аманаттарын жіберетін» деп жазды. Кушан мемлекетінің гүлденуі және құлауы.

Қалалар мен елді мекендер көркейе түсті. Жаңа каналдар салынды. Соның нәтижесінде бос жатқан жерлер егістік алқаптарына айналдырылды. Ондай жерлерде жаңа елді мекендер пайда болды. Сәулетті де сәнді храмдар түрғызылды.

Кешегі көшпелілер қүрған бүл мемлекет мәдени және экономикалык жағынан дамыган елдерді өз қол астына біріктірді. Сөйтіп, әлемдік империялардың біріне айналды. Кушандықтардың шет елдермен байланысы күшейді. Бүрын тіпті бірін-бірі білмейтін, бірінен-бірі алыс жатқан халықтар өзара байланыс орнатты. Міне, дәл осы кезеңде алғашқы континентаралық ірі сауда жолы — Қытайдан басталып, Римге баратын Үлы Жібек жолы ашылды. Соның арқасында қытай, сақ және кушан саудагерлері Египетке, ал римдік саудагерлер Қытайға керуен тартты. Олар, сөз жоқ, кушандар жері арқылы өтетін еді.

III ғасырда Иран жерінде Сасанилер мемлекеті калыптасты. Оның билеушілері Орта Азияға басып кіре бастады. Кушандьщтар бұл баскыншыларға тойтарыс берді. Екі жактың арасында күрес басталды. Бұл күрес ұзакка созылды жөне кушандыктарды өлсіретіп жіберді. Кушан мемлекетінің жекелеген аймактары бөліне бастады. Үндістанда сол ірі мемлекет кұрған қалпын сактады. Бұл кезде қушандықтар елдің оңтүстік бөлігінен айырылып қалған еді. Сөйтіп, Кушан шағын ел болып калды. Акыры Кушан мемлекеті құлады.

Кушан мемлекеті ежелгі дүниедегі көшпелілер қүрған ірі мемлекеттің бірі болды. Кушан империясы Орта Азияның ғана емес, Оңтүстік, тіптен Батыс Азияның саяси-әлеуметтік қатынастарының дамуында үлкен рөл атқарды. Ежелгі дүниедегі көптеген елдер мен мемлекеттердің мәдени және экономикалық байланыстарының қалыптасуына тиімді ықпал етті.

Экономикалық қатынастары. Көшпелілер дәстүрлі мал шаруашылығымен айналыса берді. Әсіресе, кушаңдықтардың сүлу да тозімді жылқылары көптеген елдерде өтімді болды. Бірте-бірте мал бағу жартылай көшпелі сипат алды. Бүл елдегі ежелден келе жатқан егіншілік пен бау-бақша өсірудің дами түсуіне байланысты болды. Хорезм жерінде, Вахиі жазығында ірі канал жүйелері салынды. Темір түренді соқалар пайдаланылды. Олардың көмегімен жерді тереңірек, әрі кеңірек етіп жыртты. Қол диірмендермен бидайдан ұн тартты. Ал бау-бақшаларда жүзім, ерік, алма, анар, жаңғақ сияқты жемістердің алуан түрі өсетін.

Қолөнер өндірісі де жақсы дамыды. Археологтар ежелгі қыш құмыраларды көптеп тапты. Олар ежелгі ортаазиялықтардың қыш қүмыра жасау тәсілдерін өте жақсы меңгергенін дәлелдейді. Мысалы, Гиссардан табылған қүтылардың қабырғалары жүка етіп жасалып, шеберлікпен тегістеліп, жылтыратылған. Екі мың жыл еткеніне қарамастан, олар әлі күнге хрусталь тәрізді сыңғырлап түр.

Металдан әр түрлі түрмыстық заттар мен сәндік бүйымдар жасалынды. Өскери қарулар жетілдірілді. Садақтың бес бөліктен түратын ерекше түрі ойлап табылды. Кешегі көшпелілер ойлап тапқан осы бір қуатты кару сарматтар арқылы батыстағы Еуро-паға, оңтүстікте — Иран мен Үндістанға, шығыста Қытайға таралды.

Кушандық империя түсында Үлы Жібек жолы бойынша жүргізілетін сауда кең қүлаш жайды. Жібек артқан керуендер батысқа кушандар жері арқылы өтіп жататын. Өйткені қытай саудагерлері үшін бүл тиімді еді. Мүнда оларға карақшылар тимейтін. Бай да әсем кушандық қалаларда бір жа-ғынан саудасын жасап, бір жағынан керуеншілері мен күш-коліктерін тынықтыра отырып батысқа ат-танатын. Кейде олар кушан делдалдарына алып кел-ген заттарын өткізіп беріп, олардан тауарлар алып, кері қайтатын. Кушандык саудагерлер болса, металл бүйымдар мен қаруларды, бағалы тастарды, қой терісі мен жүннен жасалған заттарды Қытайга, Үидістанга, Египетке, Рим жеріне алып барып отыр-ды. Сақ-сарматтармен тығыз байланыс орнатты. Олардан мал өнімдерін, әсіресе алыс та үзақ жолға төзімді заттарды көптеп алатын.

Кушандықтардың Орта Азиядағы үлкен ай-маққа ие бодуы көптеген елдермен сауда байланы- сын кең түрде жүргізуіне мүмкіңдік берді. Бұл жағ-дай сондай-ак кушандық мәдениеттің дамуына да тиімді ықпал етті.

Діни көзқарастар. Кушандық дәуірде әр түрлі діни көзқарастар орын алды. Бұл, ең алдымен, ку-шандықтардың әр түрлі діни түсініктері бар халық-тарды жаулап алуымен байланысты болды.

Халықтың көпшілігі бүрынғыдай заратуштралық ілімге сенді. Ахурамазда, Митра, Нана — қасиетті қүдай-лар деп есептелді. Оларга арнап храмдар тұрғызылды. Елдің оңтүстік жөне шығыс бөлігінде будда діні де таралды. Бүл үнділіктер мекендеген жөне оларға жақын аймак еді. Ол аймақтарда жергілікті халықтардың арасынан шыққан будда дінін уағыздаушылар мен таратушылар да болды. Тіптен, буддалық храмдар салынды. Мысалы, Термездегі Қаратө-беде буддалық үңгірлік храм болды.

Кушандық дәуірде дүниеге келіп, кең таралған келесі бір дін — манихей діні. Бүл дінді негіздеген Мани деген адам. Ол б. з. б. 216 жылы Вавилон жерінде дүниеге келді. «Дүние екі нәрседен — жақсылық пен жамандықтан тұрады. Өмірде осы екеуі қатар әрекет етеді. Адам жақсылықтың көбейе түсуіне, жамандықтың жеңілуіне кемектесуі керек» деп уағыздады Мани. Манихейшілер: «Байлар кедей-ленеді, қайыр сүрап, мәңгілік азап шегетін болады, түбінде жақсы да жүмақты өмір орнайды», деп жа-риялады. Сол себепті, халықтардың орта және ке-дей топтары бұл ілімді қолдады. Кейіннен манихей ілімі Шығыс Түркістан мен Қытай жерлеріне де та-ралды.

Заратуштра, будда, манихей діндері Орта Азияда арабтар жаулағанға дейін емір сүрді.

Кушандықтар өнері. Кушандық шеберлердің енер саласьшдағы туыңдылары көптеп табылып зерт-телуде. Ол ескерткіштер кушандықтар мөдение-тінің жоғары дәрежеде болғандығын керсетеді. Олар дүниежүзілік мәдениеттің жоғары дәрежедегі тама-ша туындылары еді. Өйткені кушандықтар өздерінің төл мәдениетіне өздері бағындырған халықтардың мәдени жетістіктерін қоса отырып дамытты. Пар-сы, грек, үнді өнерінің үлгілерін пайдалана отырып, кушандық шеберлер мүсіндеу, бейнелеу және қүры-лыс өнерлерінің ескерткіштерін дүниеге келтірді. Олардың біразын археологтар мен тарихшылар зерт-теуде. Мысалы, Сурх-Котал төбесіндегі «Жеңімпаз Қанышке храмы» деп аталған сарай қазылып зерттелді. Бүл храм төбенің үстіне салынған екен. Оған күншығыс жақтан үлкен баспалдақтар арқы-лы кетеріліп баратын болған. Храм төртбүрышты етіп салынған. Оның айналасы биік дуалмен кор-шалған. Дуалдардың бүрыштарында мүнаралар болды. Храм тастан, кірпіштен, ағаштан жасалған. Кушандық патшалардың мүсіндерімен, бедерлі суреттермен безендірілген. Кушандық дәуірдегі храм-дардың ерекшелігі, мүнда негізінен күдайлардың емес, патшалар мен оның туыстарының бейнеленуі болып есептеледі. Мәселен, келесі бір храмдағы кіреберіс қабырғадағы мүсінді бейнелер осыны дөлелдейді. Тақта патша мен оның әйелі отыр. Олардың екі жағында туыстары мен ақсүйектер бейне-ленген. Көпшілігінің түрегеп түрғанына қарамастан ерекше салтанат байқалады. Бір-біріне үқсамайтын, сырттай қарағанда бет-бейнесі бірін-бірі толықты-рып түратын, бірак ешбір қайталанбас бүл бей-нелердің әрқайсысы саған сыр айтып, бір нәрсеге меңзеп түрғандай. Патшаның басында тәж, қолын-да патша асатаяғы. Өйелдердің үстінде шапан тәрізді желбегей жамылғы мен қосетекті үзын койлек. Сымбатты да сүлу. Ерлердің басында тақия тәрізді бас киім. Үстерінде жеңді, қысқа шапан. Белдерінде ке-мер белдік. Патшаға жақын түрғандар, оның жақын кеңесшілері, олардан әрірек, сол жақта түрғандар әскербасылар болса керек. Олардың қолдарында сем-сер. Біреуі темір сауыт үстап түр. Ал мына бір бей-неде қос дөңгелекті ат жеккен арбада басынан күн нүры тараған іспетті, түрегеліп түрған адам сурет-телген. Бүл сірә, соғыс тәңірісі болса керек. Ал мына бір оң жақтағы бейнелер кушандықтардың ержүрек, жауынгер халық болғанын еске салып түрғандай. Атқа мінген жауынгерлер шауып келе жатып са-дақ тартуда. Өзі де, аты да темір сауытты бір жауынгердің қолында үзын найза. Оған қарап оты- рып, Батыс Еуропадағы орта ғасырлардагы рыцарь-лар (серілер) дегендердің әскерй сауыт киюді кушан-дықтардан, жалпы Шығыстан үйренгенін көреміз. Қияк мұртты, қыр мұрынды, кара касты сымбатты кушандыктар өздерінің киім кию үлгісімен де ерек-шеленеді. Мүсіндік бейнелер кушандыктардың бас-каларға ұқсамас ерекшеліктерін айқын аңғартады. Көптеген халықтармен мәдени байланыста бола отырып, кушандықтар өздерінің төл мәдениетін да-мытты. Кушандар мәдениеті ежелгі дүниедегі тама-ша жетістіктерге жеткен мәдениеттің бірі болды. Ол әсіресе көшпелілер тұрмысы мен мәдениетінің ежелгі дәуірдегі тамаша туындылары ретінде де зор маңызға ие.

Кушан монетасы:

KanishkaI

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.