Әл-Фарабидегі музыка философиясы

Главная » Рефераттар » Әл-Фарабидегі музыка философиясы

Әл-Фарабидегі музыка философиясы. Музыкада пән бар ма? — «Музыканың үлкен кітабындағы» бұл сұрақ әл-Фарабидегі музыкалық өнер мағынасының логикасын айқындаумен байланысты. Музыканың басталуы дыбыста имманентті түрде болады және оның болмысы дыбыспен басталады. Әбу Насыр әл-Фараби музыканың мағынасын аша, оның шығу тегі мен қабылдану тәсілін айқындауға эрекеттене отырып, музыкалық ойлаудың өмір сүретіні туралы қорытындыға келеді. Адам музыканы субъективтік сипаты бар естудің көмегі арқылы қабылдайды, кейбіреу шығарылған үнді неғұрлым музыкалы, неғұрлым барабар ести ді. Нақ сондықтан д а «есту » теориял ық-шығармашы лық үдеріс болып табылады, бірақ та екінші жағынан, неғүрлым «дамыған» құлақ іс-тэжірибелік үдеріс, яғни адамның материалдық жэне рухани қызметімен байланысты үдеріс болып табылады, яғни музыкалық есту дамуындағы бірегей үдерістің өзі іс-тәжірибемен байланысты.

Музыка феномені субъективтік музыкадан шығатын-дықтан ол мінсіздік проблемасымен байланысты. Математика мен музыкада іргетастық қатынастар сандық қатынастар болғандықтан музыканы математикалық ғылымдарға заңды түрде жатқыза отырып, әл-Фараби музыканы тек сандық-кеңістік уақыттық өзара қаты-настылықтан ғана емес, адам жанының ішкі терең жеке қүрылысы түрғысынан түсінеді. Математикадан айыр-машылығы музыканың дыбысталу үдерісінде адам жанының дыбыстармен жеке қалуы болып отеді. Музыка дыбыстарының Қүдайлық шығу тегі туралы наным бар: Тдңірі адам денесін жаратып, жанға оған кіруді бүйырған кезде жан үзақ карсыласады, сол кезде Тэңірі музыканың көмегімен оны адам денесімен бірге болуға мәжбүр етеді. Адамда музыканың кемегімен «материалдылық» пен «руханилықты» біріктіру адамды жаратты. Әл-Фараби «Музыка туралы үлкен кітабы» II боліміндегі «Кең таралған аспапатардан дыбыстар шығару туралы кіріспеде» музыкалық өнер социологиясы тақырыбын ашып корсетеді. Торт шекті аспап уда мен өзі бағдад танбуры және хорасан танбуры деп болетін танбурдың дыбыс шығару жүйесін талдай отырып, ол бүлардың айырмашылықтарын, ерекшеліктерін, озіндік ерекшеліктерін корсетеді. Адамның іс-тэжірибелік қызметінен шыға отырып, бүл аспаптардың музыкалық теориясын талдайды.

Әл-Фараби «біз жоғарыда түсіндіргендей музыкалық теория онері музыкалық реңктердің жағдайларын мүлдем толық қарастыра алмайды. Ол оларды табиғи немесе табиғи емес пе екендігі козқарасы түрғысынан ғана зерттей алады, бүл екі жағдайды бір өнер негіздерінен шыға отырып, қана қарастыру мүмкін емес. Музыкалық реңктердің екі түрінің біреуін теориялық негіздердің көмегімен, екіншісін түйсікке бола жэне іс-тэжірибелік өнерлер беретін нэрсемен қарастыруға болады. Басқаша создермен айтқанда, му-зыкалықтеория өнері озіне негіздердің екі түрін де біріктіруі керек» [45] деп есептейді. Бүл үзіндіден көрініп түрғандай, ғалым музыка адам жасайтын субъективтік-объективтік эрекет ретіндегі бірыңғай рухани іс-тәжірибелік үдеріс болып табылады деп есептейді. Музыкалық өнер тарихында музыкалық аспаптардың шығу тегі туралы мэселе адамның мифологиялық және діни түсініктерімен байланысты және әл-Фараби тарихи теория мен музыканы зерттейді. Археологиялық қазбалар кезінде табылған алғашқы му-зыкалық аспаптар адамның дүниемен музыкалық бай-ланысын ашып көрсетеді. Музыка табынушылық салт-дэстүрлік, жоралғылық, ақпараттық-сигналдық болып бөлінді. Алғашқы музыкалық аспаптар соқпалы да, шекті де, үрлемелі де болды. Ежелгі мэдениеттердегі музыкада дыбыс арқылы Қүдайлармен, табиғатпен, дүлей дүниемен эңгімелесуді заттандыратын өзіндік ерекше тілі бар деп түсінушілік таңдандырады.Әртүрлі аңыздарға сәйкес адам музыканың көмегімен дауылды, жауынды шақыра, жабайы аңды тыныштандыра, Құдайларды алдай, өлімді алдай алды жэне т.б. Мифологиялық, сондай-ақ тарихи: Осирис, Орфей, Қорқыт жэне басқалар туралы аңыздарда да солай.

.

Әбу Насыр әл-Фараби бұл мәселені зерттей отырып, музыканың трансценденттігі, сондай-ақ оның эстетикалық-эдептік концептуалдылығы туралы қорытындыға келеді. Осыған байланысты ол музыканың жанрлары, түрлері, оның атқаратын міндеттері, музыканы «тыңдаушының» жалпы музыка феноменіне көзқарасы туралы мэселені көтереді.

Музыка феноменін эстетикалық түсінушілік ислам музыкасының түғырнамасында Құдай сүлулығымен байланысты. Егер Христиандық Ортағасырда музыканы Қүдайлық жэне зайырлық деп айқын бөлу болса да, тіпті патристиканың кейбір үлы өкілдерінің пікірлерінде музыка шектен шыққан нысапсыздық деп есептеледі, кейініректіпті Ұлы инквизицияның күш-жігер жүмсауына байланысты музыка мен музыкашыларды сайтанға жэрдемдесушілер ретінде айыптайтын уақыттар да болды. Тіпті храмдарда қандай да бір музыканы орындауға тыйым салулар да орын алса, Исламдық Ортағасырда музыка эрқашан зайырлық діни өмірдің ажырамас бөлігі ретінде эрекет етті (Бүл бірліктің халифат билігі мен исламдық бірлік онтологиясы сипатынан қалыптасқаны түсінікті). Әбу Насыр әл-Фараби музыкалық өнер проблемалары-мен айналыса отырып, музыканың біртүтас жүйесі мен түғырнамасын жасай отырып, бүл дэстүрлерге сүйенгені күмэн келтірмейді, ондағы маңызды рөлді әлеуметтік қа-тынастардағы музыканың коммуникативтік мағынасы проблемасы иеленді. Сондықтан музыкалық іс-тәжірибе музыкалық теорияға толықтырулар ретінде қажет болды.

«Музыканың үш тегін» ажырата отырып, әл-Фараби музыканың мынадай:

1) нышандық;

.

2) эстетикалық;

3) психологиялық;

4) трансляциялық;

.

5)   коммуникативтік міндеттері туралы қорытындыға келеді.

Әбу Насыр әл-Фарабидің «Музыка туралы үлкен кітап» трактаты музыканың онтологиялық мағынасын айқындауға арналған. Оның музыканың не екендігі туралы қойған сүрағы оның эрбір адам болмысындағы мәнінің музыкалық-эстетикалық феномені проблемасын көтерді. Әл-Фараби музыка феноменін түсіндірмелеуде әдіснамалық жағынан негізделген тэсіл туралы мэселені өте маңызды деп есептеді. Музыканы адамның субъективтік қызметінің ерекше саласы ретінде қарастыра отырып, ойшыл музыкалық шығармашылықтың өте маңызды проблемаларының біріне жақындап келді.

«Ортағасырдың үлы ғалымы және ойшылы — әл-Фараби музыка феноменіне бұл феноменнің көп қырлылығын, ерекшелігі мен бір мэнді еместігін ашқан, теориялық жэне іс-тэжірибелік бөлімдерден қүралатын аса үлкен трактатын арнады. Әбу Насыр әл-Фарабидің бұл шығармасына деген қызығушылық көптеген ғасырлар бойы музыканың, әдеміліктің өзектілігі эрқашанда болатьшы сияқты, әрқашан да өзекті болып келді» (Гадамер). Классикалық жэне кейінгі Ортағасырдағы тамаша философтар үрпағы: Ибн Баджжа, Ибн Туфайль, Ибн Халдун, Ибн Рушд жэне басқалары оның кітабына музыкалық-эстетикалық феномен туралы басты дереккөз ретінде назар аударды. Бүгінгі күні «Музыка туралы үлкен кітаптың» өзектілігі әл-Фарабидің дэстүршілдікті әмбебаптық ретінде ашып көрсетіп, эмебаптықтан дәстүрлі нэрселерді айқындап, ислам және түркі дәстүрлері музыканы адам болмысындағы құрылымдалған тамыр жаюшылық ретінде анықтайтынын көрсеткен, музыканы түсінудегі ислам және түркі дәстүрлерін біріктіргеніне байланысты. Өбу Насыр эл-Фарабидің — Музыка туралы үлкен кітапта» қойған мін-деттері мынадай болды:
— музыканың эр түрлі теорияларын талдау жэне түсін-дірмелеу;
— олардың гуманистік жэне коммуникативтік мағына-ларын анықтай отырып, бүл теориялардың мазмүны мен мағынасын ашу;
— музыка феноменінің пэні мен мэнін ашу, оның ерек-шелігін көрсету;
— музыканың онтологиялық мэртебесін анықтау;
— музыканың гносеологиялық мэртебесін анықтау;
— музыкадағы еліктеу категорияларның маңызын айқын-дау;
— музыка феноменін сазгердің шығармашылық қызметі мен тыңдаушы арқылы ашып корсету;
— озін озі жетілдіру мен адамды жетілдірудегі музыканың маңызын түсіндіру жэне анықтау.
Әбу Насыр әл-Фараби музыка феноменінен филосо-фиялық рефлексияның басымдығын жүзеге асыра отырып, оның нақ осы философиялық мағыналы мэтінін көрсетуге ұмтылды. Ол әр түрлі музыкалық жэне эстетикалық тео-рияларды салыстыра отырып, музыка философиясы сияқ-ты пэнді қалыптастыруға іс жүзінде жақындап келді. Әл-Фараби Платон мен Аристотель теорияларын терең талдай отырып, ырғақ пен эуенді музыканың басты қүрамдас боліктері; адамдарға тікелей ықпалы бар нэрсе ретінде түсінуге де келді. Әл-Фараби «Музыка туралы үлкен кітапта» антикалық музыкалық эстетикаға талдау жасауды жүзеге асырады жэне түркі, парсы, араб музыкасы дэстүрлерін, поэзиялық дереккөздерді, музыкалық аспаптар тарихын негізге ала отырып, исламдық музыкалық эстетика теориясын да жасады.
Платондық музыкалық түғырнамадағы басты мэсе-лелердің бірі — музыкаға үйрету мемлекеттік маңызы бар іс болуы тиіс екендігі, музыканы білім беру жүйесіне енгізу қажеттігі туралы мэселе болды. Бүл идеяны музыкаға үйретуді исламдық білім берудің маңызды қүрамдасы деп есептеген Әбу Насыр әл-Фараби де қолдады.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.