Әл-Кинди: сенім мен зерде философиясы

Главная » Рефераттар » Әл-Кинди: сенім мен зерде философиясы

Әл-Кинди Әбу Юсуф Жақып Ибн Ысқақ (796-873) Куфа қаласында туды. Бағдадта қайтыс болды. Фәлсафаның бірінші өкілі. «Фәлсафа» сөзін кэсіби мағынасында қолданады. Философ, дәрігер, астроном, математик. Мутазилизмнің ізін қуушы, көп ұзамай мынадай философиялық мәселелерді өздігінен дайындап шықты:
• болмыстың бірлігі;
• себептілік мэселесі;
• қозғалыс пен тыныштық;
• ұтымдылық пен түйсіктілік;
• сенім мен зерденің арақатынасы;
• «ақылдың тыныштығы» — «сукун эл-фахм» мэселесі;
• форма мен материя,

Бұл мәселелердің бәрі де ислам онтологиясымен, сондай-ақ гносеологиямен де байланысты. Әл-Кинди антикалық философия мен ғылымының білгірі болды. Алдыңғы рухани ілімдерге қатысты өзінің төзімділік позициясымен белгілі. Оның: «Бізге қайдан шыққанына қарамастан ақиқатты қолдау мен иеленуге ұялмағанымыз жөн. Ақиқатпен ешкімді жәбірлеуге болмайды — керісінше, ақиқат барлығын да қорғаштайды» деген әйгілі пікірі оның философия проблемаларын ашуға, олардың терең мәнін түсінуге төзімділік ниет танытқанын білдіреді. Әл-Кинди таным теориясының мутазилиттік тұғырнамасын жасауға көп күш-жігер жүмсады. 200 трактаттың авторы болып есептеледі, өкінішке орай олардың көпшілігі жоғалған. Бізге дейін тек 40-ы ғана жетті. Неғүрлым белгілілері -«Бірінші философия туралы», «Бес мәнділік туралы кітап», «Аристотель кітаптарының саны және философияны меңгеру үшін нені білу қажет екендігі туралы трактат», «Зият туралы».

Әл-Кинди ислам рационализмі эдісін жасап шығарды. Өз ілімінде ғылымдарға, әсіресе, математикаға көп орын береді. Форма мен материя жөніндегі аристотельдік ілім мэселесін қозғайды. Алайда, заттардың мәні материя болып табылады деп есептейді. Әл-Кинди сенім мен зерденің арақатынасы туралы ілімімен даңққа бөленді. Дүниенің себептілік проблемасын «істе қолданылатын жэне барлығының мақсатты себебі» — Құдайды негіздеу арқылы ашады. Әл-Кинди өз философиясында сенім мен зерденің, философия мен діннің үйлесімін синтездейді. Әл-Мамун нақ осы әл-Киндиге Аристотельдің, Платонның, Зенонның, Евклидтің, Порфирийдің жэне де басқа антикалық фи-лософтары мен ғалымдарының шығармаларын араб тіліне аударуды тапсырған деп есептеледі. Әл-Кинди ғалым — энциклопедист болды. Іс жүзінде өз уақытында танымал болған барлық ғылымдармен айналысты. «Арабтардың бас философы» есімімен белгілі. Ол аударған «Аристотель теологиясы» (түпнүсқалылығы талас тудырған кітап) теологиялық проблемаларды қоюда өте маңызды рөл атқарды. Жоғары ғылым ретінде философияның герменевтикасына қарамастан эл-Кинди ол Ашылу Ақиқатына қол жеткізе алмайтын жағдайда, бүл тек түйсіктік таным аясында ғана мүмкін болады деп есептегенін атап өту қажет. Әл-Кинди түйсіктік білім ретінде көрегендік білімді түсінді.

Әл-Кинди «бес ілкі субстанция» теориясының негізін қалаушы болып есептеледі:
• материя;
• форма;
• қозғалыс; •кещстік;
• Уақыт
Ол Зерде туралы ілімінде рационалистік таным тео-риясын жасады. Зерденің барлық түрлері мыналар деп есептейді:
•өзектілік;
• жүре келе ие болушы;
• әлеуетті;
• істе көрінетін,
і бұлардың бэрі Бірден бір ақиқат — Қүдайды тану үшін бағытталған.
«Аристотель кітаптарының саны және философияны меңгеру үшін нені білу қажет екендігі туралы трактат», «Зият туралы», «Бірінші философия туралы», «Бес мәнділік туралы кітап», «Пайда болу мен жоюдың қолданылатын жақын себебін түсіндіру» еңбектері оның метафизикалық жэне жаратылыстанулық — ғылыми көзқарастарының мәнін ашады. Оның басты философиялық идеясы сенім мен зерде үйлесімінің метафизикалық жобасында жүзеге асырылды. Әл-Кинди адам зердесі Қасиетті Мэтіндерді түсіне, негіздей жэне олардың ақиқаттығын дәлелдей алады деп есептейді. Бүл үшін өз эдістері бар рационалистік ғылымдар: логика, диалектика өмір сүреді. Оның ілімінің мэні бэрінен де бүрын, «барлығының бірлігі» ислам философиясын жасауында еді, онда фи-лософия мен дін Құдай туралы Ақиқатты ашады.

Ол ешқашан да философияның теологиядан басым-дылығы туралы айтқан жоқ, ол сенім мен зерденің арасындағы қайшылықты алып тастап, оларды үйлестіруге тырысты. Зерделі сенеді, ал сенуші зерделі — бүл ереже мутазилиттердің діни-философиялық ізденістеріне толы-тай жауап берді, әл-Киндидің өзі де солардың арасында «туған» еді. Өзінің зерде туралы ілімінде ол өзекті жэне әлеуетті зерде жөніндегі аристотельдік тұғырнаманы ұс-танады. «Ол өзекті зердені жеке адамдардың ақылдарына эсер ету үшін бізге сырттан келетін, түсінуге деген бірден-бір қабілеттілік ретінде қарастырады».

Бұл қабілеттілік сенімді түсінуге бағытталған жэне нақ осы нэрсе сенім мен зерде үйлесімін жасаудың шарты болып табылады.
Әл-Киндиге зерде мен сенім үйлесімінің бүл теориясын жасау не үшін қажет болды? Ол зерде мен сенім біртұтас болмыстың екі жартысын жэне адамның өзіндегі екі жартыны — жан мен тэнді білдіреді, жан мен тэннің үйлесімі өмірге деген біртұтас көзқарасқа, оның дұрыстығын түсінуге мүмкіндік жасайды деп есептеді. Әл-Кинди дү-ниені бірыңғай Құдайлық қайнардан шығатын бірыңғай тұтастық ретінде түсінуге тырысты. Қүдайға деген сенім мен адамның зерделі қызметі өнегеліліктің исламдық үлгісін жүзеге асыруға, яғни эрбір жеке адамдағы Қүдайлық мағынаның жүзеге асуына алып келді. Үйлесімді адам бұл дүниеге Құдай жаратылыстарының ең үздігі ретінде келді жэне өзінің барлығымен оны шаттандырып, дүниені тастап кетті — әл-Киндидің адамды осылайша түсінуі оны Қайта өрлеу дәуірі гуманистерімен бір қатарға тұрғызды. Әл-Киндидің антикалық мұрасының герменевтикасы екі позициядан жүзеге асырылды: 1. «алдын ала түсіну»; 2. «түсіну». Философияның дінге, сенім мен білімнің қатынасы туралы мәселені әл-Кинди синтез тұрғысынан шешеді.

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.