Лаңкестік ұғымы

Главная » Рефераттар » Лаңкестік ұғымы

Лаңкестік ұғымы — гректің «terror» сөзінен шыққан, «үрейлі», «қорқынышты» деген түпнұсқаны айтады. Қазіргі таңда дүниеде 500-ге жуық лаңкестік ұйым бой көрсетуде. Олардың саяси, діни бағыты, әлеуметтік және этникалық құрамы, шабуылдау дәрежесі бойынша ең үлкендері мыналар: «әл-Кайда», «Абсат әл-Ансар» (Ливан), «Ал-Жиһад», «Жәмағат әл-Ислами», «әл-Ихуан әл- муслимин» (Мысыр), «Хизб-ут-тахрир әл-Ислами», «Тәибә», «Жамағати-Ислами» (Пәкістан) Қазіргі уақытта Лаңкестік даму, таралу қарқыны мен салдары жағынан адамзаттың ең қауіпті қоғамдық-саяси және моральдік мәселелердің біріне айналып отыр. Лаңкестердің ядролық, бактериологиялық, химиялық уытты қаруларды қолдану мүмкіндігі ғаламдық қауіпсіздікке үлкен қатер туғызуда. Лаңкестік мемлекеттің идеологиялық-құқықтық жүйесі қоғамның күрделі әлеуметтік-саяси процестерін реттеуге қабілетсіз болуына байланысты пайда болады. Лаңкестіктің өсуіне мынадай факторлар әсер етеді: саяси-әлеуметтік және экономикалық дағдарыс, халықтың өмір сүру деңгейінің күрт төмендеуі мен жұмыссыздықтың өсуі, ұлттық және діни қайшылықтардың шиеленісуі, т.б. Лаңкестікке қарсы алдын алу шараларының қатарына: қоғамның әлеуметтік-экономикалық және саяси тұрақтылығын, азаматтардың экономикалық, саяси, ұлттық, діни, т.б. құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету; адам құқығы жөніндегі мемлекеттік органдар мен қоғамдық органдардың жұмысын жетілдіру; қоғамда жоғары саяси және құқықтық мәдениет қалыптастыру; қару-жарақ рыногіне, соның ішінде жаппай қырып-жою құралдарына мемлекеттік және халықаралық бақылау жасау, т.б. Дүниежүзілік қауымдастық Лаңкестікке қарсы бірқатар халықаралық-құқықтық құжаттар қабылдады (Әуе кемелеріне жасалған қылмыстық және басқа да әрекеттер туралы конвенция (1963); Азаматтық авиация қауіпсіздігіне қарсы бағытталған заңсыз актілермен күрес туралы конвенция (1971); Лаңкестікті қаржыландыруға қарсы күрес туралы конвенция (1999), т.б. 1994 ж. БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы 49- сессиясында қабылданған “Халықаралық лаңкестікті жою шаралары туралы” декларацияда Лаңкестікпен күрестегі халықаралық ынтымақтастық шаралары белгіленді. ТМД мемлекеттері арасында көпжақты келісімдер жасалып, Лаңкестікке қарсы орталық құрылды (2000). Орта Азия мемлекеттері 2000 ж. Ташкентте өткен саммитте “Лаңкестікпен, саяси және діни экстремизммен, трансұлттық ұйымдасқан қылмыспен, тұрақтылық пен қауіпсіздіктің басқа да қатерімен күресте бірлескен іс-әрекет туралы” келісімге қол қойды. Сондай-ақ Шанхай ынтымақтастық ұйымы шеңберінде халықар. Лаңкестікпен және экстремизммен күрес шаралары белгіленген. Ал аймақтық қауіпсіздік қазіргі таңдағы ең кең тараған құбылыс. Біз оны Еуропаның мысалында, ШЫҰ –ның мысалында, ОДКБ – ның т.б мысалында көре аламыз. ШЫҰ – ның мысалында аймақтық қауіпсіздікті айтып кететін болсам, ол негізінен осы ұйымға мүше мемлекеттердің қауіпсіздігін қамтамасыз етумен тығыз байланысты. Негізінен әсер ету аймағы дегенде, қайсы жерлерде ШЫҰның ықпалы жүреді деген сұрақ туындайды.

ШЫҰның көптеген құжаттарын ашып қарайтын болсақ, онда былай делінген: Ауған мен Азия Тынық мұхиты аймақтарын тұрақтылық пен тыныштықта көрсек деген сөздер көп кездеседі. Осыған сүйене отырып жасалатын қорытынды былай болмақ, ШЫҰ өзінің мүшелерінің қауіпсіздігі үшін Орталық Азиядағы болып жатқан жағдайларға қатысуға мүдделі. Нақтырақ айтқанда, Ауған мәселесі. Қандай аймақ болмасын оның қауіпсіздігінің негізгі бағытталған сферасы келесідей болып келеді: экономикалық, саяси, әлеуметтік, экологиялық, әскери, мәдени және ақпараттық. Экономикалық мәселе барлық мәселелердің негізі болып табылады: аймақтағы мемлекеттердің үлкен сыртқы қарыздары; капиталдың шығып кетуі; мемлекеттің бюджеттің дефицитінің көбеюі т.б. Аймақтық қауіпсіздіктің әлеуметтік мәселелеріне тоқталатын болсам: қоғамның люмпенизациялануы мен поляри зациялануы; өмір сүру деңгейінің түсуі; жастардың арасындағы наркоманиянығ өсуі; трансұлттық ұйымдасқан қылмыскерлік; ішкі және сыртқы миграция; өалалардың рурализациясы; тұрғындардың білімінің, мәдениетінің төмен түсуі; тұрғындардың көбеюі және төмен өмір сүру деңгейі: мемлекеттік билік орындарындағы жемқорлық т.б. Экологиялық мәселелер, Қырғызстан, Өзбекстан, Қазақстан және Тәжікстан арасындағы су мәслесі т.б. Саяси жағынан алып қарастыратын болсақ: мемлекеттің басқарушысына деген теріс көз қарастар; ұлттық қақтығыстар; діни қақтығыстар; исламдық экстремизм; терроризм. Орталық Азия аймағы қауіпсіздікті көп қамтамассыз ететін аймақ болып саналады. Себебі халықаралық терроризм, діни экстремизм және этно-ұлттық сепаратизм, ұйымдасқам қылмыспен, заңсыз есірткі тасымасы Орталық Азияда көп көрініс табады. Сонымен қатар тағы себептерінің бірі болып Ауғаныстан болып табылады. Таджикистан, Өзбекстанда террорлық акттар көп көрініс алатын мемлекет болып саналады, бірақ соңғы кезде Қазақстан да террорлық акттар көп болатын мемлекеттер қатарына кіру қауіпінде. Осы терроризм мәселесіне шешу үшін, Орталық Азияда қауіпсіздікті қамтамассыз ету үшін ШОС, ОДКБ, СВМДА секілді ұйымдар жұмыс атқаруда. Орталық Азиядағы басты террорлық күштерді айтып кетсек:

• “Өзбекістандағы исламдық қозғалыс”- Қазақстанда, Қырғыстанда, Таджикистанда, Өзбекістанда қолға алынуда; • “Хизб ут-Тахир аль-Ислам”(“Исламдық партия бостандығы”)- Қазақстанда, Қырғыстанда, Таджикистанда, Өзбекістанда қолға алынуда; • “Мұсылмандық-ағайындар” – бұл ұйым автомоиялық тор бойныша торап көрсетеді, ол әр түрлі аттармен жұмыс істейді. • “Азиялық мұсылман комитеті”- “Люббан Фаундэйшн” қолдауымен жұмыс імтейді; • “Исламды дамыту орталығы” – Қырғызстанда Ош қ. жұмыс істейді • “Акромиды” – Өзбекстандағы исламдық діни ағым, Ферғана алқабында жүзеге асады; • “Ислом Лашкарлари” (“исламдық әскерлер”)- Өзбекістанда жұмыс жасайды; • “Түркменстанды босату ұйымы”; • “Шығыс Түркістан Исламдық партиясы” Бұл ұйымдардың басты мақсаты болып – сепаратистік және радикалдық фундаментал насихат идеясы. Ең басты ескеретін жайт, көп террористтік ұйымдар халықаралық есірткімен тығыз байланыста болады. Бұл да үлкен проблемалардың біріне саналады. 1994 ж бастап қазірге дейін Орталық Азияда үлкен террорлық қылмыстар көп болуда. Бірнешеуін атап айтып кететин болсақ: 1994ж: • Душанбе аэропортында екі әскери қызметкерлері өлтірілді • Душанбеде террористтер Ресейдің граномед автобусына оқ жаудырды • Террористтер біріккен Таджик-британдық алтын кенге шапқыншылық жасап, төрт қызметкерді ұрлап кетті, оның арасында Британдық азаматта болған. 1999 жылы Ташкент қаласының ортасында бес автокөлік жарылысы болды. Лаңкестік – дүниежүзі бойынша барлық мемлекеттерді толғандырып, үрейлендіріп отырған ортақ мәселелердің бірі. Әлем бойынша өмір сүріп отырған лаңкестік ұйымдар адам өмірі үшін өте қауіпті. Кез келген мемлекеттің басты құндылығы, байлығы болып табылатын адам өмірі, оны алуға жаратушыдан басқа ешкімнің құқығы жоқ. Лаңкестіктің кесірінен қаншама жанұяның шаңырағы ортаға түсті, қанша жанұя әкесіз, анасыз, баласыз қалды. Сондықтан лаңкестікпен күресте ұлтқа, дінге, аққа, қараға бөлінбей, болашақтағы балаларымыздың тыныш өмірі үшін бәріміз күш жұмылдыра күресуіміз керек.

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.