Ғұламалардың экологиялық парасат туралы ойлары

Главная » Рефераттар » Ғұламалардың экологиялық парасат туралы ойлары

Кез келген қоғам болмасын табиғат пен жануарларға деген қатынастарын қайтадан қарап, өзінің барлық қажеттіліктерін өтеу принципінен бас тартып, табиғатпен қатынасын үйлесімді етуге тырысуы қажет. Сонда ғана экологиялық дағдарыс және денсаулық сақтау проблемаларын шешу мүмкін болмақ. Тұлғаның сан қырлы қатынастардың бірі – адамның табиғатқа, қоршаған ортаға, оны аялауға деген қатынасы. Қазіргі уақытта адамның экологиялық қатынастары әлемдік деңгейде кеңінен тарап, әрбір елдің тұрақты дамуындағы басты ұстанымына айналып отыр. Қай формацияда болмасын табиғат адам игілігіне өзінің кең байлығын сыйға тартпаса, онда қоғамның ілгерілеуіне мүмкіндік болмайды. Халық педагогикасында сананы парасатты іс-әрекетке бағдарлау қазақ ұлты болғаннан басталады.

Мәселен, отқа жолама, күлді баспа, кір суды көрінген жерге төкпе, құстың ұясын бұзсаң, бағың жанбайды, ағашты жұлмалама, сені де өспей жатып біреу жұлмалайды және т.б. тыйым сөздер бүгінгі күнге дейін жалғасын тауып келеді. Шығыс ғалымының аса көрнекті өкілі Әбу-Насыр әл-Фараби жастарға білім мен ізгілікті тәлім-тәрбие беруді, оларды қоршаған әлеуметтік орта мен табиғат құбылыстарын танып-білуге баулуды және баланың сана-сезімі ояна бастаған кезден бастау керектігін дәлелдеген. Ол адамның іс-әрекетінде зиялылықтың, парасаттың ролі зор деп бағалаған. Адамның өзін, оның ақыл-парасатын, қабілет пен жігерін өте жоғары қояды және адамның шынайы бақытын тілейді, оларды тынымсыз іздену, оқу-үйрену арқылы өзін-өзі жетілдіруге шақырады. Әл-Фараби ақылдық пен адамгершілік үлгісі тәрбиеге байланысты, оның негізі еңбекте, ал еңбек өз кезегінде – тәрбиенің негізінен туындайды деген. Әбу Насыр әл-Фараби білімде ұстанымды меңгерудің төрт субстанциясын ұсынған. Біріншісі – әлеуетті интеллект, екіншісі — актуальді интеллект, үшіншісі – жүре келе дарыған интеллект, төртіншісі – әрекетшіл интеллект. Аталған төрт ізгілікті ұстаным мен сананы дамыту бастауыш мектеп оқушыларына білім беру іс-әрекетінде ескерілуі тиіс [1, 17б.].

.

Көрсетіліп отырған интеллектінің біріншісі — әлеуетті интеллект – формаларды іске асыратын тіректік ұғымдарға сүйенген іс-әрекет. Екіншісі — актуальді интеллект тек сол формаларды іске асырудағы көкейкесті мәселенің шешімін іздестіруге бағытталған іс-әрекет. Үшіншісі-жүре келе дарыған интеллект, егер әлеуетті интеллектінің тегінде оған негіз болса, бұл интеллекті белгілі бір субъектінің өзін-өзі интеллект ұстанымын ұдайы дамытуына негізделген іс-әрекет. Ойымызды жинақтасақ, оқушының білім жию үдерісінде екі салихалы қасиеттің негізі бастауыштан қалануы көзделеді. Ұлы гуманист Ибн Сина адамның парасаты, қоршаған ортаға деген қатынасы туралы ойлар айтқан еді. «Табиғат жер бетіндегі бақыттың, байлықтың көзі. Бұл көзді реттеу, иемдену үшін табиғатты білу керек, ол үшін білім мен таза еңбек қажет, қорғау, аялау керек» деген ойлар қазіргі заманда да өзекті болып отыр. Адамдардың денсаулығы – айналадағы ортаға, экологияға байланысты да оның айтқандарының зор тарихи маңызы бар. Адалдық, ақылдылық, адамгершілік, Қайырымдылық, мейірімділік, жанашырлық, Тәрбие, оқу, сана-білімдарлық, Үшеуі ұлағатқа жол ашарлық. Ибн-Сина бір адамның бойынан осы қасиеттердің табылуын еңбек, оқу, тәрбиеден нәтижесі және қасиеттердің болуы адамның ақыл-парасатың белгісі деп санаған. Біздер Ж.Баласағұнның [2, 68 б.], Қ.А.Иасауидің [3, 88 б.] және т.б. орта ғасырлық мәдени өрлеу кезінде өмір сүрген даналардың еңбектерінен тура табиғат қорғауға қатысты ой-пікірлерді іздеуіміз керек. Нұр, Құт, Бақ, Дәулетке қатысты адам болмысында қандай қасиеттер мен әдіс-тәсілдер қажет деген сауалға сүйеніп, Жүсіп Баласағұн кейінгі ұрпақ үшін өмірлік, классикалық тұжырым-түйінді өзінің “Құтты білік” еңбегінде жан-жақты сипаттап берген. Жүсіп Баласағұн ізгіліктің төрт негізін қалаған: Әділ (заң), Дәулет (құт, бақ), Ақыл-парасат (интеллект), қанағат-ынсап, аталған ізгіліктің 4 негізі. Білімнің тұжырымына тірек боларлық негіздер. Егер, біз де отбасы, мектеп қабырғасында берілетін білімді осы бағыттарға сүйене отырып, ұлттық сипатта бергенде “Қара шал”, “Қара кемпір”, “Бозторғай” секілді өзегіңді өртеп, намысыңды қоздырып, көзімізге жас әкелетін қайғылы өлеңдер тумаған болар еді. Экологиялық білім алудың ұстанымына біздер Жүсіп Баласағұнның мына бір даналық пайымдарын негізге аламыз: ақыл, парасат, ниеті түзу, сөзі шырын, өнерлі, білімді, қолы ашық, пейілі кең, көзі тоқ, кек сақтамайтын асыл құлықтар [2, 47 б.].

.

«Құтты білігінде» Бограханға ізгілікті жолдағы мемлекет сипатын «Әділет», «Дәулет», «Парасат», «Қанағат» сияқты ұғымдармен береді. «Құтты білік» — халқымыздың құты, ырысы болған ілім. Ұрпақтарға, адамға бақыт берген, құт әкелетін білім. Ғасырлар бойы көзі ашық, көкірегі ояу қазаққа адалдық, азаматтық қасиеттерін, әдеп-салдық дәстүрін сіңірген кітап. Әсіресе, «Егер ашу-өкпең келсе, қатулан, сабыр қыл, сабыр кісінің сүйініші алдында», — деген жолдардан қазақ мақал-мәтелдерін салыстырғанда, ескертетін ерекшелік тек әдеби шығармаларда ғана кездесетін поэтикалық көркемдік әдіс, тәсілдердің біртектілігі, төркіндестігі десек, үстірт кететініміз анық. Мұның түп-тамырында бүкіл ой-толғам желісінің, ойлау табиғаты мен таным- білім қасиетінің тұтастығы, ғылыми-әлеуметтік тамырластық жатыр.

Осы қасиетті Құт дастанының әр сөзінің ой-толғамының жиырма бірінші ғасырда болашаққа тамыр жіберіп, тілге емес, санаға, жүрекке сүтпен сіңуін тілейміз. Әрине, жоғарыда кеңестік және қазіргі кездегі экологиялық тәрбие мен білім беруге қатысты зерттеулерде бұл мәселе қарастырылмаған. Қырағылықты, шыншылдықты, көңіл бай болуды, атқарған ісін әділ заңға бағындыруды, саясатты парасатқа жүгіндіруді, ессіздер мен жарамсыз-еңбек етпейтін тоғышар адамдарды – қууды меңзейді. Сонда ғана Әділет заңы салтанат құрады дейді. Мұнан «жақсыдан шарапат, жаманнан кесапат» деген халық даналығы осы ата-баба тәлімінің нәтижесі екенін түйсіну қиын емес. Жоғарыда ұсынылған парасат туралы даналардың ілімінен біздер «парасат» ұғымына анықтама беруді жөн көрдік. «Парасат» ұғымы экологиялық білімді оқушының сыныбына және психологиялық қабілетіне қарай тағылымдық тұрғыда саналы қабылдап, оны өзінің іс-әрекетінде тиімді қолдана алуы дегенді білдіреді. Парасаттың қозғаушы күші ұстаным болып келеді. Ж.Баласағұнидың [2, 71 б.] еңбектерінде экологиялық парасатты дамыту негізінің ізгілікті желісі былай деп жеткізілген: Ақыл – шырақ, қара түнді ашатын, Білім жарық, қара түнді ашатын… Ессіздіктен тек жауыздық туады, Ал жауыздық ізгілікті буар… Ізгі іс – елдің мақтаны, Ізгілік – Оң; Ессіздік – Сол; Жүгің – Ар. Мұндағы негізгі мақсат Ж.Баласағұн іліміндегі табиғат пен адамның және қоғам үйлесімінің болып келуіне адамның жоғары санасы ол парасат деп ұсынылады. Қазақ елінің түп-тамыры – жұрты. Қат-қабат қайшылығы мол, күрделі кезеңде өмір сүрген Қожа Ахмет Иасауи – ақылдың, даналықтың кемеңгер парасаттың өкілі. Қ.И.Иасауи [3, 93 б.] іліміндегі ақыл («Диуани Хикмет») Жаратушыны тек Бірім, Барым деп мойынұсынып, оның табиғи заңдылығына қарсы іс-әрекет жасалмауды өз бәйіттерінде (екі жолдан тұратын өлең түрі) тұжырымдап берген. Қ.А.Иасауи таза экологиялық парасатты іс-әрекетте дамыту үлгісін пәлсапалық пайымдар тұрғысында зерделеп ұсынған. Мұның өзі классикалық үлгіде берілген. Тіршілік бар жерде интиеллект те, экологиялық парасатты іс- әрекетте дамыту да өмір сүре бермек. Олай болса, бұл рухани құндылықтар– бақилық. Соның ішінде Қ.А.Иасауидің ақыл туралы тұжырымында адамгершілік қасиеттердің салмағы сипатталған.

Экологиялық парасатты дамытуды білім меңгертудің үлгісі десек, бір жағынан, интеллект, екінші жағынан, ақыл секілді сапалық көрсеткіштерге данышпан бабаларымыз ерекше тоқталып, ізгіліктің сүрлеуіне сілтейді. Әрине, дәл осы сапаларды меңгерген, не сол сапаларды әдеби арналармен іс-әрекетте жүзеге асыруға бағыт алған субъекті қай қоғамның болмасын сүйікті данасы. Жалпы экологиялық ғылымның өрісі педагогикалық тәрбиеден іздеген Я.А.Коменский [5, 25 б.], Ж.Ж.Руссо [6, 91 б.], Г.Песталоцци [7, 103 б.] классикалық педагогикада баланың табиғатпен қатынасы арқылы білім беру, тәрбиелеу, дүниетанымын қалыптастыру заңдылықтарын негіздеді. Я.А.Коменский [5, 33 б.] «Тәрбиенің негізі – табиғат, ал адам табиғаттың бір бөлігі және оның заңдылықтарына бағынушы», — деді. Француз ағартушысы Ж.Ж.Руссо [6, 100 б.] өзінің педагогикалық еңбектерінде «Баланы табиғатпен байланыста тәрбиелеу керек, табиғат баланың ересектігінен бұрын бала болғанын қалайды», — деп жазды. Ол тәрбиенің үш қайнар көзі: табиғат, адамдар, заттар деп есептеді. Орыс халқының педагогика негіздедін салған, рухани құндылықтарын саралаған К.Д.Ушинскийдің «Балалар әлемі», «Ана тілі» еңбектерінде табиғат және оның құрамы болып есептелетін хайуанаттар мен құстардың тіршілігі, оған қатысты адамның қарым-қатынасы жайлы құнды да соны пікірлер ай- тылады. Мәселен: «Табиғат даусын ата-аналар да, қоғам да, тәрбиешілер, заң шығарушылар да аяғына дейін тындауы тиіс. Табиғатпен егесу жақсы емес, … адамға тек оның заңдылықтарын білу және олардың күшін пайдалану ғана қалады», — дейді. Ол табиғаттың тәрбиелік күшіне берік сене отырып, оны «ой ұрығы», «ұлы тәрбиеші» деп бағалады. Өзінің жастық шақ өмірінің негізінде қорытынды жасай отырып: «…мейлі мені педагогикада тағы деп атаңдар, бірақ өзімнің өмірлік әсерімнен жер бетінің әсем көріністерінің баланың жан дүниесін дамытуда ересен мол тәрбиелік мәні, ықпалы бар, тіпті ойымен тәрбиешінің ықпалынан да бәсекелесуі қиын деген терең шешімге келдім»,- деген болатын. Қазақ халқының өмір тіршілігі табиғат аясында өскендіктен, олардың киіз үйінің өзі күннің символы ретінде алынып, барлық іс-әрекеті табиғатпен қауышып, фольклор, ауыз әдебиеті арқылы жарық көрген.

.

Ағартушы Ш.Уәлиханов еңбектерінде табиғатқа деген философиялық пайымдамалардың тәрбиелік мәні мол. Ш.Уәлиханов туған халқының табиғатпен қатынасындағы әдет-ғұрпын, дәстүрін, этикасын зерттей отырып, қазақтар арасындағы тәңірліктен сенімі «… табиғатты шексіз қадірлеуінен туған», — деген қорытынды жасап, өз ұрпағының табиғатпен қатынас жасауда ізгілікке баулитын халық педагогикасының тәрбиелік мәнін жоғары бағалайды. Ол «…табиғат көріністерінен, эстетикалық ләззат алып, сұлулық, әсемдік, тартымдылық және ұнасым мен үндестік атаулыны сезімтал сергек көңілмен қабылдау қажет», — деп табиғат құбылысын тану, бағалау адамның рухани күшін арттыруға себеп болатынын баса айтқан. Зерттеуші-ғалым, этнограф Ш.Уәлиханов өзінің «Қазақтардағы шамандықтың қалдығы» еңбегінде: «Адам мен табиғат арасындағы қарым- қатынасты тану қажеттігі шамандықты, дүние мен табиғатты және қайтыс болған адамдардың аруағын дәріптеуді тудырды. Сол себептен, адам баласы табиғат пен дүниеге, ондағы заттар мен құбылыстарға, күн мен айға, жұлдыздарға табынуға мәжбүр болды», — деген. Шоқан Уәлиханов мұсылмандыққа дейін шамандықтың, яғни Күнге, Айға, Жерге және т.б. табиғат құбылыстарына айрықша табыну, фетишизмнің туу себептерін дәйекті деректемемен дәлелдегенін жоғарыдағы үзіндіден байқаймыз. Адам табиғаттан өз қажетін ғана алып, қалғанын мәпелеп, оған мейірмен қарап, еш уақытта зиянын тигізбеген. Ш.Уәлиханов: «Табиғат пен адам: өзіңіз айтыңызшы, тіршілікте одан ғажап, олардан құпия не бар?, — дей келе қазақтар киеге үлкен мән береді.

Табиғаттағы кейбір жануарлар мен құстарды, көшпелі тұрмысқа қажетті заттарды киелі деп қастерлейді. Осы аталғандарды құрмет тұту, ырым-жорасын жасап тұру, адам баласына байлық пен бақыт — құт әкеледі», — деген аталы сөз айтып кеткен. Қазақ халқының ағартушы-педагогтары да өз кезеңінде білім мен тәрбие мәселелерін жаратылыс құбылыстарымен сәйкестендіріп, қарастырған. Сол сияқты, қазақ ағартушысы Ы.Алтынсарин өзінің педагог-ағартушылық жолында білім беруді кәсіппен, қоршаған ортамен байланыстырып, бала дүниетанымын қалыптастырудың жаңаша жолдарын атап көрсетті. Мәселен, балаға кәсіптің, құдіретін түсіндіруде жағрафиялық білім беруді мақсат тұтып, туған өлкесінің табиғатын, оның құбылыстарын білгізуден бастап, әрі қарай кеңейте берудің мәнін айқындап берген. А.Құнанбаевтың қара сөздеріндегі философиялық ой-пікірлері оның табиғат заңдылықтарын өзінің философиялық ой-пікірімен білдіріп, оған байланысты ғылыми тұжырымдарын да танытады. Абай өз өлеңінде табиғат пен адам өмірін, тіршілігін ажырамайтын, бөліп қарастыруға келмейтін біртұтас дүние ретінде қарастырған. Ол адам баласына байлық беріліп, таусылмас азық болып отырғандығын көрсете келіп «Кім өзіңе махаббат қылса, сен де оған махаббат қылмағың парыз», — деп өскелең ұрпақты табиғат ананы аялап сүйе білуге үндейді. «Хауас» ұғымы адамның табиғат сұлулығынан өзіне үлгі ретінде алған образына деген айрықша сүю сезімі. Мәселен, табиғатсыз адамның өмірі жоқ екенін түсініп, ұдайы өзін табиғат өнімі екеніне жақсы сезіммен рахмет айтуы, риза болуы, ризасыз табиғатты сүюі [8, 64 б.]. А.Құнанбаевтың ғылыми пайымдарына сүйене отырып: ізгіліктік мұраты және адам бойындағы өзіне қажетті саналы күш-қуатын білім мен бейімділікке жүгіндіре алу үдерісі жатады [8]. Ол – адамның қарапайым педагогикалық іс- әрекеттен күрделі харакеттерге ынталануы. Қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық жағдай өзгерістері – еңбек сипатында, білімнің мақсатында өзін-өзі білуге үйретеді. Кемелденген тұлға өзінің іс-әрекетін, еңбегін күрделендіріп дамытады. Оның еңбек құралдарын жасаудағы эстетикалық талғамы тұрақтанады.

Адамның тұлғалық болмысына байланысты жетілдіру ұғымының өзгеруі, халықтың әртүрлі болмысына орай мұраттардың түрленуі халық ауыз әдебиетінде баяндалған. Мысалы, түркі жұртында ақыл-ой, туысқа деген қамқорлық, еңбекқорлық, кең жүректілік, қайырымдылық, ата-бабалар дәстүрлі құрметтеледі. Адамзат ойшыл–даналардың экологиялық парасатқа қосқан үлесінің ерекше орын алуына негізделіп, біз келесі кестені жасадық (кесте 1). Тұлғаның қоршаған ортаға деген адамгершілік қатынастын көрінісі – табиғатқа жауапкершілікпен қарау, оның экологиялық парасаты. Яғни, бұл адам өмірін анықтайтын табиғат заңдарын түсінуді білдіреді. Ол — табиғатты пайдаланудың құқықтық және адамгершілік принциптерін бақылауда, ортаны қорғау және меңгерудің белсенді жасампаз қызметінде, табиғатты дұрыс пайдаланудың идеяларын насихаттауда, қоршаған табиғатта зиянды саналатындардың барлығымен күрес кезінде байқалады. Осылай оқыту мен тәрбиелеу жағдайында табиғат пен адам арасындағы қарым-қатынасты меңгеруге, жақсартуға бағытталған оқушылардың өзара байланысқан ғылыми, адамгершілік, құқықтық, эстетикалық және тәжірибелік қызметтерінің ұйымдары атсалысады. Қоршаған ортаға деген дұрыс қатынасты – экологиялық парасатты арттыру, қалыптастыру-болашақ ұрпақ үшін жасала- тын адамгершілік тұрғыдан қамқорлық.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.