Лейкоциттер және олардың қызметі

Home » Рефераттар » Лейкоциттер және олардың қызметі
Рефераттар Комментариев нет

Лейкоциттер немесе қанның ақ түйіршіктері, эритроциттерге қарағанда үлкенірек қан клеткалары, Олардың денесі, қабығынан цитоплазмадан және ядродан тұрады. Лейкоциттердің саны эритроциттерден 600-800 есе кем. Олардың қарапайым организмдер сияқты (амеба) жалған аяқтарымен активті қозғалу қабілеті байқалады яғни жалған аяктарының көмегімен микроорганизмдерді қармалап (өте қалса) алып, өзінің вакуолдарына жібереді де оны қорытып жойып жібереді. Бұл процесс фагоцитоз деп аталады, кезінде Мечников ашқан. Олай болса лейкоциттердің қорғаныштық қызметі олардың фагоцитоздық қасиетіне негізделген. Лейкоциттер цитоплазмасында ерекше түйіршіктердің болуы не болмауына байланысты екі үлкен топқа бөлінеді. Дәнді лейкоциттер (гранулоциттер), дәнсіз лейкоциттер (агранулоциттер). Дәнді лейкоциттер тобына базофильдер, эозинофильдер және нейтрофильдер жатады. Дәнсіз лейкоциттер тобына моноцит пен лимфоцит жатады. Базофильдер дөңгелек пішінді, сілтілік бояулармен боялатын клеткалар. Олардың үлесіне барлық лейкоциттердің 0-1%-і, эозинофильдер ірі дөңгелек пішінді клеткалар. Қышқыл бояулармен боялады. Лейкоциттердің жалпы санының 1-4%-ін ұстайды. Нейтрофильдер сілтілік бояулармен де, қышқыл бояулармен де боялады. Сан жағынан нейтрофильдер лейкоциттердің ішіндегі ең көбі, сондықтан да олар фагоцитоз құбылысында маңызды роль атқарады. Олардың алатын үлесі 70%-ке деиін барады. Моноциттер барлық лейкоциттер санының 4-8 процентін құрайды. Моноциттердің бұршақ тәріздес ядросы болады, цитоплазмасы сұрғылт туске боялады, Лейкоциттердің жалпы санының 21-35%-ын құрайтын лимфоциттердің көгілдір түске боялған цитоплазмасы, клетканың көп жерін алып жататың ядросы болады. Лимфоциттер дербес екі тармаққа бөлінеді; Т және В клеткалар. Т-клеткалар (жемсау безінде) немесе тимуста, ал 13-лимфоциттер лимфа ткандері мен ішек қабырғасында дамиды. Қалыпты жағдайда Т және В-лимфоциттер өзара байланыста жұмыс істейді, Т-лимфоциттер клеткалық иммунитетті қамтамасыз етеді, В-лимфоциттерге антигендік мәліметтер береді. Сонымен, лимфоциттер организмнің арнаулы қорғаныштық реакцияларын — клеткалық және гуморальдық иммунитеттерді қапыптастырады. Организмдегі барлық лейкоциттердің саны 35 миллиард шамасында болады, Адамның 1 мм. қанындағы лейкоциттердің саны 6-8 мың. Белгілі себептерге байланысты лейкоциттің саны қалыпты мөлшерден көбеюі мүмкін, кебейсе оны лейкоцитоз деп атайды. Уақытша лейкоцитоз тамақтанғаннан кейін, бұпшық ет жұмысы кезінде байқалады, ап анық байқалатын күшті лейкоцитоз — күшті қабыну реакциясында жүреді. Кейбір аурүға ұшырағанда лейкоциттердің саны қалыпты мөлшерден азаяды, ол жағдайда лейконения деп аталады яғни қаны аз аурумен ауырғанда.

Қанпластинкалары немесе тромбоциттер

Тромбоциттер — ядросыз, өте ұсақ, тез бұзылатын қан клеткалары. Олардың диаметрі 2-4 мкм. Құстар мен бауырменжорғалаушыларда олардың ядросы болады. Малдар мен адамдардың I мм3 қанындағы тромбоциттердің саны 200-400 мың аралығында. Олардың тіршілк мерзімінің ұзақтығы 2-5 күн шамасында. Әдетте қан тамырларынан шығысымен тромбоциттер тез бұзылады да, олардың құрамынан қанның ұю процесіне қатынасатын заттар бөлінеді. Қанпластинкалары немесе тромбоциттер.Тромбоциттер-ядросыз, өте ұсақ, тез бұзылатын қан клеткалары. Олардың диаметрі 2-4 мкм, Құстар мен бауырменжорғалаушыларда олардың ядросы болады. Малдар мен адамдардың 1 мм3 қанындағы тромбоциттердің саны 200-400 мың аралығында. Олардың тіршілк мерзімінің ұзақ 2;5 күн шамасында. Әдетте қан тамырларынан шығысымен тромбоциттер тез бұзылады да, олардың құрамынан қанның ұю процессіне қатынасатын заттар бөлінеді, тромбраиттердің басгы атқаратын қызметі — организм жарақаттанғанда артық мөлшерде қан кетуден яғни қансыраудан сақтайды. Олардың бұл қызметінің физиологиялық механизмі былайша іске асады: Бірінші жолы жарақаттанған кезде тромбоциттер бір-бірімен желімдесіп, түйіршіктер жасакталынады да, сол қан тамырының жарақаттанған жерінің айналасына жиналып бітейді, оны биологиялық тығын (пробка) деп аталады; екінші жағы -ткань жарақаттанғанда тромбоциттер бұзылып ыдырайды, осы уақытта активті химиялық зат жасақталады, ол серотонин деп аталады. Бұл зат жаны жарақаттанған қан тамырына әсер беріп, олардың диаметрін тарылтады. Осы уақьпта қанның қан тамырының бойымен ағысы төмендеп, қозғалысы баяулайды да қан кету нашарлайды және бұлармен қатар қанның ұю процесі де жүреді. Осы физиологиялық процестердің бәрі организмнің қансырауынан сақтайды. Қазіргі кезде тромбоциттердің электронды микроскоптық құрылымы, биохимиялық құрамы, қан тамырларының клеткалары және басқа заттармен өзара әсерлерінің сыры жан-жақты зерттелген. Көптеген сыртқы факторлардың әсерімен тромбоцитттер секрет түйірлерін бөледі. Ол ұшін альфа-ламбда және дельта туйірлер клетка орталығына тартылып, секретті сыртқа бөлетін арнаулы микро түтікшелер пайда болады. Бөлінетін секрет сипаты тітіркендіргіш табиғатына қарай өзгереді, Мысалы, адреналин немесе тромбиннің аз концентрациясына дельта -туйірлерден серотонин мен кальций ионы бөлінеді. Тромбиннің жоғары концентрациясы, немесе коллаген ламбда түйірлерінен лизосомдық ферменттер бөлдіреді. Қандағы тромбоциттер саны эмоциялық қозу жағдайында, симпатикалық нервті тітіркендіргенде бұлшық ет жұмысы кезінде көбейеді де, ас қорыту процесіңде кезеген нервті тітіркендіргенде азаяды.

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.