Лексика дегеніміз не?

Главная » Рефераттар » Лексика дегеніміз не?

Лексика деп бір тілдегі сөздердің жиынтығын, яғни сол тілдің сөздік құрамын айтамыз. Жеке адамның сөздік қоры қандай болуы керек? Кейбір зерттеушілер қазіргі заман адамының белсенді сөздік ңорын 8-13 мың сөздерден түрады деп есептейді. Ал осы деректі көркем сөздің ұлы шеберлерінің сөздіктерімен салыстырып көріңдер. Мысалы, А.С. Пушкин өз шығармалары мен хаттарында 21 мыңнан аса сөз қолданған екен, әрі осы сөздердің жартысын ол бір, не екі рет қана қолданыпты. Бұл данышпан ақынның сөздік қорының аса бай екендігін көрсетеді. Басқа да кейбір жазушылардың сөздік қорлары туралы мәліметтер келтіріп көрейік. С. Есенин сөздігінде — 18890 сөз, Сервантесте — 17 мыңдай сөз,
Шекспирде — 20 мың, Гогольде — 10 мыңдай, .-……сөз бар екен. Кейбір адамдардың сөздік қоры өте кедей болады. Мысалы И.Ильф пен Е.Петров атаңты «Он екі орындыңта» сөздік қоры небәрі 30 шақты сөзбен шектелетін «Эллочка — адам жегішті» тегіннен-тегін күлкі етпеген.

Осы сөздің өзі оған ата-ана, туған-туысқан, достары, таныс, бейтаныс адамдармен қатынас жасауға жетіп жатқан. Әрине, мұндай қатынастардың қандай түр мен мағынада болғандығын көз алдымызға елестету қиын болақоймас. Өз ойын дөл ері анық жеткізу үшін сөйлеушінің сөздік қоры жеткілікті болуы қажет. Сондықтан да сол қорды үнемі молайтып отыру үшін туған тілдің сарқылмас бұлағынан сусындау қажет. Қазақ тілінің сөздік қорының байлығы әр түрлі сөздіктерде көрініс тапқан. Мысалы, 1974-1986 жылдары басылып шыққан 10 томдық «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде» 97 мыңдай сөз болса, 1999 жылы шыққан бір томдық «Қазақ тілінің сөздігі» 50 мыңға жуық сөз бен сөз тіркестерін Қамтыған. Ал Қазақстан Республикасында халықаралық қатынас тілі қызметін атқаратын орыс тілінің сөздік қорына келетін болсақ, Д.И.Ушаковтың «Түсіндірме сөздігінде» 90 мыңдай сөз бар.

Сөздік қор құрамы біркелкі емес. Одан біз үш топты көреміз:
1. Стилистика жағынан бейтарап сөздер — бұлар қатынастың барлық типтері мен тілдің барлық түрлерінде қолданылады.
2. Стилистикалық бояндырылған сөздер тілдің белгілі бір түрінде немесе тілдің қызметтік стилінде қолданылады.
3. Эмоционалды бояндырылған сөздер айтушы сезімінің әңгіменің мәніне, мақсатына қатынасын көрсетеді.

.
.

Егер сөйлеушілер белгілі бір сөзді қандай стильде қолдануды білмей қиналса, олар сөздіктер мен анықтамаларға жүгінуі керек. Қазақ, орыс, т.т. тілдерінің түсіндірме сөздіктерінде сөздердің, жеке сөз түрлерінің немесе тіркестердің қолданылу аясын көрсететің стильдік белгілер болады. Мысалы, қарап (қарапайым сөз), анайы (анайы, тұрпайы сөз, вульгаризм), сып (сыпайы сөз — эвфемизм), кітаби (кітаби лексика), кәсіби (кәсіби), т.б. Мысалы, қайтыс болу (нейтр) — өлу (қарап) — марңүм болды (кітаби), арам қату (жарг.).

Сөзде, сөйлеу барысында ңолданылу жиілігіне қарай белсенді және селқос лексикаларды ажыратамыз. Белсенді лексика сөзде жиі, әрі кеңінен ңолданылады да, селңос лексикаға түрлі себептермен сирек қолданылатын арнаулы сөздер (терминдер), көнерген сөздер жатады. Көнерген сөздер арасында тарихи сөздер мен архаизмдерді атап көрсетеміз. Тарихи лексика — бұл өздері анықтайтын заттардың жойылуына, шығып қалуына байланысты қолданымнан тыс ңалған сөздер. Мысалы, абажа (ыдыс-аяқ сақтайтын үлкен кебеже, жыртқыш аңдарды ұстауға арналған үлкен шарбақ), бүғыз (қол диірменнің беткі тасындағы бидай түсіп түратын тесік). Архаизмдер — бүлар ескіріп, қазіргі тілде орнына басқа сөздер қолданылатын, белсенді лексикадан шығып қалған ұғымдар.

Әрбір тілдің құрамы үздіксіз жаңа сөздермен толықты-рылып отырады. Тілде пайда болған жаңа сөздер, немесе неологизмдер алғашқыда селқос лексикаға жатады. Бірақ, олар тез тарап, жиі ңолданысңа түсіп, белсенді лексика қүрамына ауысады. Мысалы, балмүздақ, үшақ, құжат, үжым, т.б. сөздер алғашқы кезде жаттау керінгенімен, ңазіргі уаңытта жиі қолданылып, белсенді сөздік қорынан тұрақты орын алды. Қазіргі қазақ тілінің лексикасын құрайтын сөздер өздерінің шығу тектері бойынша өр түрлі. Лексиканың әр тобының қүрамы өздерінің мағынасы және тілге енген уақытымен ерекшеленеді. Қазақ тілінің сөздік қорында байырғы тіл сөздерінен басңа араб, парсы, орыс, т.б. шет тілдерден енген сөздер баршылың. Олардың біразының қазақ тіліне ерте енгені сонша ңазіргі кезде зерттеуші ғалымдар немесе білімді адамдар болмаса, көпшілік ол сөздерді байырғы қазаң сөздері деп қабылдайды.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.