Әлеуметтендіру кезеңдері

Home » Рефераттар » Әлеуметтендіру кезеңдері
Рефераттар Комментариев нет

Әлеуметтену — бүкіл өмір сүру барысында жүретін үздіксіз үдеріс. Ол кезеңдерге бөліне жүреді. Кезеңдерге бөлуде әлеуметтену еңбек іс-әрекетінде тиімді жүзеге асырылады деп есептейді.
Еңбек іс-әрекетіне қатынасы бойынша келесі әлеуметтену кезеңдерін бөлуге болады: — еңбекке дейінгі (адамның еңбек іс-әрекетін бастауына дейінгі кезең); бұл кезеңнің өзі екіге бөлінеді: ерте әлеуметтену кезеңі -туылғаннан мектепке дейінгі кезең; жастык шақтық әлеуметтену -мектеп, колледж, жоғары оқу орындарында оқу кезеңі;
— еңбектік кезең (адамның кемелденген кезеңін қамтиды) шекарасын бөліп көрсету қиын, себебі адамның еңбек іс-әрекетіне барлық араласу уақытын қамтиды;
— еңбектен кейінгі кезең — адамның еңбек іс-әрекетін тоқтатуымен байланысты.
Әлеуметтену кезеңдерін тұлғаның әлеуметтік даму кезеңдерімен салыстыруға болады, бірақ ол оның психикалық даму кезеңдерімен сәйкес келмейді. Себебі, психолог А.В. Петровскийдің түсіндіруі бойынша, тұлға дамуын танымдык, эмоционалдық жэне еріктік ком-поненттері негізіндегі даму деңгейлері косындысы ретінде қарас-тыруға болмайды, бұл — адамның әлеуметтік жүйелік сапасының калыптасу үдерісі. Адамдар арасындағы катынастар жүйесінің субъектісі ретінде — әрбір жас кезеңінде белгілі бір жанама іс-әрекеттік (деятельностно-опосредованный) өзара катынастар типі жетекші болып табылады және ол бала үшін сол кезеңде маңызды топ, референттік топ әсерімен қалыптасады.
Осы қағидаға байланысты А.В.Пегровский әлеуметтенудің ең-бекке дейінгі кезеңдеріне қатысты түлғаның элеуметтік дамуын үш микрофазаға бөледі:
— балалык шак — элеуметтік өмір нормаларын меңгерумен анык-талатын индивидтің бейімделуі (адаптация);
— жасөспірімдік шак — индивидтің мейлінше дербестенуі негізінде «түлға болу» кажегтілігі максималды түрде байқалатын, жекешелену (дербестену), (индивидуализация).
— жастық шак — топтың және өзіндік дамуы кажегтіліктеріне сәйкес тұлға белгілері мен касиегтерін меңгерумен анықталатын интеграция.
Әлеуметтену үдерісінде түлға әр түрлі әлеуметтік рөлдерді орындайды. Сол рөл арқылы ол өзін көрсетеді. Орындалатын рөлдер динамикасы бойынша түлғаның элеуметтік элемі жайлы мағлүмат алуға болады. Әлеуметтену деңгейі жеткіліктілігі жайлы адамның гүрлі әлеуметгік топтармен қиындыксыз, өзін-өзі қинамай қатынас жасау кабілеттілігі бойынша түжырым жасауға болады.
А.В. Мудриктің анықтауы бойынша, элеуметтенудің эрбір кезең-деріне сәйкес міндеттердің үш тобы жүзеге асырылып отыруы қажет: табиғи-мәдени, элеуметтік-мәдени және әлеуметтік-психологиялық.
Табиғи-мәдени міндеттер әрбір жас кезеңдеріне сәйкес денелік және жыныстық даму деңгейлеріне қол жеткізумен байланысты. Бұл деңгейлердің эр түрлі мэдени аймақта белгілі бір нормативтік айырмашылықтары болуы мүмкін (жыныстық жетілу карқынының әртүрлілігі, әр түрлі аймақтар мен этностарда әйел, ерлер міндеттерінің әртүрлілігі т.с.с.)
Әлеуметтік-мәдени міндеттер (танымдық, моральдык-кұлыктык. қүндылык-магыналык) накты тарихи элеуметтік ортада әр жас кезеңіне сай ерекшеліктермен аныкталады.
Әлеуметтік-психологиялық міндеттер түлганың өзіндік санасымен. өзін-өзі жандандырумен, езін-езі дәлелдеумен байланысты жэне оларда эрбір жас кезеңдеріне сай өзіндік ерекшеліктері байкалуы мүмкін.
Сонымен әлеуметтену көптеген жагдайлардың өзара эсерлесуі нэтижесінде жүзеге асырылады. Осы жагдайлардың жиынтық эсері адамнан белгілі бір мінез-құлык пен белсенділікті талап етеді. Әлеу-меттену үдерісі жүру үшін қажетті жағдайларды элеуметтендіру фак-торлары деп атайды.
А.В. Мудриктің аныктауы бойынша әлеуметтендірудің фактор-лары үш топка бөлінеді:
— макрофакторлар (ғарыш, планета, әлем, ел, коғам, мемлекет) планетаның барлық түрғындарының элеуметтеиуіне эсер етеді;
— мезофакторлар (мезос — орташа, аралык) ұлттык белгісі, өмір сүру орны мен типі (аймақ, ауыл, қала), жашіай коммуникация желісі (радио, телевидения. кино) бойынша аныкталатып адамдар тобы;
— микрофакторлар (отбасы, қатарластар тобы, оку, кэсіптік жэне қоғамдык ұйымдар) нақты адамдарға тікелей эсер етеді.
Әлеуметтік топтардың түлғаның дамуына эсері эр түрлі. Мектеп жасына дейін отбасылык, жасөспірім жэне жастық шакта — қүрбы-ларының, ал кемелдік шакга еңбек немесе кэсіби үжымдардың эсері басым болуы мүмкін.
Адамның бүкіл өмірінде түрақты элеуметтендіру факторлары бар. Олар: ұлт, менталитет, этнос.
Әлеуметтендіру факторлары ішінде түлғаға баска түлғаның эсері ерекше, сондықтан казіргі кезде элеуметтендірудің басты факторы ретінде дамытушы ортаның орны ерекше. Дамытушы оргаға койылатын негізгі талаптар ізгілік қатынастар, сенім, қауіпсіздік, түлғалык даму мүмкіндігі бар жагдайлар жасау қажет. Бүл ортада шығармашылық еркіндік, эсгетикалық жзне құлықтык даму. біріккен іс-эрекет пен карым-қатынастан, өмір сүру іс-эрекетінен қанағаттануға мүмкіндік беретін өзін толық көрсегу жагдайлары да жасалуы қажет.
Әлеуметтендіру факторлары биологиялық фонды ескеретін болса түлғаны қалыптастыру факторлары да бола алады.

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.