Әлеуметтік аудит түсінігі. Аудит ұғымы

Главная » Рефераттар » Әлеуметтік аудит түсінігі. Аудит ұғымы

«Әлеуметтік аудит» ұғымы экономика саласында мекеменің қаржы қызметіне есептеу, бағалау жене талдау жасау құбылысы ретінде көпшілікке танылған. Оның «әлеуметтік» түсінігімен уйлесімі мәселенің қоғамның, оның өңірлерінің, еңбек ұжымдарының әлеуметіне қатысты екенін білдіреді. Сөз әлеуметтік арақатынас жағдайындағы адамдық орта, адамдар, олардың өмірлік мақсат-мүдделерінің билік пен бизнестің (іскерліктің) іс жоспарларында тиімді бейнеленуі мен шешілуі жөнінде болы потыр. Егер тақырып тұрғысынан қарасақ, «отандық іскерлік іс-әрекетінде Қазақстан қоғамы әлеумелнің мүддесі қаншалықты негізді бейнеленген және өзінің тиімді шешімін қаншалықты табуда?» деген сұраққа жауап ізделуде. Проблема әлеуметтанушылық зерттеудің басты қарастырылатын құбылысы етілді. Іскерліктің әлеуметтік мәні мен мәдениетін теориялық және эмпирикалық деңгейде көрсету арқылы әлеуметтік аудиттің бағалаушы, бақылаушы, талдаушы, бағдарлаушы және жобалаушы функциясы қазақстандық тәжірибеде негізделе түспек. Бұл отандық ғылым мен нақты өмір тежірибесін әлеуметтік бағалаудағы өзіндік жаңа құбылыс деуге де болар. Әлеуметтік аудиттің қоғамдық қажеттілігі өткен мыңжылдықтың орта тұсында экономикасы жоғары дамыған елдерде (¥лыбритания, Америка Құрама Штаттары) байқала түскенімен, оның неғұрлым кең қолданыла бастаған уақыты — жаңа XXI ғасырдың қарсаңы. Оған қозғаушы болған негіз — батыстық қоғамдарда инновациялық дамуды мақсат еткен мемлекет, экономика субъектілері және азаматтық қоғам институттарының өзара ынтымақтастық қажеттілігінің артуы.
Әлеуметтік аудитті жасау және пайдаланудың бастапқы кезеңінде басты назарда экономика субъектілері қызметінің әлеуметтік және экономикалық тиімділігі болды. Ол үшін ірі және экономикалық жағынан озық деңгейде түрған өндірістердің өздері мүдделілік танытты. Неге десеңіз, олар қоғамдық ортаның сеніміне ие болуды қосымша пайда табудың, еңбек өнімділігін арттырудың, шығынын азайтудың және еңбек саласындағы келіспеушілікті болдырмаудың тиімді жолы деп санады. Осы мақсатта ірі бизнестің тапсырысы бойынша олардың әлеуметгік-экономикалық қызметінің нәтижелерін әлеуметтік таңдау мен бағалау өткізіліп, оның нәтижесі пайдалана отырып, мүдделі тұтынушылармен, шаруашылық субъектілерімен тиімді ара-байланыс орнату жұмысы өріс ала бастады. Сонымен катар қоршаған табиғи және адами ортаға зиянды өнім өндіруші шаруашылықтар жұмысына қоғамдықортаның катаң талабы қысымымен де байланысты әлуметтік аудит өткізілді. Ғылыми-техникалық прогрестің жатымсыз салдарларының артуы және жаңа ақпараттық технологияның әлеуметтік қүрылымдарға, еңбекті үйымдастыруға елеулі өзгерістер әкелуімен байланысты ғылыми-технологиялық бағдарламаларды әлеуметтік бағалау — зерттеу тәжірибесінің өзіндік арнайы бағытына айналды. Бірақ оның қолданыстағы әдістері мен әдістемесі әлеуметтіктен гөрі экономикалық зерттеу әдістеріне жақын болды. «Әлеуметтік аудиттің» жаңа кезеңі нарықтық ретсіздікті ауыздықтау,
жаһандану жағдайында қоғамның тұрақты дамуын қамтамасыз ету, технологиялық қауіпсіздікті сақтау, еңбек нарығын реттеу арқылы жүмыссыздықты болдырмау мақсатымен байланысып жатты. Сол себепті экономика субъектілерінің әлеуметтік жауаптылығы мен оның қоғам алдында есеп беру мәселесі алға шықты. Осыдан келіп экономиканың түрақты және инновациялық дамуы мен әлеуметтік мәселелердің шешілуі, жаһанданушы әлемде бәсекеге қаблеттілік мәселесі де әлеуметтік аудит қарастырған проблемаға ұласты. Сөйтіп ірі экономикалық құрылымдар тарапынан әлеуметтік ғылымдардың әлөуметтік аудит өткізуіне деген сұранысы артты. Әлеуметтік аудит езіндік методологиясы бар әлеуметтік диагности-ка, экспертиза, болжамдау және жобалау қасиеттерін бойына жинақтаған кешенді зерттеу ретінде танылды. Социологиялық қолданбалы (эмлирикалық) зерттеулер нәтижесімен қатар, статистикалық матери-алдар, корпоративтік құжаттар, жаңалықтар, сауда және сот жұмыстарына байланысты деректер, т.б. ақлараттар қоса пайдаланылды. Әлеуметтік аудит саласының зандық негіздері қалыптаса бастады: Бельгиядағы «Әлеуметтік аудит туралы», Франциядағы 2001 жылғы «Экономиканы реттеудің жаңа бағыттары туралы» заңдары еңбекке орналастыру, ендірістің және ондағы еңбек етушілердің даму жағдайы, әлеуметтік телемдер мен жалақы, еңбек қауіпсіздігі мен еңбек етушілер денсаулығының қорғалуы, кәсіптікбілімдену мен өсу, еңбек қатынастары мен ұжымдық келісімшарттар, қосымша телемдер мен «қатысу жүйелерінің» дамуы, ендірісті қайта ұйымдастыру мәселесін қарастырған. Олар әрі Біріккен Ұлттар Ұйымының Жалпыға ортақ Адам құқықтары туралы Декларациясы талаптарын да ескерген. Өткен мыңжылдықтың соңына қарай Б¥¥ бастамасымен бизнестің қоғамдағы экономикалық, экологиялық және әлеуметтік мәселелерді шешуге қосқан үлесін айқындап бағалайтын әлеуметтік жауапкершілік индексі пайдаланыла бастады. Он түрлі бағалау индексі арасында дискриминациялық кемсітуге жол бермеу, персонал және жергілікті қауымдастықлен арақатынас, экология сияқты керсеткіштер бар. Әлеуметтік аудит осы талаптарға сай болуды қарастырады. Электроника, ІТ-технология, энергетика, машинажасау, мұнай-газ, т.б. салалардың ірі ендірістік компанияларының 80 пайызы осындай бағалаудан етуде. 2002 жылдан бастап ұлттық деңгейде тек қаржы есебін ғана емес, әлеуметтікесеп беруші де ірі компаниялардың сань! екі есеге артқан. Әлеуметтік аудиттің мәнінің артуына байланысты оның теориялық және практикалық мәселесімен арнайы шұғылданатын мекемелер пайда болуда. Олардың қатарында ұлыбританиялық «Әлеуметтік және этикалық есеп институты», Францияның «Әлеуметтік аудит институты», американдық «Видео» және Швецариялық «ЗАМ» институттары. Әлеуметлк аудит казіргі уақытта жаһандық мәнге ие болуда және жаһанданушы процестің маңызды бір элементіне айналуда. Дегенмен, қоғамдардың әлеуметтік мәдениетінің деңгейіне, экономикасының дамуының сипаты мен өзіндік тарихи жағдайына байланысты оның ұлттық ерекшеліктері де байкалуда. Айталық, әлеуметтік аудит АҚШ-та экономиканың дамуын қадағалаушы фактор болса, Германияда нарықтық экономиканың әлеуметтік бағдарлануына, жалдамалы еңбеккерлердің өндірісті басқаруға қатынасуына мән береді, Ал Францияның әлеуметтік аудиті қоғамдағы әлеуметтік қатынастарды жетілдіруді, алеуметтік саясатты және әлеуметтік жанжалдардың алдын алуды қарастырады. Әрқайсысының әлеуметтік, қоғамдық мәнділігіне қарамастан, Француздық тәжірибенің әлеуметтік аудиттің шынайы мәніне барынша жақын екенін атап айту керек жөне бұл елдің әлеуметтанушыларының пікірінше, әлеуметтік аудит — әлеуметтік диа-гностика, экспертиза, әлеуметтік бағдарлау мен жобалауды қоса қарастыратын кешенді зерттеу жұмысы. Әлеуметтік қатынастарды жетілдіру мәселесі экономиканы жасаушы адамдық байланыстарды бірге қарастыруға тиіс. Жақын жатқан шетелдік ғалымдар да әлеуметтік аудит мәселесіне назар аударып, оны әлеуметтану ғылымының тарапынан қарастыра отырып, қоғамдық өмірдің жекелеген саласында қолданысқа енгізуге талпыныс жасауда. Айталық, Д.В. Резниченко жерллікті өзін-өзі басқару жағдайында әлеуметтік аудитті пайдалану туралы диссертациялық зерттеуі нәтижесінде төмендегідей қорытынды жасаған:
— әлеуметтік аудит — әкімшілік кеңістіктегі әлеуметтік объектінінің дамуын әлеуметтанушылық ғылыми зерттеудің көмегімен әлеуметтік диагностикалаудың, бақылаудың, үзіліссіз әлеуметтік болжамдау мен жобалаудың тиімді технологиясы, методологиялық қойылымдар мен таддау әдістерінің жүйесі; әлеуметтік жүйені бағалаудың әдісі, әлеуметтік технологияның бірі ретінде әлеуметтік аудиттің өзіндік зерттеу, талдау айқындаушылары мен тиімділік критерийлері болатыны; әлеуметтік айқындаушылар қатарында — денсаулық, жастармен жұмыс, білім сапасы, әлеуметтік қорғау, тұрмыстық-коммуналдық жағдай, сауда, көріктендіру, ұлтаралық қатынас, қоғамдық жол қатынасы, тұрмыстық қызмет, қоғамдық тәртіп, спорт пен дене шынықтыру, бос уақытты ұйымдастыру мен демалыс, қоғамдық тамақтану мен экология мөселелері де бар; жергілікті өзін-өзі басқаруды және оның функциялық қызметін дамыту қажеттілігі әлеуметтік диагностика мен әлеуметтік багдарлаудың қажеттілігін арттыруда; жергілікті басқаруды инновациялық және әлеуметтікжетілдірудің аса маңызды әдісінің бірі -социологиялық талдау мен бағдарлауды тиімді пайдалану. Келтірілген ғылыми пікір тек әлеуметтік сала институттары мен жергілікті өзін-өзі басқаруға ғана қатынасты екені белгілі болды. 2007 жылғы Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің «Теориялықжәне қолданбалы социологиялық зерттеулер лабораториясы» ұйымдастырып өткізген «Патриотизм -қазіргі инновациялық дамушы қазақстандық қоғамның әлеуметтік мәдениетініңзаңды құрылымдаушы қүбылысы» халықаралықғылыми-практикалық конференциясына (27-28 маусым 2007 жыл) «Социальный аудит как компонент инновационного развития государства» атты ғылыми баяндамамен қатынасқан социология ғылымдарының докторы, Ресей Федерациясы Еңбек және әлеуметтік қатынастар институтытың филиалы болып табылатын Башкортостан әлеуметтік технологиялар институтының ректоры Г. Т. Галиев төмендегідей маңызды әлеуметтік ойлар мен тұжырымдарды ғылыми ортаға шығарған еді; — азаматтық қоғамның қалыптасуының әса маңызды факторы азаматтық ортаның өзінің жоғары деңгейдегі әлеуметтенуі (еңбек ресурстарын рационалды және үнемді, тиімді пайдалану, адамдардың адамгершілікті денсаулығы, әлеуметтік ортаны қалыптастырудағы жауаптылығы, кедейшілікті барынша азайту мағынасында). 2005-2006 жылдары аталған институттың азаматтық қоғамның қалыптасуына байланысты социологиялық зерттеулері ресейлік елеуметтің өзінің жауаптылығының әлі төмен деңгейде екенін көрсеткен. Мемлекеттік істерге қоғамдық ортаның немқұрайлылығы мемлекет тарапынан да немқұрайлылықты арттырып, нәтижесінде бір-біріне деген сенім мен өзара мүдделілік төмендейді. Азаматтардың әлеуметтік қорғалуының төменгі жағдайы оныңтағы бір себебі болып отыр. Ол, сөзсіз, қоғамның әлеуметтік денсаулығына ықпалын тигізеді. Жағдайдан шығудың бір жолы — мемелекет, бизнес және кәсіподақтардың әлеуметтік әріптестік шеңберінде өзара байланысы. Ол кез-келген (таптық немесе тұлғалық) диктатураны ысырып қойып, азаматтық қоғам мәселелерін кез-келген деңгейде тиімді шешудің кепілі. Оның негізінде үш жақтың да шешім қабылдап, оны іске асырудағы жауаптылықты бөлісуі ғана жатқан жоқ, сонымен бірге мемлекеттік органдардың экономиканы басқару ісінде барлықәлеуметтік қабаттар үшін жауаптылықты бір қолға жинау монополиясын босаңсытуының тетіктері де жатыр; — соңғы жылдары биэнес-қауымдастықпен арабайланыс орнату қадамдары іске асырылуда. Кез-келген өлеуметтік жоба халықтың нәқты сұранысына бағдарлануы тиіс. Егер соңғы уақытқа дөйін менеджменттің басты мақсаты барынша табыс табу болып келсе, ендігі жерде фирманың тұрақты дамуының кепілі ретіндегі әлеуметтік жауаптылыққа назар аударылуда. Көптеген европалық ірі компаниялар (750) басшыларымен жүргізген ақпарат кездері зерттеулері олардың бірінші орынға кадр мәселесін, екінші орынға бизнестің әлеумёттік жауаптылығын қоятындығын керсеткен. Өркениетті ортада іскерліктің соңғы нәтижелері оның әлеуметтік жауаптылығы, ашық корпоративтік есеп беру рейтингісімен анықталады;
— қазіргі ресейлік қоғамда әлеуметтік бағдарламалар, отандық бизнестіңәлеуметтікбағдарламаларға қатысы туралы хабар аз, ақпарат жеткіліксіз. Әлеуметтік жауапты компаниялар саны да әлі аз. Әлеуметтік әріптестік, қайтарымды арабайланыстар, стратегиялар мен тактика-ларды осы тұрғыда реттеу мәселесінде әлеуметтік аудит езіндік рел атқара алар еді;
— әлеуметтік аудит, біріншіден, қабылданғанстратегияның дұрыстығын, оның халықтың нақты сұранысына бағдарлануын тексе-руге, болашаққа әлеуметтік болжам жасауға, екіншіден, компаниялардың әлеуметтік саясатының дұрыс жоспардануына, ол туралы қоғамды ақпараттандыруға, үшіншіден, компаниялардың бизнестік қызметіне азаматтардың сенімін арттырып, езара диалог орнатуына ықпал ете алады. Батыс компаниялары қызметінде әр жыл сайын әлеуметтік бағалау практикасы кең орын алған тәжірибе бар. Одан іскер компаниялар тек ұтыс жинауда. Әрі алыс шетелдер компаниялары корпаратив-тікәлеуметтікжауаптылықмәселесімен шұғылданушы вице-президент қыэметін енгізуді дәстүрге айналдырған;
— әлеуметтік аудиттің құқықтық негіздері жасалуға тиіс. Оны даярлауда және әлеуметтік жауаптылықты бағапауға арналған әлеуметтік технологиялар жүйесін қалыптастыруда ғылыми ортамен қатар кәсіподақтар елеулі қызмет атқаруға тиіс.
Жалпы, Ресей Федерациясы да әлеуметтік аудиттің ғылымының жасалуының және оның накты істе тәжірибеленуінің бастапқы кезеңінде. Нарықтық қатынастың тереңдеуі жағдайында еңбек саласындағы әлеуметтік-еңбек әріптестігін, осы мақсатта мемлекет пен бизнестің арақатынасын жетілдіруді көздеген кәсіподақ ұйымдары — әлеуметтік аудиттің әрі бастамашылары, әрі тапсырыс берушілері. Кәсіподақтар талап етуі бойынша әлеуметтік аудиттің мемлекеттік заңы даярлануда. Еңбек және әлеуметтік қатынастар Академиясы «Әлеуметтік аудиттің ресейлік концепциясын» жасап, оны атқарушы билік алдына ұсынған. Қорыта айтқанда, әлеуметтік аудитті пайдапану арқылы әлеметтік бақылау, бағалау, бағдарлау және жобалау саласында еңбек еткен ғалымдардың кепшілігі оның сенімді теориялық-методологиялық негізі мен әдістерінің болуы қажеттілігіне назар аударып келген. Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік аудитғылымы мен оның іс-тәжірибесіне келетін болсақ, оны әлеуметтану ғылымының қоғамда альіп отырған орнынан тыс алып қарау мүмкін емес. Тәуелсіз жас мемлекеттің лайда болуы кезеңінен-ақ мөмлекет басшылығының әлеуметтанушылық зерттеулерге ерекше мән беруімен байланысты әлеуметтік аудиттің бірқатар қырлары нақты қоғамдық өмір талаптары мен ресми саясаттың арасын үйлестіруші фактор ретінде әлеуметтік практикаға енді. Тәуелсіз жас мемлекет өзінің қалыптасуының апғашқы жылдарында бірқатар күрделі экономикалық, саяси, әлеуметтік проблемалармен бетпе-бет келді. Оның бірі кешегі ортақ отанның ыдырауымен байла-нысты болса, екіншілері дамудың жаңа бағытына бет алып, оны орнықгыру қажеттіліктерінен туындады. Соның ең елеулі мәселелері деп мыналарды атаған болар едік: ұлтаралық қатынастар мәселесі, жаңа құрылған мемлекеттік шекаралардың жағдайы талай адамдар алдына «мен қай елдің азаматымын ?» деген сұрақ қойғызды; кешегі социалистік әлеуметтік-экономикалық және рухани-моральдық құндылыктардың жаңадан орын тебе бастаған нарықтық және капита-листік қатынастар құндылықтарына орын беруі терең экономикалыц-әлеуметтікдағдарыспен қабаттасыпжатты; мемлекеттікжәне колхоздық кооперативтік меншіктің, негізінен, жекешелендірілуге шығарылуы жаңа әлеуметтік стратификациялық құрылымды тудырып, елдің тек ұлттық біртұтастығын ғана емес, әлеуметтік тұрақтылығын да қамтамасыз етуді барынша өміршең, өткір мәселеге айналдырды. Жас мемлекеттің сыртқы қатынастарын реттеп, бекітіп әрі ішкі саясатының стратегиялық бағыттарын нақтылау барысы зор ғылыми-практикалық ізденістерді тапап етті. Жалпы алғанда, 90-жылдар жас тәуелсіз мемлекет, оның басшылығы мен әлеуметі үшін аса зор сын жылдары болды, Осындай қиындығы мол болғанымен, Тәуелсіз Қазақстанның шаңырағын көтеріп, керегесін керіп, іргесін бекітужағдайында Елбасы бастамасымен Президент басшылығы жанынан құрылған әлеуметтанушы лық зерттеу және сараптау орталығы мемлекет саясатының, әсіресе, ішкі әлеуметтік саясатының ғылыми-практикалық негізделуіне зор үлесін қосқанын атап айту керек. Жалпы, Елбасының мемлекет басшылығы теңірегіне тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап-ақ қабілетті ғалымдарды (экономистер, заңгерлер, философтар, әлеуметтанушылар) жинақтауы өз нәтижесін беріп келе жатқан елеулі ғылыми-практикалық құбылыс. Мемлекет Президенті аппараты жанында социологияғылымдарының докторы, профессор Марат Тәжин басшылығымен жұмыс жасаған әлеуметтанушылық зерттеу орталығының ел тағдырына қатысты аса маңызды проблемалар бойынша орындаған толыққанды зерттеулері мөмлекет пен халыц арасын байланыстырып, өткір мәселелерді дер кезінде назарға алуға мүмкіндік берген елеулі фактор. Қазір де «Са-лыстырмалы социологиялық зерттеулер орталығы»- «Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институты» сияқты зерттеу институттары әлеуметтің талап-тілектері мөн ой-пікірлерін зерттеп, мемлекет басшылығының назарына ұсынуда өзінің зор рөлін атқарып келеді. Біздің түсінігімізше, әлеуметтік аудиттің қазақстандық қоғам шындығында негізделуі мен нәтиже бере бастауы осы кезеңдерде басталды. Қазақстан социологтерінің республикалық бірлестігі жетекшілері мен мемлөкет басшылығы жанындағы социологиялық зерттеу орталығының М.М. Тәжин, С.Т. Сейдуманов, З.Ш. Шаукенова, С.А. Коновалов, Б.И. Ракишева сияқты белгілі әлеуметтанушы түлғаларының мемлекеттік саясат теориясы мен оның эмпирикалық негізделуімен етене байланысының болуы республикадағы әлеуметтік аудит элементтерінің қолданысқа енуінде үлкен рөл атқарғандығы даусыз. Сонымен қатар Алматы, Астана қаласындағы іргелі әлеуметтанушылық орталықтар мен республика өңірлеріндегі білікті әлеуметтанушылардың әлеуметтік қатынастың әркелкі салаларында әлеумет мүддесін бейнелеуші теориялық және импирикалық зерттеулері арқылы әлеуметтік бақылау, бағалау, бағдарлау, жобалау жұмыстарына қатынасуы да әлеумет мүддесін қадағалау ісінен тыс жатқан жоқ. Нәтижесінде, қазақстандық қоғамда әлеуметтанушылық әлеуетке, оның өлеуметтік аудит элементтерімен ұштасып жатқан қызметіне жаңаша жатымды көзқарас пен мәдениет қалыптасып, орнығуда.
2008 жылдан бастап елдің шығыс өңіріндегі іргелі университет -Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің, оның ректоры техникалық ғылымдар докторы, профессор, көптеген халықаралық академиялар академигі Ғалым Мұтановтың бастамасымен құрылған теориялық және қолданбалы социологиялық зерттеулер лабораториясының және интеллектуалдық қызмет көрсетуші үкіметтік емес ұйым болып табылатын «Әлеумет» социологиялықжәне психологиялық зерттеулер орталығы (құрылтайшы — әлеуметтану ғылымдары докторы Т.Ж. Қалдыбаева) базасында «әлеуметтік аудит» теориясы және зерттеу тәжірибесімен арнайы шұғылдану жұмысы жүргізіле бастады. Оған жатымды ықпал еткен екі фактордың бірі — Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің, Қазіргі саясат халықаралық институтының 2005 жылдан бері Алматы қаласында жыл сайын өткізіп келе жатқан «Әлеуметтік идеялар мен жобалар» Жәрмеңкесі, екіншісі — 2008 жылдан бастап аталған Жәрмөңкеге Қазақстан РеспубликасыныңТуңғыш Президентінің қоғамдық қорының қосылуы. Жыл сайынғы өткізіп келе жатқан жәрмеңкеге өзінің әлеуметтік-танымдық жобасын ұсыну арқылы, әлеуметтанушылық интеллектуалдық қызмет көрсете алатын «Әлеумет» үкіметтік емес ұйымы қоғамдық мәнді мәселелерді шешуге қатынасуға байланысты қаржылық қолдау таба алды. Нәтижесінде, қазақстандық ғылыми-танымдық ортада «Әлеуметтік аудит» өзіндік теориялық, методологиялық, эмпирикалық және праксеологиялық қырларынан негізделіп, қоғамдық өмірдің жекелеген маңызды мәселелерін әлеуметтің түпкілікті мүдделері тұрғысынан қарастыруға мүмкіндік алды.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.