Әлеуметтік психология ғылым ретінде

Главная » Рефераттар » Әлеуметтік психология ғылым ретінде

Батыс мектептеріндегі әлеуметтік психологияның қалыптасуы. Әлеуметтік психологияның негізгі бөлімдері: 1. Әлеуметтік топтардың психологиялық сипаттары. 2. Тұлға психологиясы. 3. Адамдардың бірлескен қызметіндегі араласу және өзара әрекеттестік заңдылықтары. 4. Түрлі қауымда қалыптасқан тұлғалар арасындағы қатынастар.

Әлеуметтік психологияның философия ғылымының қүрамында бұрынғы ұзақ тарихы жөне біршама қысқа — жүз жылға жуық — дербес ғылыми пән ретінде даму жолы бар. Әлеуметтік-психологиялық тұжырым бастапқыда түрлі философиялық ағымда жасалды. Әлеуметтік психология дербес ғылым ретінде XIX ғасырдың ортасывда негізгі екі «негізгі» пән: психология және социология пәндерінің ішінде қалыптасты, оның элементтері тіл тану, этнография, антропология, криминология сияқты нақты ғылымдардың ішінде де қалыптасты. Социология табиғатты және қоғамдық, топтық және жеке нормалар мен құндылықтарды қарайды. Әлеуметтік психология адам тұратын микро және макро ортаның өсерін және оның тұлғасының жеке ерекшеліктерін ескере отырып олардың қалыптасуының нақты механизмдерін зерттейді.

Социология тұлғаның әлеуметтік белсенділігінің көздерін зерттейді. Әлеуметтік психология осы белсенділіктің пайда болу жолдары мен зандылықтарын зерттейді. Социология тұлғалар арасыңдағы байланыстардың әлеуметгік мәнін қарайды. Әлеуметтік психологияны әрбір жеке адамның немесе жеке әлеуметтік топтың қызметіңде осы мән қалай және қаңдай нысандарда пайда болатынын қызықтырады. XIX ғасырдың ортасыңца Еуропада тіл тану да ерекше көп дамыды. Осы уақыттағы капитализмнің жылдам дамуы, елдер арасындағы экономикалық байланыстың көбеюі халық миграциясыньщ белсенділігін арттырды. Сондықтан тілдік қарым-қатынасты және халықтардың өзара әсерін, халық психологиясының түрлі компоненттерімен тілдің байланысын зертгеу қажеттілігі пайда болды. Осы проблемаларды тіл танудың өз қүралдарымен шешуге жағдайы жоқ. Осы уақытта жинақталған фактілерді ғылыми зерттеу үшін әлеуметтік психологияның қызмет көрсетуіне мүқтаж болған антропология, этнография және археология салаларында да едәуір фактілер жинақталып қалды. Ағылшын антропологы Э. Тайлер алғашқы қауымдық мөдениет туралы жүмысын аяқтады, америка этнографы жене археологы Л. Морган үндістердің түрмысын зерттейді, француз социологы жене этнографы Леви-Брюль алғашқы қауымдық адамның ойлау ерекшеліктерін зерттейді. Осы барлық зерттеулерде жекеленген этникалық топтың психологиялық сипаттарын, медениет өнімдерін дәстүрлі салттармен байланысын жене т.с. есепке алу талап етілді.

.

Капиталистік қоғамдық қатынастардың дамуы қүқыққа қарсы мінез-құлықтың жаңа нысандарын тудырды және оның криминология себептерін түсіндіру үшін әлеуметтік қатынастар саласында ғана емес, сонымен бірге адамдардың міяез-қүлқының психологиялық сипаттарынан іздеуге тура келді.
Жаңа ғылыми проблемаларды зерттеуге тура келген, «әлеуметтік психология» деген атқа ие болған жаңа ғылымның қажеттілігі пайда болды. Осы қажеттілік елеуметтік психологияның тікелей «ата-анасы» болып табылатын сол екі: психология мен социология ғылымдарының дамуыңца озін аса айқын керсетті. XIX ғасырдың ортасыңда психология бізді қызықтыратын тұрғыдан алып қарағанда жеке адамның психологиясына мән бере отырып дамуымен сипатталды. Тек оның жекелеген бөліктеріңде ғана, ең алдымен патопсихологияда, адамдардьщ өзара іс-әрекет жасауының, олардың өзара әсер етуінің өзіндік нысандары туралы болашақ тұжырымдамалар өсіп шықты. Осы түрғыдағы ерекше серпін психиатриялық практиканың дамуын берді, ішінара алғаңда гипнозды сендірудің өзіңцік нысаны ретінде пайдалану. Жеке адамның мінез-қүлқын психикалық реттеудің басқа жеке адам тарапынан басқару әсеріне тәуелді болу фактісі ашылды. Осылайша зерттеу әлеуметтік психологияньщ қүзыретіне қатысты проблемаға тығыз келді.
Әлеуметтік психологияның «ата-анасының ата-анасы» — социология тек XIX ғасырдың ортасыңда ғана дербес ғылым ретінде қалыптасты. Социология өзінің пайда болуының ең басынан бастап білімнің басқа салаларынан алынған заңдар арқылы бірқатар өлеуметтік фактілерге түсінік беруге тырысты. Мысалы, психология зандары.

Әрбір қоғамдық құбылыстың психологиялық жағының болу фактісі социологтарды, ең алдымен, жеке психикаға алып келді. Мысал ретінде француз социологы Габриэл Тардтың тұжырымын алуға болады. Оның пікірінше, қарапайым әлеуметтік факт бір ми шегінде ғана емес, бірнеше ойдың қиылысуында жөне интерментальдық (менталитет — белгілі қоғамда тамыры жайылған түсініктер, қүндылықтар, мақсаттар кешені) психологиямен зерттелуі тиіс. Әлеуметтік жалпы модельді Тард біреуі екіншісіне еліктейтін жеке адамның өзара қатынасы ретінде түсіндірді. Осындай түсіндіру модельдері қоғамдағы болып жатқан процестерді шьшайы және толық аша алмады. Соңдықтан кейіннен әлеуметтік заңдары ұжымдық психиканың заңына ұласты. Әлеуметтік білім жүйесіндегі ерекше бағыт — социологиядағы психологиялық бағыт осылай ресімделді.

.

Оның негізін қалаушы америкалық ғалым Лестер Франк Уорд (1814 — 1913) назарды қоғамдық өмірдің психологиялық механизмдерін зерттеуге шоғырландырды. Оньщ пікірінше, табиғи процестерден әлеуметтік өмірдің айырмашылығы бар. Бастапқы әлеуметтік күш ретінде Уорд аштық, шөл, жыныстық қажеттілік сияқты табиғи импульстерді көрсететін ықыласты атап көрсетті. Олардың негізівде іске асырылуы адамның шығармашылық іс-әрекетінде болатын және қоғамның дамуын қамтамасыз ететін («жеке телезис» деңгейінде) аса күрделі ойлау, моральдық және эстетикалық қажеттіліктері қалыптастырылады. «Ұжымдық телезисті» негізгі тасымалдауын ретінде ол, Уорд бойынша, таптар, құқық, және т.с. сияқты институттармен қатар нәсілдер кұресінен туындайтын мемлекетті қарады.

.

Уордтың психологиялық эвюлюционизм идеялары оның отаңцасы Франклин Генри Гидцингстің (1855-1931) жұмыстарьшда одан әрі дамытыдды. Оның пікірінше, бастапқы әлеуметтік факт жеке адамды, «халықтық рухты» емес, «рудың сезімі» (яғни, адамдардың өзара түсінігін жөне коммуникациясын қамтамасыз ететін үжымдық сана) дегенді қүрайды. Осыдан — әлеуметтік факт бүл әлеуметтік парасат. Оны зерттеумен «қоғамның психологиясы» немесе социология шүғылдануы тиіс. Ғалымның пікірінше, қоғам — физико-психикалық организм, «аздап санасыз эволюцияны, аздап саналы тұрғыны білдіретін» ерекше тұрдегі үйым. Сондықтан қоғамдық процестерді социологиялық талдау объективті-табиғи және субъективті-психологияльгқ факторларды зерттеуді біріктіруі тиіс.

XIX ғасырдың екінші жартысына «халықтар психологиясы» (М. Лацарус, X. Штейнталь, В. Вундт), «бүқара психологиясы» (С.Сигеле, Г. Лебон), өлеумеітік-психологиялықтүжырымдарын, У. Мак-Дугаллдың «өлеуметтік мінез-қүлықтың сезімдері» теориясын қүрудың алғашқы қадамдары жатады.
Әлеуметтік социологияның бар болуыңцағы езіңцік нүктесін есептеу 1908 жылдан басталады, сол кезде Мак-Дугалл мен Росстың атьшда «елеуметтік психология» термині кірген жұмыстары бір мезгілде пайда болды. Әлеуметтік психологияға жалпы психологиялық проблемалардың белгілі бір аспектілерін, соңдай-ақ социология мен психологияның «арасында» қалған құбылыстар мен процестер шеңберін жатқыза бастады. Әлеуметтік психология зерттейтін қүбылыстар жиынтыгы белгілі бір жүйені білдіреді. Әлеуметтік-психологиялық қүрылым ретінде тулга («әлеуметтік жеке адам») және оның әлеуметтік мінез-қүлқының психологиялық механизмдері орталық, жүйе қүрушы элемент ретінде болады. Бірінші реттегі шағын жүйе — араласу және жекелеген әлеуметгік жеке адамдардың өзара іс-әрекетінің байланыстарымен қүрылған шагын топтардың (отбасы, ұйым) әлеуметтік психологиясы.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.