Лимфа және лимфа айналымы

Главная » Рефераттар » Лимфа және лимфа айналымы
1_533e5a77daff5533e5a77db032

Лимфа және лимфа айналымы

Денедегі қан, лимфа ткань сұйықтығы организмнің ішкі ортасын құрайды. Ткань сұйықтығы әрбір жеке клеткаларды шая отырып, оларды қоректендіруде, зат алмасу процесін қамтамассыз етуде зор роль атқарады. Дененің бірлі — жарым ағзаларының ғана клеткалары қан капиллярларымен тікелей жанасады. Көпшілік ағзалар мен тканьдерде капиллярлар мен клеткалар аралыганда дәнекер тканьдер талшығымен, белокты гомогенді заттармен, ерекше клетка аралық сұйықпен толған куыс орналасады. Адам мен жоғары сатыдағы дамыған жануарлар жер бетінің түрлі құбылмалы жағдайларында тіршілік етуге бейімделген. Оның есебі жогары сатыда дамыған организм өзінің ішкі ортасының тұрақтылыған сақтай алады. Ішкі орта тұрақтылығын молекулалық, субклеткалық, тканьдік, органдық, нервтік және нервті — гуморальдық механизмдер қалыптастырады. Гомеостаз бен непзп физиологиялық функциялардың тұрақтылығы сау организмге тән қасиет. Организмнің ішкі ортасын сыртқы әсерлерден тері, тыныс органдары, ас қорыту жолы, бауыр т.с.с. сыртқы тоспалар қорғап тұрады. Сонымен қатар организмде қанды клеткалар мен тканьдерден бөліп тұратын ішкі тоспалар да болады.

Лимфа жүйесінің құрылым принципі

Лимфа-лимфа тамырлары мен лимфа түйіндеріндегі сұйық зат. Ол ұлпалық сұйықтың лимфа капиллярларына өтуінің нәтижесінде пайда болады. Лимфа организмнің ішкі ортасын қанмен байланыстырады. Оның негізгі қызметі- белоктарды ұлпа аралық қуыстан қанға қайтару. Ол организмде суды таратуда, сүт түзуде, ас қорыту, зат алмасу процестерінде маңызды роль атқарады. Лимфа жүйесі жайлы алғашқы мағұлматтар тек XVI ғ. пайда болды. Жылқының вена тамырларын зерттеу үстінде Италия ғалымы Евстафий кездейсоқ жағдайда лимфа жүйесінің көкірек өзегін ашты. Осы елдің басқа зерттеушісі – Азелий шажырқайдағы ақ тамырларды зерттеді. Ал лимфа жүйесін терең зерттеулерді Италия студенті Пике атқарды. Лимфа жүйесі лимфа тамырларынан, лимфа түйіндерінен, көкірек және мойын өзектерінен тұрады. Лимфа капиллярлары құрылысы жағынан қан капиллярларына ұқсас. Олардың эндотелий табақшаларынан түзілген жұқа қабырғалары ұлпааралық қуыстарды астарлай орналасады. Лимфа капиллярлары анастомоздар арқылы жалғасатын қаналдар торабын құрып, біртіндеп лимфа тамырларына айналады. Бұл тамырлардың арнасында веналардағы тәрізді қақпақшалар орналасқан. Лимфа тамырларының өте қабырғасы дәнекер ұлпалар мен біріңғай салалы ет талшықтарынан құралған. Олардың ішкі қабығы бір қабат энтотелий торшаларынан түзілген. Ірі лимфа тамырлары қан тамырлары сияқты сезімтал және қозғағыш жүйке талшыктамен жүйкеленген. Ұлпа аралық қуыстардан шыққан сұйық лимфа тамырларына жиналып, аумақтық лимфа түйіндерінен өтеді де, көкірек және мойын өзектері арқылы қуыс веналарға құйылып, оң жүрекшеде вена қанымен араласады.  Лимфа тамырлары денеге кәріздік (дренаждық) жүйе құрып, органдардағы торша аралық сұйықтың артық мөлшерін алып шығады. Лимфа капиллярларының өткізгіштігі жоғары болғандықтан, лимфа жүйесіне әр түрлі бөгде заттар өтік кетеді. Олар биологиялық сүзгі қызметін орындайтын лимфа түйіндерінде сүзіледі де, торлы эндотелийлік торшалардың қатысуымен залалсызданады. Лимфа түйіндерінде лимфациттер де түзіледі. Жұқпалы аурулар қоздырғыштары лимфа жүйесімен де тарайды.

.

Лимфа және лимфа айналу

Адам денесінің клеткаларының арасында сұйықтықпен толып тұратын өте кішкене кеңістіктер болады. Осы клетка аралық жолдардан тұйық капиллярлар тоы түрінде лимфа тамырларының жүйесі басталады. Бұл лимфа капиллярлары олардан ірірек лимфа сосудтарына жалғасады; кейінгілер дененің әр түрлі учатоктерінде / қолтықта, мойында, шапта/ лимфа түйіндеріне келеді де, онда өте майда тамырларға тарамдалады. Лимфа түйіндерінен шыға берісте олар қайта бірігіп, үлкен сосуда құрайды. Бүкіл денедегі лимфа көкірек лимфа жолы және мойын лимфа ьтамыры арқылы оң және сол бұғана асты веналарына құяды. Лимфаны құрамы. Қан ешуақытта денедегі клеткаларымен тікелей жанаспайды. Қанмен келетін қоректік заттар, оттегі және тағы басқалар, клеткалар араларын толтырып жатқан мөлдір я сорғыштау сұйық зат- ткань сұйықтығы арқылы беріледі. Әртүрлі органдардан ағатын лимфаның өзіндік ерекшіліктері болады, себебі, әрбір органда жүретін алмасу процесінің өзіндік өзгешіліктері бар. Мысалы, ішектен ағатын лимфаны сүт сөлі деп атайды. Оның себебі,ішектен лимфаға ас қорыту кезінде өте майда май түйіршіктері өтедіде, ол лимфаның түрін ағартады. Адам лимфасында -94-95,8% су, 2-3%-ке дейін белок ( альбумин, глобулин, фибриноген); оның ішінде фибриноген-0,04-0,06%; азлап дәнді лейкоциттер, лимфоциттер болады. Эритроциттер жоқ. 0,7-0,8% минерал тұздары; 0,4-0,9% май боладыы. Сыбағалы салмағы – 1,012-1,023. Көкірек ағысы арқылы тәулігіне 1-3 л. Лимфа қанға құйылады.

Лимфаның жасалуы

Лимфаның құрамы плазманікіне өте ұқсас болғандықтан оны қаннан пайда болған деп есептейді. Қан капиллярларынан су мен плазмада еріген біраз заттар тканьге, одан әрі лимфа капиллярларына өтеді. Өйткені қан капиллярларының қабырғасы жартылай өткізгіш, бірақ таңдап өткізгіш мембрана; онда ультрамикроскопиялық саңылаулар бар; осылар арқылы үзілу жүреді.Капиллярлардың артериялықбөліміндегі 30-35мм. Hg қысым судың плазмадан ткань сұйықтығына өтуін жеңілдетеді. Ал бұған белгілі дәрежеде онкотикалық қысым /25 мм. Hg/ кедергі келтіреді. Филтрациялық қысым = /30-35/=6-10мм. Hg. Бірақ бұл айырмашылық лимфа жасауға жеткіліксіз.

Лимфаның құрамы мен қасиеттері

Лимфа – мөлдір сарғылт түсті сұйық . түрлі органдардан ағатын лимфаның құрамы әртүрлі . мысалы ішектен шыққан лимфа құрамында негізінен альбуминдер ғана болады , глобулиндер болмайды. Ал бауыр лимфасының құрамында қан плазмасындағы мөлшерде белоктар ұшырасады. Аш мал лимфасы 1,015 шамасында түзсіз мөлдір сұйық. Оның құрамында белоктар және белокқа жатпайтын азотты қосылыстар, глюкоза, гормондар, тұздар, ферменттер, витаминдер және антиденелер кезедеседі.
Құрамы жағынан лимфа белоктар плазма белогына ұқсас, бірақ олардың мөлшері өте аз.белоктардың ең аз кқнцентарциясы (1- 2 пайыз) аяқтардан, теріден, еттен шығатын лимфада кездеседі. Себебі бқл органдар капиллярларының өтімділік қасиеті өте төмен. Белоктар мөлшерінің аз болуына байланысты лимфаның тұтқырлығы мен тығыздығы плазмамен салыстырғанда төменірек. Лимфа құрамында хлоридтер мен бикарбонаттар концентрациясы көбірек. Оның әрекетшіо ортасы сілтілік, сутектік көрсеткіші қан плазмасынан жоғары. Лимфада эритроциттер болмайды,аз мөлшерде лимфоциттер, моноциттер және гранулоциттер кездеседі.Лимфа құрымнда тромбоциттер болмағанымен фибриногеннің болуына байланысты ол ұйыйды.  Лимфа құрамы мен мөлшері ол ағып шыққан ағзаның физиологиялық күйіне қарай өзгертіп отырады.Мысалы, майлы азық жегеннен кейін ішек лимфасының құрамында май тамшылары көбейіп, ол сүт түстес жағдайға келеді. Лимфа бауырда қарқынды түзіледі. Ағза массасының әрбір килогармына шаққанда бауырда 21-36 мл, жүректе- 5-18, көк бауырда- 3-12, аяқ еттерінде- 2-3 мл лимфа түзіледі. Көкірек өзегі арқылы қанға малдың ірі массасының әрбір килограмына шаққанда сағытына 2 мл лимфа құйылады. Салмағы 500 кг сиыр қанында тәулігіне 24 л лимфа қосылады. Ағзалардан ағатын лимфа мөлшері қан қысымы жоғарлағанда, органға келген қан мөлшері артқанда, вена қанының ағуы нашарлағанда, денедегі қан мөлшері көбейгенде, органдар қызметі күшейгенде артады.

Лимфа түзілу туралы теориялар. Людвигтің фильтрациялық теориясы

Қан капиллярларындағы қысымды көтерсе, олардан сұйықтықтың тінге фильтрацмя жоғарлайды, ал қысымды азайтса керсінші сұйықтық тіннен капиллярға өтіп, лимфа түзілуі азаяды. Қан капиллярындағы,тін аралық сұйықтықтағы және лимфа капиллярындағы лимфа түзілуі гидростсатикалық қысымның айырмашылығына байлынсты.Егер қолқаны байлап, құрсақ қолқасындағы қысым, 0дейін жетсе, лимфа түзілуі жүреді, яғни қысымға байланысты емес,ал бауырдың лимфа тамырларын байлағанда, лимфа жойылады, яғни лимфпа бауырда түзіледі. Старлинг лимфа түзілуіне қан капиллярындағы тін аралық сұйықтықтағы лимфа капиллярындағы осмостық және онкостық қысымдырдың айырмашылығына байланысты деген. Плазма ірі молекулалары белоктары қан капиллярлар қабырғасынан өте алмайды. Өздерінің гидрофильдік қасетіне байланысты. Суды өздеріне тартып алады. Сондықтан онкостық қысым жоғарласа, лимфа түзілу азаяды, ал онкостық қысым төмендесе лимфа түзілуі көбейеді.Қан капиллярлардың артериялық жағында қысым 30-35 мм с.б. тең болғандықтан судың қаннан тінге өтуін қамтамасыз етеді.Қан капиллярларының веналық жағында гидростатикалық қысым 17мм с.б. онкостық қысымнан (27 мм с.б) төмен. Осыған байланысты капиллярдың веналық жағында фильтрация жойылады да,белоксыз тін аралық сұйықтық кері қанға сіңеді.Сонымен қан капиллярының артериялық және веналық жақтарында лимфа түзілуінің қарқыны реттелуді.

Гейденгайнның секреторлық теориясы

Лимфа түзілуі қан капиллярының экдотелияльдық жасушаларының секркторлық белсенділігімен байланысты қан және лимфа капилярларының жартылай өткізгіш мембрана болып саналады. Колқаны жартылай жауып,белокқа бай лимфа жинаған. Мұндай лимфагога І әсерінен түзілу қан капиллярының эндотелий жасушаларының секреторлық белсенділігімен түсіндірген.Лимфагога І жатады: сүлік, рак, экстрактылар, белоктар, бактериялардың улары, пептондар, гистамин. Осы заттар лимфа түзілуін жоғарлатады, бірақ осы кезде артериялық қан қысымы төмендейді, яғни лимфа түзілуіне гидростатикалық қысымдардың айырмашылығымен алмаймыз. Старлинг бұл үрдістерді қан капиллярларының бұзылуымен және өткізгіштігінің өзгеруімен байланыстырған. Лимфагога ІІ-лимфа түзілуінің жоғарлауы тідердегі сумен байланыстырған. Лимфагога ІІ –кристалллоидтар жатады:нейтральді тұздар, қант, мочевина ерітінділер.

Ашердің Целлюларлық теориясы

Осы теория бойынша қан капиллярларында жүретін сұйықтықтың фильтрациясының маңызы көп емес, себебі лимфа қан капиллярларының туындысы емес, лимфа жасушаларының туындысы, органдардың қызметінің туындысы. Капиллляр қабырғасы жартылай өткізгіш мембрана болғандықтан, оның екі жағында да осмос қысымы бірде болуы керек.Осмостың тепе-теңдік бұзылуна себеп болатын, жасушалардың қызметі, ең алдымен белок алмасуының маңызы зор. Жасушалар ірі белок молекулаларын ұзак белок молекулаларына ыдыратады, олардың осмостық белсендіоһлігі жоғары болады. Бұл ұсақ молекулалар қанға өтеді, және сонымен қатар қан капиллярларынан су тіндерге өтеді, өйткені мұнда осмостық қысымы жоғарырақ болады. Мұндай осмостық тепе –теңдік еш уақытта болмайды. Тіндегі осмостық қысымы жоғары болғандықтан қан капиллярдан тінген қарай тұрақты түрде жылжиды. Лимфгогаға әсіресе лимфа түйініен өтпеген болса, сондықтан лимфа қаннан түзіледі деген дұрыс емес. Егер лимфаны басқа жануардың қанына енгізсе, олардың пульсі жылжымайды. Ал сол мөлшерлі физиологиялық ерітіндісін енгіхсе жүрек соғысы өзгермеген. Сонымен, лимфа зат алмасудың улы заттарын тасымалдайды. Бұл заттар қанда болмайды, олар жасушаларжан пайда болады, жасушалар туындылары. Органның қызметі жоғарласа, лимфа түзілуі және ағуы жылдамдайды. Сондықтан, тіндегі сұйықтықтың алмасуын мынадай факторлар қамтамасыз етеді.
1. Фильтрация
2. Диффузия (жасушалардың қалуына қарай крисалллоидты молекулалар қаннан тінге өтеді)
3. Ыдыраған заттардың тінге қанға қарай диффузиясы
4. Осмостық қысымға байланысты тінге қаннан сұйықтықтың жылжуы.
Екі соңғы факторлар жасушалардың қызметімен зат алмасуна байланысты және лимфа жылжуының өзгеруін жасушалардың зат алмасуына, белсенділігіне байланысты болады, яғни лимфа жасушалар секреті.
Жүйелік гуморальдық жолдармен реттелетін органдардың функционалдық жағдайында маңызды роль атқарады. Қанмен, органның паренхимасымен және лимфа арасында жүретін зат алмасу процестері тіндердің белсенділігінде маңызы зор.
Сонымен қатар, қан лифа капиллярларының құрлысының және эндотелийдің қызметтерінде ерекшіліктерінің маңызы зор.

Лимфа жүйесінің негізгі қызметтері

.

Лимфа жүйесі мен көптеген лимфа түйіндері организмде маңызды қызмет атқарады.
1. Организмнің пластикалық, энергиялық қызметін қамтамасыз етуге метоболиттерді, витаминдерді, гормондарды реттеуді қамтамасыз етеді. Лимфа мен қан бірге организмнің ішкі ортасын құрайды. Лимфа гемоцегуляция жүйесіне неше түрлі электролиттерді үздіксіз жеткізіп отырады.
2. Дренаж қызметі. Лимфа жүйесі веноздық тамырлармен бірлесіп лимфаны түзіп, қанға құйып дренаждық қызмет атқарады.
3. Резорбциялық қызметі. Лифа капиллярларының эндотелий өте жоғары резорбциялық қсиетіне байланысты лимфаға интерстициядан коллоидтық заттарды, ірі молекуларлық қосындылыр қызметін жойған клеткалар және микрорганизмдер тез өтеді. Лимфа капиллярлардың жоғары резорбциялық қасиетіне қамтамасыз етеді:
а) лимфа капиллярларының эндотелийінің өзгергіштігі
б) лимфа капиллярларының калибрлерінің өзгергіштігі
в) лимфа, тінаралық сұйықтық, қан арасындағы гидростатикалық және коллоидтфқ осмостық қысым айырмашылығын тасымалдауды жеңілдетеді.
Гисто-лимфалфқ барьер арқылы заттардың тасымалдануын лимфа капиллярларының эндотелиінің биологиялық белсенділігіні байланысты.
4. Лимфа жүйесі май алмасуға қатысады. Май, май қышқылдары лимфаға сіңіп, жалпы гемоцеркуляцияға тасымалданады да май депосында қор ретінде сақталынады.
5. Лимфа жүйесінің лимфапоэтикалық қызметі лимфа түйіндерінің функциясымен байланысты.
6. Иммунобиологиялық қызметі. Лимфа түйіндерінде синтездейтін плазматикалық жасушалар түзіледі. Лимфа түйіндерінде Т және В лимфоциттері бар олар жасушалық және гуморальдық иммунитетті қамтамысыз етеді. Лимфоциттер лимфокининдерді түзіп, иммундық процестерді қатысады.
7. Барьерлық қызметі. Лимфа түйіндерде бөгде заттар, микроорганизмдер, қатерлі ісік жасушалары ұсталынады. Биологиялық фильтр рөлін лимфа түйіндерінің ретикулярлық элементтері, ал биологиялық фильтр рөлін лимфоидтық тіні атқарады.

.

Лимфодинамикалық негізгі көрсеткіштер

Лимфаның қысымы, лимфа айналсының жылдамдығы және лимфа тамырларының тонусы.Лимфа қысымы орташа есеппен 14-16мм. Су бағанасымен.Тез,терең дем алғанда көкірек өзегінде қысым 35-40 мм.су бағанасына дейін жоғарлайды. Лимфа айналуының жылдамдығы туралы деректерәр қалайша. Лимфа тамырларында бояудың айналу жылдамдығын Жданов Д.А. анықтаған.Шат лимфа түйінінде 1% 2мл. Индигокармин енгізгенде,ол көкірек өзегінде 3 минуттан кейін байқалған. Лимфодинамикада лимфа тамырларының ырғақты жиырылуының маңызы зор. Орлов Р.С. (1975) егеуқұйрықтың лимфа тамырларының тегіс еттерінің жиырылуын және электр белсенділігін зерттеген. Тегіс еттердің өзінен-өзі спонтандық түрде жиырылу және әсерлерге жауап туғаны анықталған. Көкірек өзегінің түбінде, цистернада, ішек лимфа тамырларында үздік ырғақты жиырылу белсенділігі байқалған.1 минут ішінде жиырылу жиелігі, 6-22 ретке тең болған.Жиырылу жиелігі мен амплитудасы лимфа тамырларының орналасуына және т.б. факторларға байланысты: темпертураға, ортаның иондық құрамына, препараттың алғашқы керілуіне. Лимфа тамырларының жиырылуын электростимуляция жасап туғызады.Бұл жиырылулар спонтандық жиырылуға қарағанда ұзынырақ болған.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.