Литургиялық драма

Home » Рефераттар » Литургиялық драма
Рефераттар Комментариев нет

Қала әдебиетінің негізгі бөлігін драма жанры құрайды. Христиан діні халық ауыз әдебиетіне қарсы күресті дүниетанымдық маңызы бар халық ойындарына тыйым салудан бастаған еді. Дін өз драмасын қалыптастыруда католик шіркеуінің ғибадатшылық дәстүрлерін бейнелейтін театр ойындары мен декоративтік үзінділерді, музыка, өлең, диалогтың ықшам түрлерін, киім және безендіру элементтерін кең түрде пайдаланды.
Діни драманың алғашқы түрлері шіркеуде ғибадат ету дәстүрлерін атңаруға байланысты туған дедік. Бүл нәрсе хор мен поп арасындағы сүраң-жауап түрінде болған. Соңынан, оған Інжіл мәтінінің мазмүнын түсіндіретін, яғни диалогңа ңүрылған жолдар ңосылған. Мүндағы негізгі маңсат — діни әдет-ғұрыптың хальщқа әсерін күшейту болатын.
Міне, осындай діни әдет-ғүрыптар бейнеленген сахналық шығарма литургиялық драма деп аталған. Дра-маның мәтіні латын тілінде болып, музыканың сүйемел-деуімен орындалған. Ойын діни ортада, ңарапайым бе-зендірілген сахнада көрсетілген. XII ғасырдан бастап литургиялың драмадағы ғибадаттар орнына түрмыстың мазмүндағы театр элементтері келе бастайды. Енді ойын латын тілінде емес, ал жергілікті халыңтың тілінде қойылды. Таурат мәтіндерінен де үзінділер мол пайдаланылды. Мұндай пьесаны шіркеу ішінде, ғибадатхана алдында көрсету ңолайсыз болды. Ойын шіркеу ауласында, соңынан көше алаңында көрсетілді. Мұнда тамаша үлкен дайындыңпен, төселген тақтай үстінде, көп сан-ды көрермен алдында орындалды. Бүл ойындар «литургиялық драма» емес, мистерия(латынша «дінидрама») деп аталды.
Осы түрдегі алғашңы пьесаға ағылшын-норманд тіліндегі «Адам туралы ойын» (XII ғасырдың орталары) атты мистерия мысал бола алады. Мүнда Адам-ата мен Хауа-ананың шайтан сөзіне еріп, күнәға батуы, Каинның Авельді өлтіруі, Исаның тууы туралы пайғамбар-лардың хабары баяндалады. Пьесада жанды диалог, маз-мүнды сәттер, драмалың бейнелер жасауға деген үмты-лыстар байңалады. XIII ғасырдан бастап мистерия поп-тар ңолынан ңалалыңтарға ауысуының нәтижесінде өзінің бастапңы діни мазмүнынан айырыла бастайды.
Діни драманың тағы бір түрі миракль (французша «мираклъ» — «эңгіме») болып, ондаңүдайдың анасы мен әулиелер туралы аңыздар баяндалады, кейде түрмыстың мазмүндағы көріністер де кездесіп отырады. Осындай ойындардан келіп шыңңан пьесалар шіркеуде емес, ңала көшелерінде көрсетілді. Олар енді реалистік сипат ала бастайды. Сондай миракльдердің бірі — Рютбефтің (ша-мамен 1230-1285 жылдар) «Теофильтуралы әңгіме» атты пьесасы. Поптардың ңас жауы болған Рютбеф шіркеуге қарсы күрес барысында діни драма үлгісі болған ми-ракльден пайдаланады. Шіркеулердің бірінде шаруашылық бастығы қызметін атқарушы Теофиль епископтың мікдетті атңару-дан бас тартады. Бірақ оның орнына сайланған епископ Теофильді кемсітіп? әжуалай баетайды. Епископтан кек ңайтару маңсаты оны шайтанмен одаңтасуға мәжбүр ңылады. Осыдан соң Теофиль үлкен байлық пен мансапқа ңол жеткізеді. Біраң ол көп үзамай өз әрекетіне өкініп, Қүдай-ананьщ алдына келеді. Бибі Мөриям Тео-фильдің шайтаннан жанын сатңаны туралы тілхатты ңайтарып алуына көмектеседі. Рютбеф жанын шайтан-ға сатңан адам туралы ескі аңызды көркемдік жағы-нан қайта өңден, оған жаңа мазмүн береді. Теофильдің шайтанмен достасуына себеп болған жағдай — оның ңыз-меттен в;уылуы жене епископтың мазағы еді. Бүл шы-ғармада Рютбеф діни драмалардағы ңасаңдыңты жеңу-ге үмтылуы арңылы түрмыстың шындыңңа өте жаңын келеді. Драманың кейіпкері Теофиль — күрделі түлға. Оның бойында өр түрлі сезім-толғаныстар жылдам ауысып отырады. Пьесаның бірінші бөлімінде рухани сезімдер мен жан арпалыстарын суреттеуде реалистік бояу мен драматизм элементтері мол кездеседі.
Қалалардың шарыңтап дамуына байланысты ми-ракльдердегі діни мазмүн жойыла бастайды, оның ор-нын шынайы өмф фактілері басады. Өз жанын шайтан-ға сатңан адам таңырыбы XVI ғасырдағы неміс халың ауыз әдебиетіндегі доктор Фауст туралы аңызда да корінеді.
Мистерия үлгілерінің бірі XIII ғасыр соңында туған және чех драмалың поэзиясының үздік нүсңаларынан саналатын «Емші» пьесасы. Мистерия мәтініне енген латынша сөздер мен соз тіркестері автордың ёте білімді адам болғандығын дәлелдейді.
Драмада Ікжіл мен Таурат персонаждарының кезде-суі, Исаның өлімі, қайта тірілуі, т.б.оның діни пьеса ішінде ойналатын тамаша интермедия екендігін таны-тады. Шығармада осы дәуір түрмысының түрлі жаңта-ры күлкілі түрде көрсетіледі.
«Емші» пьесасында сайңымазаң Рубиннің бейнесі сомдалады. Ол дәрі-дәрмек сататын емші Северин Гиппократтың заттарын сатуға көмектеседі, әр түрлі шөптен дайындалған «өгізді де ені мен бойына қарай өсіретін», «адам рухын тазартатын», «шыбын майы ңосындыеы-нан дайындалған» және ңандай да ауыр дертті «емдеп-жазатын» дәрілердің ңасиеттерін айтып, сатып алушы-ларды өз маңына эқинайды. Рубиннің тастаиды, қоқыс нәрселерді майдалап, балшыққа араластырып, қосым-ша дәрі дайындау және осы арқылы «барлық адамға» жететін дәрі қорын жасау туралы пікірлері орта ғасыр-ларда кең таралған дүмше «дәрігерлікті» масқаралауға бағытталған еді. Мүндай сыншылдық мінездегі күлкі Рубин мен Гиппократтың қызметшісі Пустерпалк ара-сындағы тартыста (әрқайсысы өз әрекетін мақтайды), емші мен оның әйелі арасындағы жанжалда, твб. мәсе-лелер төңірегінде айқын көрінеді.
«Емші» пьесасы реалистік күлкілі көріністері арқы-лы ортағасырларда туған драмалық шығармалар арасын-да маңызды орын алады.

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.