Ұлт деген не ?

Главная » Рефераттар » Ұлт деген не ?

Ұлт деген — ең алдымен, басты құрастырған адамдардың тобы» (совокупноеть). Тар деген адамның түсіне (раса), тұқымына байланысты емес. Қазіргі Италня ұлты Рим, Гермаң, Этирос, Грек, Араб тағы басқалардан құралған. Қазіргі Француз ұлты Галия, Рим, Бирит, Герман тағы басқалардан құралған. Герман, Ағылшын, тағы басқа ұлттар да осындай әр түсті, әр тұқымды елдерден құралып, ұлт боп отыр. Олай болса, ұлт деген түстен де емес, тұқымнан да емес, ол — тарихи жағдайлардың себебімен басы құралған адамдардың тобы. Бірақ, Кир, Александар (Ескендір Зұлқарнайын. — С.М.) сықылды адамдардың тарихи жағдаймен бірнеше тұқымды елдердің басын қосып жасаған ұлы Мемлекетіне жиналғандар бір ұлт емес. Бұлар әлдеқалай жаугершіліктегі біреудің жеңу, біреудің жеңілу сықылды істерінен жиналған, сапырылысқан топ; бұл ұлт емес. Олай болса, ұлт деген — басы әлдеқалай құрала салған адамдардың тобы емес, тұрақты топ. Бірақ тұрақталған адам тобының бәрі бірдей ұлт бола алмайды. Австрия мен Русия тұрақты топқа есептелетін елдер; бірақ бұлар ұлт емес. Ұлт тобы мен мемлекет тобында мынадай айырма бар: ұлт тобына тілдің бірге болуы шарт, ол мемлекетке тілдің бір болуы шарт емес. Австриядағы чех ұлты, Русиядағы Полыыа ұлты өздеріне арналған ұлт тілі болмаса, ұлт бола алмас еді. Ал, осы екі мемлекеттің екеуі де ішінде әлденеше түрлі тілі бар ұлттар бола тұра, мемлекет боп тұра алады. Бұл арада біздің тіл деп отырғанымыз — халықтың тілі, кеңсенің тілі емес.

Олай болса, ұлт болудың ең негізгі шартының екіншісі — сол ұлттың арнаулы тілі болуы. Бұдан, ұлт біткеннің бәрі әр түрлі тілде сөйлейді деген сөз? яки бір тілде сөйлегендердің бәрі бір-ақ ұлт деген сөз шықпайды. Бір ұлттың бір-ақ түрлі тілі болуы керек. Бірақ әр ұлт әр түрлі стілмен өйлеуі шарт емес.
Салған жерден әр тілде сөйлеп кеткен ұлт жоқ. (Бұл арада тілдің арғы шыққан түбірі айтылып отыруға тиіс. Мәселен: түріқ өзбек, татар, қазақ, түрікпен, ұйғыр тілдері ең алғаш түрік тілі боп, бертін келе ұлт тілдеріне бөлектенген ғой. «Салған жерден әр тілде сөйлеп кеткен ұлт жоқ» дегенде Сталин жолдас осындай ұлт тілінің жүре кұралатындығын айтуы керек. — С.М.). Бұдан бір тілде сөйлейтін екі ұлт жоқ деген сөз шықпайды. Солтүстік Америка мен Ағылшын елі бір тілде сөйлейді. Бірақ бұлар бір ұлт емес, екі ұлт: норвец дат, ағылшын, ирландар да осылай. Тілі бірге бола тұра Солтүстік Америка мен Ағылшын неге бір ұлт емес? Ең алдымен, олар бір мекенде емес, әр жерде тұрады. Ұлт деген нәрсе ұзақуақыт бірге, бір жерде тұрып, бірге өмір сүріп, осы тұрмысы тұқым қуалап, басынан бірге кешірсе ғана құралады. Мекені бірге болмаса, ұзақ уақыт бірге араласып өмір сүруге мүмкін емес. Ағылшын мен Солтүстік Америка бастапқы кезде бір мекенде бірге тұрып, бір ұлтқа саналды. Кейінгі кезде Ағылшынның бірсыпырасы жаңа жер — Солтүстік Амеррікаға көшті де, Ағылшыннан мекенін бөліп, бірнеше заман өткеннен кейін «Солтүстік Америка ұлты» деген ат алды. Мекеннің бөлінуімен бір ұлт екіге жарылды. Олай болса, мекеннің бірге болуы — ұлт болудың үшінші шарты. Ұлт болу, бұлармен ғана шешіліп қоймайды. Жалғыз мекендес болу ұлт болуды шеше алмайды. Ұлт болу үшін ұлттың басын құрастыратын шаруашылықбайланысы болу керек. Ағылшын мен Солтүстік Америкада сол сықылды шаруашылық байланыс жоқ. Сондықтан олар екі ұлт болып отыр. Егер де шаруашылық байланысы болмаса, шаруа бағу жөніндегі еңбекті бөліп істеуде байлам болмаса, сол қатынас, тағы сондайлары бірлеспесе, Солтүстік Американың өзі де бір ұлт болып тұра алмас еді.
Мысалға Грузияны алайық: өзгеріске шейін (реформа) Грузия елі бір мекенде болды, бір тілде сөйледі, бірақ анық мағынасындағы бір ұлт бола алған жоқ. Өйткені, олар ол кезде бірнеше князьдің қарамағына қарап, бірімен-бірінің шаруашылық ретінен түк байланысы болған жоқ. Өзара бірімен-бірі жауласты. Бірін-бірі талады. Біріне-бірі парсы мен түрікті жұмсады. Кей кезде бір князьдің күші басым боп, әлдеқалай бастары қосылып қап жүрді. Бірақ, бұл әкімшілік ретінен ғана қосылу болды. Бірақ оның өзінде қара шаруаның «немқұрайды» көзқарасы болмаса, князьдар біріне-бірі ала көзбен қарауын қойған жоқ. Грузияның шаруашылығы әр түрлі болғандықтан, бұлай болмауға амал жоқ еді. XIX ғасырдың бас кезінде Грузияда капитализм өркендей бастады. Капритализм өркендеуімен князьдің шаруа құрылысы қирады. Осыдан барып құлдық право кұлады. Грузияда жол қатынасы күшейді. Міне, Грузия ұлт атын осы XIX ғасырдан бастап ала бастады. Осы мысалды, феодалдық дәуірден капиталдық дәуірге көшкен ұлттардың бәріне де арнауға болады. Олай болса, үлт болудың төртінші шарты — бір ұлттың шаруашылық байламы, шаруашылық өмірі күшті болу (шаруашылық байланысы дегенде феодалдық шаруа емес, кагоггалдық шаруа байланысы екендігі бұл сөздерден ашық көрініп түр. — С.М.). Ұлт болу үшін бұлар да жеткіліксіз. Жоғарғы айтқандардан баскз, ұлт болу үшін сол ұлттың духовный байланысы да кіреді. Ұлт деген жалғыз тіршілік байланысынан ғана шықпайды. Ұлттың мәдениетінде ұлттық айырма болады. Ағылшын, Ирлан, Солтүстік Америка тілі бір болғанмен, әр түрлі ұлт десе? олардың әр түрлі ұлт болуына жалғыз тіршілік байланысының басқалығы емес, бірге өмір сүруден құрастырылып, атадан балаға мирас болған жан сезіміндегі өзгешеліктер де себеп боп отыр. Жан жүйесінің өзгешелігі, екінші сөзбен айтқанда, «ұлт мінезінің» өзгешелігі көлденең қараған адамға аңғаруға қиын зат сықылданады. Бірақ әр ұлттың өзіне арнаулы мэдениеті болғандықтан, оны болмайды деу қате, оны аңғара алмайтын дәнеңе жоқ. «Ұлт мінезі» тұрмыстың өзгеруімен өзгереді. Онда дау жоқ. Бірақ қазіргі сағатында ұлтқа өзінің әсерін көрсетіп отырған «ұлт мінезін» көрмеуге болмайды. Олай болса, ұлт мәдениетінің, ұлт мінезінің үйлестігі, біргелігі — ұлт болудың бесінші шарты. Сонымен, ұлт деген қандай түрде болу мәселелерін біз түгел айттық. Қорытқанда, «ұлт» деген — тарихи жағдайлармен басы біріктіріп жиналған, тілі бір, мекені бір, шаруасы байланысты, ұлттық мәдениеті бар, ұлттық салты барлар». Бұдан әрі қарай жолдас Сталин ұлт деген сөзді қате түсінген бірнеше адашардысынайды. Біз оларды жазуды қажет көрмедік. Бізше, Сталиннің ұлтқа берген осы бес түрлі белгісі түгелімен дұрыс.

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.