Ұлттық этникалық қатынастар

Главная » Рефераттар » Ұлттық этникалық қатынастар

Тұжырымдалғандай қайсыбір этностардың (халыктардың) тіршілік етуі мен даму жағдайларына, соның ішінде аумак, ұлттық қатынас, тіл, рухани өмір, салт-дәстүр, мәдениет секілді өзіндік ерекшеліктерді сактауға және т.с.с. қатысты ұлттык қатынастар белгілі бір этникалық мәселелерді шешкен кезде әрдайым бір-бірімен байланыста болады. Осыған орай олар ұлттық-этникалық қатынастар ретінде алға шығады, ал «ұлттық қатынастар» және «ұлттық-этникалық катынастар» ұғымдары шын мәнінде бір-біріне ұқсас болады. Ұлттык қатынастар — бұл көпұлтты коғамның ішіндегі саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени, тілдік және басқа да қатынастардың синтезі. Ұлттык қатынастар әр түрлі деңгейде, яғни мемлекетаралық және мемлекет ішінде, ұлт ішінде және ұлтаралық, қоғамдык және тұлғалық денгейлерде жалғасып жатады. Ұлт мәселесі ұлттық қатынастардың негізі болып табылады және ол ұлттык катынастардың күйі мен сипатын анықтайды. Қайсыбір этностың өмір сүру жағдайына, олардың бір-біріне сәйкес келу деңгейіне орай ұлттық қатынастар ұлттық мәселенің калай шешім тапқандығынын денгейін көрсетеді. Ұлттык қатынастар жалпы алғанда біртұтас жүйе, өзара байланыстардың тізбегі, коғамдық қатынастар жүйесі элементтерінің бірі ретінде өмір сүреді. Сонымен қатар, ұлттық қатынастардың өзі де бірнеше элементтерден тұратын жүйе болып саналады. Ұлттық катынастар қоғамнын тіршілік етіп, әрекет жасауының бүкіл саласын: мәдениет, саясат, ғылым, тұрмыс, отбасы, экономика және т.с.с. қамтиды. Өзінің этникалык сипаттары мен шығу тегі бойынша ерекшеленетін, содан бастау алып, ертедегі тарихи және қазір өмір сүріп отырған отанындағы тіл, мәдениет, этникалық сана мен т.с.с. өзгешеліктермен аяқталатын даму сатылары, ұлттардың (этностардың, халықтың) өмір сүру дағдылары ұлттық қатынастардын пайда болуы мен дамуының объективті алғышарттары болып табылады. Дегенмен де ұлттық қатынастар таза күйінде, басқа қоғамдык қатынастардан бөлек өмір сүре алмайды. Керісінше, олар осы қатынастарда, соның ішінде саяси, рухани, тілдік, экономикалық, экологиялық қатынастарда қосарласады және бұл ерекшелік қатынастардың мазмұны мен формасынан байқалады. Тағы бір айта кететін жай, бүкіл осы қатынастар егер де оларды жүзеге асыру процесінде қайсыбір халықтардың өмір сүру барысындағы этникалык проблемалары дұрыс шешілетін болса немесе экономикалык, саяси және өзге де мәселелер ұлттық-этникалық проблемалар деңгейінде жүзеге асырылса ғана ұлттық сипатқа ие бола алады. Бір сөзбен айтсақ, ұлт өмірінін әлеуметтік және этникалык жақтары мен ұлттық катынастар органикалык тұрғыда өзара байланыста болады. Ұлттық қатынастар, әдетте, кешенді сипатқа ие болады, өйткені ол халықтар (этностар) арасындағы өзара қарым-қатынастардың көптеген жақтарын реттеуге қатысады. Олар өздеріне азды-көпті рухани мазмұндарды қосып алған, себебі оған енген субъектілер өздерінің этникалық санасы мен сана-сезімін, т.б. байқатпай, бейтарап қала алмайды. Осыған байланысты кейде әртүрлі қиялга берілу, адасушылықтар, нанымдар мен мифтер секілді ғажайып дүниелер туындайды. Бұл халықтар арасындағы ұлттық-этникалық қатынастардың көрінуінің бір ерекшелігі болып табылады.
Ұлттық қатынастардын субъектілеріне үлкен және кіші этностар (халықтар) жатады. Олардың арасында француз, қытай, орыс, т.б. секілді ұлы халықтармен қатар Кавказдың, Ресей мен Американың солтүстік аймақтарындағы, әлемнің баска да өңірлеріндегі саны аз, ұсак (санының аздығына орай) халықтар бар. Халықтың әр түрлі әлеуметтік топтары мен жіктері қайсыбір этностардың (ұлттардың) өкілі ретінде және ұлттық-этникалык проблемаларды шешудің мақсаты бойынша ұлттык катынастардың субъектілері бола алады.
Экономиканың, мемлекеттіктің, мәдениеттің қол жеткен даму деңгейі тұрғысынан алып қарастырсақ, ұлттық қатынастардың субъектілері ретіндегі этностар арасында біршама дамығандары да аз емес. Бүл олар-дың езара қарым-қатынастарының сипатына әсер етпей қоймайды, Осы жағдай ұлттық катынастардағы әлеуметтік әділеттілік проблемасын тудырды, соның ішінде ірі және ұсақ халыктар арасында, сонымен қатар олардың азды-көпті дамығандарының арасында аталмыш мәселені туғызды.
Әлеуметтік әділеттік проблемасы жергілікті және жергілікті емес ұлттар (халықтар) деп аталатындардың арасындағы қатынастардың негізінде пайда болады. Кайсыбір аумақта шоғырланып өмір сүретін және сол жердегі мемлекеттік түзілімге орай жеке-дара атауға ие болган ұлт әдетте жергілікті ұлт болыл саналады. Осыған орай жергілікті ұлттарға, мысалы, Украина мемлекетіндегі украиндықтар, Армениядағы армяндар, Татарстандағы татарлар және т.с.с. жатады. Жергілікті емес ұлттарға ұлттык топтар деп аталатындар кіреді. Олар жергілікті ұлттардың аумақтарында өмір сүреді, мысалы, Литвадағы украиндықтар, Ресейдегі армяндар, Эстониядағы орыстар және т.с.с. Осыдан келіп «аз ұлттардың проблемасы» пайда болды, олар өмір сүріп отырған ұлттық мемлекеттік түзілім жағдайында аз ұлттардың құкығы мен бостандығы елеулі, күрделі мәселеге айналды. Аз ұлттар — кайсыбір халықтың шекараны өзгерту, көші-қон немесе күштеп қоныс аудару нәтижесінде өз халқынан бөлініп қалған бөлігінен немесе тобынан құралған этникалық қауымдастықтық формасы. Аз ұлттардың өз ұлттык-мемлекеттік түзілімі болмайды. Аз ұлттардың пайда болуы занды процесс. Аз ұлттардың Германияда, Австрияда, Израильде, АҚШ-та, Канадада және басқа елдерде тұратыны нақты өмір шындығы. Бұрынғы КСРО аумағында «ұлттық топтар және аз ұлттар» ұғымына жатқызылған халық саны шамамен 60 млн адам болды.
Аз ұлттар категориясын «аз ұлыстар» ұғымымен бір деңгейде қарастыруға болмайды. Өйткені аз ұлыстар белгілі бір аумақта және әр түрлі мемлекеттік құрылымның шеңберінде өмір сүріп отырғандығына, жергілікті халық арасында олардың қанша пайыз екендігіне қарамастан бұлар да тұрғылықты жүрттың бір бөлігі болып саналғандықтан осы аз ұлыстарды аз ұлттардың қатарына жатқызуға болмайды. Мысалы, АҚШ-тағы үндістер бүгінгі танда аз болғанымен, алайда олар жергілікті тұрғындар саналатындықтан аз ұлттар болып есептелмейді. Бір кезде саны аса мол болған жергілікті халықтардан қалған Сібірдегі кеттер немесе Ресейдің Еуропалық бөлініп солтүстік-батысындағы вепстар дәл сондай жұрттардың бірі. Бүкіл саны аз ұлыстар өздерінің этникалық аумағында, бабаларының жерінде тұрып, сонда өмір сүреді. Аз ұлттар үнемі өзге халықтардың шағын топтарынан кұрыла бермейді, сол елдің шеңберіндегі бір этносқа жататын адамдардың да сан жағынан ірі топтарға бірігуі мүмкін. Бұған, мысал ретінде еврейлерді, немістерді, болгарларды, гректерді жатқызуға болады. Олардың саны бірнеше жүз мыңнан миллиондаған адамға жетеді. Мысалы, немістер Германияға жаппай көшкенге дейін КСРО-да олар екі млн адам болды. Олардың ортақ белгілеріне, біріншіден, тарихи отанындағы өз этносымен немесе КСРО-ның ішіндегі сәйкес аймақтармен байланыстың өте әлсіз болғандығы, екіншіден, қоныс тебер тұтас аумағының болмағандығы саяды. Бір этностың атына ие болғанымен, олар сол өздері өмір сүрген елде аз ұлттар санатына жатқызылды. Ұлтаралық қатынастар экономикалық, саяси, тілдік, мәдениет, экологиялық және басқа да ұлттар арасындағы қатынастар түрінде көрінуі мүмкін. Ұлтаралық қатынастардың осындай әрбір көрінісінің өзіндік ерекшелікті мазмұны бар. Солардың кейбіреуінің кысқаша сипаттамасына тоқталайық.

.

Экономикалық ұлтаралык қатынастар ұлттың (халықтың, этностың) экономикалық қажеттіліктерін канағаттандыруға бағытталған. Олар стихиялық түрде даму процесінде қалыптасады, мәселен, халықтар арасындағы сауда байланысында, өз алдына жеке мемлекеттердің мемлекетаралық қатынастар деңгейінде, сонымен катар федеративтік мемлекет шеңберінде республикалар, автономиялар және т.с.с. арасында орнайды. Әр түрлі ұлттық түзілімдер арасында орнаған қоғамдық еңбек бөлінісі мен олардың арасындағы шаруашылық-экономикалык байланыстар, түптеп келгенде, ұлтаралық экономикалық қатынастардың объективтік негізі болады. Көп ұлтты мемлекетте ең алдымен саяси екімет билігін жүзеге асыруға және өз өмірлерінің маңызды мәселелерін мемлекеттік деңгейде шешуге барлык халыктың (ұлттың) катысуын саяси ұлтаралык катынастар дейміз. Осыған орай мемлекеттің кұрылымы туралы орынды сұрак туады: бұл мемлекет өкіметтік механизмі жок, әлде жекелеген ұлттардың, мүдделерін мемлекеттік деңгейде жүзеге асыратын механизмі жоқ унитарлық мемлекет пе, немесе ондай механизмдері бар федеративтік мемлекет пе? Саяси ұлттаралық қатынастар, сонымен бірге, әр түрлі ұлт өкілдерінің азаматтық құқықтары мен бостандығын жүзеге асыруға бағытталған. Түптеп келгенде, ұлттық саяси катынастар өз рөлін халықтардың мемлекетаралық қатынастар деңгейінде атқарады. Әңгіме мемлекеттің тәуелсіздігі мен егемендігіне кол жеткізген, өзінің ұлттық мемлекеттігі бар халықтар арасындағы қатынастар туралы болып отыр. Бұл жағдайда олардын қарым-қатынасы — ұлттық тәуелсіздік пен егемендікті накты жүзеге асыруға, сонымен катар олардың экономикалық, саяси және мәдени ынтымақтастығына, бұл мәселелерді шешудің ұтымды жолдары мен тәсілдерін табуға тікелей қатысты. Ұлттардың рухани тыныс-тіршілігі саласындағы ұлтаралык қатынастар әр ұлттың өмірі мен дамуында маңызды рөл атқарады. Рухани-мәдениет саласын алып қарастырсақ, бұлар халықтардың өзара жетіліп, толысуына әрі олардың ұлттык төл ерекшеліктерін сақтау мен дамытуға бағытталған. Бұған халыктық үлгідегі және кәсіби өнер саласындағы игіліктерді бірінен-бірі үйрену, соның ішінде ән, би, музыка, колданбалы өнер мен әдебиет, қазіргі тұғырлы (монументті) өнер, бейнелеу, сәулет өнері және с.с. саладағы ынтымақтастыктар ыклал етеді. Ұлттық рухани игілік — мәдениет, әдетте, аса күрделі, жан-жақты толысқан, мәні зор, аса бай әрі көп қырлы құбылыс болып саналады. Бұл сол қоғамда калыптасқан экономикалық, саяси, адамгершілік, діни және басқа да қоғамдық қатынастар аркылы дамиды, әдетте, кез келген ұлт бұлардың әсерін өздерінің бойынан сезінеді және көп жағдайда соларға тәуелді де болады.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.