Ұлттық интеллигенцияны қудалау саясаты

Home » Рефераттар » Ұлттық интеллигенцияны қудалау саясаты
Рефераттар Комментариев нет

1905-1907 жылдардағы революциялық қозғалыс барысында орыс әкімшілігі қазақ елінің ұлт-азаттық қозғалысын бастаушы саяси күш – ұлттық интеллигенциямен бетпе-бет келді. Сондай-ақ осы мезгілден бастап әкімшілік орындары ұлттық интеллигенцняның белсеңді өкіддерін қудалау саясатын қолға алды. Бұл саясаттың басында империяның ішкі істер министрлігі тұрды, ал жергілікті жерлерде оның нақты жүргізушілері губерниялық және уездік әкімшілік орындары болды. 1905—1906 жылдары ұлт-азаттық қозғалыстың әсіресе далалық облыстарда тегеурінді жүрген еді. Соған сай реакция жылдары да отаршыл билік пен ұлттық интеллигенция арасындағы күрес осы облыстарда айқын сипат алды. Басында далалық облыстардың генерал-губернаторы тұрған облыс және уезд әкімшіліктері ұлт-азаттық қозғалыстың бастаушы өкілдерін, шығармашылық қызметімен ұлттық санаға ықпал жасай бастаған ақын-жазушыларды, революция жылдары түрлі саяси істерге белсенді атсалысқан жеке адамдарды, дін қызметкерлерін жазалау шараларын іске асырды. 1905 жылы жаз айларында түрлі жәрмеңкелер мен жайлауларда мыңдаған адамдардың қатысуымен өткен жиналыстар, оларда қабылданып, үкімет орындарына жөнелтілген петициялар отаршыл әкімшілік үшін күтпеген белсеніділіктің көрінісі еді. Сондықтан да үкімет орындары бұл оқиғалардың одан ары өріс алмауына қажет шараларды істеп бақты. Сол кездегі оқиғалардың куәсі М.Тынышбаевтың көрсетуіне қарағанда, 1905 жылдың күзіне қарай Семей губернаторы Галкин билік орындарына қазақтарды Омбыда өтпек жиналысқа жібермеу туралы жарлық береді. Әскери генерал Романов қазақ тілмаштарын жұмыстан босатып, олардың орнына орыс-казактарды қабылдайды. Крестьян және уезд бастықтарына қазақтардың үстінен бақылауды күшейту және түрлі петицияларға қол қойғандардың тізімін жасау жөнінде нұсқау беріледі. Бұл ретте, әсіресе көзге түсуге тырысқан Қарқаралы уезінің бастығы Оссовский еді. Ол Қарқаралы петициясына қолдарын қойған 42 болыс пен биді жауап алу үшін Қарқаралыға шақыртады, бірақ, олардың бірде-біреуі келмейді. Әрине, мұндай жағдайда билік орындарының алдымен қозғалыстың басшыларына назар аударатыны мәлім. Бүл ретте ең алдымен көзге іліккен – Қарқаралы петициясын ұйымдастырушылардың бірі, бірінші Мемлекеттік Думаның мүшесі, оны таратуға қарсылық білдіріп басқа депутаттармен бірге Выборг манифесіне қол қойған, орыс тілді басылымдардағы өткір мақалаларымен көзге түсіп үлгірген Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкей-ханов. Әкімшілік орындары даладағы революциялық өрлеу барысында-ақ оны халық бұқарасынан аластауға тырысты. «1906 жылы қаңтарда, азаттық күндерімен бірге келген окиғалар ағымында Семейде облыстық съезд өтетін болды. Соған қатынасуға Павлодардан Семейге келе жаткан жолымда, — деп жазды Бөкейханов, — мені Ямышевск поселкесінде 8 каңтар күні тұтқынға алды…» Сол қамалғаннан ол ешқандай да тергеусіз 30 сәуірге дейін, яғни Қарқаралы уезі Тоқырауын болысының елубасылары Мемлекеттік Думаға депутат сайлаушы етіп бекіткені мәлім болғанға дейін абақтыда отырады1.

Араға бір жыл салып, яғни 1908 жылы Ә. Бөкейханов Выборг манифесіне қол қойғаны үшін заңдар жинағының 51-бабы және 129-бабының 3-тармағының 1-бөлімі бойынша жауапқа тартылып, Петербург округтік сотының үкімімен Семей абақтысында бірнеше ай отырып шығуға міндеттенді2. Осы жылдан бастап үкімет орындары қазақ ұлт-азаттық қозғалысын әлсірету және бастаушысыз қалдыру мақсатында оның белсенді қайраткерлерін қазақ облыстарынан тыс аудандарға жер аудару тәжірибесін қолданды. Ә. Бөкейханов Семей абақтысынан шыққаннан кейін ішкі Ресей қаласы Самарада жандарм орындарынын бақылауы астында тұруға тиіс болды.

Әрине, 1905 жылдың саяси оқиғаларына белсенді түрде араласқан жалғыз Ә. Бөкейханов емес екені түсінікті. Әсіресе, Қарқаралы петициясын дайындау кезінде, ел арасындағы саяси үгіг жұмысында ерекше белсеңділігімен танылған Жақып Ақбаев, Ахмет Байтұрсынов бастаған Қарқаралы интеллигенциясы еді. Қазақ даласында өздерінен басқа ешкім де еркінсінбеуі керек деп түсінген патша шенеуніктері бұл жағдайды бірден аңғарды. Олар көп ойланбастан тиісті орындарға, жан­дарм тыңшыларына Қарқаралы интеллигенциясы үстінен, алдымен олардың жетекшісі ретінде танылған Ж.Ақбаев пен А.Байтұрсынов жайында тиесілі материалдар жинауды тапсырды. Соның нәтижесінде 1906 жылы 4 тамызда Омбы сот палатасының отырысында Ж.Ақбаевтың «үкімет орындарына қарсы әрекет ісі» қаралды. Сот жалған көрсетулер берген куәләрдің келмеуіне, ал келгендерінің бұрынғы көрсетулерінен бас тартуына байланысты айыпкерге тағылған бірде-бір кінәнің негізсіз екендігін мойындауға мәжбүр болған еді.

Семей облысындағы белсенді қазақ интеллигенттерін қудалау ісі облысқа 1908 жылы әскери губернатор қызметіне А. П. Тройницкий келгеннен кейінгі уақытта ушыға түсті. Өзінің реакциялық іс-әрекеттерімен прогрессивті көзқарастағы орыс қоғамына да жексұрын көрінген2 Тройницкийдің Семейге келген бетте қолға алған істерінің бірі түрлі лас жолдармен қазақ зиялыларының үстінен материал жинау болды. Сол жиналған материалдарды негізге ала отырып, ол  1908 жылы    17 қарашада дала облыстары генерал-губернаторына құпия қатынас жазып, онда Ж.Ақбаевка бірнеше айып тақты. Олардың мазмұны қысқаша мынаған сайды: 1) 1905 жылы 15 қарашада Карқаралыда өткен митингіде басым бөлігіқказақтар мен татарлар болған тобырды орыс билігіне бағынбауға шақырып, «Патша ендігі уақытта патша емес, біздің құлымыз, бостандықты патша өз еркімен берген жоқ одан халық тартьш алды!» деген сөздер айтқан, халықты алым-салық төлеуден бас тартуға шақырған; 2) І907 жылы маусымда Қоянды жәрмеңкесінде переселен учаскелер дайындайтын комиссия-ның отырысы үстіне рұқсатсыз кіріп келіп, қазақтар Мемлекеттік Думаның арнайы ұйғарымынсыз бір тұтам да жер бермейтіндігін, қажет болса жерін қорғап өлуге даяр екендігін    айтып, комиссия төрағасын    қорлаған; 3) Петербург университетінің профессоры Петражицкийге жазған хатында өзінің қазақтарга ықпал жасап, орыс билігіне қарсы қарулы көтеріліске даярлағанын айтқан; 4) басқа қазақтармен бірге орыс патшалығының құрамынан кету жолдарын талқылап, сөйтіп сеператистік пиғыл тудырған; 5) Бөкейхановқа беру үшін қазақтардан қаржы жинаған т.с.с.. Ақбаев атына осындай айыптар тағып және оларды өзінде бар фактілермен дәлелдегенсіп, Тройницкий мұндай әрекеттердің қазақ даласында орыс билігінің қадірін тycipмece көтермейтіндігін таусыла айтып, генерал-губернатордан Дала Ережесінің 17-бабына сай Ж.Ақбаевты Сібір өлкесінің бір алыс түкпіріне жер аударуды қиыла өтінеді.

Дала облыстары генерал-губернаторы Е. О. Шмит Тройницкийдің ұсынысын қабыл алып, 1908 жылғы 4 желтоқсанда ішкі істер министріне жолдаған № 99 өтініш хатында «егер Ақбаевты Семей облысынан тағы да сол қырғыздар қоныстанған Ақмола облысына жер аударумен қанағаттансак, онда ол ота.дастарына ықпал ету арқылы өзінің зиянды әрекеттерін жалғастыра бермeк, сондықтан да Ереженің 32-36-бабтарына сәйкес полиция бақылауында бес жылға Якут облысына жер аударуды» сұрайды. Ж.Ақбаев ісін Ереженің 34-бабына сәйкес құрылған Ерекше Кеңес қараған соң, ішкі істер министрі 1909 жылы 2 қаңтарда «Ақбаев  астанадан,    губерния және дала генерал-губернаторлығы орталықтарынан басқа, өзі қалаған жерге 1908 жылдың 22 желтоқсанынан бастап санағанда екі жылға жер аударылып ашық поли­ция бақылауына бағындырылсын деген үкім шығарады.

Бұл уақытта губернатор Тройницкий министрлік шешімін күтпей-ақ желтоқсанның орта тұсында жергілікті полиция орындарына бұйрық беріп, ауру Ақбаевты тұтқынға алады. 1909 жылдың қаңтарының басында Қарқаралы уезінің ақсақал, би, старшин және болыс басқарушылардың үлкен тобы «Ақбаевтың жазалану себебі мүлдем түсініксіз», деп тауып, сондықтан да оны абақтыдан босатуды талап етіп генерал-губернатор Шмитке хат жөнелтеді2. Шамамен осы мазмұндағы өтініш Ақбаевтың отбасынан да түседі. Бірақ бұл өтініштер қабылданбайды. 1909 жылы наурыз айында Ж. Ақбаев Жетісу облысындағы Қапал қаласын тандап, тиесілі мерзімді өтеуге сонда аттанады.

Ж.Ақбаевты жер аудару Қарқаралы интеллигенциясына қарсы жүргізілген жазалау шарасының басы болатын. Ендігі кезек Қарқаралыдағы 2 кластық орыс-қазақ училищесінің меңгерушісі Ахмет Байтұрсыновтікі еді. 1909 жылы мамыр айында құпия тыңшылар, яғни уез бастығының көмекшісі Солотич пен Қарқаралы тұрғыны Т.Шыңғысовтың көрсетулерін негізге ала отырып, губернатор Тройницкий Округтік оқу бөлімінің меңгерушісі А. Е. Алекторовтан Байтұрсыновты қызметінен босатуды талап етеді. Қызметтен босаған Байтұрсынов Омбыға Алекторовқа аттанады. Істің жайын түсінген сон, Алекторов Байтұрсыновқа өз қызметін қайтарып беруге уәде етеді. Мұны естіген Тройницкий 1 шілдеде Байтұрсыновтың үйінде тінту жүргізіп, өзін тұтқынға алады. Губернатор Тройницкий мен ерекше тапсырмалар бойынша шенеунік Третьяков 1909 жылы 13 қыркүйекте Омбыдағы далалық облыстар генерал-губернаторынын міндетін атқарушы генерал-лейтенант Тихменевтің сұрауына берген жауабында Байтұрсыновтың тұтқынға алыну себебін былайша түсіндіреді: «…Байтұрсынов Қарқаралы уезіндегі қырғыздар арасында сеперативтік рухтағы насихат жургізген және Семей облысынан тыс өлкеге жер аударылған Жақып Ақбаевты қайтару туралы арыз ұйымдастырған.

Уез бастығының тергеуінде болған адамдардың көрсетуіне қарағанда, ол жүргізген насихаттың мазмұны, біріншіден, қырғыз ұуртының арасында өзін-өзі автономиялық басқару идеясын тарату, ал белсенді әрекеттерге көше қалған күнде орыс билігінен қорықпау, өйткені Қытай мен Ауғанстан оларға көмек көрсетуге даяр… сияқты ойларға сайса, екіншіден, алым-салықты төлемеу және орыстар мен қырғыздардың арасында өшпенділікгі қоздыру болды». Ақбаев сияқты Байтұрсыновтың да кінәлі екеніне әбден сенімді болған губернатор Тройницкий тергеу жұмысын аяқтауға асықпады. Байтұрсынов сияқты тұтқынды ешқандай жауап алусыз бірнеше ай абақтыда ұстау оған, біріншіден, тұтқынның сағын сындыру үшін керек болса, екіншіден, сыртта бостандықта жүрген Байтұрсыновтың пікірлес отандастарына отаршыл биліктің күшін, мүмкіншілігін көрсету еді. Байтұрсыновтың ісі бойынша үкімет орындарын белгілі бір шешімге келуге итермелеген Мемлекеттік Думаның мүшесі Н. Л. Скалозубовтың 1909 жылы 17 қарашада ішкі істер министрінің орынбасары П. Г. Курловқа жолдаған хаты еді. Мемлекеттік дума мүшесі хатында «Семей мен Өскемен абақтыларында біраз уақыттан бері тергеусіз, сотсыз бірнеше қырғыз интеллигенті жатқан көрінеді. Олар өздерінің шарасыз жағдайына көніл аударуды өтінеді», бұл істерді тездетіп аяқтауға болмас па екен деген ойды білдіреді. 1910 жылы 4 ақпанда далалық облыстар генерал-губернаторының міндетін атқарушы генерал-лейтенант Тихменев ішкі істер министріне Байтұрсынов ісіне байланысты тағы да есеп беріп, оған қандай айып тағылғанын толық баяндайды. Сонымен, Тихменев хатында былай деп көрсетеді:

«Названный Байтурсунов ранее заведывал Каркаралинскнм русско-киргизским училищем и был уволен от службы Попечителем учебного округа по настоянию Се­мипалатинского Губернатора за политическую неблаго­надежность и агитацию, беспорядок в училище и совер­шенное отсутствие в нем русских учеников. Показания­ми целого ряда свидетелей Байтурсунов обвиняется в том: 1) что он, в разное время, начиная с 1905 г., как в г. Каркаралах у себя на квартире, так и при разъездах по аульным школам в уезде и при всяком подходящем случае, неоднократно говорил киргизам: а) что податей платить не следует, б) что киргизы ни в коем случае не должны переходить на крестьянское положение, так как тогда с них будут брать по 10 руб. подати с души, за­ставлять отбывать их воинскую повинность и переведут в русскую веру, а если насильно отберут от них землю, то Байтурсунов рекомендовал укочевать в Китай, в) что повиноваться начальству не следует, г) что русский царь в настоящее время обессилен и управлять не может, а киргизы, что захотят, то и возьмут (показание Амантая Ажанбаева, Темиргалия Бесекова, Шаина    Кулатаева); 2) что распространял среди киргиз преступного рода воззвания; 3) что внушал волостным управителям не собирать недоимки, указывая им на то, что в России за крестьянами целые миллионы недоимок, и что им за это ничего не делают и 4) что поручил Кентскому волост­ному управителю Карыбаю Матаеву произвести в поль­зу Алихана Букейханова денежный сбор на предмет из­дания последним газеты противоправительственного на­правления». Біз бұл айьштау құжатыңда көрсетілген фактілердің басым көпшілігінің Байтұрсынов пен оның серіктерінің саяси қызметінде орын алғанына және олардың сол үшін де қудалауға ұшырағанына ешқандай шек келтірмейміз. Сонымен бірге бұл айыптаулардың ішінде жандарм орындары, тыңшылардың жапқан жаласы да бар болатын. Мәселен, осы және бұдан бұрын берілген басқа құжаттарда көрсетілгендей, А.Байтұрсыновтың қазақтарды «орыс билігіне қарсы күреске шақыра отырып, «Қытай мен Ауғанстаннан көмек келеді», немесс «жазалаудан құтылу үшін «Қытай көшіп кетіңдер» деп айтуы, әрине, мүмкін емес-тін. Бұл фактілер жандарм орындарына Байтұрсынов пен оның серіктерін Ресей империясының бітіспес жауы ретінде көрсету үшін керек еді.

Генерал Тихменев министр атына жолдаған осы хатында Қарқаралы уезіндегі қазақтар арасында үгіт-насихат жүргізуде «кінәсі Байтұрсыновтан кем емес» деген бірнеше адамның атын атайды. Олар Әлихан Бөкейхановтың інісі Смахан Бөкейханов, Жақьш Ақбаевтың інісі Ыбрай Ақбаев, Қу болысының бұрынғы меңгерушісі Хасен Ақаев, Қарқаралыдағы емхананың фельдшері Ахмет Райымбеков, Ақшатау болысының тұрғыны Бодаубек Райымбеков, ауыл мектебінің мұғалімі Смаил Байтенов және Қарқаралыдағы орыс-қырғыз училищесінің оқушысы Асылбек Сүлейменов еді. Қатынаста бұл аталған кісілердің бәрі де «қырғыздарды салық төлемеуге, билік орындарына бағынбауға және переселендерге жерлерін бермеуге» үгіттеді деп көрсетіледі2. Бұл тізімнің ішіндегі Асылбек Сүлейменов 15 жасар  болатын. Оған тағылған айып «Байтұрсыновтың өлеңдерін жатқа білгендігі» еді.

Қарқаралы интеллигенциясының ісі 1910 жылы ақпанда Ішкі Істер министрлігінің Ерекше Кеңесінде қаралып, 19 ақпанда Омбыдағы генерал-губернатор кеңсесіне «А.Байтұрсыновқа екі жылға Дала өлкесінде, Жетісу және Торғай облыстарында тұруға тыйым салынады» деген министрдің бұйрығы келеді. А.Байтұрсынов министрдің бұйрығынан соң екі жылға тұруға өз еркімен Орынбор қаласын таңдап алады4. Ал қалған жетеуі 1910 жылдың наурызынан бастап келесі жылдың 16 сәуірінде елге қайтуға рұқсат берген мпннстрдің жарлығы шыққанға дейін Том губерниясында тұрады. Міне, осы арада соңғы жетеуінің мерзімінен ерте ел­ге оралуына себепші болған Сібір губернияларынан Мемлекеттік думаға мүше болып сайланған Михаил Алек­сандрович Дзюбинский мен Николай Лукич Скалозубовтың еңбегі екендігін атап айтқан орынды. Архив материалдарымен таныса отырып оған толық көз жеткізуге болады. Сөйтіп, отаршыл әкімшілік пен Қарқаралы интеллигенциясы арасында 1905 жылдан басталған саяси күрес соңғыларын жазалау шараларымен аяқталған. Көріп отъгрғанымыздай, саяси жазалауға тек ұлттық наразылықтың көш бастаушылары ғана (Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, Ж.Акбаев т. б.) емес, сонымен бірге азаттық қозғалыстың қатардағы қолдаушылары да (С.Байтенов, А.Сүлейменов т. б.) іліккен еді. Басқаша айтқанда, патша үкіметі кімдерді, не үшін жазаға тартқанын жақсы түсінді. Мұны екінші, жазаланушы жақ та білді.

Бірінші орыс революциясынан кейінгі уақытта қазақ зиялыларының қоғамдық-саяси қызметі саяси тақырыптарға кітап бастырып, елге тарату түрінде де көрінді. Ұлттық мерзімді баспасөз жоқ, ал жазба әдебиеттің әлі қалыптасып үлгірмеген кезінде қоғамдық-саяси тақырыпқа жазылған кітаптардың орны ерекше еді. Сондай отаршыл әкімшілік орындарына үлкен қолайсыздық тудырған алғашқы кітаптардын, бірі «Оян, қазақ!» болды. Уфа қаласындағы «Шарқ» баспасынан 1909 жылы жарық көрген бұл кітаптың авторы Міржақып Дулатов еді. «Көзінд аш, оян, қазақ, көтер басты, Өткізбей қараңғыда бекер жасты! Жер кетті, дін нашарлап, хал һэрам боп, Қазағым, енді жату жарамасты!»2. Қазақ елінің қоғамдық санасына ең жақын жанр-өлең түрінде жазылған бұл кітап сол тарихи кезеңдегі қазақ қоғамдық өмірінің ең зәру саяси-әлеуметтік мәселелерін көтеріп, ұлттық сананың оянуына үлкен қызмет жасаған болатын. «Оян, қазақ!» Орал, Торғай, Семей және Ақмола облыстарында тез тарап, өте көп оқылатын кітапқа ай­налады. Бір қызығы сол, бұл кітапты халық арасында кең насихаттауда белсенділік танытқан дін қызметкерлері молла, имамдар еді. Өкінішке қарай, уез бастығы бұл тінтудің немен аяқталғанын жазбаған. Бірақ әнгіменің «Оян, қазақ!» жөнінде болып отырғандығында шәк жоқ.

«Оян, қазақ!» шыққанға дейін Омбы уезі Қорған болысы, Арқалык ауыл мектебінде мұғалімдік жұмыста жүрген М.Дулатов 1909 жылы қазан айында Ақмола облысындағы Петропавл қаласына келіп алдымен қалалық мұсылмандар кітапханасы — оқу залының меңгерушісі2, соңынан соттың хатшысы қызметінде жұмыс жасайды. Деректердің көрсетуіне қарағанда, М.Дулатовқа Петропавл қаласына келіп орналасуы екінші басылым көрген «Оян, қазақ!»-ты, 1910 жылы жарық көрген «Бақытсыз Жамал» романын және басқа азаттық үшін күрес рухында жазылған кітаптарды ел арасына таратуға қолайлы жағдай тудырса керек. Бірақ бұл уақытта «Оян, қазақ!»-тың авторының сыртынан жандармдық бақылау қойылып, оның «қылмыстық» ісін дайындау бұдан бұрын Ж.Ақбаев пен А.Байтұрсыновтың тергеу ісін жүргізген Омбы жандарм басқармасы бастығының көмекшісі ротмистр Леваневскийге жүктеледі.

Ротмистр Леваневский 1911 жылғы 15 маусымда Се­мей губернаторына жолдаған қатынас хатында М.Ду­латов үстінен қылмыс кодексінің 129-бабының 6-тармағы бойынша іс қозғағандығы жөнінде мәлімдеп4, артынша «Оян, қазақтың» орыс тіліне аударылғанын және оның көптеген даналарының ел арасына тез арада тарап кеткенін айта келіп, «Өлеңмен, жақсы тілде, шебер жазылған «Оян, қазақ!» тіптен аударма түрінде-ақ айтарлықтай әсер қалдырады, ал өзінің мазмұны жағынан орыс үкіметінің қырғыздарға қатысты бүгінгі саясатына наразылық туғызуды көздейді, сондай-ақ оның ішінде Жоғары Мәртебелі Императорды мазақ ету және панисламизм идеясын тарату пиғылы да байқалады» деп көрсетеді. Семей округтік соты М.Дулатов ісін жүргізу барысында Қазан қаласындағы баспа ісі бойынша Уақытша Комитетке қайрылып, «Оян, қазақ!» қаншалықты заңға сәйкес екендігі жөнінде пікірін сұрайды. Уақытша Ко­митет 1911 жылғы 8 қарашада берген № 1735 жауабында өзінің «Оян, қазақты!» қылмысты деп тауып, кітаптың таралуына тыйым салуға және оның авторы М.Дулатовты қылмысты істер Заңының 128 және 129-баптарына сәйкес жауапқа тартуға рұқсат сұрап Саратов Сот палатасына қатынас қағазын жібергенін хабарлайды.

Баспа ісі бойынша Уақытша Комитеттің бұл шешімін негізге ала отырып, Семей округтік соты М.Дулатовты қылмысты істер Заңының 129-бабының 6-тармағы бойынша қылмысты деп тауып, 1911 жылдың 23 желтоқсанында тергеу кезіндегі мерзімін есепке алмағанда 1 жылға абақтыға жабу туралы үкім шығарады. М.Дулатов Семей абақтысында 1912 жылдың желтоқсанына дейін отырып шығады. Шыққан бетте, яғни 1913 жылдың басында ол Орынбор қаласына келіп жетеді. Оған себеп болған сол тарихи кезеңдегі қазақ облыстарында қалыптасқан саяси жағдай еді. М.Дулатов бұдан былайғы уақытта қазақ облыстарында жүріп қоғамдық-саяси жұмыспен айналысу мүмкін еместігін жақсы түсінді.

Отаршыл әкімшіліктің қазақ зиялыларының қарсылығын басу саясаты жоғарыда аталған қайраткерлермен шектелмегені түсінікті. Мәселен, 1909 жылы жандарм орындары саяси белсенділігі үшін Зайсан уезінің мұғалімі Отыншы Әлжановты түрлі жалалар жауып, алдымен Семей абақтысына отырғызып, соңынан Жетісудағы Лепсі қаласына жер аударады. 1910 жылы университетті жаңа бітіріп келіп, қызметке орналасқан заңгер Жаһанша Досмұхамедовты ге­нерал-губернатор «Уральский листок» газетінде жер мәселесіне байланысты жариялаған мақалалары үшін Орал облысында тұруға тыйым салды. Ж.Досмұхамедов 1917 жылғы ақпан революциясы жеңгенге шейін Сібірдегі сот мекемелерінде қызмет жасайды.

Сонымен, шамамен 1912 жылы бірінші орыс революциясынан бері белсенді қоғамдық-саяси қызметке араласа бастаған қазақ интеллигенциясының отаршыл әкімшілікпен бетпе-бет келген күресінің алғашқы кезеңі осылайша аяқталды. Бұл күресте, әрине, екі жақтың күші мүлдем тең емес-тін. Соған қарамастан ұлттық интеллигенция өзінің негізгі мақсатынан — ұлттық тәуелсіздікке жету — бас тартқан жоқ, қайта оның өз ісінің әділдігіне деген сенімі нығая түсті. Сонымен бірге осы кезеңде жаңа ғаана қарқын ала бастаған ұлт-азаттық қозғалыстың жетекші тобы да айқындала түсті. Бұл топ 1913 жылы қазақ қоғамы үшін саяси күрестің мүлдем жаңа құралы — жалпыұлттық саяси басылымды ұйымдастырды. Ол «Қазақ» газеті еді.

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.