Ұлттық тілдің түрлері

Главная » Рефераттар » Ұлттық тілдің түрлері

Тіл адамдардың қатынас құралы ретінде тек адам қоғамында өмір сүре алады. Тіл мен қоғамның байланысы екі жақты: Қоғамнан тыс тіл жоқ, тілсіз қоғам жоқ. Адамзат қоғамының шығу және даму барысында тіл адамдардың өзара әрекет жасауына, ынтымақтасуына, бір ұрпақтың тәжірибесінің екінші ұрпаққа берілуіне жәрдемдесті. Сайып келгенде, тіл — әлеуметтік құбылыс. Сондықтан да барлық өзгерістер тілде тұжырым табады. Әрбір қоғам өзінің құрамы жағынан біркелкі емес: адамдардың бір-бірінен әлеуметтік жағдайы, білім деңгейі, тұратын мекен-жайлары, жасы, жынысы, т.б. жағынан айырмашылықтары бар. Қала мен ауыл түрғындарының, жоғары білімділер мен шала сауаттылардың арасындағы, т.б. айырмашылықтарды, әрине жүрттың бәрі біледі. Бірақ тілдің әлеуметтік жіктелуі мұнымен бітпейді. Мысалға, бір мамандыңтың адамдарының сөздерінде «басқалар» үшін түсініксіз сөздер кездесетіндігі белгілі, бұл кәсіби жаргон. Ал кей жағдайларда адамдардың тіліндегі айырмашылықтар олардың жынысына байланысты. Мысалы, Жапонияда жігіттерге ңарағанда ңыздардың сөздері анағұрлым бай, әрі жан-жаңты, себебі бұл қыздарды болашақ отбасылың өмірге дайындауға ңажетті талаптарының бірі болып есептеледі. Процестердің яна тайпасында (Солтүстік Каролинада) бір затты еркектер бір атпен, әйелдер екінші атпен атайды. Айналадағыларға жағымды әсер қалдыру үшін, өмірде, іс-әрекеттерде табысңа жету үшін тілдің қоғамдың қызметінің ерекшеліктерін, сонымен бірге тілдің әрбір түріне тән қалыптарды білу қажет.

Жалпыхалықтық тіл және оның түрлері. Басқа халықтың тілінен ерекше етіп көрсететін өзіне тән ерекшеліктерінің жиынтығымен алынған белгілі бір халыңтың тілі жалпыхалыңтың, немесе үлттық тіл деп аталады. Ұлттық тіл дегенде біз орыс, ңазаң, ағылшын, неміс, т.б. тілдерді айтамыз.
Ұлттық тілдердің қай-қайсысын алсақ та, олардың құрамдары біркелкі болып келмейді, себебі оны өзінің әлеуметтік жағдайы, қызметі, мәдени деңгейі әр түрлі адамдар әр түрлі жағдайларда (іскерлік әңгіме, дәріс, күнделікті өмірде) пайдаланады.

Әдеби тіл. Әдеби тіл — бүл бір ұлттың адамдарының арасындағы негізгі қатынас құралы. Оның негізгі екі сипаты бар: — өңделгендігі; — қалыптанғандығы. Әдеби тіл — тілдегі барлың жақсы дүниелерді мақсатты түрде, жүйелі, әрі үнемі тандау қорытындысында өндеуден өтеуі. Бұл таңдау тілді пайдалану барысында, тілші-ғалымдардың, жазушылардың, қоғам қайраткерлерінің арнайы зерттеулері нәтижесінде іске асырылады.
Әдеби тілдің қалыптануы деп тіл ңұралдарының бірыңғай жалпыға міндетті ңалыптарға сай пайдаланылуын айтамыз. Қалып сөз қолдану ережелерінің жиынтығы ретінде үлттың тілдің түтастығы мен жалпыға түсініктілігін саңтау үшін, ақпаратты бір ұрпақтан екінші ұрпаққа мұра етіп ңалдыру үшін ңажет.
Егер де біртүтас тіл қатынастары болмаса, тілде (мысалы сөз құралында) көптеген өзгерістер болып, бір мемлекеттің өр түрлі аумақтарында түратын бір ұлттың адамдары бір-бірін түсінуден ңалар еді. Әдеби тілге қойылатын негізгі талаптар, оның тұтастығы мен жалпыға түсініктілігі. Жалпыхалықтың тілдің басқа түрлері жоғарыда аталған талаптарға сәйкес келмейді. Қазіргі әдеби тілдің қызметі жан-жаңты, яғни ол адам іс-әрекетінің барлық салаларында қолданылады. Белгілі бір тіл құралдарын пайдалану қатынастың типіне байланысты. Сондықтан да әдеби тіл негізгі екі қызметтік түрге бөлінеді: сөйлеу тілі және кітаби тіл.

.
.

Аймақтық диалектілер. Белгілі бір аймаңта адамдар арасында қатынас ңүралы ретінде ңолданылатын жалпыхалыңтың тілдің жергілікті түрін диалект деп атайды. Мысалы: сіріңке — кеуірт, күкірт, шырпы, ши, оттық, шақпаң;шылапшын — леген, жам, кірлен, шылаушып, тас; кесе — самал, пиялай, кесе, тас аяң, шыныаяқ, ақпар, кәрлен, жанан; курке — балағаш, балаған, шайла, шабыра, кепе, аткүрке, алты аяң, ңапын, лапас, жаппа, т.б. Жергілікті диалектілердің шағын аймаңты ғана қамтитын бөлігі говор деп аталады. Мәселен, Қазақстан жағдайында диалект екі-үш облыс көлеміндей жерді қамтыса, говор бір облыс немесе екі-үш аудан көлеміндей жерді ңамтиды. Мысалы, қазақ тілінде «Шығыс говоры», «Батыс говоры», «Оңтүстік говоры» немесе «Қызылорда говоры», «Шу говоры» үғымдар бар.

Қарапайым тіл. Қарапайым тіл — жалпы халықтық тілдің тағы да бір түрі. Жергілікті диалектілермен салыстырғанда қарапайым тілдің әдеби тілден өзгешеліктері белгілі бір аумаққа байланысты емес. Бұл әдеби тілдің қалыптарын меңгермеген қала халңының білімдері жеткіліксіз тобының тілі. Қарапайым тіл елдің жан-жағынан ңалаға қоныс аударуға байланысты әр түрлі диалектілердің араласу нәтижесінде пайда болған. Қарапайым тілдің ең басты ерекшелігі, ондағы әдеби тілдің қалыптарының сақталмауында.

.

Жаргондар. Жаргон деп ерекше бір топқа немесе жалпы бір мамандыққа жататын адамдар тілінде қолданылатын сөздерді айтады. Жаргондардың ерекшелігі оның сөз құрамында. Ондағы көптеген сөздердің өзіндік мағыналары бар және кей түрі жай қолданылатын сөздерден бөлектеу. Кәсіби жаргондарды бір мамандыңтың адамдары өндірістік таңырыптарға әңгімелескенде қолданады. Мысалы, үшқыштардың жаргонында үшаңтың фюзеляжын ңарын десе, жоғарғы пилотаждың фигураларын бөшке, тау, түзаң деп атайды. Дәрігерлердің күнделікті әрекеттерінде қолданылатын зеленка, касторка, укол деген сөздері жаргон болып саналады. Әлеуметтік жаргон — бүл белгілі бір түйық топтарға жататын адамдардың тілі. Мысал ретінде революцияға дейінгі Ресейдегі ңаңғыма саудагерлердің (офендер) жаргонын алуға болады. Кобінесе оларға шабуыл жасап, тауарлар мен ақшаларын тартып алып, өздерін үрып-соғып зәбірлейтін болған. Сондықтан да олар бір-біріне белгі беру үшін, өздерінің шын ой-мақсаттарын өзге жұрттан жасыру үшін басқаларға түсініксіз тіл жасауға мөжбүр болған. Қайыршылардың, ұры-қарылардың және офендердің жаргондарының кейбір сөздері осы уақытқа дейін сақталып келді, ал кейбіреулері бастапңы сипатын жоғалтып, жаңа мағыналарға ие болып, жалпыхалыңтық тілдің, сөздің құрамынан орын тапты. Қазіргі тілдегі жаргондар көбінесе адамдардың белгілі бір мамандың бойынша бірігуі негізінде құралады. Мысалы, компьютершілер, автомобилистер, коллекционерлер, спорт жанкүйерлері, т.б. Коптеген тілдерде жастардың — оқушылар мен студенттердің жаргоны бар. Жастар кейбір сөздерге эмоционалдық рең беріп, олардың мағыналарын басқаша қолданады. Қорыта келгенде айтарымыз — ұлттық тіл өзінің құрамы жағынан біртекті емес.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.