Мəдениет пен өркениет, құрылымы мен функциялары

Главная » Рефераттар » Мəдениет пен өркениет, құрылымы мен функциялары

Мəдениет ұғымын тереңiрек түсiну үшiн, оған мағыналық жақындығы бар кейбiр басқа ұғымдармен арақатынасын қарасытырып өтейiк. Осы сипатта бiздiң зердемiзге бiрiншi түсетiн ұғым — өркениет. Өркение (цивилизация) семантиклық жағынан алғанда ( латын тiлiнiң — сөзi) азаматтық дегендi бiлдiредi. Римдiктер бұл ұғымды (варвалықтар) деп өздерi атаған басқа халықтар мен мемлекеттерден айырмашылықтарын көрсету мақсатында қолданған. Яғни, “өркениет”- олардың түсiнiктерi бойынша, азаматтық қоғам, қалалық мəдениет, заңға негiзделген басқару тəртiбi бар Рим импеиясының даму дəрежесiн бiлдiредi.

Сонымен бiрге мəдениет – адамды тұлға деңгейiне көтеретiн негiзгi құрал. əл-Фараби айтқандай, адам – “хайуани мадани”, яғни, мəдениеттi жан. Адам – табиғат туындысы жəне ол үшiн табиғи орта мəңгiлiк қажеттiлiк болып қалады. “Мəдениет адамнан табиғатты бөлiп алады” деген пiкiр қанша рет айтылса да, адамның табиғи шығармашылықтың ең жоғарғы үлгiсi екендiгiне күмəн жоқ. И. Гердердiң тiлiмен айтқанда, адам — табиғаттың бiрiншi азаттық алған пендесi. Ғасырлар – адамның мəдени дауының куəсi. Бiрақ осы алға қарай жылжу Жер – анаға əр уақытта жайлы бола бермедi. Адам қоршаған ортаны өзiне ыңғайлы тұраққа айналдыруға тырысты, алайда осы белсендiлiк көп жағдайда табиғатты күйзелтiп, құлдыратып жiбердi. Мəдениет пен табиғатты қарама-қарсы қоюдың бiр түрi – адамның табиғи антимəдениеттiлiгi жөнiндегi iлiмдер едi (киниктер, Ницше). Контрмəдениет атты ХХ ғасыр туындысы бұқаралық мəдениеттегi руханилықтың затқа, тауарға айналуына қарсы қозғалыс сипатында болды. Мəдениет пен табиғатты ұштастыруға тырыстатын iлiм – мəдени антропология. Оның негiзiн салушылардың бiрi – Э.Уильсон. Əрине, аталған iлiмдер табиғи-биологиялық заңдылықтарды тым əсiрелеп жiбередi, əйткенiмен оның қисыны бар сияқты. Өйткенi, ХХ ғасыр мəдениет пен табиғат диллемасының адам тағдыры үшiн қауiптi екендiгiн көрсетiп, заман талабына сəйкес экологиялық мəдениет iлiмiн тудырады. Адамдық шовинизмдi тежейтiн бұл iлiмнiң негiзiндегi мынадай идеяларды атап өткен жөн. а) академик В.И.Вернадскийдiң Ноосфера (парасатты орта) туралы iлiмi, ə) Рим клубының экологиялық тұжырымдары, б) Тейяр де Щарденнiң адам жөнiндегi гуманистiк эволюциялық теориясы, в) Л.Н.Толстой, М.Ганди А.Швейцер, Э.Фромм т.б. дамытқан гуманистiк этика т.б. Тағы айта кететiн жайт осы экология мəселелерiне байланысты Шығыс пен Батыстың арасындағы айырмашылық туралы. Мнтровертивтiк Шығыс мəдениетi табиғатқа жақын ол үстемдiк етiге шақырған жоқ.

Сонымен мəдениет-адам мен табиғатты бөлiп тұрған “қытай қорғаны” емес керiсiнше олардың арасындағы нəзiк үндестiк жəне рухани қыл- көпiр. Осы үндестiктi ( гармонияны) одан əрi жетiлдiру-адамзаттың алдындағы келелi мiндет. Адам жəне мəдениет мəселелсiн тереңдете түсетiн тағы бiр мəселел адамның көпмағыналығына жан-жақтылығына шексiздiгiне байланысты. Американ ғалымы К.Поппер айтқандай адам бiрдей үш дүниеге физикалық, ментальдық(психикалық) жəне идеалдыққа жатады. Сонда мəдениет осылардың қайсысымен көбiрек анықталады деген заңды сұрақ туады. Егер бiз мəдениеттi тек материалдық жəне рухани бөлiктерге бөлудiң қарадүрсiн щеңберiнен шыға алсақ, онда мəдениеттiң өзiнiң iшкi мағынасында идеалды екендiгiне көзiмiз жетедi. Себебi, адамды қоршаған заттар, дүние — -бұл мəдениетт iң сыртқы көрiнiсi ғана, оның мəнi руханилықты адам əрекетiнiң нəтижесiнде заттандыруда жатыр. Мəдениеттiң iшкi мəнi -–руханилықты адам əрекетiнiң нəтижесiнде заттандыруда жатыр. Мəдениеттiң iшкi жəне қоғамдағы өмiр сүрiп жатқан адамдардың өзiндiк санасында, парасаттылық сезiмдерiнде, рухани iзденiстерiнде айқындалады. Ж.П.Сартрлық көсемсөздi қайталасақ, адам əлемге еркiн жiберiлген. Ол ерiктiлiк жазасына кесiлген. Осы сипатта мəдениеттiң құпиясы – адамдағы “Мендiк”. Одан сыртқы ерекше бiр нұр – азаттық, жауапкершiлiк, адамгершiлiк сəулесi нұр шашып тұр. Мəдениетте адам ғажайып биiк деңгейге көтерiледi. Мəдениет дегенiмiз – менiң өмiрiм, менен бөлiнген, мен өлгеннен кейiн де тiрi болатын – менiң шығармашылығым. Ендi мəдениеттiң қоғамда атқаратын қызметтерiн талқылайық. Алдымен қоғам жəне мəдениет ұғымдарында қаншама ұқсастық, үндестiк болғанымен, олардың арасындағы мағыналық айырмашалақты естен шығармаған жөн. Қоғам- əлемнiң бiр бөлiгi. Белгiлi бiр мақсаттарды iске асыру жолында əрекет етiп жатқан субъектiлердiң(тұлғалардың, топтпрдың, этностардың, мемлекеттердiң) байланыс нысандары. Яғни, қоғам ұғымындағы негiзгi мəселел – адам жəне оның ұйымдасу нысандары, бұл ретте қоғамды зерттейтiн басты iлiмдi əлеуметтану деп атайды. Ал мəдениет осы тұрғыдағы қоғамның белгiлi бiр қасиетi, көрiнiсi, сипаты мазмұнында қолданады. Осыған дейiн қарастырылған ұғымдарды негiзге алып, қоғамдағы мəдениеттiң төмендегiдей қызметтерiн айқындау мүмкiндiгi бар.

.

Адамды қалыптастыру қызметi

Бұл – мəдениеттiң қоғамдағы басқа қызметтерiн бойына жинақтайтын жəне оның негiзгi мазмұнымен тiкелей байланысты нышан. Егер бiз адамды əлде құдай, əлде табиғат, əлде еңбек жаратты деген пiкiрталастардан сəл көтерiлске, адам мəдениеттi, ал мəдениет адамды қалыптатырғанына көзiмiз жетедi. “Жеке адам өзi өмiр сүрiп жатқан қоғамның туындысы, төл перзентi” С.Мырзалин, Ə.Əлпейiсов. Қоғам жəне мəдениет. Алматы, 1992. 14-б). Маугли көркем бейне. Жануарлар арасында кездейсоқ өскен адам мəдениеттiк қасиеттерден жұрдай болады. Адамға ең қиыны – адам болу. Ал оның негiзгi шарттарының бiрi ретiнде iзгiлiк пен зұлымдық, ақиқат пен жалғандық, əдiлеттiлiк пен өктемдiк, бодандық пен азаттық, сұлулық пен ұсқынсыздық арасындағы адамның таңдауын аламыз. Соның нəтижесiнде тұлғада өзiндiк сана тұрақталады, ол озық мəдениеттi өз бойына сiңiредi. Жалпы алғанда, мəдениеттiң алға басуы дегенiмiз – дүниежүзiлiк тарихтың адам үшiн, оның мүдделерi мен өзiндiк мақсаттары бағытында толыққанды ашылуы болып табылады.

Жалғастық, мəдени мұрагерлк қызмет

Мəдениеттiң бұл қызметi бiр ұрапақтан екiншi ұрпаққа берiлетiн бүкiл адамдық өмiр тəсiлдерiнiң өзiндiк ерекшелiктерiне қатысты. Ақпараттық ( информациялық) берiлiс əлеуметтiк жүйеде биологиялық тұқым қуалаушылықтан өзгеше жүредi. Шын мəнiсiнде қоғамда ұрпақтар жалғастығы мəдени мұраларды игеру, қабылдау жəне шығармашылықпен дамыту арқылы жүзеге асады. Мəдени ақпараттар – салт-дəстүр, əдет-ғұрып, рəсiм-рəмiз, дiл мен тiл, дiн жəне өнер, бiлi т.б. руханилықтың белгiлi бiр деңгейiн мейгерудiң нəтижесiнде мəдениет субъектiсiнiң өзiндiк санасының жанды буынына айналады.

Танымдық қызметi

Мəдениеттiң қоғамдағы бұл қызмет мiндетiнiң — сан алуын қыры бар. Бiрден бiздiң назарымызды өзiне аударатын нəрсе – мəдениет пен бiлiмнiң арақатынасы. “Табиғаттың қулығын асырып жiберуге” (Гегель) бағытталған адамдардың бiлiмi, əрине, мəдениеттiң негiзгi құрамдас бөлiгiне жатады. Ертедегi гректiң “пайедейя”, ислам өркендеуiндегi “маариф”, қазiргi өркениеттегi “интеллигентiлiк” ұғымдары мəдениет пен бiлiмдiлiктiң iште туыстығын, үндестiгiн бiлдiредi. Осы сипатта, əсiресе зиялылар (интеллигенция) мəдениеттi сақтау жəне дамыту iсiнде үлкен қызмет атқарады. “Бүгiнгi күнге лайық адамдық қарым-қатынас орнату – интеллигенцияның басты мiндетi… Ал бiздiң өркениеттiлiгiмiз жаппай компьютерге көшумен сипатталмау керек, мəдени диалогтiң түрiн жасап, оны сақтай бiлу қабiлетiмiзбен көрiнуi керек (Ə .Наурызбаева, Н.Скалон.Диалогтiң мүмкiндiгi. Шаһар, 1993. 1-8 б./.Яғни бiлiмдiлiк мəдениеттiлiктiң маңызды алғы шарты болғанымен, бұл екi ұғымның арасында белгiлi алшақтық, кейде тiптi қайшылық бар. Ғылымның бет алды дамуы, шектелмеген техникалық əрекет мəдениетке үлкен нұқсан келтiруi мүмкiн. Тек жоғары деңгейде мəдениетi бар өркениет ғылым мен техниканың дамуындағы терiс салдарларды бейтараптандыра алады. Егер бiз ғылым арқылы шындықты ашсақ, өнер арқылы əсемдiкке ұмтыламыз, ал моральдық таным –жақсылық пен жамандықты айырамыз.

.

Реттеу қызметi

.

Бұрынғы Кеңес Одағында шыққан кiтаптарда мəдениеттi ғылыми жолмен басқару атты сөз тiркесi кең етек алғанды. Бiрақ адамның дүниеде өмiр сүру тəсiлi ретiнде түсiндiрiлетiн мəдениеттi басқару мүмкiн емес, əйпегенде адамды тетiкке, қуыршаққа айналдырған тоталитарлық айла- шарғы үлгiлерiн көремiз. Айталық, Ертедегi Грекияда ещқандай шенеунiктер адам басына театрлар неше билет сатты деген ақпараттар жинаған жоқ. Солай болса да ол елдегi жоғары мəдениеттiң жəне рухани iзденiстiң қандай деңгеде болғаны бəрiмiзге белгiлi. Алайда, солай екен-ау деп мəдениетке сыртқы ықпал жасау мүмкiндiгiн жоққа шығара алмаймыз. Мəдениет- “жабулы қазан емес”. Мəдениеттегi реттеушiлiк əрекеттернiң өзiндiк ерекшелiктерi бар. Мəдениетте күнделiктiден гөрi жоғарыға, идиалдыға, үлгiге көбiрек көңiл бөлiнедi. Мəдени ұғымдарда нормативтiк, ережелiк талаптар басымырақ. Мысалы, “мəдениеттi адам” ұғымы оның адамдық жан-жақты белгiлерi бойына толығырақ, тереңiрек дарытқандығын көрсетедi. Ол – бiлiмi ғылым деңгеiне, киiмi сол кезде көп тараған сəнге, мiнез-құлқы осы қоғамның адамгершiлiк талаптарына сай адам.

Коммуникативтiк, қарым-қатынастық қызмет

Бұл мəдениеттiң қоғамдағы негiзгi қызметтерiнiң бiрi, Адамдардың қарым-қатынасы, мəдениеттер сұхбаттасуы — əлеуметтiк шындықтың басым көрiнiс. Адам ерекше бiр өрiсте — қарым-қатынас өрiсiнде болады. Руханилық пен iзгiлiк, əдемiлiк пен жақсылық тербелiсi адамды нəзiк тормен қоршаған, қоғамдық өмiрде тек зат пен тауар ауысуы ғана емес, ең алдымен идеялар, мамандық, шеберлiк тəжiрибелерiмен, сезiмдiк үлгiлерiмен ауысу толастамақ емес. Мəдениет игiлiктерiн жас нəресте анасының ақ сүтiн емiп, оның əлди жырымен сезiм дариясына шомылып қана адамдық қасиеттердi бойына сiңiре бастайды. Ғылымда социализация(əлеуметтану деп аталатын) процесс те мəдени қарым-қатынасқа негiзделген. Мəдени қарым-қатынастардың түрлерi дегенде олардың əмбебаптығына жəне көпмағыналығына көңiл бөлу қажет. Мəдени құндылықтарды оларды жасаушылар жəне тұтынущылар арасындағы қарым-қатынас ретiнде алуға болады. Мəдени туынды қаншама асыл болғанымен, егер ол рухани азық ететiндерге белгiлi бiр себептермен жетпей жатса, онда ол мəдени айналыстан шығып қалады. Адам тұрмайтын үй қаңырап бос тұрады, отарба жүрмейтiн темiр жол -–жəй темiр мен ағаштың үйiндiсi, ешкiм оқымайтын кiтап – шаң басып жатқан қағаз. Мəдени болмыстың тiрегi деп қарым-қатынасты айтамыз.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.