Мәдениет ұғымы

Главная » Рефераттар » Мәдениет ұғымы

Мәдени антропологаяны зерттеушілердің бірде-бірі білімнің осы саласындағы орталық ұғым «мәдениет» екендігіне күмән келтірмейді. Бірақ бұл терминді әркім өзінше түсінеді. Біреулер үшін мәдениет — үйретілетін мінез-құлық, ал басқалар үшін мінез-құлық емес, оның абстракциясы. Кейбір антропологтар үшін тас балталар мен керамикалық ыдыстар — мәдениет, ал басқа біреулер үшін бірде-бір материалды зат мәдениетке жатпайды. Кейбір адамдардың пікірінше, мәдениет тек адамдардың санасында ғана болады. Ал басқа бір адамдар қоршаған ортаның сезілетін заттары мен құбылыстарын мәдениет деп санайды. Кейбір антропологтар мәдениетті идеялардың жиынтығы деп көрсетеді. Бірақ бұл идеялардың қайда болатындығы туралы олардың пікірлері алуан түрлі. Біреулер бүл идеяларды зерттеуші адамдардың санасында болады деп көрсетеді, ал енді біреулері бұл идеялар — этнолог-ғалымдардың санасында болады дейді. «Мәдениет физикалық дүниенің қорғаушы механизмі ретінде», «п» түрлі әлеуметтік дабылдарға «т» түрлі жауаптар сейкес келетін жиынтық деп білетін түсініктер де бар. Неше түрлі шатасу мен былық осылай пайда болады. Егер энергия туралы алуан түрлі түсініктер болса физиктер не істер еді десеңізші?
Алайда, бір кездері осы терминнің өз мәнімен қолданылуы туралы ғалымдарда бір мағыналы түсініктер де болған. XIX ғасырдың соңғы он жылдығында және XX ғасырдың басында мәдени антропологтар көбінесе «Алғашқы қауымдық медениеттің» алғашқы жолдарында көрсетілген Э. Б. Тайлор көзқарасымен келісетін. Э. Тайлор бойьшша: «Мәдениет — адамның қоғам мүшесі ретінде игерген кейбір қабілеттері мен дағдыларынан, білім, наным-сенім, өнер, адамгершілік, заңдар мен әдет-ғұрыптардан құралады». Тайлор мұнда мәдениет тек адамға ғана тән екендігі баса көңіл аудармағанымен, бұл еңбекте мәдениеттің біршама сипаттары бар деуге болады. Осы ой оның басқа еңбектерінде анығырақ байқалады. Демек, Тайлор мәдениетке түр ретінде адамға тән заттар мен құбылыстардың бүкіл жиынтығын жатқызады. «Алғашқы қауымдық мәдениетте» ол наным-сенімдерді, әдет-ғұрыптарды, материалды заттарды және басқаларды атап көрсетеді.
Тайлорлық мәдениет концепциясы (тұжырымдамасы) антропологияда бірнеше ондаған бойында үстемдік етті. 1920 жъшы Роберт Лоуи өзінің «Алғашқы қауымдық қоғам» еңбегін «белгілі тайлорлық анықтамаға» цитата келтіріп ашты. Алайда, соңғы жылдары мәдениет концепциясы мен анықтамалары едәуір өсті. Абстракция ретіндегі мәдениет туралы түсінік кең таралды. Кребер және Клакхон «Мәдениет: концепциялар және анықтамаларға сыни шолу» атты іргелі зерттеулерінде мәдениетке осындай анықтама берген. Мәдениетке осыған үйлес анықтаманы Билз және Ходжер «Антропологияға кіріспе» атты оқулықта берген. Феликс М. Кисинг «Мәдени антропология» еңбегінде мәдениетті «қоғамда таралған үйретілетін мінез-құлықтар жиынтығы» ретінде сипаттайды. Соңғы уақыттарда мәдениет ұғымы төңірегіндегі пікір-талас «мәдениет» жөне «адам мінез-құлықтары» терминдері арасындағы айырмашылық мәселесіне аударылды. Ұзақ жылдар бойы антропологтар мәдениетті адамға тән үйретілетін мінез-құлық және әлеуметтік мұрагерлік механизмінің көмегімен индивидтен, индивидтер тобынан немесе ұрпақтар арқылы басқаларға берілетін мінез-құлық ретінде айқындап келді. Бірақ, енді бұл жөнінде күмән туып, мөдениет мінез-құлық (жүріс-тұрыс) емес, оның абстракциясы деген пікірге алып келді. Кребер мен Клакхонның пайымдауынша, мәдениет — нақты адам мінез-құлқының абстракциясы, бірақ мінез-құлықтың өзі емес. Осыған ұқсас көзқарасты Билз, Хойджер және басқалары ұстанады.
Бірақ, мәдениетті абстракция ретінде айқындайтын зерттеушілер осы терминді түсіну астарына түсінік бермейді. Олар өздері «абстракция» деп атайтынды анық біледі: және басқалар мұны түсінуге қабілетті екендігі айқын болып саналады. Біздің көзқарасымыз бойынша, екі жорамал да жеткілікті түрде дәлелденбеген, бұл концецияны егжей-тегжейлі талдауға қайта ораламыз. Антропологтар «абстракция» термині қандай мағына бергенімен, егер мәдениет — абстракция болса, онда мәдениет танылмайды, өлшенбейді және тұтас алғанда нақты емес. Минтонның пікірінше, «мәдениеттің өзі елеңдейді және мәдениетке тікелей қатысатын индивидтердің өздері де бара-бар ұғынып, түсінуі мүмкін емес». Херсковиц мәдениетті «еленбес» (көзге түспейтін) деп атайды. Клакхон және Келли қиялындағы симпозимда антропологтарда мынандай сұрақ туады: адамды, оның әрекетін, басқа адамдармен өзара әрекетін жұрттың бәрі көреді, бірақ мәдениетті бір рет те көрген адам бар ма? Билз және Хайджердің пайымдауынша, «антрополг мәдениетті тікелей бақылауға қабілетті емес». Сонымен, егер мәдениет абстракция болғандықтан еленбейтін, танылмайтын болса, шынында мәдениет бар ма? Рольф Минтон бұл сұрақты байыппен қарастырады: ол (мәдениет) туралы сөз қозғауға, мәдениет бар деп айтуға бола ма?. Радклиф-Браунның пікрінше «мәдениет» сөзі нақты шындықты м, с абстракция жиі түрде көмескі абстракцияны көрсетеді». Спиро мынандай түйінге келеді: «үстемдік етуші қазіргі заманғы антропологиялық позицияға сәйкес мәдениет онтологиялық шындыққа ие емес». Мәдениет абстракцияға айналғанда, ол көрінбейтін және еленбейтін болумен қатар, тіпті бар болудан да қалады. Құбылыстың шынайы жағдайына аз сәйкес келетін концепцияны сөз алдында елестету қиын. Көптеген көрнекті және құрметке ие антропологтар неліктен «Абстракциялық» концепцияны қолдайды?
Бұл құбылысты түсіндірудің біртектігін Кребер және Клакхон ұсынады: «Психология үшін мінез-құлық аса маңызды материал, ал мәдениет — болмашы, тек мінез-құлыққа ықпал-әсер жасайтындықтан ғана қызықты зат; психологтар және әлеуметтік психологтар өз зерттеулерінің пәні ретінде бірнеше кезекте мінез-құлықты көрсетеді, содан кейін ғана олар өз ынта-ықыластарын мәдениетке аударады». Дәлел қарапайым және айқын: егер мәдениет — дегеніміз мінез-құлық болса, онда мәдениет психологиялық ғылымдардың зерттеу пәніне айналады, өйткені мінез-құлықты психология зерттегендіктен, ол психологтарға және әлеуметтік психологтардың билігіне бағынышта болады; биологиялық емес антропология зерттеу пәнінсіз қалады. Осындай қауіп шынайы болмай қоймайтындай көрінеді, жағдай өте қиын, шиеленісті болып ушыға түсті. Енді бұл жағдайдан шығатын жол іздеу керек. Бірақ қандай жол? Осы жерде Кребер мен Клакхон қарапайым және өнегелі шешім ұсынады: психологтар мінез-құлықпен айналыса берсін, ал антропологтар мінез-құлықтың абстракциясымен шұғылдансын. Бұл абстракциялар мәдениет болып табылады. Осындай келесімге келген антропологтар психологтарға ең жақсымен берді, яғни шьшайы материалдық дүниеде уақыт пен кеңістікте болатын шынайы заттар мен құбылыстар танылуы мүмкін. Ал антрополгтар өздеріне «онтологиялық шындық» болып табылмайтын еленбес абстракцияларды қалдырды. Бірақ, олар ақырында құбылмалы және танылмайтын болса да зерттеудің өзіндік жеке объектісін алды. Шынында дәл осы соңғы түсінік Кребер мен Клакхонды мәдениетті «мінез-құлықтың өзі емес, оның абстракциясы» ретінде айқыңдау мәжбүр еткендігіне күмән келтіруге болады. Бірақ олар мұны толық айқындықпен жасағаны күмәнсіз. Бұл түсініктің шығуына бірнеше себептер болуы мүмкін. Осы уақыттан бастап мәдениетті мінез-құлық немесе оның абстракциясы ретінде қарастыруға бола ма деген сұрақ мәдениеттің бара-бар, жемісті және сенімді концепциясын дайындауға ұмтылған барлық әрекеттердің негізіне айналды. Осы жолдардың авторы Кребер және Клакхон тәрізді мәдениетті психологтардың еншісіне беруді қаламайды. Шындығында, психологиялық және мәдениеттанушылық мәселелерді ажыратуға сонша күш салатын антрополгты табу қиын. Бірақ, әлі де аз дәрежеде ол мәдениеттің материалдық мәнін оның елесімен ауыстыруға бейім. Ешбір ғылым өзінің зерттеу объектісі ретінде еленбейтін, көзге көрінбейтін, сезілмейтін онтологиялық тұрғыда болмайтын «абстракциялардан» тұратын бірдемені ала алмайды; ғылым нағыз жұлдыздармен, сүтқоректі жануарлармен, тулкілермен, кристалдармен, жасушалармен, феномендермен, гамма-сәулеленумен және мәдениет элементтерімен айналысуы тиіс.
Біз психологияны мінез-құлықты зерттейтін ғылым және мәдениетті зертеуші ғылым ретінде мәдениеттануды ажыратуға мүмкіндік беретін және осы ғылымның әркайсысына зерттеудің шынайы, материалды объектісін беретін талдауды ұсынуды мүмкін деп санаймыз. Ғылымда бақылаушының санасын және бақылаушы санасынан тыс өмір сүретін заттар мен құбылыстарды, сыртқы ортаны ажырату қабылданған. Ғалым өзінің сезім органдары арқылы сыртқы дүниемен қатынасқа түсуі негізінде түйсік қалыптасады. Түйсік ұғымға трансформацияланады. Ойлау кезіндегі әр-түрлі амал, тәсілдер қолдану салдарынан ұғым алғышарттарды, болжамдар, қорытындылар мен т.б. қалыптастырады. Бұл алғышарттардың, болжамдар мен қорытындылардың ақиқаты сыртқы ортадағы тәжірибелермен тексеріледі, осылай ғылыми білім алынады. Таным процесінде алғашқы қадам бақылау немесе сыртқы дүниені сезім органдарының көмегімен қабылдау болып табылады. Түйсік ұғымға трансформацияланғаннан кейінгі келесі қадам — бакыланатын заттар мен құбылыстарды классификациялау. Сыртқы дуниенің заттары мен құбылыстары алуан түрлі түр: қышқылдар, металдар, татсар, сұйықтар, сүтқоректілер, жұлдыздар, атомдар, бөлшектер жене т.б, сыныптарға топтасады. Қазір адамды зерттеуде өте маңызды құбылыстардың тұтас бір тізімі бар екендігі айқын болып отыр. Бұл — символдық заттар мен құбылыстар тізімі. Ғылымда ашық атауы жоқ. Таң қаларлық, бірақ шыңдығында осылай, бұлай болу себебі заттар мен құбылыстар әрқашанда өз негізінде, өзіне тән қасиеттерге тәуелді түрде емес, тек белгілі бір контекстерде зерттеліп, белгіленді. Нәрсе өзінше маңызды: «Раушан — бұл раушан». Әрекет бастапқыдан этикалық, экономикалық немесе эпотикалық әрекет болып табылмайды. Әрекет дегеніміз — әрекет. Әрекет этикалық, экономикалық немесе эпотикалық контексте қарастырылғандықтан этикалық, экономикалық немесе эпотикалық болады. Мысалы, қытай фарфор вазасы — бұл не, ғылыми зерттеу объектісі, өнер туындысы, тауар немесе соттың істі қарауындағы айғақ па? Жауап айқын. Затты «қытай фарфор вазасы» деп атау оны белгілі бір контекстке енгізуді білдіреді, ең алдымен былайша айту керек еді: «күйдірген саздан әшекейленіп жасалынған форма» немесе коммерциялық контекстте қарастырылуына байланысты өнер туындысы ғылыми зерттеу объектісі немесе тауар болуы мүмкін. Енді символданған яғни, рәмізделген заттар мен құбылыстарға оралайық: сөз, тас балты, киелі зат, қайын ене немесе сүтке қатынас, дұға айту, қасиетті су бүрку, керамикалық ыдыс, дауыс беруге қатынасу, қасиетті сенбіні сақтау, сонымен қатар, қоғам мүшесі ретінде адамға тән кейбір қабілеттер, әдеттер (және заттар). Олар мәнді болғандықтан, мен: адамның символдық қабілетімен байланысты заттар мен құбылыстар.
Адамның символдау қабілетімен байлынысты заттар мен құбылыстар астрономиялық, физикалық, химиялық, анатомиялық, физиологиялық, психологиялық жөне мәдениеттанушылық тәрізді түрлі контекстте қарастырылуы мүмкін; олар өз кезегінде, сәйкес астрономиялық, психологиялық және мәдениеттанушылық феномен бола алады. Өйткені адамның символдық қабілеттеріне тәуелді барлық заттар мен құбылыстар біздің планетамыздағы тіршіліктің көзі — күн энергиясына тәуелді ~ бұл астрономиялық контекст. Осы заттар мен құбылыстар адамда болатын анатомиялық, нервтік және психикалық процестерінің терминологиясында қарастырылуы және түсіндірілуі мүмкін. Сонымен бірге, олар адам ағзасымен өзара байланысты, яғни, соматикалық контексте қарастырылуы және түсіндірілуі мүмкін.

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.