Мəдениеттану ненi зерттейдi ?

Главная » Рефераттар » Мəдениеттану ненi зерттейдi ?

Бұрынғы тоталитарлық жүйеде, өмiрдiң қоятын барлық сұрақтарына марксизм-ленинизм тұрғысынан даяр жауап алдын-ала белгiленiп қойылған жағдайда мəдениеттану гуманитарлық ғылымдар арасынан өз орнын таба алмады. Əрине, бұдан кешегi Кеңестер Одағында мəдени құбылыстар тоқтап қалды деген пiкiо тумайды. Бiрақ, тоталитарлық тəртiп əр түрлi себептермен орыс империясының құрамына енген халықтардың мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан мəденитетерiн тұншықтырып тастады. Мазмұны жағынан социалистiк, формасы бойынша ұлттық дейтiн жалған ұранды жамылған билеушi партия ұлттар мəдениетiн белгiленген темiр тор шеңберiнен шығармай ұстап келдi. Тəуелсiздiкке қолы жеткен Қазақстан Республикасы алдында тұрған, өмiрдiң маңызды басқа жақтарындағы сияқты мəдениет салалсында да орасан зор əрi қасиеттi мақсат- халық рухын, оның өзегi мəдениеттi қайтадан қалпына келтiру. Осындай мəдени қайта өркендеусiз, қаншама экономикалық жəне саяси жетiстiктерге жеткенмен, Қазақстан өркениеттi елдер қатарына қосыла алмайды.

Мəдениеттану- философиялық iлiм, ол философияның бiр бөлiгiне , дəлiрек айтқанда, мəдениет философиясына жатады. Немiс клссикалық философиясының негiзiн салушы Иманнуил Канттың /1724-1804/ пiкiрiнше, тек екi нəрсе адамы таңдандырады жұлдызды аспан жəне адамның iшкi рухани дүниесi .Соңғының өзегiн рухани мəдениет қарастырады. Егер бiз философияны И.Канттың iзiмен,адам деген кiм жəне ол қайдан келдi ? Ол не үшiн өмiр сүредi ? Адам қайда барады, болашағы қалай ? деген үш сұраққа сыйғызсақ , онда адам мен мəдениеттiң, философия мен мəдениеттанудың арасындағы тығыз байланысты көремiз.

Мəдениеттану пəнi Батыс елдерiнде мəдени антропология (адам туралы iлiм) құрамында қылыптасқан. Мəдениет – ашық жүйе, оның негiзгi мақсаты, өзiн басқаға, жеткiзу, ол мононлогтан гөрi диалогқа – с хбаттасуға жақын. Сондықтан мəдениеттануда өзiн-өзi тарату (транцляция) мақсаты алдыңғы қатарға шығады жəне бұл жерде осы мəдениеттi тарату құралдары ( таңбалар, рəмiздер, ғибадаттық əдет-ғұрыптар жəне т.б.) мен оның iшкi мəн-мағынасы (менталитетi, дiлi, дiнi ,санасы жəне т.б.) бiрдей қызмет атқарады. Осы тұрғыдан төмендегiдей тұжырым жасауға болады; мəдениеттану мəдениеттi нақтылы тарихи — əлеуметтiк процесс түрiнде қарастырады. Бұдан келiп жалпы философиялық iлiмдер мен мəдениеттанудың арасында белгiлi бiр алшақтық туады. Бiздiң түсiнiгiмiзше, мəдениеттану мен мəдениет философиясы мүлдем тұтасып кетпеген. Бiрiншiсiнiң өзiндiк ерекшелiгi бар; а/ егер философия өз мұрасында объективтiлiкке, жалпыламалыққа, əмбебаптылыққа ұмтылса, мəдениеттануға типтiлiк, интровертивтiлiк /iшкiлiк/ субъективтiлiк тəн; ə/ тарихилық жəне логикалық ғылыми тəсiлдерiнiң арақатынасын мəдениет философиясы мен мəдениеттануда салыстырсақ, онда философия негiзiнен логикалық тəсiлге жүгiнетiнiн, ал мəдениеттануда тарихи əдiстiң басым болатындығын байқаймыз ( мəдениеттанудың басты мiндеттерiнiң бiрi- тарихи кезеңдер мен өркениет түрлерiне көркем бейне беру) осы сипатта мəдениеттану Гегель, Гердер, Кант түсiнiгiндегi тарих философиясына жақын; б/ мəдениет философиясымен салыстырғанда мəдениеттануда аксиолоиялық , психолингвистикалық жəне герменевтикалық ( түсiндiрмешiлiк) сарындар басым. Мəдениеттану жеке пəн етiнде Х1Х соңғы ширегiнде қалыптаса бастады, сондықтан да оны əлi де болса да буыны бекiмеген жас ғалымдар саласына жатқызамыз. Мəдениеттанi – мəдениет туралы ғылым, сонымен қатар философиялық iлiм, өйткенi ол философияның басты саласы – мəдениет философиясын қамтиды. Мəдениеттану қоғамда болып жатқан түрлi процесстердi (материалдық, əлеуметтiк, саяси, адамгершiлiк, көркемдiк т.б.) барынша қамтып, мəдениет дамуының жалпы заңдылықтарын, оның өмiр сүруiнiң принциптерiн жəне бiр-бiрiне этно-əлеуметтiк, саяси – моральдық, ғылыми-көркемдiк жəне тарихи сипаттамаларымен , жағдайларымен ерекшелiнетiн алуан мəдениет түрлерiнiң өзара байланыстары мен тəуелдiлiктерiн зерттейдi.

Мəдениеттану пəнi сонымен қатар жергiлiктi жəне региональды мəдениеттердiң сапалық ерекшелiктерiн, олардың өзара байланыстары мен мəдениеттiң басқа түрлерiмен мирасқорлығын, қарым-қатынасын зерттейотырып, адамзат баласының бiртұтас мəдени даму процесiнiң жалпы заңдылықтарын анықтайды. Демек, мəдениеттану пəнi түрлi қоғамдар барысындағы мəдени өмiрдi жан-жақты қамти отырып, ондағы басты мəдени процестерге ғылыми тұрғыдан талдау жасайды. Мəдениеттануды тек қана гуманитарлық ғылымдар саласына ғана емес, жалпы теориялық пəндер қатарына да жатқызуға болады, өйткенi бұл пəн адамзат баласының мəдени өмiрдегi толып жатқан құбылыстарын жүйелi түрде қарастырады. Ал мəдени процестердiң мəнiн ашыпкөрсетуде түрлi ғылым салаларының өкiлдерi, атап айтқанда этнографтардың, əдебиетшiлердiң, социологтардың, психологтардың, тарихшылардың, демграфтардың жəне т.б. ат салысатынын ескерсек, мəдениеттанумен барлық ғылымдар саласының айналысатындығын айқын аңғаруға болады. Шындығында да, мəдениеттануға осы уақытқа дейiн түрлi ғылым салалары, атап айтқанда, антропология, психология, тарих, педагогика зор ықпал еттi. Ендi осы аталған ғылым салаларының əдениеттануға қалайша ықпал ететiндiгiн қарастырып көрейiк.

Антропологияның басты бағытының бiрi — қоғам мен адамды салыстырмалы тұрғыдан зерттеу. Осы тұрғыдан алып қарағанда, “антропология” мəдениет деген ұғымның мағынасын анықтауда үш жағдайға назар аударады .Олар; 1.Қоғам мен адамның мəдени қалыптасуы( ағартушлық); 2.Қоғамдық жəне адамзаттық салт-дəстүрлердiң, əдет-ғұрыптардың, қалыптасқан дағдылардың, қоғамдық мекемелердiң жəне т.б. жиынтығы(бiрлiгi); 3.Белгiлi бiр қалыптасқан мəдени жүйенiң басқа мəдени құндылықтарға қарсылығы. Мəдениетке антропологиялық тұрғыдан берiлген бұл анықтаманы мəдениеттану саласындағы көптеген сыншылар “жалпылама” деп есептеп оның эмпирикалық сипатта екендiгiн баса көрсетедi.Сонымен қатар олар “əле меттiк антропология”, əлеуметтанудың (социологияның) негiзгi əдстерi мен үлгiлерiн қабылдап, осы ғылымға мүлде бет бұрып кеттi деп пайымдап , ал “мəдени антропология” деп аталатын антропологияның басты саласы- психология мен тарихқа ден қойды деп тұжырым жасайды. Əрине, түрлi пəндерге бағдар жасау емес, жалпы мəдениеттi түрлi мағынада түсiндiруге əкелiп соғары сөзсiз. Осы орайда ерекше атап өтетiн бiр жəйт, ғасырлар бойы даму жолынан өткен социология да дəл баяғыдай жаратылыстану ғылымдарына сүйенедi, əлеуметтiк ғылымды əлеуметтiк философияға қарсы қояды. Дүние жүзi халықтары мен этникалық топтарының, тайпаларының мəдени жəне тұрмыстық ерекшелiктерн,олардың шығу тегi мəселелерiн, олардың жер жүзiне таралып қоныстануы мен мəдени таихы қарым-қатынастарын зерттейтiн этнография ғылымы адамзат баласының өткен заман мен бүгiнгi таңдағы мəдениеттiң мол мұрасын игеруге жəне оны ғылыми тұрғыдан ашып көрсетуге айрықша рөл атқарып отыр. Этнография ғылымы белгiлi бiр халықтың қай этносқа жататындығына қарамастан, олардың қайсысының болсын материалдық жəне роухани мəдениет саласындағы жетiстiктерiне үлкен құрметпен қарауға үйрете отырып, мəдениеттану ғылымының қалыптасуына өзiнiң қомақты үлесiн қоса бiлдi. Егер антропология мен этнография адамның биологиялық белгiлерiне сүйене отырып, мəдениетпен “жаратылыстану ғылымдары” ретiнде үйлесiмдiлiке тапса, қоғамда жүйелi түрде қарастыратын əлеуметтану(социология) ғылымның биологиямен байланысы жоқ.

Социология мемлекет ,таптар, топтар, сословие жəне одан да ұсақ қоғамдық топтарды этникалық белгiлерiне қарай емес, олардың қоғамда алатын орны мен атқаратын қызметiне қарай зерттейдi. Көп уақытқа дейiн КСРО-да социология марксизмге жат ғылым ретiнде саналып, тарихи материализмге қарама-қарсы қойылды. Шын мəнiсiнде социолоия мəдениеттанушыларға қоғамның əлеуметтiк əрекетшiлiгiне байланыстымəдениеттiң материалдық жəне рухани көрiнiстерiн дұрыс түсiнiп. Ой елегiнен өткiзуге көмектеседi. Пролеталық мəдениет, ақсүйектiк мəдениет, сауықтық мəдениет сияқты мəдениетттану пəнiнде кездесетiн ұғымдар социологимен тығыз байланысты. Мəдениеттану саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарында түрлi əлеуметтiк топторға жататын адамдардың қызметi мен iс-əрекетi заңдылықтарын зерттейтiн əлееттiк социологияның мəлiметтерiнiң алатын орны еркше, өйткенi олардың мəдени iс-əрекет көрiнiстерi белгiлi бiр психологиялық сарынға байланысты болғандықтан, мəдениет саласындағы зерттеу жұмыстарында бұл факторларды ескермеске болмайды. Мысалы жер мен табиғатқа ерекше сезiммен қарайтын ауыл психологиясының өзiндiк ерекшелiктерiн бiлмей жəне байыбына бармай тұрып,- “шару мəдениетi” жайында толық түсiнiк ала алмаймыз. Ұлттық мəдениетттiң ойдағыдай зерттелуi этникалық немесе ұлттық психологияның мəлiметтерiе де тығыз байланысты болып келедi. Нақты тарихи тəжiрибенегiзiнде əрбiр нəсiлдiң, тайпалар мен халықтардың психикалық өмiр салтының ерекшелiктерiн байқай отырып, “этнопсихология” рухтың не белгiлi бiр ұлттың қайталанбайтын өзiндiк қасиетерi жөнiндегi Гегельдiң, умбольдтың жəне олардың iзбасарларының философиялық қағидаларына барып тiреледi. Ресейде жекелеген халықтардың, олардың iшiнде, орыс халқының мəдени- психологиялық сипаттамасын Н.А.Бердяев тамаша сипаттап берген болатын. Этнопсихологиялық зерттеулер ұлттық мəдениеттi жасаушылардың психологиялық ерекшелiктерiн есепке ала отырып, кез келген ұлттық мəдениеттiң өзiне тəн ғана сипатын ашып көрсетуде қомақты табыстарға жетiп отыр. Мысалы: орыс биiнiң, аргентин тангосының, негрлер музыкасының терең ұлттық мəнiн тамаша рухани дүниелердi өмiрге келтiргенхалықтың ұлттық мiнезiн ескергенде ғана толық түсiнуге мүмкiндiк алған болар едiк.

Халық туралы жəне қоғамдық факторларға байланысты оның даму заңдылықтары жайындағы демография ғылымының да мəдениеттануға тiкелей қатысы бар.Ұлттық мəдениеттiң тоқырау немесе оның орны толмас ауыр зардаптарға ұшырауы- қоғамдық саяси-жағдайларға жəне т.б. тiкеле байланысты екендiгiн дəлелдеп жатудың қажетi бола қоймас, өйткенi мың өлiп, мың тiрiлген қазақ халқының өткен тарихы сөзiмiзге нақты дəлел бол алады. “Азшылық” халықтардың немесетұтастай өркениеттердiң құрып кету отаршылдықпен, басып алушылықпен.шектен тыс қанаушылықпен, табиғ апаттармен, эпидемиялармен , маскүнемдiкпен, нашақорлықпен жəне т.б. тығыз байланысты болды.

ХХ ғасырда мəдениеттану ғылымының дамып, одан əрi қалыптасуына өзiндiк үлес қосқан ғылым салаларына сиптаттама берудi аяқтай отырып, тағы бiр ғылым саласын ерекше атап өтудi жөн көрдiк. Ол-белгiлер мен таңба жүйесiн зерттейтiн семиотика ғылымы. Бұл жас, əрi қажеттi ғылым салалсы аз уақыт шеңберiнде мəдениетт ану ғылымымен бiте қайнасып кеттi десек қателеспеген болар едiк. Семиотикалық тəсiл лингвистика, əдебиет, кино, театр теориясында, қоғамдық ғылымдарда жəне басқа да ғылым салаларында кеңiнен қолданылуы, онымен тiптi информатика мен кибернетика да тамашща үндестiк табуда.Демек, мəдениеттанудың басқа ғылым салаларымен өзара сабақтастықта дамуына жəне “мəдениет” мəселесiмен барлық ғылымдардың айналысатындығына қарап. “мəдениеттану жеке пəн ретiнде бар ма ? деген ой да туып қалуы ғажап емес. Бiздiң айтарымыз, мəдениеттану- ғылымның жеке саласы ретiнде өзiнiң алғашқы қадамын жасауда, сондықтан оның болашағы да зор болмақ.

Əрине, жоғарыда атап көрсеткенiмiздей, мəдениеттану ғылымының дамуына көптеген ғылымдар ат салысуда, осыған қарамастан бұл пəннəң өзiндiк бағыт-бағдары, бет- бейнесi бар. Мəдениетке өзiндiк баға берушiлiк сол бiр ғылыми iзденiстiң басты белгiсi болса керек, сондықтан да болар мəдениеттану саласында түрлi мектептер қалыптасып, ондағы мəдениеттанушылар “мəдениет” мəселесiмен тығыз айналысуда. Кейде мəдениеттану саласында қанша теория болса, соншама мəдениеттанушылар бар деген пiкiр де айтылып қалады. Шындығында да, теориялар санының көп болуы, мəдениетке де көзқарастардың сан алуан болуымен оның əр тұрғыданқарастырылуына əкелiп соқты. Мысалы: мəдениеттi “семиотикалық” тұрғыдан қарастыру бар. Бұл ағымның басты өкiлi Ю.Лотман жəне мəдениеттi “əдебиеттiк”(С.С.Аверинцев), тарихи (Л.Н.Баткин) методологиялық (А.Кребер, К.Кдахкон) антропологиялық (М.Мид) жəне тағы басқа тұрғыдан пайымдаулар бар. Əрине, олардың “мəдениет” мəселесiне байланысты пiкiрлерiнiң, түсiнiктерiнiң айырмашылықтары бар екендiгi даусыз жəне оны ешкiм жоққа да шығара алмайды, бiрақ олар бiрiн-бiрi жақсы түсiнедi, мəдениеттануға тiкелей байланысты ортақ мəселелеркөтередi.Ендеше, бұл пəндi терең зерттеуге құлшынушылық, мəдениетке байланысты түрлi көзқарастар жүйесiнiң қалыптасуы сөзсiз қуантарлық жағдай, ол гуманитарлық ғылыми пəннiң туып келе жатқандығының белгiсi деп санауымыз керек. Шындығына келсек, əрбiр ғылым салаларының өкiлдерi мəдениеттi өз мамандықтары тұрғысында қарастырады. Бiрақ бұл ғылымдар бiр-бiрiмен тығыз байланысты болғандықтан бiрiнсiз-бiрi өмiр сүре алмайды. Олай болса əдебиетшi тек таза əдебиетшi болып қалмайды,өйткенi ол мəдениеттануды, тарихты , психологияны игергенде ғана нағыз əдебиетшi бола алады.Өз кезегiнде тарихшы да , психолог та, социолог та сол ситяқты.

Мəдениеттi əр түрлi тұрғыдан қарастырылуы, мəдениет мəселесiне деген үлкен қызығушылықтан туса керек.Оған дəлел ретiнде 1964 жылдары батысəдебиетiнде мəдениетке 257 анықтама берiлгендiгi жөнiнде американ мəдениеттанушылары А. Кребер мен К. Кдахконның мəлiметтерiн келтiрсек те жеткiлiктi сияқты. Ал одан кейiн қаншама уақыт өткендiгiн жəне дүниедегi болып жатқан мəдени өзгерiстердi есепке алсақ, мəдениет ұғымының шеңберi бұрынғыдан да кеңей түстi. Əрине,əкiмшiлiк- əмiршiлiк жүйе жағдайында мəдениеттану пəнi бiздiң елiмiзде жүйелi түрде оқытылмады. Гуманитарлық ғылымдар саласында да өзiнiң нақты орнын таба алмады. Осы орайда көптеген ғалымдар ұлттық мəдениеттiң тоқырауын Ұлы Қазан революциясымен де байланыстырады. Шындығында да, экономикалық жəне саяси брекесiздiктiң басты себебi – мəдениетсiз саясаттың салдары болып саналады. Ендеше тəелсiздiкке ендi ғана қолы жеткен Қазақстан Републикасының алдында тұрған басты мақсат – халықтың рухани байлығы- мəдениеттi қалпына келтiру, ал мəдени өркендеусiз елiмiз өркениеттi елдердiң қатарына еш уақытта қосыла алмайтыны ақиқат. Бұл мақсатты жүзеге асыруда мəдениеттану пəнiнiң қосар үлесi қомақты болмақ. Əрине, мəдениеттану гуманитарлық ғылымдардың ықпалымен дамуда, бiрақө соған қарамастан ол жеке пəн болып қалыптасу процесiн бастан кешiруде. Оған дəлел ретiнде қазiргi мəдениеттанудың бiртiндеп философияның əкелiк қамқорлығынан шығып, өзiндiк бағыт алуын айтсақта жеткiлiктi сияқты. Мəдениеттанушы, ең бiрiншi кезекте, мəдени қызметтiң нəтижелерiмен (мəдени шығармашылықтың нəтижелерi, музыка , кескiндеме туындылары жəне т.б.) санасса да, оның басты мақсаты- тереңде жатыр,дəлiрек айтқанда, мəдениеттiң рухын игеру болып табылады. Бұл жағдайда мəдениеттi игерудiң екiншi- “коммуникативтiк “ жағы келiп шығады. Ол бiлiм беру мен тəрбиенiң , адамның адамгершiлiк тұрғыдағы қарым-қатынастарының дəрежесiне де байланысты болып келедi. Ең соңында, мəдениеттiң негiзi,оның түйiнi мен маңызы туралы мəселе келiп туындайды. Ғалымдар оны тiлмен де, рəмiздiк жүйесiн қабылдаған ұлттың психологиялық түрiмен, сакрализация тəсiлiмен де жəне т.б. байланысьырады. Қалай болған да дүниенiң тұтастығы, қоғамның интерациялық негiзгi жəне этностың рухани кеңiстiгi – мəдени дəстүрлердiң дамуында ең басты факторлар болып қала бередi.Мəдениеттану ғылыми пəн дəрежесiне жету мақсатында сөзсiз мəдениет археологиясына сүйенедi, оның генезисiн, өмiр сүруi мен дамуының құпияларын ашып, мəдени иұрагерлiктiң тəсiлдерiн жетiлдiредi. Бұл жұмыс үш дəрежеде жүзеге асырылады: 1. Мəдениеттi, оны базистiк негiздерiн сақтау; 2. Мəдениеттi жаңғырту, мəдениеттiң дамуына жаңаша ықпал ету; 3. Мəдениеттi трансляциялау, немесе мəденеит əлемiн халықтың игiлiгiне айналдыру; Бұл үш дəреженiң арқасында мəдениеттiң сандық-салалық (ғылым,техника,өнер,философия,экономика т.б.) сапалық сипатын тереңiрек ашып көрсетумен қатар, мəдениеттiң құрылымын, тұтастығын, даму заңдылықтарын ашып көрсетуге мүмкiндiк аламыз. Осы айтылғандар ғылыми пəн ретiнде мəдениеттану пəнi жəне лның алдында тұрған мiндеттер жайында кейбiр қорытындыла жасауға мүмкiндiк бередi.бiздiң ойымызша, мəдениеттану пəнiнiң басты мəселесi-адамзаттың ерекше өмiр сүруi тəсiлi ретiнде мəдениеттiң қалыптасып дамуы, оның генезисi болып табылады. Мəдениеттанушылардың бұл орайдағы басты мақсаты- дүниежүзiлiк жəне ұлтық деңгейдегi тарихи-мəдени процестердi тарихи шындық тұрғысынан түсiндiрiп қана қоймай, оларды болжай əрi басқара бiлу. Ең бастысы – мəдениеттану ғылымы мəдениеттiң қайнар бұлағынан сусындай бiлуi қажет. Адамзат баласы өз шешiмiн таппаған көптеген мəселелерге белшесiнен батуы қазiргi заман мəдениетiнiң көп жағдайларда өз бастауын ұмыта бастағандығынан да болуы керек.Ендеше адамзаттың мəдени жаңғыруына бұл мəдениеттану пəнiнiң қосар ұлесi де қомақты екендiгiн ескерсек, əлi де болса буыны бекiмеген бұл жас ғылым саласының болашағы да зор болатындығына күмəн келтiруге болмас.

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.