Мұхаммед Әлидің сыртқы саясаты

Home » Рефераттар » Мұхаммед Әлидің сыртқы саясаты
Рефераттар Комментариев нет

Мұхаммед Әлидің сыртқы саясаты. Мұхаммед Әлидің Мысырда билеуші болуына Түркияның әлсіреуі әсер еткені сөзсіз. Еуропа елдері енді Түркия мен Мысырды бір-біріне айдап салып, екеуінің де түбіне жетуді ойластырды. 1811 жылы II Махмұдтың нұскауымен Мұхаммед Әли Арабия түбегіндегі уаххабшылдар қозғалысын басуға әскерін жіберді. 8 жыл бойы соғыстың нәтижесінде мысырлыктар Арабияны өзіне қаратты. Бірақ кейін келе Мысыр Арабияны тастап шығуга мәжбұр болды. 1820 жылы Мысыр Суданды жаулауға кірісіп, 1828 жылы ғана оны бағындыруға шамасы жетті. Суданнан мал, піл сүйектері, қара нәсілді құлдар Мысырға ағылып келіп тұрды. Екінші рет сүлтан II Махмұд Мұхаммед Әлиді Грекия көтерілісін басуға шақырды. Мысыр қарулы күштері 1824 жылы шілдеде Грекияға келіп, көптеген қалаларды басып алды. Бірақ бұл жолы Ресей, Англия, Франция — үшеуі бірігіп, 1827 жылы түрік-мысыр флотын талқандады. 1829 жылы Грекия тәуелсіздік алды. Осы оқиғадан кейін Мүхаммед Әли Батыс елдерімен, ең алдымен, Франциямен тіл табысып, әлсіреген Түркияға қарсы шығуға бел байлады. Ол 1830 жылы сұлтанға бағынудан бас тартып, қасындағы өлкелерді жаулап алуға кірісті. Мұхаммед Әлидің баласы Ибрагим бастаған Мысыр әскері Сирияны басып алып, түрік армиясын талқандайды (1832 ж., желтоқсан). II Махмұд сұлтан Еуропа елдерінің ішінен тек Ресейден ғана көмек алды. Орыс әскері мен кемелері Босфорға келіп орналасқанда, Франция мен Англия екі-жақты (Түркия мен Мысырды) келісімге келтіреді. 1833 жылы Кютахья шартына қол қойылды. Мұхаммед Әли Сирия мен Палестинаны жөне Адан округін өзіне алды. Бірақ сұлтанның жоғаргы өкіметін мойындауға көнді. Ресей Ункяр — Іскелес келісіміне Түркияны көндіріп, әскерлерін алып кетті. 1839 жылы жазда Мысыр мен Түркия арасында жаңа соғыс бұрқ етіп, түріктер тағы да қатты жеңіліске ұшырады. 1840 жылы Англия, Ресей, Австрия, Пруссия Осман империясының тұтастыгы мен тәуелсіздігін қолдау туралы ше-шімге келді. Франция оған қарсылық білдіреді, бірақ кейін өз пікірінен айнып, конвенцияға қосылды. Сирия мен Ливанда Еуропа елдері көмектескен Түркиядан жеңіліске ұшырап, Мысыр қарашада келісімге барды. Ол келісім бойынша Сирия, Киликия, Кипр Түркияға қайтарылды. Мұхаммед Өлидің мұрагерлік иелігінде Мысыр мен Судан қалып, өзі сұлтанға тәуелділігін мойындады және салық төлеуге көнді. Мысыр армиясы 18 мыңға дейін қысқартылып, теңіз флоты Түркияға жетеді. Бұдан кейін Мысырда, шын мәнінде, ағылшын үстемдігі орнады. Сирия мен Ливанда Франция ықпалы күшейді. Ресей Палестинаға көз тікті. Бірақ Қырым соғысында жеңіліп қалған соң, орыстар Таяу Шығыстан ығыстырылды. XIX ғасырдың 50—60-жылдары араб елдерін бағындыруға Англия мен Франция қатар ұмтылды. 1860 жылы Франция Сирия мең Ливанға әскер кіргізді, бірақ басқа Батыс елдерінің қысымымен өскерін кері әкетті. Арабия түбегіндегі ұсақ әкімшілік аудандары Оман мен Бахрейн ағылшындарға бағынышты елге айналды. Англия мен Франция көп жылдар бойы Мысырды билеу үшін тепе-тең бақталастық саясат жүргізді. Екі ел капиталы Мысыр экономикасын шырмап, тұншықтыра түсті. Мұхаммед Әли 1840 жылы ел билігін баласы Ибрагимге берді. Ол қолынан келгенше Мысырдың тәуелсіздігін нығайтуға тырысты. 1848 жылы Ибрагим қайтыс болғанда, таққа Мұхаммед Әлидің немересі Аббас отырды. Аббас кезінде ел Мұхаммед Әли реформаларынан бас тартып, өндіріс орындары, мектептер жабылып, ірі тоспалар қиратылды, казына тоналды. Ағылшындар Александрия — Каир — Суэц теміржолын салды. Франция болса, өзіне қарайтын Суэц каналын салуға ұмтылды. Оған жол бермей жүрген Аббас 1854 жылы мезгілсіз кайтыс болып, оның орнын Мұхаммед Әлидің кіші баласы Саид басты (1854—1863). Ол канал кұрылысын француз инженері Фердинанд Лессепске тапсырып, ұшан-теңіз жеңілдіктер берді. Мысыр халқын катты шыгындаған Суэц каналы 1869 жылы іске косылды. Бірак ел өбден карызға батты. Келесі паша Исмаил (1863—1879) кезінде Мысырдың жартылай отарға айналуы жеделдей түсті. Сонымен бірге Саид пен Исмаил жаңа реформалар енгізді. Құлдык жойылды, шаруалар колындағы жерін сатуға, басқаға беруге рұксат алды. Салық ақшалай түрде төленетін болды, оны үкімет шенеуніктері жинайтын еді. Монополиялар таратылып, саудаға еркіндік берілді. Армия саны 30 мыңға дейін өсті. Арабтар офицерлер қатарын толықтыра бастады. 1866 жылғы қаулы бойынша Мысыр билеушісі хедив атағын алып, ендігіде тақ әкеден үлкен ұлына өтетін болды. Мысырға шетелдермен саяси емес сауда-экономикалық келісімдер жасауға ғана кұқық берілді. Араб тілі ресми тілге айналып, жаңа мектептер ашыла бастады. Ел өзінің өткен тарихын зерттеуге кірісіп, газет-журналдар шығару қолға алынды. Алғашқы мұражайлар, театрлар жүмыс істей бастады. Араб жөне шетел соттарынан тұратын жаңа сот өмірге келіп, Батыс елдерінің ықпалы бүрынғыдан да арта түсті. Сөйтіп, XVII—XVIII ғасырлар бойы араб өлемінің дамуындағы негізгі окиға саяси-әкімшілік саласында болғанын байқаймыз. Араб елдерінде түрік билігі біртіндеп әлсіреп, батыстық отаршыл жүйенің қолына ауысты. Мүхаммед Өлидің басшылығымен тәуелсіздігін сақтап қалған Мысыр елінің тағдырына да Батыс елдері килігіп, оның Түрік империясына тәуелділігін нығайтуға көмектесті.

 

 

 

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.