Мұхиттар мен теңіздер суының қозғалысы

Главная » Рефераттар » Мұхиттар мен теңіздер суының қозғалысы

Теңіз — мұхиттың бір бөлігі. Суының қасиеттері, ағыстары, онда тіршілік ететін ағзалар жөнінен оның мұхиттан айырмашылығы болады. Теңіздер көбінесе құрлық жағалауында болады, бірақ кейде ашық мұхитта да кездеседі (Саргас теңізі, Фиджи теңізі). Материкке қатысты жағдайына қарай теңіздер ішкі және шеткі теңіздер болып бөлінеді. Материкке іштері еніп жататын теңіздерді ішкі теңіздер деп атайды (Қара теңіз, Жерорта теңізі, Каспий теңізі). Материктердің шетінде орналасқан теңіздерді шеткі теңіздер деп атайды. Оған Беринг, Қар теңіздері жатады. Шығанақ (залив) — мұхиттың (теңіздің) бір бөлігі, ол құрлыққа тереңдеп еніп жатқанымен, мұхитпен (теңізбен) еркін жалғасады. Шығанақтар Бискай, Бенгал суының қасиеттері, ағыстары, онда тіршілік ететін ағзалар жөнінен мұхиттан айырмасы аз. Кейбір шығанақтарды, Мысалы, Мексика шығанағын теңіз деп айтуға болады. Дүниежүзілік мұхиттың бөліктері өзара бұғаздар арқылы жалғасады. Бұғаз (пролив) екі жағынан материктердің немесе аралдардың ұағаларын шектеп тұрған айтарлықтай енсіз су айдыны.

.

Мұхиттың немесе теңіздің 200 м-ге дейінгі тереңдіктегі су түбін материктік қайраң деп атайды. 200 м-ден 2500 м тереңдікке дейін материктік беткей болады. 2500 м-ден 6000 м-ге дейінгі тереңдік мұхит түбі болады. 6000 м-ден астам тереңдіктер терең су ойыстары немесе науа болып табылады. 5000 м-ге дейінгі тереңдікте мұхит түбін бақалшақтар мен бір клеткалы жәндіктердің қаққаларынан тұратын тұнба алып жатады. Өте терең аймақтардағы мұхит түбінде ауа мен теңіз ағыстары айдап әкелетін жанартаулық тозаңдардың ыдырау өнімдерінен құралған қызыл саз болады.
Мұхит жан-жақты зерттеледі. Судың қасиеттері, оның әр түрлі тереңдіктегі қозғалысы, теңіз ағзаларының ерекшеліктері және олардың таралуы анықталады, тереңдіктер өлшенеді, су түбіндегі шөгінділерден үлгілер алынып зерттеледі. Мұхит түбінде 10-20м тереңдікте су асты лабораториясы үйлерін салады, судың терең қабаттарын зерттеуде әр түрлі сүңгуір аспаптар пайдаланылады. Батискафты сүңгуірді дирижабль деп атайды. Сүңгуірлер скафандр киеді (екі баллон, маска, жарғақ аяқ).

Теңіз суында оған кермек тұзды дәм беретін әр түрлі тұздар ерітіндісі болады. Су тұздылығын теңіз суының 1000 л болатын тұз мөлшерімен анықтайды да, промил-ле деп аталатын немесе %0белгісімен белгіленетіні өлшемнің шыққан бір бөлігімен өлшейді. Түщы судың тұздылығы 1%0-дан кем. Дүниежүзілік мұхит суында жер бетіндегі белгілі заттардың бөрі еріген, бірақ олардың молшері әр түрлі. Барлық еріген заттардың 4/5-ін ас тұзы құрайды. Магний тұзының әсерінен судың дәмі ащы болады. Мұхит суынан өте аз молшерде болса да алюминий, мыс, күміс, алтын табылған. Мысалы, 2000 т суда не бары 1 грамм алтьга бар. ‘

.

Мүхит суының түздылығы барлың болігінде бірдей емес. Өзендер қүйылатын материк ішіндегі теңіздер суы онша түзды болмайды. Қара теңіз суының түздылығы 14-19% , Балтық теңізінікі 8-12% 0. Қүрғақ климатты аймақтардың аралығындағы теңіздер суының тұздылығы жоғары: Жерорта теңізі — 38-39% 0 қызыл теңізінікі — 41% . Су түздылығы жауын-шашын молшеріне, өзен суының қүйылуына, мұзтаулардың (айсберг) еруі мен судың булануына байланысты болады.

.

Мұхит күн көзінен көп жылу алады. Күн сәулелері судың тереңдігі не бары бірнеше метр болатын үстіңгі қабатын ғана қыздырады. Судың үнемі араласуы нөтижесінде жылу бұл қабаттан төмен қарай ауысады. 1000метрдентереңдеоныңтемпературасыәрқашан2-3°С. Мұхит түбіндегі жер ңыртысының жарықтарынан кейде ыстық су шығатыны анықталды. Тынық мұхитының түбіндегі осындай бұлақтардың бірінің температурасы 400°С. Мұхит бетіндегі ең жоғарғы температура экватор маңында 27°-28°С, ең томенгі температура поляр аймақтарында — 1° -2°С. Мұхит суы -2°С температурада қатады. Солтүстік жарты шардың коп болігін материк алып жататындыңтан дүниежүзілік мұхитының солтүстік жағы оңтүстігіне қарағанда жылыраң болады. Поляр теңіздерінде мүздың ең қалыңдығы 3 м-ге жетеді. 1400 метр тереңдікте температура тұрақты +1° +4°С Солтүстік мұзды мұхит теңіздеріндегі мүздар ағын мен жер әсёрінен үнемі қозғалып жүреді-ығады. Мұздар жылжыған кезде жарылады, қозғалған мұздар бірінің үстінен бірі шығып мұз тауы — айсбергтер пайда болады.

Желдің әсерінен теңіз бетінде толқындар пайда болады. Толқындардың биіктігі күшті жел соқңанда 10-15 метрге дейін жетеді. Теңіз жағалауындағы толқындардың томенгі жағы су түбіне соқтығысатын болғандықтан баяу қозғалады да, жоғары жағы жағалыққа үмтылып, суда толқын пайда болады. Жер сілкінуде немесе су түбіндегі жанартаулардың атқылауынан туатын толқындарды цунами деп атайды, жылдамдығы 700-800 км/сағ, биіктігі 10-50 м зор күшпен келіп сағатын цунами кемелерді жағаға лақтырады, қүрылыстарды қиратады, қайтқан кезде жолында кездесетін нәрсенің бәрін мүхитқа әкетеді. Жел жоқ, судың беті тып-тыныш болса да, теңіздер мен мүхиттарда су аласа жағалауларға жайылып, тәулігіне екі рет көтеріледі, екі рет томен түседі. Бүл котерілу мен ңайту. Олар өзен тасңындарын теңізге шығарып, озен сағаларын қазып, биік жағалауларды білдіреді. Котерілу мезгілінде қайықпен жүзіп балық аулауға, судыңқайтуы кезінде балдырларды, теңіз жануарларын жинауға болады. Судың котерілуі мүхит суын айдың тартуына байланысты. Көтерілудің басталу уақыты мен оның биіктігі барлың жерде және әрқашан да бірдей емес. Толысу биіктігі Аң теңізде 12 метр, Балтық, Қара теңізде бірнеше сантиметр.

Су көтерілуі қуатын пайдалану үшін электр станциялары салынуда. Мысалы, Мурманск маңындағы электр станциясы. Мұхиттың ағыстар дегеніміз — бүл судың көлденең бағытта үлкен қашықтыққа орналасуы. Оларды көбіне мұхиттағы өзендер деп атайды. Олардың айқын шекарасы жоқ. Ағыстар тармақтарға бөлінеді, өзара қосылады, иіледі. Гольфстрим — жылы ағыс. Мексика шығанағынан ағып шығатын және солтүстік Африка жағасынан жел айдап әкелетін судың қосылуынан пайда болған. ҰзындығыЗООО км, жылдамдығы 10 км-гедейін жетеді. 45с.е.-те гольфстрим Солтүстік Атлант ағысына да ауысады. Оның суының бір бөлігі Солтүстік мұзды мұхитқа қарай бағыт-талады. Олардың әсерінен Варенц теңізі қатпайды. Солтүстік мүзды мүхиттан Атлант мүхитына, Лабрадор түбегінің жағасынан бойлай суық Лабрадор ағысы өтеді. Мүхит бетінде ағыстардың тууына тұрақты соғатын желдер себепші болады. Осыған орай, мұхиттар барлық ағыстардың ең ірісі Батыс желдер ағысы деп аталады. Бұл ағыстың ұзындығы 30 мың км, жыддымдығы 3,5 км /сағ. Экватордың екі жағынан шығыстан-батысқа қарай сол-түстік және оңтүстік пассаты ағыс алады. Мұхиттар мен теңіздер тіршілікке өте бай. Олар: бал-дырлар, балықтар, сүтқоректілер (итбалық, теңіз құндызы, киттер, дельфиндер) шаян тәрізділер, ұлулар, құрттар, маржандар. Ең ірі кит — көк кит, салмағы 30 тоннадан 150 тоннаға дейін жетеді. Балдырлар — адам үшін бағалы азық-түлік өнімі, жақсы мал азығы, тыңайтқыш, көптеген дәрілер алуға қажетті шикізат. Олардан қағаз, мата, бояу, сия және басқа да көптеген заттар өндіруге болады. Мұхиттағы тіршілік азайып кетпеуі үшін оларды шексіз алуға болмайды. Су астындағы фермаларда балдырлар мен устрицаларды, шаяндарды өсіру керек. Мұхит суының ластануымен күрес жүргізу өте қиын, сондықтан ең алдымен оған жол бермеу керек. (Теңіз мұнай өнімін алу, кемелерді тиеу, түсіру, оларды жуып тазарту, кейде апаттар салдарынан ластанады).

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.