Мұхтар Әуезов өмірбаяны

Главная » Рефераттар » Мұхтар Әуезов өмірбаяны

AuesovМұхтар Әуезов көрнекті совет жазушысы, Лениндік және Мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты, Қазак ССР Ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген ғылым кайраткері Мұхтар Омарханұлы Әуезов 1897 жылы 28 сентябрьде Семей уезі Шынғыс болысында көшпенді орта шаруа семьясында туған. Жас баланың алғаш арабша сауатын ашқан атасы Әуез еді. 1906 жылы ағасы Қасымбек Семейге алып келеді де, әуелі өзі орысша үйретіп, бес кластық қалалық училищеге орналастырады. Оны бітіргеннен кейін М. О. Әуезов Семейдің мұғалімдер даярлайтын семинариясына оқуға туседі. Жазушының творчествалық жолы 1917 жылдан басталған. Сол жылы жазылған тұңғыш пьесасы «Еңлік—Қебек» ауыл жастарының күшімен Абай елі жайлауында киіз үйде қойылып, ғұмырында сахна өнерін қызықтап көрмеген кыр қазақтарын куанышқа кенелткен еді. М. Әуезов 1918 жылдан бастап, семинария қабырғасында жүрген кезінде-ақ негізінен жалпы мәдениет, педагогика, ағартушылық тақырыптарында өзінік тырнақалды мақалаларымен мерзімді баспасөзге белсене қатысады. 1918—1919 жылдары жазылған «Ел ағасы», «Бәйбіше-тоқал» пьесалары ел арасына колжазба күйінде тарап, Қазақстанда революцияның алғашқы жылдарында жастар драма үйірмелерінің репертуарларынан кең орын алған. 1919 жылдың декабрінде Батыс Сібірде Совет өкіметі біржола орнаған кезінен бастап, мұғалімдер даярлайтын семинарияның әлі соңғы класында оқып жүрген шағында-ақ М. О. Әуезов қоғамдық-саяси өмірге белсене араласады. Семей губерниялық атқару комитетінің бөлім меңгерушісі, кейін председателі қызметтерін атқарады. 1922 жылы үзіліп қалған окуын жалғастыру мақсатымен Ташкенттегі Орта Азия мемлекеттік университетіне түсіп, ол 1923 жылдың күзінде Ленинград университетінің тарих-филология факультетіне ауысады. 1928 жылы Ленинград университетін бітірісімен М. О. Әуезов Ташкентке қайтып келіп, 1929 жылы САГУ-дің тюркология кафедрасы бойынша шығыс факультеті аспирантурасына қабылданады. Жиырмасыншы жылдардын өзінде жазушы Семей, Орынбор, Ташкент, Қызылорда журналдары мен баспалары арқылы әңгіме-повестерін жарыққа шығара бастайды. 1926 жылы оның «Еңлік—Кебек» пьесасымен Қызылорда қаласында қазақтың тұңғыш профессионалдық театры шымылдығын ашты. Оқу мен әдеби-творчестволық қызметті ұштастыра отырып, жиырмасыншы жылдардан бастап, М. О. Әуезов қазақ әдебиетінің тарихын, фольклорын жүйелі зерттеу мәселесімен үзбей шұғылданған. Қазақ әдебиетінің классигі Абай Құнанбаевтың өмірі мен творчествосы жайлы байсалды пікірлер корытқан. 1932—1938 жылдар аралығында Мұхтар Әуезов Алматы қаласында Қазақ академиялық драма театрының әдеби бөлімі меңгерушісі болып қызмет істейді. Театрдың жетекші авторларының бірі ретінде ол өзінің төл пьесаларымен ғана емес (отызыншы жылдары «Түнгі сарын», «Тас түлек», «Шекарада» пьесалары мен «Айман—Шолпан» музыкалық комедиясы, т. б. койылған), орыс, шетел, советтік классика үлгілерін де аударып, қазақ сахна өнерін байытуға айрықша еңбек сіңірді (В. Шекспирдің «Отелло», Н. Гогольдің «Ревизор», К. Треневтің «Любовь Яровая», Н. Погодиннің «Ақсүйектер» драмалары, т. б.). 1939 жылы Л. Соболевпен бірігіп жазған «Абай» трагедиясы кейін М. Әуезовтің он төрт жылдан астам уақыт бойғы тынымсыз творчествалық еңбегінің қорытындысы «Абай жолы» эпопеясына барар жолдағы шешуші баспалдақ болды. Эпопеяның алғашқы қос кітабы «Абай» романдары (1942 — 1947) 1949 жылы СССР Мемлекеттік сыйлығымен бағаланды да, ал кейінгі қос томы «Абай жолы» 1952—1956 жылдары жазылып бітіп, жалпы «Абай жолы» эпопеясына 1959 жылы Лениндік сыйлық берілді. Бұл эпопеясын бітірісімен М. О. Әуезов бүгінгі заман такырыбына біржола ойысып, жаңа эпопеясының бірінші кітабын «Өскен өркенді» жазып шықты (1958—1961).
Творчестволық еңбекті М. Әуезов әрдайым ғылыми-педагогтік қызметпен тығыз ұштастыра білді. 1928—1930 жылдары қазақтың Халық ағарту институты мен Ташкент Ормантехникумында қазақ әдебиетінен дәріс берді. 1932 жылдан бастап Абай атындағы мемлекеттік педагогикалық институтта қазақ фольклоры курсы бойынша лекция оқып, аспиранттар даярлау ісіне жетекшілік етті. 1934 жылдан өмірінің ақтық сәтіне дейін М. Әуезов С. М. Қиров атындағы Казақ мемлекеттік университетінің қазақ әдебиеті кафедрасында жұмыс істеді, қазақ фольклоры мен қазақ әдебиеті тарихы, Орта Азия республикалары әдебиеттерінің тарихы бойынша лекциялар оқып, арнаулы курстар жүргізді. Онық ішінде әсіресе Абайтану курсы бойынша окыған лекциялары қазақ совет әдебиеттану ғылымының бүтіндей жаңа бір бағытын негіздеп берді, М. Әуезов қазақ орта мектептері мен жоғары оқу орындары үшін әдеби оқу кұралдарын (программа, әдеби хрестоматия) жасау ісіне де белсене қатысты. Бұл игілікті еңбектің бастамасы Д. Исқаковпен бірігіп дайындаған, 1929 жылы Қызылорда қаласында басылып шыққан қазақ балаларына лайықталған орыс әліппесі еді. Сол жылы 1-баспалдақ-бастауыш мектептердің қазақ шәкірттері үшін орыс тілінен оқуға арналған «Жаңа ауыл» қос кітабы да Қызылордада жарық көрді. Ал 1927 жылы «Қазақ әдебиетінің тарихы» жарияланған. М. О. Әуезов қазақ әдебиеттану ғылымы саласында жас ғылыми кадрларды даярлау бағытында да ғылыми-методикалық қыруар істер тындырды. Аспиранттарға ғылыми жетекшілік жасап, докторлық, кандидаттық диссертациялар қорғау жұмыстарында ресми оппонент ретінде де елеулі еңбек сіңірді. Жоғары оқу орындарындағы педагогтік жұмысымен катар М. О. Әуезов 1943 жылдың январынан бастап СССР Ғылым академиясы Қазақ филиалының Тіл, әдебиет және тарих институты әдебиет секторының аға ғылыми қызметкері болып істейді. 1946 жылдан қазақ әдебиеті тарихы секторының меңгерушісі, ал 1957 жылы Қазақ ССР Ғылым академиясы Тіл және әдебиет институтының халық ауыз әдебиеті бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалады. 1946 жылы оған профессор ғылыми атағы мен филология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесі берілді. 1946 жылдары М. О. Әуезов Қазақ ССР Ғылым академиясының толық мүшесі және Президиум мүшесі болып сайланды. 1953—1954 жылдары М. О. Әуезов СССР халықтары әдебиеті кафедрасы бойынша М. В. Ломоносов атындағы Москва мемлекеттік университеті филология факультетінің профессоры болды.
М. О. Әуезовтің ғылыми еңбектері қазақ әдебиеттану ғылымының фольклор, революцияға дейінгі әдебиет тарихы, совет әдебиеті сияқты негізгі-негізгі салаларын қамтып жатыр. Фольклор жайлы зерттеулерінің ішінде айрықша кең танылғандары: «Эпос және казақ халқының фольклоры» (Л. Соболевпен бірігіп жазған), «Қазақ эпосы және революцияға дейінгі фольклор», «Ертегілер», «Қозы Көрпеш — Баян сұлу», «Айтыс», т. б. Бұл еңбектер халық ауыз әдебиетіиің жанрлық сипатын жан-жақты зерттеудің айқын үлгілері болып табылады.
М. 0. Әуезов әсіресе қырғыз эпосы «Манасты» тану, зерттеу, теқстін, нұскалық варианттарын жннактау, қалпына келтіру, ғылы-ки саралау бағыттарыида орасан зор қызмет атқарды. Оның «Қыр-ғыздың ерлік.эпосы «Манас» дейтін іргелІ еңбегі туыекан қырғыз фольклорын зерттеу игілігіне қосылған мейлінше мақызды үлес болды.
М. Әуезовтіқ қазақ әдебиеті тарихы мәселелерін зерттеу сала-сындағы ролі тіпті ерекше. Орта мектептер мен жоғары оқу орын-дары үшін қазақ әдебиеті оқулықтарын жасау мақсатындағы алғаш-қы еқбектерініқ өзі-ақ жемісті ізденістердіқ Іргетасын қалады, Бұл салада тұқғыш рет ғылыми түрғыда жазба және ауыз әдебиетінің негізгі жанрлары, зерттеу жұмысының хронологиялық аумағы, ақын, жыраулар өрісі, талдау нысанасы, қазақ әдебиеттану ғылымының негізгі даму бағыттары айқындалды. Қырқыншы-елуінші жылдары алғашқы монографиялық зерттеулер мен революцияға дейінгі әдебиет тарихы жайлы жинактаушы салмақты еңбектердің жарық көруі қазақ әдебиеттану ғылымының бұдан былайғы даму өрісінің тиянақ-тұғырын белгілеп берді. Осы жылдарғы М. Әуезов зерттеулері бұл деңгейді бұрынғыдан да баянды жаңа белестерге көтерді. Олардың ішінде әсіресе мына еңбектердің мәні зор: «Қазақ әдебиеті тарихын тану проблемалары», «Орыс реализмі мен революцияға дейнгі қазақ әдебиеті дәстүрлері», «Ф. И. Достоевский мен Ш. Уәлиханов», т. б.
М. О. Әуезов редакциясымен, әрі авторларының бірі ретінде тікелей өзі араласуымен қазақ тілінде алты кітаптан тұратын «Қазақ әдебиеті тарихынан» алғашқы қос томы жарыққа шыққан. Ол орыс тілінде жарияланған «Қазақ совет әдебиеті тарихының очерктері» (1958, 1960) сияқты талай басылымдардың редакторы, авторларының бірі болды.
М. 0. Әуезов казақ әдебиеттану ғылымының жаңа бір тармағы абайтану саласының негізін қалаушы. Отыз жылдан астам уақытын ол ақын өмірбаянын, әдеби мұрасын зерттеу, жинактау, талдау, әр-қилы қолжазбалар көшірмесі бойынша текстологиялық жұмыстар мен жеке шығармалардың канондық нұсқаларын жасақтау ісіне арнаған. Тынымсыз осы еңбектің нәтижесі 1933 жылы жарық көрген Абай шығармаларының бір томдығы еді (Абай Құнанбаев. Толық жинақ, Қызылорда, 1933) Бұл — М. Әуезов жазған, түсініктемелерін де өзі дайындап, жалпы редакциясын жүргізген ұлы акынның тұңғыш ғылыми өмірбаяны. 1939—-1940 жылдары М. Әуезов редакциясымен Абай Құнанбаев шығармаларының бұрынғыдан да толықтырылған қос томдығы жарияланды. Мұхтар Әуезов жазған ғылыми өмірбаян —акын елінен жинаған, қорытқан ұзақ іздену жұмысының, нәтижесінде көптеген тың деректермен, детальдармен жетілдіріліп, әдеби, архив материалдарына негізделген, сол кездегі Абай өмірбаянының мейлінше кемел нұсқасы болып табылады. Абай шығармаларының орыс тіліндегі тұңғыш басылымының да (Абай. Лирикалар мен поэмалар. М., 1940) жалпы редакциясын М. Әуезов басқарып, ақын өмірі мен творчествасы туралы алғысөз жазған.
М. Әуезовтің монографиялық еңбегі «Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы (1845—1904)» мен қазақ, орыс тілінде Абай творчествосына арналған көптеген мақалалары кейінірек біріктіріліп, ғалымның «Абай Құнанбаев» дейтін мақалалар мен зерттеулер кітабына енгізілді (Алматы, 1967). Абай Құнанбаев өмірі мен творчествосын және басқа қазақ әдебиеттану ғылымының маңызды проблемалары жайлы осы зерттеулер негізінде Мұхтар Әуезов көрнекті совет жазушысы бола отырып өз халқының мәдениет тарихына тек ұлы суреткер ретінде ғана емес, филолог ғалым ретінде де зор үлес қосқанын айрықша атай айтуға болады. Оның творчестволық, тұлғалық ерекшелігі, міне, дәл осы бірін-бірі байытып, жан-жақты дайындаған ғалымдық, суреткерлік еңбектің бірегей бауырластығында. Шығыстанушы белгілі совет ғалымы И. С. Брагинский М. Әуезов туралы мақаласын «Ғалым-ақын» деп атаған. Ол «Абайды зерттеп түсінудің ғылыми-зерттеушілік, көркемдік әдісі дәл осылай астасып жатыр, Әуезовтің Абайға барар таным жолы осылай қалыптасқан. Зерттеу еңбегінің шығар шыңы дау жоқ — Абай туралы эпопея болып табылады. Нақ осында ғана бәрінен де ғылым мен поэзия жаршысы басым көрінеді» (Мұхтар Әуезов замандастар естелігінде. Алматы, 1972, 234-6.),— деп жазған.
М. 0. Әуезов зерттеуші ретінде революцияға дейінгі қазақ әдебиеті тарихы проблемалары шеңберімен шектеліп қалған жок. Бүгінгі казақ әдебиеті қашан да ой-толғаныстарының түп қазығы болды, ол казақ әдеби-көркем сынының даму-өрісіне де салмақты үлес қосты. Әсіресе оның алғашында одақтық, республикалық баспасөз-де жарияланып, кейін жеке жинақтарына («Әр жылдар ойлары», 1959, 1961), жазушының қазақ, орыс тілдерінде жарық көріп жатқан Шығармалар жинағының кейбір томдарына енген «Қазіргі қазақ әдебиетіндегі дәстүр мен жаңашылдық туралы», «Октябрь өркені», «Қазіргі роман және оның геройы», «Жетіжылдық эпосы жайлы толғаныс», т. б. мақалаларының мәні зор. М. О. Әуезов туысқан халықтар әдебиетінің тамаша білгірі, әрі насихатшысы болды. Оның СССР халықтары әдебиетінің өзара байланысын, бірін-бірі байыту проблемаларын саралайтын еңбектері қазіргі әдеби процестің осы саладағы зерттеушілері үшін бірден-бір үлгі балып табылады. Бұл жұмыстардың ішінде әсіресе мына бір теориялық еңбектері кеңінен танымал: «Социалистік ұлттар әдебиетінің даму ерекшеліктері» (С. Фетисовпен бірігіп жазған), «СССР халықтары әдебиетінің дамуы», Орта Азия мен Қазақстан халықтары әдебиетінің дамуына А. Пушкин, Т. Шевченко, Ш. Руставели, Ә. Науаи, М. Горький, т. б. творчестволарының маңызы туралы мақалалар.
М. О. Әуезов біздің еліміздің көрнекті қоғам қайраткері, төртінші және бесінші шақырылған Қазақ ССР Жоғарғы Советінің депутаты, Бейбітшілік қорғаудың Советтік комитеті мен Лениндік және Мемлекеттік сыйлықтар беру комитетінің мүшесі, СССР Жазушылар одағы Басқармасының Қазақстан Жазушылар одағы Президиумының мүшесі, Азия-Африка елдерімен ынтымақтық Советтік комитеті председателінің орынбасары, Үнді-совет достығы және мәдени байланыс қоғамы қазақстандық бөлімінің председателі болды. СССР мәдениет қайраткерлері делегацияларының құрамында М. Әуезов талай рет шетелдерге сапар шегіп, совет мәдениетінің, халықтар арасындағы достық пен жер жүзінде бейбітшілікті нығайту мүддесінің жалынды насихатшысы ретінде де қыруар еқбек сіңірді. 1955 жылы ол мәдениет қайраткерлері делегациясы кұрамында Индияға барды. Токиода өткен атом, сутегі бомбаларына тыйым салу жөніндегі III Халықаралық конференцияға (1957, август), Делиде өткен III Халықаралық бейбітшілік қорғау конгресіне (1961, март), ГДР жазушыларының IV съезіне (1955, декабрь) қатысты, 1960 жылы совет жазушылары делегациясы құрамында Америка Құрама Штаттарында болып кайтты. Осы елдерге барған сапарлар әсерімен жазылған «Индия очерктері» мен «Америка әсерлері» айрықша назар аудартады. Қаламгердің әдеби мұрасының маңызды бір саласы болып табылатын өзге көптеген публицистикалық мақалалары мен сөздерінің де қоғамдық-саяси мәні мейлінше зор. М. О. Әуезов Ленин орденімен, екі рет Еңбек Қызыл Ту және «Құрмет Белгісі» орденімен, Ұлы Отан соғысы кезіндегі еңбектегі ерлігі үшін медалімен, Қазақ ССР Жоғарғы Советінің Құрмет грамоталарымен наградталған. Қазақ ССР Жоғарғы Советінің Указымен М. О. Әуезовке 60 жаска толуына байланысты Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері атағы берілген.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.