Мүктердің құрылысы және көбеюі, маңызы

Главная » Рефераттар » Мүктердің құрылысы және көбеюі, маңызы

Мүктер — қылқанды жапырақты дымқыл ормандар мен батпақтанған шалғындықтарда өсетін аласа өсімдік. Олар тастардың үстінде, ағаштардың діндерінде, топырақта тұтасып, шым түзеді. Сыртқы түріне қарай әр түрлі болады. Мүктердің ішіндегі кең тараған түрі — жасыл мүк.

Жасыл мүктің құрылысы. Жасыл мүктің биіктігі 12-20 см., жоғары тік өсетін жіңішке сабағы болады. Сабаққа майда, жасыл, жіңішке жапырақтар бекиді. Мүктің жапырағын микроскоппен қарағанда оның бірнеше қатар жасушалардан тұратынын және жасушаларында хлорофилл дәндері бар екенін көруге болады. Жасушада органикалық заттар түзіледі. Мүктер — көп жылдық өсімдік. Мүктің тамыры болмайды. Тамырдың орнына сабақтың жер астындағы бөлімінде жіп тәрізді жіңішке өскіндер болады. Оны ризоид деп атайды. Ризоидтардың көмегімен мүк топырақтан су мен минералды тұздарды сорады. Мүктер де, басқа жасыл өсімдіктер сияқты, қоректенеді. Ол топырақтан су мен минералды тұздарды алса, ауадан көмірқышқыл газын сіңіреді. Көмірқышқыл газ бен судан хлорофилл дәндерінде органикалық заттар түзіледі.

Мүктің тіршілік жағдайы. Мүк — күй талғамайтын өсімдік. Ол қатты суықты және өте ыстықты көтереді. Қоласыз жағдайлар болғанда, өсуін тоқтатады, бірақ солып қурамайды. Жаңбыр жауып, күн жылынғада қайтадан өсе бастайды. Өздерінің төзімділіктері арқасында олар басқа өсімдіктер тіршілік ете алмайтын жерлерде өсе алады.

Мүктердің көбеюі. Жаздыгүні жасыл мүктің сабағының жоғары ұшында жіңішке сағақты қызғылт-қоңыр түсті қауашық өсіп шығады, қауашықтың ішінде майда споралар болады. Қауашықтың сыртын қалпақша жауып тұрады, ол спораны құрғап кетуден сақтайды. Споралар піскен кезде қалпақша түсіп қалады, қауашықтың қақпағы ашылып, споралар сыртқа шашыла бастайды. Дымқыл жерге түскен споралар тез өніп, тарамданған жіңішке жасыл түсті жіпшелер — өскін пайда болады. Осы жіпше тәрізді өскіндерге бүршіктер шығып, ол бүршіктерден жапырағы мен сабағы бар жас көкек мүгі өсіп шығады. Көкек мүгі — дара жынысты. Бір өсімдіктің ұшында аталық жыныс жасушалары жетілсе, екінші өсімдікте аналық жасушасы жетіледі. жаңбыр жауған кезде аталық жыныс жасушасы сумен ағып, аналық жыныс жасушсымен қосылып, ұрықтанады. Ұрықтанған жасушадан қауашақ өсіп шығады. Спорадан өніп шыққан жасыл жіпше — өскіннің жіп тәрізді балдырларға ұқсас болуы, жынысты көбеюдің тек сулы ортада жүруі мүктердің ертедегі жіп тәрізді балдырлардан шыққанын дәлелдейді.  

Шымтезек мүгі (ақ мүк). Мүктердің табиғаттағы және шаруашылықтағы маңызы

Сазды, батпақты жерлер мен батпақтанған шалғындықтарда, ылғалды ормандарда шымтезек мүгі өседі. Кепкенде түсі ағарып кететіндіктен, ақ мүк деп те атайды. Батпақты жерлерде тұтасып, қалың кілемдей шымтезек мүгі өседі. Ақ мүктің сабағы ұзын, жан-жаққа тарамдалған, бірақ өте нәзік, әлсіз, сабағында майда жапырақтары бар; тамыры да, ризоиды да болмайды. Жапырағы бір қабат жасушалардан тұрады. Бір жасушалары жасыл түсті хлорофилі бар тірі болса, екінші жасушалары түссіз — өлі болады. Өлі жасушаларының қабықшасындағы тесіктері арқылы су кіріп, мүктің салмағы 35 есеге дейін артады. Құрғақ күндері өлі жасушаларының іші ауаға толы болатындықтан, өсімдіктің түсі де ақ болады. Көбеюі жасыл мүкке ұқсас болады. Шымтезектің пайда болуы. Батпақ шымтезек мүгінен пайда болады. Мүк сабағының жоғары ұшынан өседі, сабағының төменгі бөлімінде ризоидтар болмайды, әрі суда тұрғандықтан, бірте-бірте өледі. Өлген бөліктері оттегі аз ғана енсе болғаны бактериялардың әрекетінен шіриді. Шымтезектің түзілуіне ақ мүктен басқа, батпақ өсімдіктерінің шіріген қалдықтары қосылады. Оттегі жоқ болғандықтан, ақ мүк өскен батпақтарға түскен жәндіктер мен жануарлар шірімей, ұзақ жылдар бойы сақталады. Шымтезек өнеркәсіп үшін отынның қоры болып табылады. Шымтезек органикалық тыңайтқыш ретінде егін даласын өңдеуге де пайдаланады. Шымтезекті сұйық қалдықтарды жақсы сіңіретіндіктен, малдың астына төсейді. Демек, ақ мүктерде ризоидтар болмайтыдықтан, төменгі бөліктер шіріп, шымтезекке айналады.

Мүктің табиғаттағы маңызы.  Мүктер, басқа өсімдіктер сияқты, органикалық заттарды түзу кезінде атмосфераға оттегін шығару арқылы табиғаттағы зат айналымына қатысады. Күй талғамайтын өсімдік болғандықтан, басқа өсімдіктер өсе алмайтын жерде өсіп, шіріген қалдықтарынан топырақ түзіледі де, ол жерге басқа өсімдіктердің өсуіне себепші болады. Мәңгі мұз басқан аудандарда мұзды күн сәулесінің ерітуінен сақтайды. Егер мұз ерісе, сайлар мен жыралар көбейеді. Ақ мүктен шымтезек түзіледі. Шымтезектен парафин, аммиак, спирт сияқты бағалы шикізаттар алынады. Сонымен қатар шымтезек медицинада, құрылыс өнеркәсібінде кеңінен қолданылады. Шымтезектен пайда болған батпақтың да маңызы зор. Батпақ жыздығы, қыстағы жауын-шашын суларын өзіне сіңіріп, су қорын молайтады, артық сулар өзендерге құылады. Батпақта дәрілік өсімдіктердің көптеген түрлері өседі, сондықтан батпақты құрғату жұмыстарын абайлап, табиғаттың тепе-теңдігін сақтап жүргізу керек.

Загрузка...

One thought on - Мүктердің құрылысы және көбеюі, маңызы

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.