М.М. Сперанский – ұлы реформатор

Home » Рефераттар » М.М. Сперанский – ұлы реформатор
Рефераттар Комментариев нет

Ресей мемлекеті өзінің империясын құруда реформаторлардың алатын орны ерекше. Олар өз үлестерін Ресей елінің дамуына қосты. Ресей мемлекетінің ұлы реформаторлар қатарына М.М. Сперанскийді жатады. Михаил Михайлович Сперанский (1 (12) қаңтар 1772 жылы туған, ал 11 (23) ақпан 1839 жылы дүние салған. Александра I жəне Николая I тұсындағы мемлекет қайраткері, реформатор, заң шығарушы, Ресей елінің заң ғылымының негізін салушы. Ресей Императорлық академиясының шың мүшесі (1831), Ресей Императорлық академиясының құрметті мүшесі (1821—1831).

Михаил Михайлович Сперанский Александр патша тұсында өзінің карьерасын жасаған. Кедей отбасында дүниеге келіп, жас кезінен жоқтықты көріп өскен, бірақ та өзінің бойында феноментальдық қасиеттерімен ерекшелене алған, осы қасиет діни мектептің бітіруіне көмек береді. Бұның алдында діни жағынан да есік ашық болған: педагог, дінтанушы бола алған. Осы салада да болсын ол үлкен жетістіктерге жетер еді. Бірақ та жас Сперанскийді шведтік карьера көп қызықтырған. Өзінің осы саладағы жұмысын Павел I патша тұсында генерал-прокурор А.Б. Куракиннің канцеляриясынан бастайды, содан соң оның жұмысққа деген қасиетті императорды қызықтырған. Сперанский тез жəне жылдам заңға сай қағазды құрастыра алған. Бастықтардың бұйрығын тез ұғынып оны қағаз бетіне канцелярдық тілмен түсірген. Александрдың билік еткен тұсында ол проектерді құруға ат салысқан. 1803-1807 жж. аралығында шет ел Министрлігін басқарған [1, 190 б.].

1802-1804 жылдары М.М. Сперанский өзіндік бірнеше саяси хаттар жасаған: «О коренных законах государства», «О постепенности усовершения общественного», «О силе общественного мнения», «Еще нечто о свободе и рабстве». Ол бірінші болып бұл еңбектерінде ресей еліне реформалар керектігін жəне оны жүзеге асыруды айтқан. М.М. Сперанский Тильзит əлем келісімін бекіткеннен кейін карьерасының көтерілуі басталады. Наполеонмен шарт жасасқан да патшаның қасында болады. Оның пікірінше, Напеолеонмен шарт жасасқанға оң баға береді. Өйткені өзі болса Наполеонның Кодексіне таң қалып оны юристік ойдың ең жоғарғысы деген баға берген. Ол өзі Наполеонның пірі болған. 1809 жылы Сперанский мемлекеттік хатшы қызметіне тағайындалады жəне ел ішінде императордан кейін екінші орынды иеленеді. Сперанский мен император арасында қойған негізгі талаптары, ол мемлекетте жан- жақты реформалар жүргізу еді. XIX ғасыр басындағы мемлекеттік басқару жағдайын М.М. Сперанскийдің негізгі реформалары түсінділеді. Осы жылдары мемлекеттік аппарат жеке-жеке бөліктерге бөлінген. Бұлардың арасында қарым-қатынас орнатылады, əртүрлі жарлықтар жұмысында бірыңғайлықтар байқалған жоқ. Барлығыда формальді түрде абсолюттік мемлекеттік басшысына императорға бағынған. Мемлекет ішіндегі жұмыс əр түрлі жəне көп болған, оны жалғыз адам түсініп, басқару қиынға түскен. Бұл жылдары елде тəртіпсіздік орнаған еді. Бекерге емес Александр өзі «мемлекеттік басқарудағы түр сипатсыз ғимарат» деп атап кеткен. Үздіксіз соғыс оған қоса континетальдық блокада халықтық шаруашылықты айналып өтпеген. Орыс базарында француздық тауарлар үстемдік орнаған. Қаржы жүйесі төмендеуі байқалды, бюджеттік дефицит 100 млн. рубльден асып түскен. Инфляцияның алға қадамы баға жүйесін бұзған. Баға негізінен франкпен төленген, рубльмен емес. Бұл елдегі болып жатқан жағдай мемлекеттік қаржыны төмендеткен. Өз елінде мемлекеттік қаржы бірлігі рубль үстемдік етпеді. Ең бірінші мəселе болып мемлекеттік аппаратты орнықтыру еді. Ресей тарихында ең бірінші болып Сперанский мемлекеттік-құқықтық ойдың биліктің бөлінуін ұсынған. Оның проектісінде заңдық билік мемлекеттік думаға бағытталған. Сенат болса, екі бөлікке бөлінген: жоғарғы биліктің орнықтыруын қарайтын Үкіметтік сенат жəне соттық билікті қадағалайтын Соттық сенат құрылған. Осының барлығын бұтақтарын жинақтаған арнайы тек қана императорға бағынатын Мемлекеттік Кеңес құрылған. Мемлекеттік Кеңес 1810 жылы 1 қаңтарда бекіледі жəне бұл М.М. Сперанскийдің ең ірі жетістерінің бірі болады. М.М. Сперанскийдің өткізген реформаларыны, сарай ішіндегі дəрежелі жарлығы, осы жарлықта сарай ішіндегі атақ туралы екі ай арасында əскери қызметке орнықтыруы тиістігі жəне VIII класты чиновтиктерге емтихан арқылы алу үкімі туралы ерекше атап кеткен жөн. Бұл класс ұрпақтық дворяствоға құқық берген. Енді, мемлекеттің жоғарғы орындарына білімсіз адам орнығығуға қиынға соққан, чиновтектен сұралған универстетті бітірген қағазы немесе гимнастық курстың жүйесінде өткен емтихан қағазын ұсыну керек еді [1, 191 б.].

Əлеумет саласында М.М. Сперанский демократиялық жолмен дамуды ұсынған. Ресей империясы бұның жобасымен халықты үш тапқа бөлген: дворяндық, «орта жағдайлы», бұған кірген көпестер, мещандар жəне мемлекеттік шаруалар, «жұмыс істейтін халық» бұларға басыбайлылық тұрғындар кірген. Оның пікірінше, басыбайлылық құқықты жайлап алушылығы керектігін, Сперанский бір сословиядан екінші сословиеге өтуінде қарастырған. «Орта жағдайлы» өздерінің қызметі арқылы дворяндыққа өте алған, дворяндықтар болса «купецтік жəне т.б. дəрежеге өте алған, өздерінің жиған-тергендерін жоғалтпай». Басыбайлылық шаруалар, жылжымалы мүліктерді иеленіп, бұларда «орта жағдайлыларға» өте алған. «Орта жағдайдыдан» «шаруаға» өту қарастырылмаған. М.М. Сперанский реформаларының ішінде қозғалмаған мəселелер ол абсолютизм мен басыбайлық құқық еді. Жаңа тəртіп ескі тəртіпті жоюға тиісті емес еді, керісінше осы жаңа тəртіп бұған лайықтануға тиісті еді, жалған түрде бұның орнына келуге тиісті еді. Сондықтанда билік етудің басында, биліктің бұтақтары жайылады, бірақ та толық билік монархттың қолында шоғырланады. Крепостниктік жағдайда да осылай. Бұл декрет арқылы жойылмау керек, əлеуметтік-экономикалық құрылымынды қатынасты бұзуға, əлеуметтік жүйенің құрылысының баяулығынан, сословиялық жүйеге бағыттап уақыт өте келе оның өшіруіне əкеледі [1, 192 б.]. 1809 жылы Александр I бұйрығымен Сперанский кардинальдық саяси реформалар проектың ұсынды. Ол өзінде саяси жəне халықтық еркіндікті (бұған сословиялар теңсіздігі туралы айтып кеткен жөн) жəне кейбір де императордың билігінің шектеуін қарастырған. Проектің негізінде мемлекеттің органдардың реформалары, ол негізгі бастауын биліктің бөлінуінен алады. Ең жоғарғы заңдық орган болып Мемлекеттік дума болып қалыптасады, волостық сатылы аймақтық губерниялық думаны толықтырғандай. Ең жоғарғы орындаушы органдар болып министрліктер, губерниялар, аймақтық жəне волостық іс-жүргізу, осы барлығы да заң органдарына болып келеді. Жоғарғы соттық үкімет болып Сенат орналасты, бұған сот қызметі бағынған. Императордың құқығы кең болған, бірақ қадаланған. Император шақырылуымен жəне оның тікелей қатысуымен Мемлекеттік кеңес органдары шақырылған [2, 101 б.]. М.М. Сперанскийдің жобасы самодержавиялық монархиядан конституциондық монархияға ауыстыру туралы ұсынған. Император бұл жобаны қолдаған, бірақ та оны шешуге бата алмады. Сперанскийдің бұл жобасы Ресейде тек қана 100 жыл өткесін ғана қабылданған (1905-1906) жж. іске асырылған. Жоғары да атап өткен сарай ішіндегі дəрежеге жетуге тек қана институт бітіргендер немесе арнайы емтихан тапсырған ғана мемлекеттің қызметкер бола алатындығы туралы өз реформаларында атап кеткен. Осы реформалардан кейін оған жоғарғы қызметкерлер басқа көзбен қарайды. 1812 жылы Сперанскийді Наполеонның шпионы деп айып тағылады. Төменгі Новгородқа айдауға жіберіледі (ол мемлекеттік қызметке 1816 жылы, ал Петербургке 1812 жылы келген). М.М. Сперанский сол ғасырда Ресей елі үшін көп рефорларды жасаушы адам ретінде көзге түседі. Оның реформары маңызды жəне қанша ма уақыт өтсе де өз күшін жоғалтпайды. Оған XIX ғасырдың реформаторы деген жоғары баға береді. Оның сіңірген еңбегі мен жасаған реформалары Ресей елі үшін өте құнды жəне бағалы.

Əдебиет: 1. Парсамов В.С. История России: XVIII – начало XX века: учеб. пособие для студ. высш. учеб. заведений. – М.: Академия, 2007. – 480 б. 2. Корнилов В.А., Проскурякова Н.А., Тюкавкин В.Г., Ушаков А.В., Отечественная история XIX век. / Под редакции проф. А.В. Ушакова. – М.: Агар, 2000. – 522 б. 3. Электрондық баспа — http://works.tarefer.ru/33/100269/index.html 4. Акад. С. Ф. Платонов «Учебник русской истории». — С.-Петербург: «Наука», 1997 г — 423 стр.

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.