Мұражайлық-педагогикалық қызмет

Главная » Рефераттар » Мұражайлық-педагогикалық қызмет

Мұражайлық-педагогикалық қызмет зерттеулердің нысаны саналатын мүражайлық-педагогикалық құбылыстар жүйесі мұражайлық-педагогикалық қызметтің негізін құрайды. Мұражайлық-педагогикалық құбылыстарды зерттей отыра мұражай көлемінде болатын педагогикалық үдерісті ұйымдастырудың мәнін, заңдылықтарын, үрдістері мен жетістіктерін түсіндіруге болады. Барлық зерттелмелі құбылыстар мұражайлық-педагогикалық қызметтің тәжірибелік негізін құрайды. Осылайша, қызмет арқылы жүзеге асырылатын теория мен тәжірибе байланысының ғылыми-педагогикалық қағидасының жүзеге асырылуы жүреді. Ғылыми ашылулардың көбі іргелес ғылыми салаларда, ғылымдардың тоғысында іске асырылады. Мұражай педагогикасы ғылыми білімнің жаңа саласы ретінде философия, әлеуметтану, психология, педагогика, тарихтану, мәдениеттанудан алынған нәтижелерге сүйенеді. Сондықтан мұражайлық-педагогикалық қызмет туралы сөз қозғағанда «қызмет» секілді күрделі ұғымды түсіндіретін дәстүрлі теория-лардың елеулі бөлігін ескермеуге болмайды. Түрлі анықтама басылымдарына қарайтын болсақ, сөздік, анықтама және энциклопедиялардың көбінде «қызмет» ұғымы сыртқы әлемді және өзін тануға, қоғамдық тәжірибені игеруге бағытталған қажеттіліктерінен туындайтын адамның (субъектінің) алдына қойған мақсаттарға жетуінің белсенді үрдісі ретінде түсіндіріледі. Қызмет деп адамның оған қандай да бір мағына беретін кез келген белсенділігін атауға болады. Адам қызметінің айрықша белгілері болып оның саналығы, мақсаттылығы, жоспарлығы және қоғамдық сипаты саналады. Адамның қоршаған ортаға қарым-қатынасына байланысты қызметтің мынадай түрлері анықталады: — дағдылық — адамның алға қойған мақсаттарына сәйкес әлемді қайта құруға бағытталады; — танымдық — әлем тіршілігінің объективті заңдарын түсінуге бағытталады, онсыз дағдылық міндеттердің орындалуы мүмкін емес; — эстетикалық — қоғам мен индивидтің құндылық бағыттарымен анықталатын ойдың жеткізілуін (жіберуін) көздейтін өнер шығармашылығын құру және қабылдаумен байланысты. Сонымен, мұражайлық-педагогикалық қызметтің мәні мұражайлық кеңістікте түрлі жас санатындағы келушілердің тәжірибелік, танымдық және эстетикалық қызметтерінің іске асырылуы үшін жағдай жасау болып саналады.
Мұражайлық-педагогикалық қызметті анықтауда «қызмет» ұғымы негізгі саналады. Бұл үрдістің мәнін түсіну үшін XX ғасырдың 1920-1930 жылдары кеңестік психологиямен өңделген дәстүрлі теорияға жүгінген жөн. Оның негізін қалаушылары болып С.Л. Рубинштейн мен А.Н. Леонтьев саналады. Қызметті параллельді және бір-бірінен тәуелсіз зерттей түра, олар Л.С. Выготскогийдің мәдени-тарихи теориясына және К. Маркс пен Ф. Энгельстің философиялық теориясына жүгінген. Л.С. Высотскогийдің тұжырымдамасына сәйкес, адамның психикасы мәдени-тарихи сипатқа ие. Тарих барысында адамзат белгілі құралдарды ойлап тапқан болатын, олардың көмегімен әлеммен, қоршаған адамдармен, өз-өзімен өзіндік қарым-қатынасты құрайды. Бұл құралдар адам мәдениетін құрайтын түрлі заттары бар қарапайым әрекет тәсілдерінен баетап, адамзат қызметінің күрделі тәсілдерінен жоғарғы ғылым үлгілерінен, өнер шығармашылығынан көрініс табады. Адам болмысын (іс-әрекет) оның санасы анықтайды, барлық рухани әлемге және мәдениетке қатысты тәжірибенің алғышарт болып саналуы Карл Маркс (1818-1883) және Фридрих Энгельс (1820-1895) негізін қалаған диалектикалық-материалистік философияда басты, негізгі ойы. Тәжірибе қоғамдық сипатқа ие, ол адамдар арасындағы қарым-қатынас, байланыссыз бола алмайды. Тәжірибе тарихи сипатқа ие, ол қоршаған ортаның адамдармен үздіксіз өзгертуінен тұрады. Ойшылдарға тек философиялық сананың ісі деп көрінетін теориялық мәселелердің барлығы соңында, тек тарихи тәжірибеде ғана шешіледі. Сәйкесінше, мұражай әлеуметтік-мәдени институт ретінде мұражайлық кеңістікте әлеуметтік-мәдени жағдайларды өзгерте түра тарихи тәжірибемен байланыссыз қызметін атқара алмайды. Мұражай шеңберінде іске асырылған әлеуметтік-мәдени жағдайлар мұражайлардың шынайы немесе қияли келушілері болып саналатын адамдардың санасының дұрыс дамуына қажетті қызметті ортаны құрады. Адам қызметі мен мұражайлық-педагогикалық қызметтің байланыс құрылымы сызба түрінде 3-суретте көрсетілген. «Қызмет» ұғымы жеке адам тұлғасына қатысты әртүрлі әлеуметтік мәдени институттарға, мекемелерге қатысты қолданылады. Қызметтің пеихологиялық теориясы адам санасының күрделі феноменін түсіндіреді. Бұл теорияға сәйкес адам қызметі күрделі иерархиялық құрылым сипатында. Қызметтің ең жоғарғы деңгейіне ерекше қызметтер немесе қызметтің ерекше түрлері, одан кейін іс-әрекет деңгейі, келесісі — операция деңгейі, және соңғысы ең төменгі — психофизиологиялық қызметтер деңгейі. Адам қызметінің алуан түрлерінің пайда болуы және дамуы күрделі әрі ұзақ үрдіс саналады. Адамның бүкіл өмір барысында болатын және өзара алмасып отыратын қызметтің үш түрін бөліп көрсетеді: ойын, оқу және еңбек. Олар соңғы нәтиже (қызмет заты), ұйымдастырылуы, уәж бойынша ерекшеленеді. Қандай да бір қызмет адамның онтогенетикалық дамуы барысында қалыптасатын психологиялық жаңа ашылулар үшін шешуші рөл ойнауы мүмкін. Мұндай қызмет «жетекші қызмет» деген атауға ие болды, яғни оның іске асырылуы барысында адамның белгілі даму сатысында негізгі психологиялық жаңа ашылулардың пайда болуы және құрылуы байқалады және жаңа жетекші қызметке өтудің негіздері қалана бастайтын қызмет түрі. Ертедегі бала шақта жетекші қызмет болып заттай алдап-арбау, мектепке дейінгі жаста — желілік-рөлдік ойын, мектеп жасында оқу қызметі тән болса, ал ересек жаста еңбектік қызмет басты болып саналады. Осылайша, адамның қызмет түрі — бұл күрделі және алуан түрлі құбылыстар, олардың іске асырылуы үшін адамның иеархиялық құрылымының барлық бөліктері іске қосылған: физиологиялық, психологиялық және әлеуметтік. Іс-әрекет — мақсатты іске асыруға бағытталган қызметті саралаудың негізгі бірлігі. «Мақсат» ұғымы күтіліп отырған нәтиженің саналы бейнесі болып түсіндіріледі, яғни іс-әрекетті орындау барысында жүзеге асырылатын нәтиженің іс-әрекет аяқталмайынша адам санасында бейне болып сақталынып тұруы. Сол себепті алдын ала белгіленген мақсатқа жетумен сипатталатын іс-әрекеттің қандай да бір затпен әрекеттесу үрдісі деп сипаттауға болады. Іс-әрекеттің мынадай құрамдас бөліктерін керсетуге болады: — шешім қабылдау; — іске асырылу; — бақылау және түзету.

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.