Мүсілім Магомаев өмірбаяны

Home » Рефераттар » Мүсілім Магомаев өмірбаяны
Рефераттар Комментариев нет

Әзірбайжан елін еске алсам — ақ, сол жұрттың өркениетін өрге сүйреген Мүсілім Магомаев (атақты әншінің атасы), Үзейір Гаджибеков, Кара Караев, Фикрет Әміровтердің әсем әуендері қиялымды тербей жөнеледі. Олар жазған опера — балеттер, ән -романстар сезім пернелерімді қытықтай бастайды. Сондай — ақ, Әзірбайжан халқы әлемге керемет әншілерді де берген. Күміс көмей Рашид Бейбутов (бұдан бұрынырақта аталмыш әнші жайлы жазғанмын) Лютфияр Иманов, Мүсілім Магомаев жэне шенеуніктік шеңберден бірде шығып, бірде шыға алмай жүрген жеңілдеу эндерді жосылтып орындар Полат Бюль — Бюль оғлы. Әйтсе де, Полаттың әкесі кезінде Бұлбұл атанғаны тарихтан мәлім. Әй, алдыңғы үшеуі -тербелген нағыз әншілер еді ғой, шіркін! Өз елдерінің шекарасынан шығандай тартып, бүрынғы Одақтан үзап, жер жаһанды ән бұлағынан сусындатпады ма, асыл жандар! Бұл күнде үшеуі де бақилық. О дүниелік болған. Әндері бізбен бірге, дүниежүзін кезіп жүр. Фильмдер… дисклер… күй табақтар арқылы әлемдік кеңістіктерде қалқып жүр.

Ия, соның ішінде әсте де ұмытылмас бір есім — Мүсілім Магомаев. 1942-ші жылдың 17-ші тамызында Баку қаласында дүниеге келген Мүсілімнің әкесі Магомет Магомаев жеңіс салтанатына екі күн қалғанда, майдан даласында қаза тапты. Ол да өнер адамы, яғни театр суретшісі болатын. Анасы -Айшет Магомаева (сахналық лақап аты — жөні Кинжалова) мамандығы жөнінде драма артисі. Провинциялық актриса. Ресейдің шалғай театрларында, сондай — ақ, біздің Оңтүстік Қазақстанның (Шымкенттің) орыс драма театрының сахнасында көп жылдар орындаушылық қызмет атқарған. Айшет Кинжалованы өз басым Шымкент театр сахнасынан талай рет көргенмін. Оның орыс күйеуі сырнайда шебер ойнайтын. Ол кездері Айшеттің, Мүсілімнің шешесі екенін қайдан біліппін, тэйірі! Бертініректе білдім ғой. Бірақ, еске түсіріп көрсем, әйгілі әншінің бет — пішіні шынында да, анасына келінкірейді екен. Кезінде, Шымкент облыстық қазақ драма театрының артисі болған, бұл күндердегі Т.Жүргенов атындағы ұлттық өнер академиясының профессоры Майра Омарбаева ханым да: — Айшет орыс, мен қазақ театры сахнасында қатар жұмыс істедік. Қызу қанды, сергек жан еді. Ол өзінің туған ұлы Мүсілім Магомаев екенін мақтанышпен әр жолы еске алатын. Одан келген (әртүрлі мейрамдарға байланысты) кұттықтау қағаздарын қолына қыса ұстап, әріптестеріне қуана көрсетіп жүретін — деп, өткендерін еске алады ылғи да. Әкесінен өлідей, шешесінен тірідей, осылайша, алшақ кеткен дарабоз эншінің балалық -балғын шағы немере ағасының шаңырағы астында өтті. Баку шәһарының музыка мектебі мен музыка училищесін түгел адақтаған болашақ атақты энші өзінің В.Ц. Аншелевич, А.А. Милованов, Т.И. Кретинген есімді алғашқы ұстаздарын ардақ тұтудан эсте де жалықпаған. Сонымен, алпысыншы, жетпісінші жылдардағы кісі өзегін үзерліктей хас эншіге тэн вокалдық техникадан өзге Магомаевтық эдемі сахналык кескін — келбет пен үйреншікті мэнер — машықты қайда қоярсыз?! Сымдай тартылған сүлу дене, сүңғақ бойға таласа біткен көркем жүз, сері жүріске лайықты аршынды адым, күйсандық пернелерін түгел түйреп өтерліктей салалы саусақтар… Ықшамды болмыстан эркез жомарт жарасым тапқан табиғи көрік, шымқай қара костюм иесінің нэн кеудесі кейде шалқақ, кейде асқақ шайқалып, оның оттай жанған қара көздері сахнаға сэуле шашып шыға келгенде, көрермен қауымының айызы қанғандай, эсемдік элемі мүлдем нүрлана түсер еді.

Магомаевтың ән шырқау мәнері — қашанда дыбыс сый-қырын сәнімен беру, айқында анық дикция, вокалдық фразалардың сауатты құрылымы, әуен көңіл — күйіне сәйкес шынайы үн секілді қабілет — қарымдармен астасып жатары үйреншікті қағида болатын. Серпінді ырғақтар әртүрлі мінез-құлық танытып, академиялық, патетикалық, салтанат биіктерінен күлдилай келе сентиментальдық, тіпті интимдік көңіл күйлерге ұласып жатары имандай шындық — тын. Магомаевқа тән табиғи да паң жүріс — тұрыс, ұстамды да ақсүйектік ішкі байлық әлем белгілері буырқанған шексіз қызбалықтарға (темпераментке) ұласып жатары әркез көзге ұратын. Жан — жақты жетілген білімдар жан бойындағы аса көркем мәдениет, орыс, итальян, неміс, әзірбайжан секілді кез — келген ел әуендерінің үлттық спецификалық ерекшеліктерін беруде ғажап күбылыс қүпияларын ашып жататын. «Магомаевтың үні — айшықты да ашық, куатты баритон. Талантына зор кәсібилігі қосылған Магомаевтың алып та асқақ үні оның баритональдық репертуарын барынша кеңіте, көріктендіре түсті. Мэселен, орыс халқының төл эні «Питерскойды бойлай» (Вдоль по Питерской -Ф.И.Шаляпиннің сүйікті нөмірі) ғаламат орындау үстіндегі Магомаевтың дауыс ауқымы бас — баритонды еске түсіреді. Ал, Гуноның «Фауст» операсындағы бас дауысқа арналған Мефистофель шумақтарын серпілте шырқағанда сахна бейнебір нағыз артистік сыйқырлық алаңына айналып кетер еді. Кенет, «Соррентоға қайт» (Вернись в Сорренто), «Айтыңыздаршы, қыздар» («Скажите, девушки»), «Гранада» секілді неаполитан эндеріне басқанда Магомаев эн салу өнерінің тенорлық техникасы оның көмейінде қажетінше ойнақ салатын. Магомаев — сонымен бірге, ғажап пародияшы — дыбыс қүбылтушы ретінде де Трубадурдың, сондай — ақ, Ю.Энтин мен В.Ливановтың «Бремен музыканттарының ізімен» атты радиопьесасындағы Тыңшы жэне Атаман әйелдің вокалдық партияларын шебер орындады» — деп, жазылды, элемдік баспасөз беттерінің бірінде. Жастық шақ кезеңдері… Шалқыған дэурен, бозбалалық мезгіл! Ағытылған ән, атылған шампан, төгілген күй… күнде жиын, күнде той! Студенттік көне магнитофонның жағы сембейді. Өзінің жаны сірі екен. Концерватория жатақханасының әр қабатын жаулап алған Магомаев орындауындағы ойнақы әуендер жаныңды жейді. Сол кезгі ең «модный эуендер». Нағыз көңіл қоздырар жас атаулы жанымен қүлай сүйер «хиттер» топтамасы. Самсаған сан терезелерден үздіксіз төгіліп жатар Магомаевтың ғажап күміс үні бүкіл Алматыны басына көтеріп жатқаны. Билеуге де, шырқауға да оңтайлы ырғақтар жетегінде дамылсыз қүрақ үшқан сол бір жалынды күндер — ай!

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.