Мұсылман философиясы

Home » Рефераты на русском » Мұсылман философиясы
Рефераты на русском Комментариев нет

Фәлсафа — ортағасырлық мұсылмандық ой, Мұсылмандық Ортағасырлар дәуірінің мәйегі — тарихи-философиялық зерттеулерде бірнеше атауларға ие:
— шығыстық перипатетизм;
— шығыстық аристотелизм;
— араб-мұсылмандық философия;
— мұсылмандық перипатетизм;
— арабтілдес философия.

Қазіргі таңдағы зерттеулерде фәлсафа мен мұсылмандық философия арасындағы айырмашылық туралы айтылады. Фәлсафа антикалық философиялық мұрамен байланыстырылғандықтан ортағасырлық дискурс деп есептеледі, ал мұсылмандық философия — бұл қазіргі заманғы дискурс. Бұл бағыттарды ажыратуда бар болғаны дэуірлену қажет: ортағасырлық, кейінгі ортағасырлық және т.б. «Құдіретті тарихтың аясында» (Гегель) пайда болып қалыптасқан мұсылмандық философияның мәні ең жоғары ойлау әрекеті ретінде өзгеріссіз күйінде қалады емес пе?!
Фәлсафаның өкілдері, әрине, шығармашылық тұрғыда пісіп жетілген авторлар еді. Олардың қалдырған мәтіндері өздерінің ойлау эрекеттеріне лайықты болатын.

Ортағасырлық философиялық мэтінді студенттердің игеруі мейлінше күрделі көрінеді. Бұл, ең алдымен, бойында ислам аясымен қатар, грек жэне латын терминдері бар ортағасырлық философияның тілімен байланысты болды. Ежелгі грек философиялық лексикасының аудармасы үнемі голографиялық тұрпатта бола бермеді, оның үстіне көптеген үғымдар жаңартуға үшырады, осыған орай терминологиялық сөздік неологизмдермен толықты. Алайда, көптеген авторлардың аристотельдік-платондық кілтттің бірегейлігін сақтауға үмтылуы себепті бүл мәтіндерді жа-ңа жағдайларда түсіну мәселесі туындады. Әл-Киндидің, әл-Фарабидің, Ибн Рушдтың және басқа философтардың жасаған кең мәтінді түсініктемелері дәл осыған орай қажет болды.

Қазіргі дэуірде студенттердің фәлсафа мәтінін ұғынуы да осы мәселелермен байланысты. Сондықтан герменевтикадағы сияқты түсшу шаралары шынайы түсіндіруге әкелуі үшін жаңа оқулықтар, терминологиялық сөздіктер жасау қажеттілігі туындайды. Әрине, әл-Фарабидің, Ибн Синаның жэне өзге де ортағасырлық ойшылдардың мэтіндерін үғыну үшін бүкіл ортағасырлық философияны, тарихты, мәдениетті оқып-үйрену керек. Бірақ, философия «дэуірдің ойдағы мәйегі» болғандықтан студенттің міндеті де жеңілденеді, өйткені фэлсафаны оқып-үйрену оның бүкілэлемдік философия тарихының ажырамас қүрамдас бөлігі болуымен байланысты.

Әрине, фәлсафа гректің «философия» сөзін білдіретін термин ретінде пайда болды, бірақ ол Құдайдың Сөзі ретінде ислами тарихта жаратылды. Мұсылмандық ортағасырлық философия — фәлсафа — бүл адамның мэнін зерде мен интеллект көмегімен қарастыр атын элемнің Құдайылық мэні түсінігіне негізделген Жаратушы туралы ілім, болмыстыңтүпкімэндерітуралыілім.Мүсылмандықфилософия — бүл Тэңірі мен адам туралы экзистенциалдық рефлексия. Онда адамның болмысы ашылады. Бүл философия тұлғалық сипатқа ие, өйткені тек тұлға ғана жаратылыстық «мағыналылық» пен элемнің жазмыштығын айқындай алады. Өте көп жағдайда мұсылмандық философияны фаталистік (тағдырға бағынышты) деп санайды, өйткені барлығы «истисна» ұстынынан шығарылады. Бірақ барлық нэрселер Аллаһтың еркінде дегенге қарсы дэлелдер табуға бола ма? Бұл үшін тіпті сұңғыла алғыр болудың да қажеті шамалы. Мұсылмандық ортағасырлық философия бүгінгі күні «өткенде қалып қойған» жоқ, ол қазіргі философиялық дискурсқа үйлесімді енді, өйткені оның сол кездері, яғни Ортағасырларда қойған жэне шешкен мәселелері қазіргі уақытта феноменологиялық, экзистенциалды бағыттарға да, «аяқталмаған постмодерн дәуірінің» теологиялық бағыттарына да сэйкес (релевантты).

Ортағасырлық мұсылман философиясының қайнарлары:

— Қүран

— кэлам

— антикалық философия мен ғылым. Мұсылмандық философия бүгінгі күні әлемдік философияның теңкұқықты субъектісі.

Мұсылмандық ортағасырлық философияны оқып-үйрену бүкіл элемдік тарихи-философиялық үдерісті тұтастай көз алдымызға келтіру үшін, қазіргі заманғы философияның мэні мен міндеттерін ұғыну үшін, болмыстың мэні мен адам болмысының мэнін айқындау үшін, бүкіл әлемдік үдерісті бір тұтастық ретінде түсіну үшін, осы үдерістегі дара тұлғалықтың, адамның жеке өмірінің мағынасын ұғыну үшін қажет.

Ортағасыр туралы айтқанда біз, алдымен, Құдай мен Адамның тарихы жаратылған Ұлы дәуірді елестетеміз. Ортағасырлық адамның философиясы Тэңірлік Баянмен ажырамас байланысты болды, бұл Баянсыз, бұл Сөзсіз философия да болған жоқ. Осы кезеңге арналған көптеген зерттеулер «Ортағасырлардың күзі» (Хейзинга), «¥зақ ортағасырлар» (Ле-Гофф), «Мұсылман Ренессансы» (Мец) деп аталады. Барлық осы атауларда Ортағасырлық дэуірдің өзіне тән трансцендентті (таным шарттарынан тыс) мағынасы бар. Қазіргі таңда Батыс пен Шығыстың сұхбатын, ислам мен христиандықтың сұхбатын, интегралды коммуникативтік кеңістікте еуроисламдық сұхбатты қалыптастыру сияқты жаһандық мэселелердің нәтижесінде зерттелуі өзектілікке ие болып отырған мұсылмандық ортағасырлық философия өзінің эрқилы дискурстарында дамып отырған қазіргі мұсылмандық философия үшін классикалық негіз болып табылады. Кезінде Мұсылмандық Ортағасырларда қойылған басты философиялық мэселелерді зерттемей, бүгінгі күні өзіне тэн мэселелері, міндеттері, келешектері бар қазіргі ислам элемін терең түсіну мүмкін емес.

Ортағасырлардағы рухани бағыттардың басым көпшілігі мұсылмандық философияның ауқымында дамыды. Сондай-ақ Ортағасырлардағы иудейлік. философияның дамуындағы оның интеллектуалдық маңызын атап өту керек. Мысалы Маймонидтің философиялық шығармашылығы мұсылмандық ортағасырлық дискурста дамыды.

Біз классикалық мұсылман философиясы туралы айтқанда, эңгіме VIII ғасырдан XIV ғасыр аралығын қамтитын тарихтьщ белгілі бір кесіндісінің философиясы жөнінде өрбиді. Бұл философия тарихқа жай орналасып қана қойған жоқ, ол Гегель айтқандай, «осы дэуірдің рухани мэйегіне» айналды. Ерекше бір тұтастық ретінде бұл философияны біз анықтамаймыз, өз дамуының негізінде оның өзі философиялық дэстүрдің ерекше формасына айналды.

Мұсылмандық философияны терең зерттегенде біздің алдымыздан эдіснама туралы мәселе пайда болады, яғни мұсылмандық философия деп аталатын осы философиялық мазмұнның өзіндік логикасын ашу қажет болады. «Мұсылмандық философия» аталатын осы тұтастықтың құрастырылу эдісі жөніндегі мәселені қарастырып өтейік.

Жалпы философиялық рефлексия эдісіне келер болсақ, соңғы 20-30 жылдың ішінде әдістің табиғаты туралы мэселенің біздің эдебиетте сирек көтерілгенін айта кету керек. Бәлкім қандай да бір эдістен шыға отырып пайымдалуы мүмкін болатын қандай да бір дайын мазмұн бар деген нэрсе осымен байланысты болар. Іс жүзінде эдіс сыртқы форма ретінде, бізге пэннің немесе заттың түсінігін ашатын қандай да бір эмбебап кілт ретінде түсініледі. Жэне мүның барысында эдістің сол заттың «жаны мен субстанциясы» екендігі үмыт қалады. Әдістің келесі бір маңызды анықтамасы әдістің «өзін өзі білетін үғым» ретіндегі түсінігі болып табылады. Ал бұл «мүсылмандық философияның» эдіснамалық анықтамасы ұғымның ұғымы екендігін білдіреді. (Бастапқыда біз «мұсылмандық философия» ұғымын аламыз, кейін бұл ұғымның ораулы мазмұнын мұсылмандық философияның нақты анықтамаларымен тарқатамыз). Енді мынадай сұрақ туындайды: бүкіл ортағасырлық мұсылмандық фило-софияның мазмұнын анықтайтын ерекше тұтастық не?

Жоғарыда айтылған Мұсылмандық Ортағасырлық философиясы белгілі бір тарихи кезеңді қамтиды деген тұжырымның өзі оның өз тұтастығындағы мұсылмандық философия екенін білдірмейді. Біз бұл тұтастықты Мұсылмандық ортағасырлар фи-лософиясының бастау көздерін (бұл тұста антикалық философия туралы айтылып отыр) зерттеу жолымен де, араб-мұсылман элемі философтарының ілімдерін тізу мен айқындау жолымен де анықтай алмаймыз. Әсіресе соңғы жағдайда біз олардың ішкі байланыстары мен қатынастарын түсінбей түрып, эр алуан философиялық тұжырымдамалардың шоғырына тап боламыз.

Егер түпкі бастау ретінде антикалық қайнарларды алатын болсақ, онда біз мұсылман философиясының өзгешелігін мүлдем түсінбейміз, өйткені бұл қайнарлар ол үшін тысқары. Мұсылмандық философия өзінің қа-лыптасуы   барысында   барған   сайын   дербес   тұтастық

ретінде көрінді, оның қайнарларын антикалық дэуірден емес, мұсылмандық философияның өзінен іздеу қажет болды. Сонымен, мұсылмандық философияны логикалық тұрғыда анықтау үшін мынаны білу керек: оның бастау алар түсы неде жэне бүкіл философияның мэнін содан тарату. Бұл түпкі бастау ислам болып табылады. Дэл осы ислам адамның өз болмысының «түпкі негіздерін» іздеуге мүмкіндік берді, соның арқасында философия да өзінің дербестігін сақтады.

Ислам пайда болғанға дейін болашақ халифаттың территориясында ешқандай философия да болған жоқ. Джахилийа дэуірінде элем туралы, адам туралы рефлексия болды, бірақ ол соншалықты терең емес еді. Философия Мэн деген не? Мэселесінен басталады. Жэне мұсылман ойшылдарының фэлсафа — «философия» сөзін антикалық мүрадан қабылдап алғанының өзі, олардың философия пэнін өз мэнінде түсінгенін аңғартады.

Ислам білімді дамыта отырып, философиялық мэсе-лелерді де дамытты, оларды жасақтау антикалық дерек-көздерді тартса, кейінірек бұл жаңа рухани мэдениеттің түзілуіне экелді. Мүсылмандық Ортағасырлардың рухани емірінде фи-лософия христиандық әлемдегі тэрізді бағынышты сипатта болған жоқ. Осыған орай мұсылмандық философияда Мэнділік арасындағы адамның орны туралы сұрақ (Ибн Баджжа, Ибн Туфайль) — адамның жеке болмысы мәселесі қойылды жэне бұл антикалық философияға тэн емес еді. Оның үстіне тұлғалық мәселені көтеруге тырысқаны үшін Сократ өмірімен қош айтысты. Бұл философиялық мэселенің жаңашылдығы элемдегі адамның орны мен адамның Құдайға қатынасы туралы мэселені көтерген исламмен байланысты еді.

Мэнділік мэселесі мұсылмандық философияда адам тэрізді мақұлықтың «түпкі негіздері» туралы мәселе ретінде қойылды. Міне, сондықтан Құдай мен адам, сенім мен білім арақатынастары мэселесі бұл философиядағы негізгі сұрақ болып табылады. Мұсылмандық Ортағасырлардың философтары адамның ерекшелігі неде жэне оның мақ-саты қандай деген сұрақтарды қойды. Дэл осы себепті мұсылмандық философия жай ғана «шығыс перипатетизмі» емес, өйткені антикалық философияда бұл мэселе осындай формада жэне мазмұнда қойылған жоқ. Тапа-тал түсте шам жағып адам іздеген атақты Диогеннің ізденісі даралықты, түлғалықты емес, «жалпы адамды» іздеуді білдіретін еді.

Осыған орай христиандық философия мен мүсылмандық философия арасындағы елеуі і айырмашылықты да көрсету қажет болып отыр. Христиандық Ортағасырларда фило-софия өз эдістері мен заңдарының көмегімен Қүдайдың болмысын дэлелдеуге тырысқаны бэсенеден белгілі. Әулие Августин, Фома Аквинский беделді аристотельдік философияның негізінде Қүцайдың Болмысы түжырым-дамаларын жасады. Ал мүсылман философтары үшін Қүдайдың болмысы еш дэлелді қажет етпейтін күмәнсіз еді, ал философиямен айналысу жогары құдіретті Құдайылық даналыққа жақындатты. Сол замандардан біздің бүгінгі күндерімізге дейін мынадай тарихи деректер жетті: «Ғалымның сиясы тақуаның қаны тэрізді қасиетті. Жүмақ бағы сарбаздар үшін де, жазарлар үшін де бірдей орын болып табылады. Дүние төрт негізге сүйенеді: ғалымның іліміне, билеушінің эділеттігіне, ізгі адамның дүғасына жэне батыр адамның батылдығына».

«Философия — теологияның қолжаулығы деген атақты анықтама ортағасырлық Еуропада теологияны — мэңгі философия ретінде айқындап, «даналыққа қүштарлыққа» екінші рөлді берді. Мүсылмандық Ортағасырларда фило-софияға деген қатынас мүлдем басқаша болды. Әл-Фараби философияны теологияның «қарындас бауыры» деп атады. Әл-Киндидің өтініші бойынша, Ибн Наимнің аударған Плотинге тиесілі («Данышпан гректің сөздері») «Аристотельдің теологиясында» «теология» және «фило-софия» үғымдарына қатысты бірінші филоеофтың түсіні-темелері мазмүндалады жэне онда философия Қүдайылық даналық ретінде үғынылады.

Дэл осы себепті мүсылман элемінде философия дін-танудың қызметшісі болған жоқ жэне ол түтастай алғанда дінге рефлексия жасай алатын еді. Сонымен, мүсылмандық философия адам туралы, оның өмірінің мэні туралы мәселені көтерді. Араб-мүсылман философиясының өмірмэндік түжырымдамалары ислам аясында аңғарылады, оның үстіне ислам оптимистік те, пессимистік те бағыттардың орнығуына мүмкіндік берді. Ислам адамның өзіне деген терең толғанысын оятты. Адамның Қүдайға деген қатынасының ашылуы міндетті түрде оптимизмге қарай бейімдей бермейді. Опти-мистік көңіл-күймен қатар трагедиялық дүниетаным Ортағасырларға тэн рефлексияның тэсілдерінің бірі болды. Мүсылмандық өркениеттің гүлденген түсында философия өмірді бекітуші мағынаға толы болды, ал Халифаттың ыдырауы мен қүндылықтық бағдарлардың өзгерген (көпшіліктің байлық пен салтанатқа, прагматизм мен бақай есепке үмтылуы) кейінгі кезеңдерінде философия да өзгереді, барған сайын экзистенциалды және «элитарлы» болып, дәл осы кезеңде философия мистикалық идеялардың ықпалына үшырайды.

Бүгінгі күні ғылыми-зерттеу жүмыстарда мүсылман философиясының мэселелеріне өте көп көңіл аударады. Ортағасырлық ойдың философиялық мэселелерін зер-делеуде әр алуан тэсілдер мен эдіснамалық негіздемелер пайдаланылады. Әсіресе, антикалық жэне мүсылмандық дискурстардың компаративистикасы саласындағы, анти-лық және ислам философтары мәтіндерінің герменев-тикасы саласындағы зерттеулер кеңінен танымал.

Қазіргі заманғы тарихи-философиялық үдерістің даму үрдістерінің алғышарттары әлеуметтік-экономикалық, саяси, техногендік-өркениеттік факторлармен сипатта-лады. Осылардың өзі бүл үдерістің өзіндік түсінігінің жаңа техникасына «итермелейді». Өзінің дербес мэрте-бесін иеленуге үмтылып жатқан қазіргі мүсылман фило-софиясында қайта қүрылымдануы, қайта өзектелінуі тиіс көптеген мәселелер бар. Бүл ең алдымен, Батыс пен Шығыстыңәлемдікмэселелерменбайланыстылығы.Жалпы бүгінгі таңда батыстық және шығыстық философиялық дискурстардың бар екендіктеріне қарамастан, «Батыстағы Шығыс жэне Шығыстағы Батыс» болатындай біртүтас философия қалыптастыру мен қүрастыру талпыныстары бой көрсетуде.

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.