Мұсылмандық модернизм

Главная » Рефераттар » Мұсылмандық модернизм

Мұсылмандық модернизм — философиядағы ықпалды бағыттардың бірі. Модернизм немесе мұсылмандық реформаторлықтың ең көрнекті өкілдері: Ж.Афгани, М.Абдо, М.Икбал арқылы түрлі философиялық қырлары ашып көрсетіледі, ең алдымен ол -өзгеруші әлем жағдайында қолданылатын ұтымды тәсіл.
Мұсылман модернизмі:
— исламдық жағдайды вариативті қолдау;
— ислам бірлігі мен тарихи үдерістікке негізделген син-тетикалық дүниетанымды дайындау;
— классикалық ислам парадигмасын қазіргі дүниета-ныммен (ғылыми, рационалды) теңдестіру қажет деп есептейді.
Мұсылмандық модернизмнің дәстүршілдіктен айырмашылығы ол исламдық бастауды сақтай отырып, қазіргі шындыққа релевантты дүниетаным қалыптастыру қа-жет деп есептеп, дәстүр мен қазіргі заман сұхбатын жасауға тырысады. Сондықтан модернистер христиан, будда, зайырлы (либералды-демократиялық) және тағы басқа дүниетаным түрлерімен ащық сүхбат жүргізуге қабілетті жаңартылған түжырымдама ретінде «таза» ислам қүрылымын ұсынады.
Дәстүршілдік пен модернизмдегі ортақтық ислам қүндылықтарын рухани-адамгершіліктік парадигма ретінде реформалауды қажет ететін түрақтандыру болып табылады. Бірақ олар үсынатын жолдар әртүрлі.
Дәстүршілдер тек «таза» ислам мэнінде реформалау қажет дейді. Мүсылман модернистері «таза» ислам мен қазіргі дүниетанымның синтезін үсынады. Олар үшін исламдық қүндылықтар адамзаттың рухани жаңару шарты болып табылады. Негізінен, әлеуметтік-саяси доктринаны дайындай отырып, мүсылман модернистері мемлекетті қалыптастыруда шариғатқа қарағанда рухани исламдық мэнде дайындауға тырысты.
Мүсылмандық модернизм бастауы элеуметтік-философ-иялықжәне саяси ойдағы бағыттар ретінде Сирхиди (имам ар-Раббани) ілімдерінде белгіленді.
Мүсылман модернизмі Индияда пайда болған деген дерек қызық. Оның бастаулары жайлы айтар болсақ, өзіндік модернизм ретінде дін синтезі негізінде біртүтас дін мен біртүтас дүниетаным құруға тырысқан Мүсылмандық Индиядағы Шейх Акбардың реформасын жатқызуға болады. Оның бүйрығына негізделген барлық діндер мэселесіне байланысты сұхбат өткізілген жэне жалпы ережелер жасалған Фатехпур Шикридегі Тағзым ету Храмы ағартушылық, коммуникативті жэне нығайтылған рөл атқарды. Қазіргі мұсылман философиясындағы бағыт ретінде мұсылман модернизмі, негізін салушылар Мұхаммад Абдо, К.Амин, М.Икбал Батыстың ғылыми, білім беруші әлеуетімен исламның рухани-адамгершіліктік құндылықтарының синтезін іске асыру қажет деп есептеді. Мұсылман философиясының негізгі құрылымынан, дін мен ғылым синтезінен шыға отырып, батыс-еуропалық ғылыми жетістік аясындағы осы синтездің даму қажеттілігін негіздеді.
Мұсылман модернизмінің мақсаттары:
— қазіргі элеуметтік-саяси, экономикалық, идеологиялық өзгерістерге исламдық құндылықтарды бейімдеу;
— дүниетанымды қалыптастыруда рухани, этикалық исламдық бастауларды сақтау;
— мұсылманның еркін тұлға ретіндегі толық элемді құруға бағыттағы қалыптасуы.
Әрине, исламдық жэне батысеуропалық құндылық-тардан пэтуа табуға тырысқан мұсылмандық модернизм түрлі қиындықтарды басынан өткізді. Бұл саяси және элеуметтік өзгерістерге байланысты болды. Осыдан шыға отырып, мұсылман модернизмі екі жағынан дамытады: теориялық және саяси. Бірінші бағыт қазіргі өмірдегі шындық аясындағы исламның негізгі ережелеріне жаңа (модернистік) талдау жасауды қалайды. Мұсылман модернизмінің даму кезеңінің ең басында саяси жағынан социализм мен капитализмнің элемдік жүйесімен бай-ланыста болды. Кейбір жаңару жобалары социалистік еркіндік, теңдік, бауырластық идеяларымен байланыста еді. Басқа жобалары капиталистік бәсекелестік, нарық философиясы жэне т.б. жүйелерді енгізу идеяларымен негізделді.
Мұсылман модернизмі жаңа сұхбат пен серіктестіктің философиялық-саяси дискурсын белгіледі. Мысалы, мо-дернизациялық «исламдық социализм» тұжырымдамасын қолдаушы эл-Афгани ынтымақтастық, теңдік, еркіндік идеялары Құран идеясымен пікірлес, сондықтан социа-листік және исламдық құндылықтар арасында пролетариат диктатурасы мен атеизмнен басқа қарама-қайшылық жоқ деп есептеді.
Теориялық мэнде мұсылман модернизмі Құран мен Суннаны жаңа модернистік талдауды маңызды мәселе деп қарайды. М.Таха, тіпті, қазіргі қоғамды өзгерту мен реформаға модернистік шамасы бар екенін көрсете отырып, меккан кезеңіндегі сураны түсіндіруге кеңес берді. Негізінде, мұсылман модернизмін жаңару философиясы деп атауға болады. Қазіргі мұсылман философиясындағы фэлсафаның негізін қалаған дэстүрлі метафизикалық философиямен шүғылдану батыстық философиялық дәстүр аясында да дамуы мүмкін. Қазіргі мүсылман философиясының барлық бағыттарындағы басты мэселе — философиямен шүғылданудың өзіндік бірден-бір жолын жақтау. Исламдық философияның батыс-еуропалықтан айырмашылығы батыстық, бірегей жолды мойындай отырып, ешқашан жалпылық пен әмбебаптыққа үміттенген жоқ. Қазіргі плюрализмнің көптеген артықшылықтары бар. Мысалы, Мүсылмандық Шығыс философиясы түрлі классикалық, классикалық емес, тіпті постклассикалық емес тәсілдермен оқытылады. Мүсылман модернизмі Батыс философиясын үйренуге осындай мүмкіндік ашып отыр. Көптеген модернистер өз жүйелерінде шығыстық парадигмадан шыға отырып, Шығыс пен Батыстың синтезінің мүмкіндігі жайлы айтуда.
Мүсылман модернизмі түтасымен ислам мэдениеті мен философиясын жандандыруға қажет үлттық-қүтқару қозғалыстарымен, үранмен байланысты. Реформаторлықты жандандыру идеологиясы
— ислам этикасын
— исламдық білім алудың жоғары дәрежесін
— исламның алғашқы, өзгермеген мэнін
— исламдағы толеранттық принципін
— исламдық гуманизмді
— ислам мен Батыстың сүхбаттық дәстүрін
— дін мен ғылымның, сенім мен зерденің үйлесуін жандандырудан тұрады. Бүл ережелердің барлығы қазіргі мүсылман философиясының негізгі көрсеткіші болды.
Бүл идеяны алғашқы үсынғандардың бірі әл-Афгани болды, ал оның жолын қуушы Мүхаммед Абдо Египеттегі атақты «әл-Азхар» ислам университетінде жүргізілген исламдық білім беру реформасына себепкер болды.
Сайлау, ерік бостандығы жэне жаңа элеуметтік-экономикалық жэне саяси жағдайдағы исламдық рацио-нализм тэсілі мэселелерінің мутазилиттік доктринасын қайта тудыруға реформаторлардың күш салғанын айтып кеткен орынды. Мұсылмандық модернизм Құран мәтінін аударуға жаңа тэсіл — көп негізді герменевтиканы ойластырды, бірақ бұл герменевтика мэнін бұзған жоқ, ол дін мен сенім жайлы философиялық рефлексияның оянуы-на әсер етті. Атақты «Құранды түсіндіруші» болған М.Абдо герменевтикадағы Құран мэтінін аударудың рационалистік тэсілін ашып көрсетті.
Модернистер онтологиялық, гносеологиялық, аксио-логиялық, діни-антропологиялық, элеуметтік-саяси мэсе-лелерді ұсынды. Олар онтологияда болмыстың негізгі исламдық принциптерін (таухид, вахдат әл-вуджуд) дайындады.
Таным теориясында Құдай жаратқан элемді тану үхтындарын жариялап, элемдегі субъектінің белсенділігі тұжырымдамасын даярлады. Адам бірден-бір бірлескен болмыс болып табылады, ол болмыс мәнін ұғынуға, бір жағынан, болмысқа мэн беруге құқы бар.
Олар алдын ала анықтау мэселесіне байланысты көптеген шығармалар қалдырды, «истисна» тұжырымын жаңаша талдай отырып мұсылмандық фатализм ағымына қарсы шықты. Бір сөзбен айтқанда, адам өз ісіне өзі жауап беретіндіктен, діни кадараның (алдын ала анықтау) абсолютті емес қасиетін бекітті. Сенім феноменін өзінің рационалистік қабілеті мен оларды іске асыру мүмкіндігі бар адам сенімінің аясында ашып көрсетті. Мұсылман модернизмінің ерекше мэні ислам философиясы үшін эрқашан іргелі болып табылатын сенім мен білім ара-қатынасы мэселесі болып табылады. Құранның ког-нитивті мақсатынан, білімнің қажеттілігі жайлы тұрақтан-дырылған хадис ережелерінен шыға отырып, мұсылмандық модернизм өкілдері
— Құрандағы когнитивті күш-қуаттың,
— Құранда ғылыми түсіндіруді талап ететін (өз кезегінде, ғылыми ізденіс пен білімді талап етеді) ғылыми әлеуеттің,
— Құранда эмбебап этикалық тұжырымның,
— Құранда басқа мэдениетке ашылу элеуеті бар екендігі идеяларын дэлелдеді.
Модернистер исламдық бірегейлікті анықтайтын, исламдық бастауды сақтау жағдайында батыс-еуропалық құндылықтармен бірге ислам синтезі теориясын құрды.
Мұсылмандық модернистік идеялар Т.Рамадан негізін салған қазіргі еуроисламдық либерализмде үлкен рөл ат-қарды жэне атқарады.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.