Мақал-мəтелдердің берілу ерекшеліктері

Главная » Рефераттар » Мақал-мəтелдердің берілу ерекшеліктері

Бұл мақалада түрік-ағылшын мақал-мəтелдерін зерттей келе, олардың шығуы, ұқсастығы мен айырмашылығын ескеріп, кейбір мақал-мəтелдерді сол сақ жəне англо- саксондар заманынан осы күнге дейін сақталып, ауыз екі тілде айтылып, келе жатқанын байқадық. Бірнеше ағылшын ғалымдары, соның ішінде еліміздің ақын, жазушылар, лингвистер мен паремиологтар өздерінің еңбектерінде сақтар туралы көптеген еңбектер жазып, этимологиялық талдау арқылы əрбір сөздің шығуын зерттеп, сол англо- саксондар сақтар екенін дəлелдеп отыр. Көптеген руналық таңбаларды зерттей келе, қаншама ғасырлар өтсе де, кейбір сөздер мен мақал-мəтелдерді сол қалпында өзгермей қалғанын байқадық. Адам өмірінің мақал-мəтелдер қамтымайтын саласы жоқ. Қазақ мақалдарындай ағылшын халқының мақалдары да əспеттеп жасалған əсем де əсерлі дүние. Ас сөзбен көп мағына білдіріп, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін түйетін ықшамдық пен мығымдық ағылшын мақалдарына өте тəн. Қазіргі əлемдегі ең бірінші орында тұрған – ағылышн тілі болып есептелінсе, сол тілдің осыншама деңгейге жетуіне түрік тілі немеес англо-саксондар тілі көп əсер еткен. Түркизмдердің басым бөлігі осы қабатта жатқанын байқауға болады.

Ағылшын тілінің дамуына Британ аралдарына келушілер өздерімен бірге тілдерінде ала келіп, кетерде көп сөздерін қалдырып кеткен. Тіпті кейде сол аралдарда жергілікті халықпен қоян-қолтық араласып, сіңісіп кеткен. Ағылшын тілінің сөздік қорын жартысынан көбісі кірме сөздерден құрайтынын ғалымдар дəлелдеп отыр. Ол туралы белгілі Британ лингвисті Девит Кристал былай түсіндіреді: «Кей халықтар өз тіліндегі кірме сөздерді сөздік қорына ежелден құшақ жая енгізіп келеді» (“Whereas the speakers of some languages take great pains to exclude foreign words from their lexicons, the English seems always to have welcome them”) [1:709]. Сол кірме сөздерге көп үлес қосқан – англо-саксон тайпасы екен. Олар өздерімен бірге жергілікті халыққа руна жазбасы мен дінді əкелді. Латын тілін ығыстырып, руна жазуын үйретіп , руналық мəтін мен ел – елге ақпарат жіберіп отырған. Бұл жайында Ұлы Британия премьер-министрі болған Уинстон Спенсор Черчиллдің «Ағылшын тарихы» деген төрт томдық еңбегінің бірінші томында сақтар туралы былай деп жазған: “Some miserable runic scribbling were the only means by which they could convey their thoughts or wishes to one another at a distance”. («Жалкие рунические каракули были единственным способом выражения мыслей и желаний, предназначенных для передачи на расстоянии» 72-бет). [Winston S.Ch. A History of the English speaking People. Volume 1] [2:72].

Ағылшын тілінің этимологиялық сөздіктері “AS” (Anglo-Saxson) англо-саксондар тілінен енген, “OHG” (Old High German). «Германия оңтүстігін мекендеген ежелгі герман тайпалары тілінен енген» деген белгісі бар сөздерге көңіл аудару керек. Англо- саксондардан енген «tin» сөзі ағылышн этимологы Ернст Уиклидің зерттеуі бойынша, қазақ тіліндегі «тиын, ұсақ ақша» деген ұғыммен өте ұқсас екенін дəлелдеп отыр. “tin” AS tin for slang sense of money, said to have been first applied to the tin-worn silver coinage of the 18 cent. Recalled in 1817, cf. Brass…” [1:727]. Е.Уикли “tin” сөзінің тіліне англо- саксондар тілінен енгенін ауыз екі тілде ол «ақша» деген мағына білдіретін, 18-ші ғасырда “tin” атауы ұсақ күміс ақшасы ретінде қолданғанын айтады. «Tиын» сөзі ежелгі түркі тілінде «металл», «темір» мағынасында қолданылса, ал қазіргі кезде “tin” сөзі ағылышн тілінде «қалайы», «концервіленген тамақты сақтайтын қалбыр» деген мағынада қолданылып жүр.

Белгілі қоғам қайраткері, ақын Олжас Сүлейменов «Тюрки в доистории» деген жарық көрген кітабінда руналық таңбаларды салыстыра отырып, ағылшын тіліндегі “earth”, “terra” деген сөздердің түркі тіліндегі «йер» (жер) сөзімен тамырлас екенін дəлелдеді [2002:285,286]. Осыған дəлел ретінде тағы да екі сөзді мысалға келтірсек. yard-«ярд»-жерді өлшеу үшін қолданылатын бірлік сөзі мен garden-/ga:dn/-көгергіш өсіруге қолданылған жер телімі сөзін толығырақ Ернст Уикли былай түсіндіреді: “Yard measure geard cf., Dugierd, rod, wand, measyre of land”. Сонымен, “yard”- «ярд»-англо- саксондардың тілінде (орысша «жердь», йер-д), жерді өлшеуге арналған «сырғауыл», «арқан» немесе «таяқ» деген мағынада қолданылған екен. Яғни, «ярд» сөзі де «йер» (жер) деген сөзбен өте ұқсас. Ежелгі түркі тілдерінде [ж] дыбысы болмағаны, оның орнына [й] дыбысы айтылғаны айдан анық. [ж] дыбысы тілімізге тек 10-шы ғасырдан кейін араб, парсы тілдерінің əсерінен болған. Ал “garden” сөзінің “yard” [йaрд, йерд] сөзінен шыққанын ағылшын тілінің бірнеше этимологиялық сөздігінен байқауға болады. Осындай этимологиялық талдаудан кейін, ағылшын тілінің тарихы түркі тілдерінің əсерінен көп өзгеріске ұшырағанын айта аламыз.

Жазушы Мұрат Аджи ағылшын тіліндегі «yoghurt»- йогурт түркілердің «іріткі» деген сөзінен шыққанын дəлелдеп берді. Осы туралы ағылшын этимологтары да зерттеп, былай түсіндіреді: “yogurt also yoghurt» /ym-gart/ [Turk yogьt] (1625): “a fermented slighty acid often flavored semi-solid food made of whole or skimmed cillus bulgaricusand Streptococues thermophiles have been added” [1983: 1368] [1:729]. Ағылшын ғалымы, паремиолог Гарней Чемпионның «Əлем халықтарының мақал- мəтелдері» атты еңбегіндегі түрік мақалдарына арналған тарауына жазған алғы сөзде (“Introduction to the Proverbs of Turkey”) түрік халқының 4300 мақал-мəтелін жинап шығарғанын, оны 1897 жылы Е.Ж. Девис (E.J. Davies) ағылшын тіліне аударып “Osmania Proverbs and Quaint Saying” (Осман түріктерінің мақалдары мен даналық сөздері) атты кітап етіп бастырғанын айта келе: «Кейінгі дəуірде туындаған бірен-саран болмаса, ол маXал-мəтелдердіi дені ежелден, тcріктер орта ғасырларда батысXа Xоныс аудармай тjрып ОрталыX Азияда кhшпелі hмір салтын кешіп жcрген пайда болған. Мjны маXалдардыi мазмjнын сhзбе-сhз, дəлме-дəл аударғанда кhрдік. Кhбтеген маXалдарға ауыл тіршілігі мен cй жануарлары жие образ болған. сіресе, тcрік маXалдарыныi басты метафоралыX Xjралы-мал» — дейді. (“With the exceptions a few comparatively modern ones they are mostly very old, dating from early centuries when the Turks were leading nomadic and agriculture life Central Asia before their victorious march to West in the Middle Ages. This can be proved by the figurative rendering of many proverbs which frequently refer country life and domestic animals, especially the latter; animals constitute the main metaphorical feature of Turkish proverbs”) [1:733]. Осы еңбектен бірнеше мақал-мəтелдерді мысалға алсақ: The friend looks at head, the enemy at the foot–Дос-басыңа, дұшпан аяғыңа қарайды; A bowed is not cut off–Иілген басты қылыш алмас; All that one suffers from unhappiness comes from the tongue–Басқа пəле тілден; A village in sight does not require a guide–Көрінген ауылдың алыстығы жоқ; A dry spoon does not please–Құрғақ қасық ауыз жыртады; Осыған мысал ретінде, “Turkic (Turkestan) including Turf an”м деген еңбектен өзімізге өте жақын мақал-мəтелдерді кездестірдік: An ox is taken by the horns, a man by the tongue–Сиыр мүйізінен, адам тілінен жазады; It is foolish bird that soils his own nest–Тұғырына саңғыған сұңқар оңбас, үйірінен айрылған тұлпар оңбас; No gain without pain–Бейнетсіз зейнет жоқ; God helps him who helps himself–Құдайда сақтағанды сақтайды; Gossiping and lying go hand in hand–Өсек пен өтірік егіз; Health is above wealth–Денсаулық-зор байлық; A rolling stone gathers no moss–Тұрақсыз тасқа қына да тұрмайды. [1:734]

Жоғарыда келтірілген мақал-мəтелдерге зер салсақ, төл тіліміздің інжу- маржандарын көріп тұрмыз. Дəл қазіргі уақытта ағылшын тілі əлемдік тілге айналып, барлық салада қолданылып, бүкіл адамзат баласына қызмет етіп отыр. Ағылшын тілінің сөздік қорына түркі тілдерінің де қосқан үлесі көп деп айтуға болады. Мақал-мəтелдер–ертегі,аңыз-əңгіме, батырлық, ғашықтық жырлар, қара өлеңдер секілді халық шығармаларымен қатар жасап келе жатқан көне жанр. Олай дейтініміз 12-13-ші ғасырда сақталған сирек жазба деректерде де мақал-мəтелдерді кездестіруге болады. Орхон жазбаларында: ЖыраX болса жаман сыйлыX берер, жаXын болса жаXсы сыйлыX берер; Бастыны еiкейткен, тізеліні бcктірген (Күлтегіннен); ЖjXаны таптау оiай, жіiішкені cзу оiай; лімнен jят кcшті (Тоныкөктен) деген мақал- мəтелдерді кездестірдік. Ал ұлы тарихшымыз Махмұд Қашқаридың «Дивани луғат ат- түрік» сөздігінен: ]лыX болсан кішік бол…; Тай ат болса-ат тынар, jл ер болса-ата тынар; Кcз болары кhктемнен мəлім; Тау тауға Xосылмас, адам адаммен əрXашан Xосылар; Бейне тcбі-рахат дейтін мақалдар; «Құтадғу білік» дастанынан: Біліп сhйлесеi білікке саналар, білімсіз сhз hз басын жояр; Ауыздан бірде от, бірде су шығар, бірі жанса, бірі сhндірер; АXXан су ол- жаXсы сhз, ол Xайда аXса сонда гcл hсер; Тайды кcтіп мінген, атты да мінеді дейтін мақалдарды кездестіруге болады. Мақал- мəтелдердің əлемін зерттей келе, өзі туралы жəне қай халыққа тəн екенін білуге болады. Бұл-халықтың өмірбаяны, мəдени айнасы, сондықтан мақал-мəтелдер маңызды мазмұнымен ерекше, əр түрлі ғылым жүйесіндегі адамның, халықтың, мəдениеттің, соның ішінде тіл ғылымы үшін таптырмас дүние. Дəл қорытындылап айтқанда, халықтың өмірінен алынған тарихи тəжірибесі, ғасырлар бойы зерттелген көрінісі, халық энциклопедиясында ол өзінің барлық жетістіктерін қамти алады.

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.