Мақал-мәтелдердің мағыналық дамуы

Главная » Рефераттар » Мақал-мәтелдердің мағыналық дамуы

Мақал-мәтелдердің мағыналық дамуы — өте күрделі, бірден емес, біртіндеп бір ұрпақ өмірінің барысында сатыланып қалыптасатын, санаға сіңіп барып, қабылданып, тұрақтанатын құбылыс. Қазақ мақал-мәтелдерінің баршасы ауыспалы мағынада қолданылады. Демек, бұл мақал-мәтелдердің қалыптасуына негіз болған лексика-семантикалық шоғырдың алғашқы (номинативтік) мағынасыныңда болғандығын, яғни сол мағынаның абстракцияланып, ауыс мағынаға өтуіне қажетті ұлттық ұғым, ментальдық сана, логика-семантикалық мотив (уәж) т.б. зандылығын көрсетеді. Ол ғана емес, мақал-мәтелдер өзінің тілдегі ұзақ өмірінде әр түрлі лексика-семантикалық модификацияларға да мағыналык элементтерінің «ескіріп», күңгірттенуге ұшырауы да мүмкін.

Міне, осы тұрғыдан алып қарағанда, мақал-мәтелдердің мағына-мәнінің қалыптасуы мақал-мәтелдер үшін ұзак уақытқа созылатын табиғаты күрделі құбылыс. Бүл тарауда осы мәселенің кейбір қырлары мен сырлары сөз болмақшы. Мақал-мәтелдер тұрақты тіркес санатына жатқанымен өзгермей, қасаң болып қатып қалған құбылыс емес. Олар да жанды тілдің, ой толғамның өзгермелі ерекшеліктері мен зандылықтарына сәйкес тұлғасы мен мағынасы қүбылып, әр алуан модификациялық күйге үшырап отырады. Мәселен, бір нысаннан кейде екі MM туындауы мүмкін:

Үндемеген үйдей бәледен қүтылады… Үндемегеннен үйдей бәле шыгады…
Бұл модификацияланған екі мақалдыңортақтірек сөзі — «ундемеген», яғни, кеп сейлемейтін, артықсөзайтпайтын, не ойласада ішінен түйіп, бір-ақ айтатын, айта қалса мықты (жүйелі де уәжді) айтатын, ал ойын ашықайтқысы келмесе, тастүйін болып бекініп, үндемей қалатын адам.
Here ол үндемей қалып, бірде үйдей бәледен қүтылса, енді бірде үйдей бәле шығарады? Бұл сауалдың екеуіне де үндемес адамға тән жоғарыдааталған ерекшеліктер жауап беретін сияқты: үндемеу бірде кеп тындап, аз сөйлейтін ақылдылық болса, енді бірде ол сөйлеп кетсе, артық нәрсе айтып тастауы мүмкін. Көріп отырғанымыздай, бір макалдың негізінде бір-біріне шәлкес екі ұшты мақалдың туындауы логикалық жүйеге сәйкес («үндемесе, бәледен құтылады», «үндесе, бәле шығарады») кон-трастив модель құруына байланысты. Бір тағанды, не қос тағанды мақал-мәтелдердің құрамын кеңейтіп, уәждің ішкі себеп-салдарын айқындап қолдану нәтижесінде де олардың модификацияланған күрделі вариантта-ры пайда болуы мүмкін. Мысалы:
Атың барда жер таны,
Асың барда ел таны < >деген мақал кейде:
Атың барда желіп журіп, жер таны,
Асың барда беріп жүріп, ел таны < > түрінде де қолданылады.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.