Мақалдар мен мәтелдердің ұқсастығы мен айырмашылығы

Главная » Рефераттар » Мақалдар мен мәтелдердің ұқсастығы мен айырмашылығы

Халық даналығының құнарлы да ауқымды саласын мақал-мәтелдер құрайды. Мақал мен мәтелдердің түркі тілдерінде үш түрлі қолданысы байқалады. Кей тілдерде бұл атаулардың көне баламасы (мәс: қазақтілінде — «аталар сөзі», «аталы сөз», түрік тілінде — «ata sozii// darbimesel», түрікменше — «аталар сөзи», башқұрт тілінде — «тапкыр һуз», тува тілінде — «үлегер домақ» // «чечен домақ», алтай тілінде — «кёп сбс»// «укаа сбс» т.б.) қолда-нылса, енді бір тілдерде «мақал» бір бөлек, «мәтел» бір бөлек (мыс, татарша — «мәкаль», «әйтем», түрікменше — «накыл», өзбек-ше — «мақол «, «матол «, қырғызша — «макал», «матал» т.б.) қолда-нылып жүр. Ал, үшінші бір тілдерде бұл үғым қосарлы қос сөз арқылы беріліп жүр. Солардың біріне қазақтілі («мақал-мәтел») жатса, екіншісіне — қырғыз тілі («макал-матал»), үшіншісіне -ұйғыр тілі («мақал-тәмсил»), төртіншісіне — азербайжан тілі («зәрби-мәсәл») жататынын кереміз.

«Мақал», «мәтел» атауларын төркіндетіп қарасақ, екеуі де араб тілінен ауысқан сөздер екен. Олар араб тілі мен арабтармен ерте-ден жіті араласқан иран (ауған, парсы, тәжік т.б.) халықтарының тілдерінде де қолданылады екен. Мысалы, араб тілінде: JUlo [maqal] — 1) «говорение»; 2) «речь, слово»; 3) «поговорка», «пос-ловица»;^<і’и[таІе1] — 1) «пример», «образец»; 2) «пословица», «поговорка» [Рустемов Л.З. Казахско-русский словарь арабско-иранских заимствованных слов. Алма-Ата, «Мектеп», 1989, 181, 192].

Сонымен, қазақ (мақал-мәтел), қырғыз (макал-матал), өзбек (мақол-матол) т.б. Орта Азия халықтарының тіліндегі бұл атаулар оларға ауған, парсы, тәжік т.б. иран тілдерінен ауысқан деп жорамалдауға болады. Мысалы, бүгінгі тәжік ауызекі тілінде: матал — «сказка, притча, басня» (Таджикско-русский словарь. Под ред. М.В.Рахими, Л.В.Успенской. Гл.ред. Е.Э.Бертельс. М., 1954, 219), ауған тілінде: матал [JUilo] — «пословица, поговорка» (Рус-ско-афганский словарь (пушту). Сост. К.А.Лебедев, Л.С.Яцевич, З.М.Калинина. М., 1973, 508, 541).

.

Демек, біз қарастырып отырған «мақал» мен «мәтел» терминдері — «аталар сөзінің» баламасы болып, кейінгі бір дәуірлерде ауысса да, тіліміздің табиғатына етене сіңісіп, өте жиі қолданылатын сөздерге айналып кеткен. Бұл әсіреселшл;аясөзіне көбірек қатысты. Біз оны мына мақалға қатысты мысалдардан-ақ айқын көреміз: иСөз атасы — мақал < >; ПАталар сөзі — ақылдың көзі < >; Мақал — әмір айнасы// Мақал — халық болмысының айнасы < > Мақал — сайрап турган шежіре (М.Әлімбаев); Мақал-мәтел өмір шындыгын айшықты турде аз сөзбен аша алатын қуралдың бірі (М.Әлімбаев) < >; Мақал-мәтел — тәрбие-тагылым булагы < >; Мақал-мәтел — атадан қалган асыл қазына < >; и Сөз атасы — мақал < >, иМақал — сөздің мәйегі < >, Q «Мақал » — сөздің атасы < > «Уәде» — сөздің опасы < > иСөз көркі — мақал, базар көркі — бақал, жігіт көркі — сақал т.б. осы сияқты тұрақты тіркестерден айқын көреміз. Ал, байырғы «ата сөзі», «аталы сөз» атаулары болса, олар оғыз тобына жататын түрік (ata siizii), түрікмен (аталар сөзи), әзербайжан (аталар сөзү) т.б. халықтар тілінде жиірек қолданылатынын көреміз.

Бұл жағдай, жалпы түркі әлеміне байланысты қарағанда, даналықты білдіретін атаулардың, бір жағынан, көне дәуірдің көзіндей сақталған байырғы құбылыс екендігін, екінші жағынан, өркениеттің дамуына, басқа халықтармен болған тығыз мәдени қарым-қатынасқа байланысты да өзгеріп отыратындығын көрсетеді. Бұл мәселенің бір жағы болса, екінші жағы бұл атауларды қабылдаудағы шарттылыққа да байланысты. Бұл шарттылықты біз «аталар сөзГ мен «мақал-мәтел» атауларынан да көріп отырмыз.

О баста даналық ұғымын білдіретін «аталар сөзінің » мағынасы кеңейіп, дами келе, бүгінде «мақал-мәтел» атауымен берілуі -тілдердің даму зандылығына сәйкес құбылыс. Алайда, қосарланып тұрған бұл екі атаудың бір-бірінен өзара белгілі айырмашылығы бар екенін зерттеушілер де, тіл қолданушы жұртшылық та біледі. Ол айырмашылық құрамдық-құрылымдық жағынан ғана емес, мағыналық жағынан да айқын байқалады.
Біз төменде мақалдар мен мәтелдердің осы ұқсастықтары мен айырмашылықтарына қысқаша тоқталмақшымыз. Олардың бір тұтас мағынасы екі сөздің (мақал мен мәтел) қосарлана қолданысына байланысты болса, ал ара-жігін ажырату сол мағыналарды зерделеп (смысловая дифференциация) тани білуге байланысты. Мұның қажеттілігі тіл практикасында байқала бермесе де, теориялық жағынан танымдык мәні зор.

Сонымен, мақал-мәтелдің жалпы мағынасы оның құрамын-дағы компонентгердін, (мақал және мәтел) тура мағыналарынан туындаса, мәтелдердің жеке мағынасы оның астарлап айтылған ауыспалы, идиомалық мағыналары негізінде қалыптасады. Ma-Kan мен мәтелдің айырмашылығын ажыратудың бір параметрі (өлшемі) осы. Екінші параметрі мақал, әдетте, жалпылама мағынаны білдірсе, мәтел белгілі бір ситуацияға (жағдаятқа) байланысты іске асқан, не асуға тиісті құбылыстың, іс-әрекеттің тек өзіне ғана тән мағынасын білдіруге бейімділігі. Мұны жалпақ тілмен айт-қанда мақал болған, болатын және болып жатқан құбылыс пен қал < >, иМақал — сөздің мәйегі < >, Q «Мақал » — сөздің атасы < > «Уәде» — сөздің опасы < > иСөз көркі — мақал, базар көркі — бақал, жігіт көркі — сақал т.б. осы сияқты тұрақты тіркестерден айқын көреміз. Ал, байырғы «ата сөзі», «аталы сөз» атаулары болса, олар оғыз тобына жататын түрік (ata siizii), түрікмен (аталар сөзи), әзербайжан (аталар сөзү) т.б. халықтар тілінде жиірек қолданылатынын көреміз.

.

Бұл жағдай, жалпы түркі әлеміне байланысты қарағанда, даналықты білдіретін атаулардың, бір жағынан, көне дәуірдің көзіндей сақталған байырғы құбылыс екендігін, екінші жағынан, өркениеттің дамуына, басқа халықтармен болған тығыз мәдени қарым-қатынасқа байланысты да өзгеріп отыратындығын көрсетеді. Бұл мәселенің бір жағы болса, екінші жағы бұл атауларды қабылдаудағы шарттылыққа да байланысты. Бұл шарттылықты біз «аталар сөзГ мен «мақал-мәтел» атауларынан да көріп отырмыз.

.

О баста даналық ұғымын білдіретін «аталар сөзінің » мағынасы кеңейіп, дами келе, бүгінде «мақал-мәтел» атауымен берілуі -тілдердің даму зандылығына сәйкес құбылыс. Алайда, қосарланып тұрған бұл екі атаудың бір-бірінен өзара белгілі айырмашылығы бар екенін зерттеушілер де, тіл қолданушы жұртшылық та біледі. Ол айырмашылық құрамдық-құрылымдық жағынан ғана емес, мағыналық жағынан да айқын байқалады.
Біз төменде мақалдар мен мәтелдердің осы ұқсастықтары мен айырмашылықтарына қысқаша тоқталмақшымыз. Олардың бір тұтас мағынасы екі сөздің (мақал мен мәтел) қосарлана қолданысына байланысты болса, ал ара-жігін ажырату сол мағыналарды зерделеп (смысловая дифференциация) тани білуге байланысты. Мұның қажеттілігі тіл практикасында байқала бермесе де, теориялық жағынан танымдык мәні зор.

Сонымен, мақал-мәтелдің жалпы мағынасы оның құрамын-дағы компонентгердін, (мақал және мәтел) тура мағыналарынан туындаса, мәтелдердің жеке мағынасы оның астарлап айтылған ауыспалы, идиомалық мағыналары негізінде қалыптасады. Ma-Kan мен мәтелдің айырмашылығын ажыратудың бір параметрі (өлшемі) осы. Екінші параметрі мақал, әдетте, жалпылама мағынаны білдірсе, мәтел белгілі бір ситуацияға (жағдаятқа) байланысты іске асқан, не асуға тиісті құбылыстың, іс-әрекеттің тек өзіне ғана тән мағынасын білдіруге бейімділігі. Мұны жалпақ тілмен айт-қанда мақал болған, болатын және болып жатқан құбылыс пен процестің өзгеру, даму, алмасу т.б. себептерін де және одан шығатын нәтижені де бірден, қолма-қол баяндаса, мәтел сол процестің өзін ғана атаумен шектеліп, оның немен тынатынын, қандай нәтиже беретінін нақтылап баяндамайды, яғни процестің себебін атайды да, салдарын тәптіштеп атамай, астарлап, бейнелеп қана аңғартады.

Міне, мақал мен мәтелдердің өзара айырмашылығын білдіретін негізгі теориялық принцип осы. Ал, енді осы принциптің жүзеге асуын нақтылы мысалдар арқылы талдап-таратып көрсетейік. Мысалдар: Ауруын жасырган өледі < > Не ексең, соны орарсың < > Арыстанның әзілінвн тулкі өліпті < > Ай жарық — қаян арық < > Көп жортқан тулкі терісін алдырар < > т.б. Міне, осы мақалдардың мағынасына пайымдап қарасақ, басталған, басталуға тиісті істердің (мәс, «ауруын жасыру», «бір нәрсе егу», «арыстанның әзілдеуі», «айдың жарық болуы», «түлкінің көп жортуы») барлығы белгілі бір нәтижемен (салдармен) аяқталатынын («өлуін», «бір нәрсені оруын», «түлкінің өлуін», «қоянныңарықболуын», «түлкінің өз терісін алдыруын») кереміз. Демек, бұлардың бәрі — мақалдар. Ал, енді мына мәтелдердің мән-мағынасына назар аударайық: аҚызым, саган айтам, келінім, свн тыңда < > ііАз асқа бақауыл болма, Аз елге жасауыл болма < > иЖақсы ит өлігін көрсетпейді < > оКүндес көргвннің қызын алма < > иҚойшының қызы қой келгенде іс тігеді < > т.б. Пайымдап қарасақ, бұл мәтелдердіңбарлығы ақыл-өсиет, пайдалы информация ретінде істің себебін ғана білдіріп, оны орындағаннан, не орындамағаннан, келер пайда-зиянын яғни салдарын көрсетіп тұрған жоқ. Мәселен, қыздың анасының келініне естіртіп, қызына ақыл-кеңес беріп тұрғаны жұртқа белгілі болса да, бірақоның нақтылы қандай кеңес екендігі белгісіз. Сол сияқты «аз асқа бақауыл болмаудың, аз елге жасауыл болмаудың», «жақсы иттің өлігін көрсетпейтін», немесе өмірі «күндес болып өткен әйелдің қызын алма» деудің салдары да жұртқа беймәлім. Бірақ, осы мәтелді шығарушылар салдардың бәрін қалың жұрт жадында кағида болып қалыптасқан салт-дәстүр, әдет-ғұрып арқылы біледі деген сеніммен айтып отыр. Бүларды ерте замандағы ата-бабаларымыздың білгені де рас.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.