Мақсат және педагогикадағы мақсаттар иерархиясы

Главная » Рефераттар » Мақсат және педагогикадағы мақсаттар иерархиясы

Педагогика ғылымы мен практикасының іргелі мәселелерінің бірі — мақсат тұжырымдау (целеобразования) және мақсат қоюшылық (целеполагания) болып табылады. Мақсат тұжырымдау дегеніміз балалар мен ересектерді тәрбиелеу мақсатын іздеу, байланыстыру (детерминизм), анықтау, қалыптастыру. Ал мақсат қою мақсаттарды заңдастыру, мемлекеттің педагогикалық саясатында ресми бекіту, заңды, нормативтік мәртебе беру. Философия тұрғысынан қарағанда адамның іс-әрекеті мақсатсыз болмайды. Ғылымда мақсат — іс-әрекет нәтижесінің алдын ала бейнеленуі. Сол сияқты мақсат іс-әрекеттің тікелей мотиві ретінде қызмет
атқарады. Адамды тәрбиелеу максаты мемлекеттің педагогикалык саясатының маңызды компоненті. Мемлекет анықталған мақсаттарға қол жеткізудің экономикалық, кұқыктық жэне ұйымдастыру жағдайларын қамтамасыз етуі қажет. Педагогикада ұзақ уақыт бойы тәрбие мақсаты жан-жақты жэне үйлесімді дамыған тұлғаны тәрбиелеу деп тұжырымдалып келді. Бұл мемлекеттік деңгейде де және жалпы адамзат баласының ұмтылатын идеал-мақсаты және басты мақсат. Педагогикадағы мақсат қою — педагогикалық іс-әрекет мақсаттары мен міндеттерін анықтау және қою үдерісі болып табылады. Тәрбиелеу мен оқыту мақсатын таңдауда педагогикалық әдіснамаға қатысты философияда үш амал анықталады. Идеалистік — адам өмірінде ерекше мән беретін мақсаттар мен құндылықтарды анықтайтын ерекше жоғары сезімдік мағлұматтар неғізінде анықтау. Имманенттік философия — максаттың тұлғаның жеке табиғатына сэйкес, ішкі жекелеген кажеттіліктері негізінде аныктау. Материалистік философия — тэрбие максатын белгілі бір қасиеті бар адамға деген коғамдық қажеттіліктер негізінде коғамдық даму мен педагогикалык жүйе деңгейлеріне сәйкес анықтау деп түсіндіреді. Педагогика эдіснамасында тұлғаны қалыптастырудың көпқыр-лылығына, ішкі жэне сырткы автономдылығына байланысты тэр-бие мақсаттарының белплі бір иерархиясы аныкталады. Яғни педагогикалык мақсаттар әр түрлі масштабты жэне сатылы жүйені кұрайды. Жоғары сагыдағы мақсат мемлекеттік мақсат, қоғамдықтапсырыс, білім беру стандарты болып табылады. Бүл деңгейдегі мақсаттарды арнайы мамандар дайындайды жэне өкіметтің қабылдауымен заңдарда, құжаттарда тіркеледі.
Келесі сатыда — жекелеген білім беру жүйелері мен білім беру кезеңдері мақсаты тұрады. Мысалы, орта мектептегі және оның жекелеген деңгейлеріндегі оқыту мақсаттары тұжырымдалады. Төменгі сатыда — жекелегеи пэнді окыту немесе белгілі бір жастағы балалар тэрбиесі, сол сиякты кандай да бір тақырып, сабак немесе тэрбиелік шаралар мақсаттары аныкталады. Енді максапардың жікгелу непздері мен оның гүрлеріне тоқталайык. Мақсат кою ерікті және еріксіз болып бөлінеді. Нақты және абстрактылы мақсаттар болады. Уакытка байланысты алыс. таяу, тікелей максаттар, жакьпқ аралық, перспективтік, түпкі мақсаттар да болып бөлінеді. Практикалық гүрде максат кою меншікті педагогикалық міндеттер (МПМ) жэне функңионалдык педагогикалық міндегтер болып екіге бөлінеді.
Меншікті педагогикалық максаттар — окушыны бір күйден екінші күйге өткізу ретінде аныкгалса, функңионалдык педагогикалық мін-деттер МПМ-ді шешуғе бағытталған педагогикалық іс-әрекет. Мысалы: оқушы тілін дамыту үшін жаттығу ұйымдастыру т.с.с.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.