Маңғыстау облысы

Home » Рефераттар » Маңғыстау облысы
Рефераттар Комментариев нет

«Маңғыстау» сөзінің шығу тегі туралы тұжырымдар баршылық. Солардың бірі — көшпелілердің құтты мекені, «мың ауыл» немесе «мың қыстау» деген пайымдама осы күні көркем әдебиеттің, оның ішінде асқақ поэзия мен шешен сөздің тұрақты, сұлу да сырлы тіркесіне айналып кеткені мәлім. Кешегі күні түбек мұнайының игерілуіне байланысты осы теңеу «Маңғыстау — мыңдаған жолдар өлкесі» деген тіркеспен толықтырылды. Бұл шындық та, ғарыштан түсірілген фотосуреттің өзінде Қараой мен Қырдың беті оңды-солды, айқыш-ұйқыш тарамдалған жолдармен бедерленген. Осыған тіпті мақтандық та, ондай сезімнен әлі де арыла қойған жоқпыз, өйткені күні кеше ғана «зауыттар мен жолдар» XX ғасырдың жетістігі деп келгеніміз ақиқат. Тек сол мындаған жолдардың шаңымен, зауыггардың түтінімен бірге аспанға өлкеміздің сыртқы (жертараптың) көркі мен ішкі, рухани қуатының ұшып жатқанын енді ғана аңғарып келе жатқандаймыз. Әрине, әңгіменің мақсаты бұл емес, Маңғыстау атауының қайдан шыққандығы жөнінде. 1985 жылы жарық көрген Е.Қойшыбаевтың «Қазақстанның жер — су аттары сөздігі» кітабында Маңғыстау атауының шығу тегі туралы төрт болжам жинақталып берілген. Біріншісі — өлке аты «мың» және «қыстау» тіркесінен шыққан. Екіншсі — ноғайдың «менк» деген тайпасының атынан ауысқан. Үшіншісі — көне түркі тіліндегі (түрікмен тіліндегі) «ман» төрт жастағы қой сөзіне «қышлақ» жалғауы арқылы қалыптасса, төртіншісі — Е.Қойшыбаевтың өз болжамы бойынша —  «Маңғыштағ» — «құбыжықтар тауы» дегенді білдіреді. Ноғай тайпасына телінген «Маңғыстау» атауы дұрыс бола қоймас, өйткені түбек аты ноғайлардың Маңғыстауды мекендегенінен 4 — 5 ғасыр бұрын белгілі болған. Махмұт Қашғари дерегінде «Маңғышлақ» атауы Х-ХІ ғасырларда кездеседі. Ал «мыңға» байланысты нұсқа өткен ғасырда Орталық Азияны аралаған венгр саяхатшысы Г. Вамберидің ұшқыр қиялынан еуропа-орыс географиялық әдебиетінде кең таралып кетті. Өйткені көшпелі ауылдың үй саны орта есеппен 50 — 60 үй, адам саны 250 — 300 деп есептегеннің өзінде мың ауылда да орта есеппен 250 — 300 мың адам тұратындығын анықтауға болады, ал мұндай көрсеткіш соңғы 6 — 7 ғасырда Маңғыстауда болмаған. Казір Маңғыстаудағы халық ірі аудан орталықтарын қосып есептегенде 300 мыңнан аса қоймайды. Осылар сияқты тұтас өлке атауын төрт жасар қойға телу де келісіңкіреп тұрған жоқ. Соңғы «құбыжықтарға» қатысты: болжам белгілі бір ойларға жетелейді. Шығыс түркі (ұйғыр, салор, тува, алтай, шор, т.б.) және моңғол мифологиясында «маңғыш» (маңғыс, мангус) — айдаһар, керемет құбыжықтар дегенді білдіреді, моңғолдарда ол тек зұлым, зиянды сипатқа ие болса, түркілерде екіұдай жақсы-жаман қасиетке ие ретінде баяндалады. Шығыстағы (Сібір, Қытай, Моңғолия) «маңғыш» сөзінің біздің Маңғыстауға қандай қатысы бар деген заңды сауал тууы әбден мүмкін. Х — ХІ ғасырларда Маңғыстауға оғыз — түрікмен тайпалары келіп қоныстанғаны, олардың ішінде «салыр» руының болғаны тарихтан белгілі, қазіргі түрікмен халқының ірі ру — тайпасы салор деп аталады. Ал Қытайдағы Цинхай өлкесіндегі түркі тілдес салыр мен осы салор арасында тарихи — генетикалық байланыс бар. Сондықтан Маңғыстауға келген оғыз — салырлар осындағы Қаратауды «Маңғыштағ» деп атағаны шындыкқа келеді. Жыланға, айдаһарға немесе осы тұрғыдағы құпия мифтік күштерге байланысты аңыздар қай жерде де бар, оның ішінде Маңғыстауда да кеңде емес. Таулы Маңғыстауға қатысты айдаһар мен батырдың шайқасы туралы аңыз Маңғыстау түрікмендерінде де (А.Джикиев «Маңғыстау түркімендерінің этнография институтының еңбектері». Ашхабад, 1963. 7 т. 192 — 202 — 66.), жергілікті қазақтарда да (Айназар батыр туралы) бар. Және олардың географиялық шоғырлануы да (Иір, Доланапа, Қарақуық — Шүйлі, Шоқырақ тауындағы Сарайна, Еңселі жері) бірдей. Таушық-Каратау өңірінде жылан, сарыүйек — қазақ мифологиясы мен сенімінде киелі қасиетке ие, ол жер иесі, «Үйек» — түркі тілінде «қасиетті» дегенді білдіреді, зираттар күзетшісі және кейде батырлар мен ата — баба киесі болып та баяндалады. Есек батыр, кейінгі Сүйінқараға қатысты аңыздарда да осы үлкен жылан мен сарыүйек айтылады. Ежелгі Каспий төңірегін, оның ішінде Маңғыстауды мекеңдеген, қазіргі адайлардың арғы тегі делінетін дай, массагет тайлаларының Құдайының атауы «див» (дий) деп аталған, сірә, бұл атау олардан кейінгі алан тайпаларында да қолданылған сияқты (Ал «див» сөзінің қазіргі қазақ тіліндегі өзгерген атауы «дәу» мен «дию» мағынасы алып, зұлым рух немесе құбыжық, қорқынышты мақұлық (дию — пері). Тайпалық Құдай атының диюге айналуының қай дәуірде болғанын айта қою қиын, қалай болғанда да мағыналық өзгеріс X ғасырға дейін, жергілікті аландарды оғыз — түрікмендер ығыстырғанға дейін болғандығы айқын. Әлі «дивтің» (дәудің) пішіні, атқарар қызметі қандай болғаны белгісіз, ол адам пішіндес тайпа Құдайы ма, әлде ата — тектің жылан — айдаһар пішіндес тотемі болған ба, анықтау оңай емес. Оғыз — салырлар «Маңғыштағ» атауын кездейсоқ берген жоқ, ол — оларға дейін жергілікті атау мен аңыздардың негізінде қойылған аударма (калька) топоним. Ал бұл жайда Маңғыштағтың бұрынғы аты «Дивкух», «Дайкох», т.б. сипатта болған деп болжам жасауға болады. Е.Қойшыбаев «Маңғыштағ» сөзінің «Маңғыстауға» айналғанын былай көрсетеді. Маңғьштағ — оғыз диалектісінде Маңғышлаққа айналып кеткен, енді «құбыжықтар тауы» дегені «маңғышлақ», «ауыл» деген ұғымға өзгереді. Кейін қазақтар оны калькалап (аударып), «Маңғыстау» қылып жібереді. Қазірдің өзінде өлке атауын «Маң — қыстау» емес, «Маңғыс — тау» түрінде түсіндіруге әбден болады. Осы мысалдар мен дәлелдерді, сондай-ақ Маңғыстаудың тарихи, мәдени және географиялық ерекшеліктерін ескере отырып, Е.Қойшыбаевтың тұжырымына тірек боларлық жаңа болжамдар жасауға болады:

Біріншіден, ежелгі Маңғыстауда тұрған халық (дай, алан) жыланды, айдаһарды не басқа үрейлі мақұлықты қасиетті, киелі (тотем) деп санауы ықтимал. Оның үстіне Маңғыстау облысында кездесетін Отман, Маната, Маңсуалмас, Манашы, Маңғыр, Акман, Қараман жер — су аттарының болуы және олардың өз бойында мифтік — аңыздық сипатын басқа топонимдерге қарағанда көбірек сақтауы аталған пікірге тоқтам жасауға мүмкіндік береді. Екіншіден, геологиялық уақыт бойына ғана емес, соңғы он мың жыл ішінде, тіпті біздің VII — XV ғасырлар аралығында да Маңғыстау климаты мен табиғаты қазіргіге қарағанда өзгеше еді. Бұл кездерде түбек климаты бүгінгімен салыстырғанда 30 — 40 % — ға ылғалды болған, мұның өзі қазіргі шөл даланың орнында дала — саванна жертарабының болуына ықпал жасаған. Осыны ескере отырып, сол кезенде Маңғыстауда алып жылан, не алыл кесіртке, тіпті қазір жойылып кеткен аңдар да мекендеген деп болжам жасауға болады. Сірә, адам көрмесе жылан қырық жылда айдаһарға айналады деген қазақы ұғым негізсіз болмас. Үшіншіден, Каратау жоталары (Таушық, Батыс және Шығыс Қаратаулар) солтүстік — батыстан оңтүстік-шығысқа қарай жүз шақырымнан аса қашықтыққа созылып жатыр, ал ең енді жер 10 — 11 км — ден аспайды, өсімдік жамылғысы жоқ, үсті толкынды-тегістелген бедерлі болып келетін таулардың түсі қара көк болып келеді. Егерде екі жағындағы Ақтау биігінен көз салсақ, сұрқай сары далада қарайып созылып жатқан таулар өте алып жыланға, айдаһарға ұқсайтынын байқау қиын шаруа емес. Сонымен, Маңғыстауды «маңғыш» — «тау»- қорқынышты алып айдаһардың мекендеген тауы немесе «айдаһартау» дегеңді білдіреді деп тоқтам жасауға толық негіз бар.

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.