Маңғыт және Сібір мемлекеттері

Главная » Рефераттар » Маңғыт және Сібір мемлекеттері

Маңғыт және Сібір мемлекеттері

Қазақстан жерінде Қазақ хандығынан басқа тағы екі мемлекеттік құрылым болған. Әбілхайыр хандығы ыдырағаннан кейін, олар Маңғыт жұрты мен Сібір хандығы.

Маңғыт жұрты. Қазақстанның батыс облыстарында XV ғ. аяғында Едіге тұқымдары билік жүргізді. Ол маңғыт руынан болатын. Тарихи деректерде ноғай ұлысы деп те аталады. Олардың жері Еділ мен Жайық арасын алып жатқан. Ал, билігінің ең шырқап тұрған кезінде Кубань мен Ертіс арасын қамтыған.

Маңғыт мемлекетінің ерекшелігі – шыңғыс тұқымын мойындамау, барлық билік Едіге тұқымынан шққандарға берілетін. XVI ғ. басында маңғыттар мен қазақтар бірігеді, сондықтан Қасымды қазақтар мен маңғыттардың ханы деп атағаны айтылады деректерде. Биліктің жоғарғы органы Үлкен Совет болды, мұны маслихат, не құрылтай деп атауға болады, бұған жоғарғы чиновниктер мен Едіге тұқымынан шыққандар мүше болатын. Маслихат басқарушы – биді сайлайтын. Қызметі қазақ хандарының функциясындай еді. Би өзінің ең жақын туысқандарынан Кіші советтің мүшелерін тағайындайтын. Бұдан басқа Қарадуан атты басқару органы болды. Ол салық жинауды реттейтін және іс қағазын жүргізетін.

Бұдан басқа кейқабат, нурадин, тайбұға сияқты жоғарғы қызмет органдары болған. Бұлар шекаралық облыстарда жоғарғы басқарушы деп есептелетін, қажет болған жағдайында билерді айырбастай алатын. Бұл қызметке басқарушының ең жақын адамдары тағайындалатын. Ноғай жұртында қарачи деп аталатын билердің кеңесшілері болған, ұландар – едіге тұқымынан тағайындалмайтын. Мемлекет ұлыстарға бөлінді, оның басында мырзалар болған, оларды билер едіге тұқымынан шыққандардан қоятын. Ұлысты басқаруға дуан құрылатын, бұл канцелярия.

XVI ғ. Маңғыт жұрты. Қасым хан өлгеннен кейін нығайды. Маңғыт жұрты біраз нығаяды, жері мен халқы қазақтар есебінен көбейген. Бұл мемлекеттің ең дәуірлеген кезі XVI ғ. 40-50 жылдары, одан кейін құлдырау басталады. ¤зара келіспеушілік, патша үкіметінің отарлық саясаты Жүрсін биді өлтіртеді, үкімет билігі оның інісі Смайылдың қолына көшеді. Маңғыттардың келіспеген бөлігі Кубаньға көшеді. Арал мен Торғай маңғыттары қазақ хандығына қосылады. XVI ғ. аяғында Маңғыт жері тым азайып, Волга мен Орал өзендерінің арасын ғана иемденген. XVI ғ. аяғы мен XVII ғ. басында Маңғыт Йурты тәуелсіз мемлекет есебінде өмір сүруден қалады.

Сібір хандығы. Бұл хандық Қазақстанның солтүстік бөлігін алып жатты, оған Тобыл, Есіл (Ишим), Ертіс өздері аралығындағы жерлер жататын. Негізгі халқы түрік тілдес керей­лер еді. Сібірдің саяси тарихының ерекшелігі – Сібір ханы тайбұғалықтар мен шыңғыс тұқымы арасындағы тұрақты күрес.

Мемлекеттің басшысы болып хан есептелетін, оның билігі мұрагерлікке негізделген. Хан сайланбайтын. Ханның көмекшісі болып дивандар мен визирлер есептелді, олар салық жинайтын, хан мүлкін сақтайтын. Мемлекет ұлыстарға бөлінді, оны мырза басқаратын. 70-80 жылдарда XVI ғ. хандықты дағдарыс жайлап, хандықтық ыдырауына әкеп жеткізді. Осы ғасырдың 70-80 жылдарында Россиямен соғыс хандықты тым әлсіретті. Көшім ханның реформалары ешқандай нәтиже бермеді.

XVII ғ. басында Сібір хандығының солтүстік бөлігі Россия­ның құрамына енеді, ал оңтүстікте Көшім ханның билігі сақталады. Бірақ олар өз алдына дербес саясат жүргізе алмады. XVII ғ. 30-40 жылдарында солтүстік Қазақстан жері (Сібір хандығының қол астында болған) Қазақ хандығына тұрақты қосылады. Сөйтіп, XVII ғ. бірінші жартысында қазақ жерін біріктіру аяқталды, барлық көшпелі қауымдар бірынғай Қазақ ханды­ғының қол астына қарады.

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.