“Мафия”, “көлеңкелі экономика”, “кәсіби қылмыстылық” және “коррупция” ұғымдарының мазмұны

Главная » Рефераттар » “Мафия”, “көлеңкелі экономика”, “кәсіби қылмыстылық” және “коррупция” ұғымдарының мазмұны

Қазіргі уақытта, көптеген баспаларда ұйымдасқан қылмыстылықты сипаттау үшін “мафия” термині жиі қолданылады. Осы терминнің бізде қолданылуы негізді ме ? Біздің пікірімізше, қоғамымыздың қылмыстылығын сипаттау турасында “мафия” терминін қолдану орынсыз. Бұл терминді қолданудың мүмкін еместігі кем дегенде, екі себептен түсіндіріледі: грамматикалық және теориалық – фуниционалдық .

Алдымен грамматикалық себептерін қарап өтейік. “Мафия” сөзінің этималогиясы әлі күнге дейін толық анықталмаған. Фонетикалық тұрғыдан алсақ “мафия” араб тілінің сөзіне ұқсайды. Осыған байланысты бұл сөз Трапани қаласының маңында мекен еткен араб тайпасының атауынан алынған деген пікір бар. Кей авторлар “мафия” сөзін араб тілінің “қорғау”, “қауіпсіздік” немесе “тығылатын жер” сөздерімен байланыстырады. Басқа зерттеушілер болса “мафия” терминін французда “maunais” (“жаман ниетті”) сөзімен байланыстырады. Бір топ авторлардың пікірлеріне сәйкес “мафия” термині сицилиялық көтеріліс кезінде пайда болған “Морте Алла Франча Инченди Анела” (“Францияның өкілі, Италияның гүлденуі”) ұранының алғашқы әріптерінен құрылған.

1868 жылға дейін Сицилияда бірде бір сөздікте “мафия” сөзі болмаған. Алғаш рет ол 1868 жылы жарық көрген А.Траинның сицилия – италиялық сөздігінде орын табады. Бұл сөздікте: “мафия – қылмыстық әрекет жасайтын адамның қызметін сипаттайтын неологизм” деп көрсетілген. Алғаш рет “мафия” термині қылмыстық ұйымның сипаттамасы ретінде драматург Гаспарре Москаның шығармасында жарық көреді. “Мафия” терминінің функционалды – теориялық себептер бойынша қабылданбауын түсіндірейік. “Мафия” деп “батыстық” ұйымдасқан  қылмыстық  топтарды сипаттайды. Ал, шет елдік мафиямен біздің ұйымдасқан қылмыстылығымыздың бір бірінен айырмашылығы бар. Шет елде – мафия белгілі бір территорияны немесе қызмет саласын бақылауға алатын қылмыстық ұйым ретінде танылады. Ол мемлекеттік аппаратпен коррупциялық байланыста болғанымен, жалпы, қылмыстық кәсіби қызметін өз күшімен құралдары арқылы жүзеге асыруға тырысады. Ал, бізде болса қылмыстық ұйым өзінің қызметін көбінесе мемлекеттік мекемелер, ұйымдар арқылы жүзеге асырады.

.

Талқылауды талап ететін келесі ұғым “көлеңкелі экономика” болып табылады. Көптеген авторлар оның мазмұнын әр түрлі түсіндіреді. Мысалға, экономист А. Камаренко көлеңкелі экономика ретінде “екі өзара байланысты сала арасында пайда болатын экономикалық қарым-қатынастарды” таниды. Біріншісі, мемлекеттік кәсіпорындарды қамтитын қатынастар: қосымша жалған жазбалар, нәтежелерді өзгерту, парақорлық, жалған мәшінелер. Екіншісі, негізгі қаржылық қоры мемлекетке тәуелсіз жеке кәсіпорындар арасында пайда болатын қарым-қатынастар: салық төлеуден жалтару және т.б. Ал, енді көлеңкелі экономика мен ұйымдасқан қылмыстылықтың өзара байланысын  қарастырайық.

.

В.П. Мурашов ұйымдасқан қылмыстылықты “заңсыз табыс алу мақсатында құрылатын әлеуметтік байланыстар мен қатынастардың жүйесі” ретінде анықтаған болатын. Бұл анықтамадан ұйымдасқан қылмыстылықтың — әлеуметтік экономикалық құбылыс екендігін көреміз. Бізде қалыптасқан жағдайға сәйкес, көлеңкелі экономика – ұйымдасқан қылмыстық құрылымның қызмет етуіне міндетті түрде қажетті сала ретінде танылады. Сонымен қатар, көлеңкелі экономика және ұйымдасқан қылмыстылық бір – бірімен тығыз байланысты факторлар.

Ал, енді “кәсіби қылмыстылық”  ұғымын қарастырайық. Бұл құбылыстың анықтамасын А.И. Гуров төмендегідей береді: “кәсіби қылмыстылық дегеніміз – негізгі немесе қосымша табыс көзін алу мақсатында кәсіби қылмыскерлердің қылмыстарынан құрылатын салыстырмалы жеке қылмыстылықтың бір түрі”. Ю.Г. Козновтың пікірінше, кәсіби қылмыстылық  ұйымдасқан қылмыстылықтың бір жүйесі болып табылады [26]. Кәсіби қылмыстылықтың көптеген сипаттамалық белгілері, дәлірек айтсақ: қылмыстық қызметтің тұрақтылығы, арнайы білімдер мен икемділікті қажет етуі, қылмыс — өмір сүрудің жалғыз құралы ретінде танылады, қоғамға қайшы ортамен байланыс — жалпы қылмыстық ұйымдасқан топтарға тән. Осы ұйымдасқан қылмыстылықтың негізін кәсіби қылмыскерлер, “заңдағы ұрылар” құрайды. Қылмыстық өмірдің “мәдениетін” алып жүрушілер ретінде таныла отырып, олар оның “құндылығын” бостандықта да, түзеу мекемелелерінде де насихаттайды. Қылмыстық кәсіптілік ұйымдасқан қылмыстылықтың қызмет етуіне тиімді болып табылады.

“Кәсіби қылмыстылық” түсінігі криминология ғылымында тұңғыш рет 1897 жылы криминалистердің халықаралық одағының Гейдельбергте өткен съезінде енгізілген болатын. Ол кезеңде криминалистер кәсіби қылмыскерлерді қылмыстық қызметпен айналысудан бас тартқысы келмейтін адамдар ретінде сипаттайды. Кейіннен XVIII ғасырдың аяғында Париждің құпия полициясының бастығы Ф.Э. Видок “кәсіби қылмыскерлер” деп — жүйелі түрде  меншікке қарсы, ұрлық, алаяқтықтық секілді қылмыстарды жоғарғы деңгейлі іскерлікпен жасауға машықтанған адамдарды жатқызу керек деді.

Ресейлік заңгер С. Познышев  және И. Фойницкий  “кәсіби” терминін қолдануға қарсы болады және оның орнына “түзелмейтін”, “үйреншікті” және “үнемілік” терминін ұсынды. Ресейде “кәсіби қылмыскерлерге” қарсы күресті жеңілдету үшін олардың дене мүшелерін (қолы және саусақтарын) кесу қолданылды. Дегемен, сол кезеңдегі құқық қорғау органдарының мәлімдеуіне сәйкес кәсіби қылмыскерлер саны жалпы қылмыскерлер санынан әлде қайда аз болды. Мысалы, Ресейде 200-300 кәсіби қылмыскер болса (жалпы қылмыскерлердің 14% құрайды), Англия мен Германияда 4000-ға жуық кәсіби қылмыскер болады. Кәсіби қылмыскерлер қылмыстың бір саласындағы түрімен айналысатын бірнеше мамандықтарға бөлінеді. Олардың қылмыскерлер арасында қолданылатын атаулары болады. Мысалы, “Грамила”–тонаушылар, “Медвежатник”–сейф тонаушылар, “Ежы”–дүкен тонаушылар, “Фармазоншик”– алаяқтар. Соның ішінде ұрылардың өздерінің 25 мамандығы болады.

XIХ ғасырдың басында бас бостандығынан айыру мекемелерінде қылмыскерлердің кәсібіне сәйкес  біріккен топтары пайда болды. Сотталғандар “шпанка”, “игрок”, “сухарник”, “асмодей”, “храп” секілді топтарға бірікті. Әр қайсысының қылмыстық істегі кәсіби бағыты болды. Аталған топтағы беделді үлкен мамандар жаңадан қосылғандарға өз кәсібінің ерекшеліктерін үйретті. ХХ ғасырдың 20-30 ж.ж. “өкіл әкелер” пайда болды. Кәсіби қылмыстылықтың дамуы қылмыскерлердің өзіне қолайлы біліктілігі мен ептілігіне, қабілеті мен бейімділігіне сәйкес белгілі бір қылмыстық әрекетті өзінің кәсібі ретінде таңдап алумен байланысты болды. “Кәсіп” дегеніміз белгілі бір дайындықты талап ететін табыстың көзі болып табылатын еңбек түрі болып есептеледі. Сондықтан “кәсіби қылмыстылықтың” келесідей белгілері болады:

  1. Қылмыстық әрекеттің тұрақты түрінің болуы (мамандануы);
  2. Сол салаға белгілі бір білімі мен әдістемелік іскерлігінің болуы;
  3. Қылмыстық әрекет өмір сүру үшін негізгі табыс көзі болуы;
  4. Қылмыстық топтармен байланысының болуы.

Қазіргі кезде кәсіби қылмыстылық жоғарғы деңгейлі пайдакүнемдікпен сипатталады. ”Кәсіби қылмыскерлер” кәсіби қызметіне сәйкес түрлерге бөлінеді. Жалпы кәсіби қылмыскерлердің меншігінде меншікке қарсы қылмыстар кең таралған. Себебі, кәсіби қылмыскерлердің 70%-н меншікке қарсы қылмыскерлер құрайды. Оның ішінде 40%-ы тұрғын үйлерді тонаушылар, 22%-ы қалта ұрылары, 5%-ы қарақшылар болады. Қалта ұрыларының өзі кәсібінің даму аумағына сәйкес “нарықтық” – сауда орталығындағы ұрылар, “кроттар” – көліктегі қылмыскерлер, “технарь” – техникалық құралдарды қолдану арқылы жұмыс істейтіндер болып бөлінеді. Ұрлық жасауда бүркемелеуші көмекшілерді қолданатын қылмыскерлер “шермачь” деп аталады. Орташа есеппен кәсіби қалта ұрысы айына 25-30 ұрлық жасайды. Соның ішінде 100 жәбірленушілерден 5-уі ғана оны сезеді.

.

Алаяқтар кәсібіне сәйкес “шуллер”, “кукольник”, “кидала” болып бөлінеді. Көптеген кәсіби қылмыскерлердің жоғарғы білімі және олар көбіне жұмыспен қамтамасыз етілгендер қатарында болады. Мысалы, бірқатар қылмыстар сол салада қызмет етпей жасалуы мүмкін емес. Банк операцияларымен байланысты экономикалық қылмыстарды банк мекемелерінде жұмыс істемей жасау мүмкін емес. Көшедегі үй-жайсыз жүрген “бомждар” кәсіби қылмыскерлердің 18%-н құрайды.

Кәсіби қылмыстылықтың себептері:

  1. Экономикадағы тұрақсыздық пен қайшылықтар;
  2. Идеология мен әлеуметтік институттардың әлсіреуі;
  3. Кәсіби қылмыстардың қауіптілік деңгейінің дұрыс бағаланбауы;
  4. Кәсіби қылмыскерлердің заңды орындаушы азамат ретіндегі өзге кәсіби қызметтің болуы.

Ұйымдасқан қылмыстылық пен  кәсіби қылмыстылықтың байланысын көрсете отырып қорытынды жазу керек.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.